Жаңалықтар

Қумола Родусит-асбест кені

Қумола Родусит-асбест кені, Жезқазған қ-нан оңт.-батысқа қарай 60 км жерде, Балажезді өз-не құятын Қумола өз. маңайында. Сілтілі амфиболдарға жататын бұл минералды тұңғыш рет 1946 ж. КСРО ҒА-ның акад. Ф.В. Чухров (1908 – 88), ал оның талшықты түрін 1953 ж. Қазақстан геологтары Л.Габай, Г.Белов, т.б. ашты. 1980 – 82 ж. мемл. балансқа енгізілді. Геол. құрылымы жағынан Қумола синклинальдік құрылымында орналасқан. Ол төм. пермь дәуірінде жаралған шөгінді тау жыныстар қабаттарынан түзілген. Олар жиделісай (қалыңд. 300 – 400 м), үшбұлақ (қалыңд. 65 – 265 м), кеңгір (қалыңд. 400 м) свиталарына бөлінеді. Родусит-асбест үшбұлақ свитасын құрайтын тау жыныстарында ғана кездеседі. Сырт пішіні мен құрылымына қарай бес түрлі денелерді (талшықты, борпылдақ, тығыз, түйіршікті, қатпарлы) құрайды. Бұл денелер желі және ұсақ желі, сеппе – псевдоморфозалық және конкреция (тасшемен) түрінде кездеседі. Сырт пішіндері бөлек болғанымен олардың хим. құрамы мен кристалдық құрылымында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Мұндай кристалдар өте жіңішке, оның созылу, иілу, майысу қабілеті жоғары, ал кейбір талшықты түрлері өте қысқа әрі қалыңдау болып келеді. Родуситтің басқа микроталшықты түрлері өнімді үшбұлақ свитасын құрайтын тау жыныстарын кесіп өтетін ірі жарылымдарды толтырады да, жер бетіне шығып жатқан ірі желілерді құрайды. Құрамында 40%-дай кремнезем минералдары опал мен халцедон болғандықтан микроталшықты родусит атмосфера әсеріне, су мен хим. ерітінділерге және аязға шыдамды келеді. Қумола родуситтері қызуға, хим. агрессивті заттарға, оның ішінде радиация әсеріне төзімді. өзын және қысқа талшықты родусит-асбест, негізінен, әскери газтұмылдырықтардың (противогаз) радиоактивті шаң-тозаңдарды, улы түтіндермен бактерияларды сүзіп, адам өкпесіне жібермейтін сүзгіш картондарын жасауда, т.б. қолданылады. Тығыз родусит, әсіресе, оның опалмен біте жаралған түрі зергерлік бұйымдар мен сувенирлер жасауға керекті көк түсті тас болып табылады. Ол біршама ашық түсті, шыны тәрізді жылтыр келеді, текстурасы шомбал әрі женттас тәрізді. Қ. р.-а. к-нің радуситін калыңд. 1 – 2 мм-дей етіп тілуге, тегістеп өңдеуге өте қолайлы. Барланған кендегі родусит-асбест қоры 11 мың т, болжамдық қоры 120 мың т. Микроталшықты родуситтің болжамдық қоры 72 млн. т, оның ішінде толық барланған телімдерде 16 млн. т, зергерлік мақсаттағы қоры 643 мың т. Әдеб.: Бейсеев О.Б., Родуситы Джезказганской впадины, А., 1980. О. Бейсеев  
05.12.2012 04:13 4062

Қумола Родусит-асбест кені, Жезқазған қ-нан оңт.-батысқа қарай 60 км жерде, Балажезді өз-не құятын Қумола өз. маңайында. Сілтілі амфиболдарға жататын бұл минералды тұңғыш рет 1946 ж. КСРО ҒА-ның акад. Ф.В. Чухров (1908 – 88), ал оның талшықты түрін 1953 ж. Қазақстан геологтары Л.Габай, Г.Белов, т.б. ашты. 1980 – 82 ж. мемл. балансқа енгізілді. Геол. құрылымы жағынан Қумола синклинальдік құрылымында орналасқан. Ол төм. пермь дәуірінде жаралған шөгінді тау жыныстар қабаттарынан түзілген. Олар жиделісай (қалыңд. 300 – 400 м), үшбұлақ (қалыңд. 65 – 265 м), кеңгір (қалыңд. 400 м) свиталарына бөлінеді. Родусит-асбест үшбұлақ свитасын құрайтын тау жыныстарында ғана кездеседі. Сырт пішіні мен құрылымына қарай бес түрлі денелерді (талшықты, борпылдақ, тығыз, түйіршікті, қатпарлы) құрайды. Бұл денелер желі және ұсақ желі, сеппе – псевдоморфозалық және конкреция (тасшемен) түрінде кездеседі. Сырт пішіндері бөлек болғанымен олардың хим. құрамы мен кристалдық құрылымында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Мұндай кристалдар өте жіңішке, оның созылу, иілу, майысу қабілеті жоғары, ал кейбір талшықты түрлері өте қысқа әрі қалыңдау болып келеді. Родуситтің басқа микроталшықты түрлері өнімді үшбұлақ свитасын құрайтын тау жыныстарын кесіп өтетін ірі жарылымдарды толтырады да, жер бетіне шығып жатқан ірі желілерді құрайды. Құрамында 40%-дай кремнезем минералдары опал мен халцедон болғандықтан микроталшықты родусит атмосфера әсеріне, су мен хим. ерітінділерге және аязға шыдамды келеді. Қумола родуситтері қызуға, хим. агрессивті заттарға, оның ішінде радиация әсеріне төзімді. өзын және қысқа талшықты родусит-асбест, негізінен, әскери газтұмылдырықтардың (противогаз) радиоактивті шаң-тозаңдарды, улы түтіндермен бактерияларды сүзіп, адам өкпесіне жібермейтін сүзгіш картондарын жасауда, т.б. қолданылады. Тығыз родусит, әсіресе, оның опалмен біте жаралған түрі зергерлік бұйымдар мен сувенирлер жасауға керекті көк түсті тас болып табылады. Ол біршама ашық түсті, шыны тәрізді жылтыр келеді, текстурасы шомбал әрі женттас тәрізді. Қ. р.-а. к-нің радуситін калыңд. 1 – 2 мм-дей етіп тілуге, тегістеп өңдеуге өте қолайлы. Барланған кендегі родусит-асбест қоры 11 мың т, болжамдық қоры 120 мың т. Микроталшықты родуситтің болжамдық қоры 72 млн. т, оның ішінде толық барланған телімдерде 16 млн. т, зергерлік мақсаттағы қоры 643 мың т.
Әдеб.: Бейсеев О.Б., Родуситы Джезказганской впадины, А., 1980.
О. Бейсеев
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға