Түркістан
Түркістан, Иасы – Қазақстан Республикасындағы тарихи қала (1928), Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қалалық әкімдік аумағының орт. Сырдарияның оң жағалауында, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасы б.з. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Түркістан қ-ның айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері – Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңірлеріндегідей андрон мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты – Иасы. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орт. болды. Сол кезден Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады. 18 ғ-да жоңғар шапқыншылығы қаланы құлдыратып жіберді. 15 ғ-да Орта Азияның билеушісі Әмір-Темір Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі жанынан 1396 – 98 жылдары мешіт салдырды. Діни орт. – Хазірет деп аталды. Орта ғасырларда Түркістан қала-бекініс сауда орнына айналды. 1819 – 64 жылдары Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аум. 70 га-ға жуық болды. Ол балшықтан соғылған қамалмен қоршалды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған. 19 ғасырдың 60-жылдары Т-да 20-ға жуық мешіт, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мыңдай тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Т-ды Ресей әскерлері жаулап алды. 1872 жылдан уездік қала аталды. 20 ғ-дың басында Түркістан 1400 га-дай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда т. жылы вокзалы салынды. 1908 ж. 3616 үй, 41 мешіт, 2 сыныптық қалалық уч-ще, қыздар уч-щесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 ж. 15236 адамға жетті. өнеркәсіп және сауда орындарынан 1912 жылы 4 мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, 5 кірпіш з-ттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 ж. 6 – 9 қаңтар аралығында Т-да Сырдария обл. қазақтарының съезі өтті. Съезде Сырдария обл-ның Алаш автономиясына қосылу мәселесі қаралды. Онда Сырдария қазақтары Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім қабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауд-ның әкімш. орт. болды. Қалада жөндеу-мех., мақта тазалау, жем, кірпіш з-ттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комб-тар, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.1991 ж. «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ашылды. ЮНЕСКО шешімімен м қ-ның 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді (2000).