Жаңалықтар

Назарбаев Университетi

  Назарбаев Университетi инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.   Университеттің тарихы   Қазақстан Республикасының Премьер – Министрінің төрағалығымен 2009 жылғы «17» қазанда өткен «Астананың жаңа университеті» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші қатысу тәртібімен отырысында 2010-2012 жылдарға арналған университетті дамыту стратегиясы бекітілді.   Ашылатын университеттің академиялық және ғылыми саясаты университеттің құрамына кіретін мектептердің (институттардың) әрқайсысы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының санынан шетелдік академиялық серіктестің және күшті ғылыми, клиникалық пен өндірістік базасының болуын жоспарлайды. Бұл елдің индустриалдық – инновациялық даму мақсаттарын шешу үшін білім, ғылым және өндірістің арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   «Астананың жаңа университеті» жобасын іске асыру жас қазақстандықтарға елден тыс шықпай-ақ әлемдік стандарттарының деңгейінде білім алуға мүмкіндік береді. Бұл ұсынылатын академиялық бағдарламалардың сапасына, профессор-оқытушылар құрамына, материалдық – техникалық базасына, оқыту әдісіне, зерттеу қызметін жүргізу деңгейіне қатысты. «Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады. Өмір туралы ғылымдар орталығы органдарды, жасанды жүрек пен өкпені қондыру, діңгектік жасуша және ұзақ өмір сүру саласында әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен әзірлемелерді жүргізеді. Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары энергиялар физикасы мен техникасы мәселелерімен айналысатын болады. Пәнаралық аспаптық орталық инжиниринг орталығы, зертханалық база және конструкторлық бюро болып табылады».   Университеттің инфрақұрылымы   Жаңа университет Астананың сол жағалауында қаланың экологиялық таза бөлігінде орналасқан.   Университеттің сәулеті қазіргі заманға және үздік батыс стандарттарына сай. Барлық оқу ғимараттары бір бірімен ортақ атриум және ішкі өту дәліздер арқылы байланыстырылған - бұл кешеннің тұтастығын және сәулеттің ерекшелігін көрсетеді. Зертханаларға және басқа ғимараттарға қызмет көрсету құрылыстың бас ғимараттың сыртындағы айналма жол арқылы жасалады.   Жаңа университет, өзінің жобалық көлемдігіне байланысты пайдалануға бірнеше кезеңімен немесе кезекшілікпен қосылады.   2010 жылдың басында құрылыстың негізгі кезегінің аяқталуы күтілуде. Осы кезектің объекттер құрылысының жалпы көлемі 122 мың шаршы метрді құрайды.  
05.12.2012 04:09 2922

 

Назарбаев Университетi инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.
 
Университеттің тарихы
 
Қазақстан Республикасының Премьер – Министрінің төрағалығымен 2009 жылғы «17» қазанда өткен «Астананың жаңа университеті» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші қатысу тәртібімен отырысында 2010-2012 жылдарға арналған университетті дамыту стратегиясы бекітілді.
 
Ашылатын университеттің академиялық және ғылыми саясаты университеттің құрамына кіретін мектептердің (институттардың) әрқайсысы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының санынан шетелдік академиялық серіктестің және күшті ғылыми, клиникалық пен өндірістік базасының болуын жоспарлайды. Бұл елдің индустриалдық – инновациялық даму мақсаттарын шешу үшін білім, ғылым және өндірістің арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 
«Астананың жаңа университеті» жобасын іске асыру жас қазақстандықтарға елден тыс шықпай-ақ әлемдік стандарттарының деңгейінде білім алуға мүмкіндік береді. Бұл ұсынылатын академиялық бағдарламалардың сапасына, профессор-оқытушылар құрамына, материалдық – техникалық базасына, оқыту әдісіне, зерттеу қызметін жүргізу деңгейіне қатысты. «Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады. Өмір туралы ғылымдар орталығы органдарды, жасанды жүрек пен өкпені қондыру, діңгектік жасуша және ұзақ өмір сүру саласында әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен әзірлемелерді жүргізеді. Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары энергиялар физикасы мен техникасы мәселелерімен айналысатын болады. Пәнаралық аспаптық орталық инжиниринг орталығы, зертханалық база және конструкторлық бюро болып табылады».
 
Университеттің инфрақұрылымы
 
Жаңа университет Астананың сол жағалауында қаланың экологиялық таза бөлігінде орналасқан.
 
Университеттің сәулеті қазіргі заманға және үздік батыс стандарттарына сай. Барлық оқу ғимараттары бір бірімен ортақ атриум және ішкі өту дәліздер арқылы байланыстырылған - бұл кешеннің тұтастығын және сәулеттің ерекшелігін көрсетеді. Зертханаларға және басқа ғимараттарға қызмет көрсету құрылыстың бас ғимараттың сыртындағы айналма жол арқылы жасалады.
 
Жаңа университет, өзінің жобалық көлемдігіне байланысты пайдалануға бірнеше кезеңімен немесе кезекшілікпен қосылады.
 
2010 жылдың басында құрылыстың негізгі кезегінің аяқталуы күтілуде. Осы кезектің объекттер құрылысының жалпы көлемі 122 мың шаршы метрді құрайды.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға