Жаңалықтар

Күлтөбе

Күлтөбе – Қазақстандағы көне қала орны (б.з. 1-мыңжылдықтың ортасы – 14 ғ.). Бертінгі ортағасырлық Түркістан қала жұртының шығыс шетінде, Қожа Ахмет Иасауи кесенесінен 350 м (590,3) жерде. Сопақша келген, биікт. 9 м, аум. 150х120 м ауқымды төбешік болып келеді. Кейінгі заманда ескерткіштің топографиясы қатты өзгеріске ұшыраған. Оның оңт.-шығысы мен оңт.-батысында құрылыс үшін топырағы қазылған жыралар, қыраттың үстіңгі жағында сопақша және төрткүлді көптеген орлар бар, бекініс арқылы дала жолы шығады. Алайда сақталып келген топографиялық белгілер «алаңқайлы төбе» үлгісіндегі ескерткіш екенін анықтауға мүмкіндік береді, ол ертедегі ортағасырлық қоныс үлгісіне тән болып келеді. Түркістан қ-ның бертінгі ортағасырлық тарихының соңғы кезеңінде, бәлкім, 19 ғ-да Күлтөбе қыраты, бүкіл оңт. рабат сияқты, бекініс қабырғаларымен қоршалғандықтан, К. ортағасырлық Түркістанның әскери құрылыс жүйесіне жатады. Осы жағдай 1940 жылдың аяғында Оңт. Қазақстан экспедициясы Түркістан бекінісінің орнын алдын ала зерттеген кезде К-ні бертінгі ортағасырлық заман қабаттарындағы дербес ескерткіш ретінде анықтауға мүмкіндік бермесе керек. К. жөніндегі алғашқы археол. материалдарды Т.Н.Сенигова басқарған Түркістан отряды берді. 1972 ж. қазба жұмысы қыраттың батыс бөлігінен басталды, бірақ 18–19 ғ-ларға жататын әдеттегі тұрғын үй кешендерінің жоғары қабаттары топырақтан аршылғаннан кейін ондағы жұмыс тоқтатылды, К-ден кездейсоқ табылған 7–8 ғ-лардағы Отырар зергерлігінің теңгелері мен аршылған төм. қабаттардан жиналған ерте ортағасырлық қыш ыдысы туралы мағлұматтар ғана жарияланды. Осының негізінде ертедегі Иасы қонысының іздерін бертінгі ортағасырлық Түркістан қ. қабаттары астынан емес, керісінше, Қожа Ахмет Йасауи кесенесінен біршама оңт-ке қарай іздеу керек деген М.Е.Массонның болжауы тұжырымдалды. Алайда К-де 1981–84 ж. Түркістан археол. отряды (Е.А.Смағұлов) жүргізген стратиграфиялық зерттеулер нәтижесі арқылы ой тұжырымдау керек. Бекініс орнының оңт-тегі шетінен 70 м2-ден астам алаңда стратиграфиялық қазба жұмысы жүргізілді. Ол К-нің мәдени шегінділерінің бүкіл қатқабатын ашты. Қазба 6 м болды (1–12 қабаттар) және одан тереңдей түсті (13–14 қабаттар). Мәдени қабат 7 құрылыс белдеуіне бөлінді. Қыш ыдыстар мен тас дән үккіш қалдықтары табылған 10–12 қабаттар бірінші құрылыс белдеуіне (төменнен санағанда) біріктірілді. Мұнда қандай да бір құрылыс қалдығының іздері байқалмайды. Осы маңнан табылған барлық 23 қыш ыдыстардың сынықтары шартты түрде бірінші құрылыс белдеуіне біріктірілді. Отырар-Түркістан аймағындағы ерте ортағасырлық қыш ыдыстардың археол. жағынан жан-жақты зерттелмеуі, сондай-ақ К. белдеуінен қыш ыдыстардың аз табылуы олардың осында қашаннан бері жатқанын дәл анықтауға мүмкіндік бермей отыр. Алайда 1–2-құрылыс белдеуінен табылған қыш бұйымдарды Отырар-Қаратау мәдениетінің 2-кезеңіне (4–5 ғ-лар) жатқызуға болады. 2-құрылыс белдеуінде (8–9-қабаттар) 5-мекенжайдың (ішінара) үлкен қабырғалары табылды. Қабырғалардың қалыңд. 1,4 м-ге дейін жетеді, олар көл. 40х20х9–10 см шикі кірпіштен қаланған. Мекенжайда ені тар, қабырғалық жатаған сатылардың ізі қалған. 3-белдеуде (6-қабат) үйдің жобасы өзгерген, бірақ қабырғалардың жалпы бағдары сақталып қалған. Қазбаның ортасында үлкен шаршы тәріздес мекенжай табылды, сақталған қабырғалары 0,5–0,6 м. Мекенжайдың оңт. бөлігінің орта шенінде еденнен көлемді балқыма дағы байқалды, оның жанынан жебенің сүйек ұштығы табылды. Балқыманың астынан қабірдің аузы аршылды, ол 10-қабатқа түсірілген. Қабірдің сол жақ бүйірінен аяқтарын бауырына басып жатқан басы жоқ жылқының қаңқасы тазартылып алынды, ол батысқа қарай бағдарланған. Оның алдыңғы аяғының жанынан сопақша келген темір үзеңгі, төм. жағында төрт қырлы сырғалығы бар белдік, белдіктің күміс қаптырмасы және жалғыз шығыршықты темір ауыздық табылды. Алдыңғы және артқы аяқтарының арасынан қойдың жамбас сүйектері кезікті. 3-құрылыс белдеуінен табылған қыш бұйымдар кешені, негізінен, күнделікті үй ыдыстары. К. құрылысында Мальта кресіне үйлесетін дөңгелек пішінді келген қалақтас көптеп табылды, олар Таразды қазған кезде, 7–8 ғ-лардың қабаттарынан ұшырасты. Сондай-ақ олардың мерзімі басқа да Орта Азия ескерткіштерінде бар. Тым ерте замандағы сәулет өнері ою-өрнектері бейнеленген Самарқан қазындысы ошақтарындағы сәндік безендіруден де осы тәріздес дөңгелек қалақтас бөліктері ұшырасты. Қабірден табылған темір үзеңгі, жалғыз шығыршықты темір ауыздық, сондай-ақ белдіктің күміс қаптырмасы Орта Азия мен Қазақстан аймағындағы жылқы көмілген азын-аулақ қабірлерден де ұшырасып отырады. Сондықтан зерттеушілер оны 6–7 ғ-лардың аяғына, яғни Түрік қағандығы жорықтарының уақытына жатқызады, осы жорықтар кезінде Алтай түріктерінің әр алуан топтары – телелер мен олардың одақтасы Орт. Азия телелері Еуразияның кең байтақ далаларын кеңінен мекендеген еді, олай болса К-нің 3-құрылыс белдеуін 7 ғ-дың 1-жартысына жатқызуға негіз бар. Ал 2- және 1-құрылыс қабаты төменірек орналасқан, олардың уақытын 4 ғ-ға жатқызуға болады, бұған осы белдеулердің қыш бұйымдарына жасалған талдау негіз болады. 3- белдеуді жауып жатқан 4-белдеуден қандай да бір құрылыс конструкциялары табылып отырған жоқ. Онда тек еденнің көмескі деңгейі мен қолданылатын мақсаты белгісіз пештің едендігінің қалдығы ғана анықталды. Осыдан жоғары жатқан 5-белдеуде 2 мекенжайдың қалдықтары табылды, олардың әрқайсысынан едендерінің салыну деңгейі бойынша құрылыс дәуірлері анықталды және төрткүлді жер ошақтар, сонымен іргелес орналастырылған тандырлар тазартылды. 6-құрылыс белдеуі (3-саты) қазындысының бүкіл алаңы күйдірілген шаршы кірпішпен төселген, солардың бірінің астынан 13 ғ-дың аяғы – 14 ғ-дың 1-жартысындағы шағатайлық (күміс және қола) теңгелерінің қоймасы табылды, олар ангоб әшекейі салынған ыдыс бүйірінің сынығынан алынды. Теңгелердің тотығуынан мата қалдығына түскен ізге қарай отырып, олардың матадан тігілген қалташада болғанын және оған шамасы ақық тастан жасалған 2 моншақ тігілгенін анықтауға болады. Осы олжадан жарты метр жерде, 6-құрылыс белдеуінің еденіндегі кірпіш төсенішінің астынан бір тұтқалы бүтін қыш құмыра табылды, оның аузы дөңгелек тегіс ұсақ жұмыр таспен бекітіліп, жоғ. жағынан құрсаулы тостағанның түбімен жабылған; ол бос болып шықты. Теңгелерді тазартқаннан кейін көмбеде 297 күміс дирхем және 88 қола фельс болғаны анықталды. Дирхемдер Алмалықтың (16 дана), Әндіжанның (2 дана), Бұхардың (10 дана), Қашқардың (3 дана), Кендженің (57 дана), Марғиланың (3 дана), Отырардың (61 дана), Самарқанның (4 дана), Тараздың (77 дана), Ходженттің (17 дана), Шаштың (29 дана), Янгидің (1 дана) теңге сарайларында соғылғаны анықталды. 17 теңгеден қаласының аттарын оқу мүмкін болмады. Дирхемдердің соғылған уақыты һиджраның 676–696 ж. кезеңіне сай келеді (121 дана). 71 теңгеде шығарылған уақыты жоқ, ал қалған 105 данасында уақыты өшіп қалған. Түр түсі бойынша һиджраның 698 жылғы теңгесі (75 дана) Отырарда, хиджраның 699 жылғы теңгесі (9 дана) Фараде соғылғанға ұқсайды. Фельстардың уақыты көмбені салған кезге сәйкес келеді, сондықтан К-нің 6-белдеуінің жоғ. шекарасы 14 ғ-дың 1-жартысына сай келеді. Жетінші, ең беткі құрылыс белдеуінен (1-, 2-қабаттар) Кузнецов ф-касының ақ қыштан жасалған кеселері мен балалар ысқырықтарының қалдықтары, бояуы үйлесім тапқан жалатпа қыш ыдыстар табылды. Бұл бертінгі ортағасырлық Түркістанның 18–19 ғ-лардағы дәуірі екенін көрсетеді. Көмбеде Тараз және Кендже зергерлерінің 1309 ж. күміс теңгелерінің, Отырар зергерлерінің 1312 ж. мыс теңгелерінің ең кейінгі уақыты белгіленіпті. 14 ғ-дың 1-жартысында К-дегі бекініс қиратылып жойылады да, оның бүкіл аумағы зират ретінде пайдаланылады. К-нің қаңырап бос қалу кезеңі 19 ғ-ға дейін созылды, бұл кезде қыратта тағы да ішінара құрылыс салына бастады және кейінірек пайда болған қаланың сыртқы қабырғалары қала аумағына сұғына түседі.  
05.12.2012 04:08 6408

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға