Жаңалықтар

Кенжебаев Бейсенбай

  КЕНЖЕБАЕВ Бейсенбай (4.10.1904, Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Ордабасы ауданы, Бөген ауылы – 17.7.1987, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1961). Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін (1925), Әдебиет институтының 2-курсын, ҚазМУ-ды (1942, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. «Жас қайрат», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш», 1923–28), «Кеңес туы» (1929–30), «Оңтүстік Қазақстан» (1932–33), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан», 1928–29, 1931–32, 1933–35), т.б. газет-журналдарда бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редактор, «КСРО Жоғары Кеңесінің Ведомостарында» аудармашы (1938–41), Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасының бас редакторы (1941–44) болып қызмет істеген. 1961 жылдан ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі. 1975–87 ж. осы университетте профессор болды. «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократ жазушылары (монография бойынша)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Кенжебаев – қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай, С.Торайғыров, Жамбыл Жабаев, М.Сералин, М.О.Әуезов, С.Шәріповтің өмірі мен шығармалары туралы зерттеулердің авторы. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» оқулығын, «Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясын» (1967) жариялады. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жүйелеу, зерттеумен айналысты. Кеңестік кезеңде коммунистік идеологияға орай, қазақ әдебиетінің тарихы Бұқар жыраудан (19 ғ.) басталады деген жаңсақ пікірді теріске шығарып, оның Орхон-Енисей жазбаларынан басталатындығын ғыл. тұрғыдан дәлелдеді. Осы тақырыпта «Көне әдебиет туралы» (1969), «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1973) атты еңбектерін жазды. «Қазақ әдебиеті тарихы» (1948) кітабының фольклорға қатысты тарауларын жазып, «Жамбыл Жабаев – қазақ халқының жыршысы» (1955), «Біржан сал мен Сараның айтысқаны» (1955), т.б. зерттеулерін жариялады. «Тымпи» (1943, 1981), «Көңіл ашар» (1971) сатиралық фольклор мұраларын бастырды. К. – көркем проза («Асау жүрек», 1928) және аударма саласында да (Г.Мопассан, Э.Хемингуэй, Лу Синь, Я.Гашек, А.П.Чехов, т.б. жазушылардың әңгімелері) еңбек етті. А.С.Пушкин шығармаларының қазақша библиограф. көрсеткішін (М.М.Фетисовпен бірге) жасады. Бірнеше орденмен және медальдармен марапатталған.   
05.12.2012 04:01 5112

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға