Жаңалықтар

Түркі этикасы

Түркі этикасы – түркі халықтарына ортақ моральдық, адамгершілік, құқықтық құндылықтар мен салт-жоралғылар, әдеп жүйесінің түп бастауы. Туркі этикасы түркі дүниетанымындағы адам мәселесінің орталығы, негізгі мәселе болуымен айқындалып, адамның әлемдегі орны және оның жаратылыспен үйлесімде өмір сүруі, рухани-адамгершілік, діни-танымдық ұстанымдары негізінде қалыптасты. Туркі этикасы еуразиялық кеңістіктегі қазақ, өзбек, қырғыз, т.б. түркі тілдес халықтардың ұлттық этик. көзқарастары мен ұстанымдарының қалыптасуына игі ықпал етті (қ. Қазақ этикасы). Дәстүрлі қоғам өмірі құқықтық, діни-киелілік негіздегі жарғылар мен тыйымдар жүйесі бойынша қалыптасқан. Бұл қоғам бірыңғай экон. тіршілік салты мен қандастық негіздегі бірлікке сүйенді. Көшпелі мәдениет пен тұрмысты жалғастыру оны сыртқы дұшпаннан бірлесе қорғана алатын ру немесе тайпа болғанда мүмкін болады. Ұран – рудың текті, намысты, даңқты тарихын білдіретін, қуат беретін дәстүрлі символы болып табылады. Ұранның негізгі қызметі ру арасындағы бірлікті нығайту, ортақ мақсат үшін шайқаста ру мүшелерінің батылдық-жүректілігін күшейтеді. Жалпы қазаққа “Алаш” ұраны ортақ болса, жекелеген рулардың өзіне тән ұраны бар. Сонымен қатар әрбір рудың өзіне тән “таңбасы” мен “ені” бар. Алғашқыда дәстүрлі түркі қоғамы адамының Тәңір алдында моральдық әрекеттерге қарағанда культтік әрекеттері басым болды. Уақыт өте келе діни нормаларға негізделген моральдық ұғымдар мен этик. ұғымдар қалыптасты. Бұл ұғымдар мен түсініктер дала өркениетінің моральдық-құқықтық жүйесі, салт-дәстүрі мен әдеттерінде нақышталған. Дәстүрлі дүниетаным адамының рухы, оның мекені, өлім, өмірдің мәні жайлы толғануы түркі мифологиясынан көрініс тапқан. Мәселен, “сүйек – рухтың ұясы” ұғымымен байланысты: сүйек – “тек-жауїар” – субстанция ретінде ұрпақтар арасындағы жалғастықты, генетик. негізді, қонақтың сол шаңыраққа туыстық дәрежесін анықтады, осыған байланысты қонаққа мүше тарту әдебі қалыптасты. Табиғат жағдайының қаталдығы, сыртқы дұшпандармен дамылсыз күрестер көшпелілерге жауынгерлік рух пен қатал әрі ұдайы қозғалысқа негізделген мінез дарытқан. Шыншылдық, жомарттық, қамқорлық, ержүректік, адалдық, сүйіспеншілік пен достықты қастерлеу осы қасиеттер төңірегінде қалыптасқан рухани құндылықтар болып табылады. Көшпелі қоғамдағы адамның ең жиіркенішті әдеті – жалған сөз, өтірік айту. Түркі қоғамының адамы үшін туған жерінің әрбір тау-тасы, ойы мен қыры, сай-саласы мен бел-белесі сол кеңістікте тұнып тұрған тарихын, болған оқиғаларды, сол кеңістіктегі көңіл-күйлерін еске алу болғандықтан кеңістіктің өзі еске алу теориясы қызметін атқарған. Яғни, әлем – көшпелі адамның өз рухымен болған тұтастықты, үндестікті, ғарыштық үйлесімді қамтамасыз ететін айна. Сондықтан Туркі Этикасы табиғатпен үндестікте өмір сүрген адамның тұрмысы мен дүниетанымының ішкі үйлесімін түзуші жүйе.  
05.12.2012 04:11 5141

Түркі этикасы – түркі халықтарына ортақ моральдық, адамгершілік, құқықтық құндылықтар мен салт-жоралғылар, әдеп жүйесінің түп бастауы. Туркі этикасы түркі дүниетанымындағы адам мәселесінің орталығы, негізгі мәселе болуымен айқындалып, адамның әлемдегі орны және оның жаратылыспен үйлесімде өмір сүруі, рухани-адамгершілік, діни-танымдық ұстанымдары негізінде қалыптасты. Туркі этикасы еуразиялық кеңістіктегі қазақ, өзбек, қырғыз, т.б. түркі тілдес халықтардың ұлттық этик. көзқарастары мен ұстанымдарының қалыптасуына игі ықпал етті (қ. Қазақ этикасы). Дәстүрлі қоғам өмірі құқықтық, діни-киелілік негіздегі жарғылар мен тыйымдар жүйесі бойынша қалыптасқан. Бұл қоғам бірыңғай экон. тіршілік салты мен қандастық негіздегі бірлікке сүйенді. Көшпелі мәдениет пен тұрмысты жалғастыру оны сыртқы дұшпаннан бірлесе қорғана алатын ру немесе тайпа болғанда мүмкін болады. Ұран – рудың текті, намысты, даңқты тарихын білдіретін, қуат беретін дәстүрлі символы болып табылады. Ұранның негізгі қызметі ру арасындағы бірлікті нығайту, ортақ мақсат үшін шайқаста ру мүшелерінің батылдық-жүректілігін күшейтеді.

Жалпы қазаққа “Алаш” ұраны ортақ болса, жекелеген рулардың өзіне тән ұраны бар. Сонымен қатар әрбір рудың өзіне тән “таңбасы” мен “ені” бар. Алғашқыда дәстүрлі түркі қоғамы адамының Тәңір алдында моральдық әрекеттерге қарағанда культтік әрекеттері басым болды. Уақыт өте келе діни нормаларға негізделген моральдық ұғымдар мен этик. ұғымдар қалыптасты. Бұл ұғымдар мен түсініктер дала өркениетінің моральдық-құқықтық жүйесі, салт-дәстүрі мен әдеттерінде нақышталған. Дәстүрлі дүниетаным адамының рухы, оның мекені, өлім, өмірдің мәні жайлы толғануы түркі мифологиясынан көрініс тапқан. Мәселен, “сүйек – рухтың ұясы” ұғымымен байланысты: сүйек – “тек-жауїар” – субстанция ретінде ұрпақтар арасындағы жалғастықты, генетик. негізді, қонақтың сол шаңыраққа туыстық дәрежесін анықтады, осыған байланысты қонаққа мүше тарту әдебі қалыптасты. Табиғат жағдайының қаталдығы, сыртқы дұшпандармен дамылсыз күрестер көшпелілерге жауынгерлік рух пен қатал әрі ұдайы қозғалысқа негізделген мінез дарытқан. Шыншылдық, жомарттық, қамқорлық, ержүректік, адалдық, сүйіспеншілік пен достықты қастерлеу осы қасиеттер төңірегінде қалыптасқан рухани құндылықтар болып табылады. Көшпелі қоғамдағы адамның ең жиіркенішті әдеті – жалған сөз, өтірік айту. Түркі қоғамының адамы үшін туған жерінің әрбір тау-тасы, ойы мен қыры, сай-саласы мен бел-белесі сол кеңістікте тұнып тұрған тарихын, болған оқиғаларды, сол кеңістіктегі көңіл-күйлерін еске алу болғандықтан кеңістіктің өзі еске алу теориясы қызметін атқарған. Яғни, әлем – көшпелі адамның өз рухымен болған тұтастықты, үндестікті, ғарыштық үйлесімді қамтамасыз ететін айна. Сондықтан Туркі Этикасы табиғатпен үндестікте өмір сүрген адамның тұрмысы мен дүниетанымының ішкі үйлесімін түзуші жүйе.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға