Жаңалықтар

Әлия Молдағұлова

  Әлия Молдағұлова Әлияның балалық шағы. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында Нұрмұхамбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келді. 1933 жылы анасы қайтыс болғағаннан кейін нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленді. – Оқу жылдары.1933 жылы Әбубәкір отбасымен Әулиеатаға көшіп барады. Сол жерде Әлия мен Сапура /Әбубәкірдің қарындасы/ №11 мектеп есігін ашты. 1935 жылы Әбубәкірдің Москвадағы Әскери-Транспорт Академиясына оқуға түсуіне байланысты, оның отбасы Москваға қоныс аударды. Әлия Москвада № 891 мектептің 4 қласын бітірді. 1938 жылы Академияны Ленинградқа көшірілуіне орай Молдағұловтар отбасы осы қалаға көшіп барды. Отбасындағы материалдық қиыншылықтарға орай, Әлия өз келісімі бойынша Ленинградтағы №46 мектеп-интернатқа орналастырылды. Мектеп тәрбиеленушілері № 140 мектепте оқыды. – Соғыс. Ленинград қоршауы. Интернат тәрбиенушілері 1941 жылы соғыстың басталғаны туралы хабарды Сиверская станциясында демалыс лагерінде естіді. 1941 жылы наурызда № 46 мектеп-интернат тәрбиеленушілері Ярославль облысының Вятск селосына көшірілді. Әскери ұшқыш болуды армандаған Әлия Вятскідегі мектептің 7 класын бітіріп, Рыбинскідегі авиация техникумына оқуға түседі. – Мергендер мектебі. Желтоқсан 1942 ж.- шілде 1943 ж. - Әлия Молдағұлова Москвадағы Орталық мерген қыздар даярлайтын мектептің курсанткасы. – Майдан. Шілде 1943 ж.- қаңтар 1944 ж.- Солтүстік-Батыс майданның 54-атқыштар дивизиясының 4 батальонның мергені. 1944 жылы қаңтар айында дивизия Псков бағытында шешуші шайқасқа шықты. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының Казачиха деревнясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты. СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 1944 жылы 4 маусымда Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Халық есінде. Әлияның өмірі қысқа да, ерлікке толы. Оның бейнесі халық есінде мәңгі сақталады. Әлияның есімі қазір де біздің арамызда – ескерткіштер, көше, мектеп, музейлер бар, ақындар жырын арнаса, сазгерлер әнін жазды, қыл қалам шеберлері Әлия бейнесін жасады. Ғалымдар-зерттеушілер: С.Синицкий - "Белые ночи"кітабының авторы, С.Аскаров- "Әлия"документтік очерктің авторы, Ә.Нұрмаханова - "Шығыс шынары"повесі авторы, Ж.Жұмақанов - "Әлия". – Әлия атында. 1965 жылы Ұлы Жеңістің қарсаңында Псков жеріндегі Монаково бауырластар зираты ашылды. Бұл жерге Казачихада қаза тапқан 2 мыңнан астам Қызыл Әскер сарбаздары жерленген. Әлияның ескерткіштері: 1.Новосокольники қаласында -авторы М.Айнеков, 2.Ақтөбе – Л.Рапутов, Е.Штамм, 3.Ақтөбеде Мемориалды кешен -авторы Б.Әбішев, 4.Әліпбайсай ауылы–Б.Әбішев, 5.Мемориалдық кешен "Әлия-Мәншүк"Алматыда, 6.Мәскеуде ескерткіш - Б.Әбішев, 7.Мемориалдық музейдегі бюсті- О.Шанов. Ә.Молдағұлова атындағы көшелер: Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз қалаларында бар. Суреттер: "Әлия"-С.Әлімбетов, А.Ануфриев-"Мәңгілікке сапар", "Ауыл Бұлақ"-А.Корват, "Мерген Әлия Молдағұлова"- А.Сапугов, "Мерген Әлия"/күріштен жасалған/-Ф.Терещенко, "Әлия"-О.Нұржұмаев, "Бұлақтағы Әлияның үйі"- Н.Өтегенов, "Соңғы көктем"-Т.Телеушев, Ә.Өтеген-Тана сүрет сериялар-"Майданда", "Әлия-ән", "Әлия-хат", "Әлия мәңгі". Гобелендер: "Әлия"-М.Нартов, Н.Рахманқұлов, триптих "Әлия"-Б.Атыраубаев. Әлия атты музейлер: Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы. Каспий жүк таситын теплоход, іздестіру топ, "Әлия гүлі"бишілер тобы, Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі. – Әлия-ән: "Әлия-Мәншүк" жинағы, "Песнь Праматери Хобды"- А.Утегенов, "Гүл-ғұмыр"поэмасы, ән "Он тоғыз жас"- Е.Ашықбаев,"Қызғалдақ-ғұмыр Әлия" мен "Сағыныш"әні- Г.Аймаханова, "Әлия"әні- Б.Тәжібаев пен С.Байтереков, "Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз" әні-композитор Қ.Қожанбаев, "Әлия"әні-Ә.Садуакасова, "Әлия"деректі повесі-Ә.Оралбай, "Әлия-Мәншүк" поэмасы- Т.Молдағалиев, "Әлия" поэмалары- К.Деркаченко, Р.Трофимов, балет "Әлия"- М.Сағатов, "Әлия" атты документтік фильм режиссер-Ю.Пискунов, "Мергендер" атты көркемсүрет- С.Асқаров, "Әлия" спектаклі-Ә.Тарази, "Жарық жұлдыздар" поэмасы-С.Жиенбаев. – Әлия-Мәншүк – Шығыс Шолпаны. СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 1944 жылы 1 наурызда Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. – Ақтөбе батырлары. "Ешкім де ұмытылмайды". Соғыс кезінде 100 мыңнан астам ақтөбелік-жауынгерлер майданға аттанған. Соғыс кезінде 35 жауынгерге Кеңес Одағының атағы берілген, 9 жауынгер Даңқ Орденінің толық кавалері болды.  
05.12.2012 04:21 7141

 

Әлия Молдағұлова

Әлияның балалық шағы. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында Нұрмұхамбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келді. 1933 жылы анасы қайтыс болғағаннан кейін нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленді.

– Оқу жылдары.1933 жылы Әбубәкір отбасымен Әулиеатаға көшіп барады. Сол жерде Әлия мен Сапура /Әбубәкірдің қарындасы/ №11 мектеп есігін ашты. 1935 жылы Әбубәкірдің Москвадағы Әскери-Транспорт Академиясына оқуға түсуіне байланысты, оның отбасы Москваға қоныс аударды. Әлия Москвада № 891 мектептің 4 қласын бітірді. 1938 жылы Академияны Ленинградқа көшірілуіне орай Молдағұловтар отбасы осы қалаға көшіп барды. Отбасындағы материалдық қиыншылықтарға орай, Әлия өз келісімі бойынша Ленинградтағы №46 мектеп-интернатқа орналастырылды. Мектеп тәрбиеленушілері № 140 мектепте оқыды.

– Соғыс. Ленинград қоршауы. Интернат тәрбиенушілері 1941 жылы соғыстың басталғаны туралы хабарды Сиверская станциясында демалыс лагерінде естіді. 1941 жылы наурызда № 46 мектеп-интернат тәрбиеленушілері Ярославль облысының Вятск селосына көшірілді. Әскери ұшқыш болуды армандаған Әлия Вятскідегі мектептің 7 класын бітіріп, Рыбинскідегі авиация техникумына оқуға түседі.

– Мергендер мектебі. Желтоқсан 1942 ж.- шілде 1943 ж. - Әлия Молдағұлова Москвадағы Орталық мерген қыздар даярлайтын мектептің курсанткасы.

– Майдан. Шілде 1943 ж.- қаңтар 1944 ж.- Солтүстік-Батыс майданның 54-атқыштар дивизиясының 4 батальонның мергені. 1944 жылы қаңтар айында дивизия Псков бағытында шешуші шайқасқа шықты. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының Казачиха деревнясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты. СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 1944 жылы 4 маусымда Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Халық есінде. Әлияның өмірі қысқа да, ерлікке толы. Оның бейнесі халық есінде мәңгі сақталады. Әлияның есімі қазір де біздің арамызда – ескерткіштер, көше, мектеп, музейлер бар, ақындар жырын арнаса, сазгерлер әнін жазды, қыл қалам шеберлері Әлия бейнесін жасады.

Ғалымдар-зерттеушілер: С.Синицкий - "Белые ночи"кітабының авторы, С.Аскаров- "Әлия"документтік очерктің авторы, Ә.Нұрмаханова - "Шығыс шынары"повесі авторы, Ж.Жұмақанов - "Әлия".

– Әлия атында. 1965 жылы Ұлы Жеңістің қарсаңында Псков жеріндегі Монаково бауырластар зираты ашылды. Бұл жерге Казачихада қаза тапқан 2 мыңнан астам Қызыл Әскер сарбаздары жерленген.

Әлияның ескерткіштері: 1.Новосокольники қаласында -авторы М.Айнеков, 2.Ақтөбе – Л.Рапутов, Е.Штамм, 3.Ақтөбеде Мемориалды кешен -авторы Б.Әбішев, 4.Әліпбайсай ауылы–Б.Әбішев, 5.Мемориалдық кешен "Әлия-Мәншүк"Алматыда, 6.Мәскеуде ескерткіш - Б.Әбішев, 7.Мемориалдық музейдегі бюсті- О.Шанов.

Ә.Молдағұлова атындағы көшелер: Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз қалаларында бар.

Суреттер: "Әлия"-С.Әлімбетов, А.Ануфриев-"Мәңгілікке сапар", "Ауыл Бұлақ"-А.Корват, "Мерген Әлия Молдағұлова"- А.Сапугов, "Мерген Әлия"/күріштен жасалған/-Ф.Терещенко, "Әлия"-О.Нұржұмаев, "Бұлақтағы Әлияның үйі"- Н.Өтегенов, "Соңғы көктем"-Т.Телеушев, Ә.Өтеген-Тана сүрет сериялар-"Майданда", "Әлия-ән", "Әлия-хат", "Әлия мәңгі".

Гобелендер: "Әлия"-М.Нартов, Н.Рахманқұлов, триптих "Әлия"-Б.Атыраубаев.

Әлия атты музейлер: Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы.

Каспий жүк таситын теплоход, іздестіру топ, "Әлия гүлі"бишілер тобы, Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі.

– Әлия-ән: "Әлия-Мәншүк" жинағы, "Песнь Праматери Хобды"- А.Утегенов, "Гүл-ғұмыр"поэмасы, ән "Он тоғыз жас"- Е.Ашықбаев,"Қызғалдақ-ғұмыр Әлия" мен "Сағыныш"әні- Г.Аймаханова, "Әлия"әні- Б.Тәжібаев пен С.Байтереков, "Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз" әні-композитор Қ.Қожанбаев, "Әлия"әні-Ә.Садуакасова, "Әлия"деректі повесі-Ә.Оралбай, "Әлия-Мәншүк" поэмасы- Т.Молдағалиев, "Әлия" поэмалары- К.Деркаченко, Р.Трофимов, балет "Әлия"- М.Сағатов, "Әлия" атты документтік фильм режиссер-Ю.Пискунов, "Мергендер" атты көркемсүрет- С.Асқаров, "Әлия" спектаклі-Ә.Тарази, "Жарық жұлдыздар" поэмасы-С.Жиенбаев.

– Әлия-Мәншүк – Шығыс Шолпаны.

СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 1944 жылы 1 наурызда Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

– Ақтөбе батырлары. "Ешкім де ұмытылмайды".

Соғыс кезінде 100 мыңнан астам ақтөбелік-жауынгерлер майданға аттанған. Соғыс кезінде 35 жауынгерге Кеңес Одағының атағы берілген, 9 жауынгер Даңқ Орденінің толық кавалері болды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға