Жаңалықтар

Грек жаңғағы

  Грек жаңғағы (лат. Júglans régia) — жаңғақ тұқымдасына жатады. Мінездеме Ағаштың орташа биіктігі—25—30 метрге дейін жетеді. Максималды — 50 метр болу мүмкін. Ұшар басының диаметрі 1,5—2 метрлік үлкен шар тәрізді дөңгелектеніп келеді. Грек жаңғағы 200—300 жылға дейін «өмір сүреді». Бұл жаңғақтың отаны — кейбір авторлардың дерегіне сүйенсек, Кіші Азия, оның ішінде — Иран. Осы жерден ол Грекия, Италия және Батыс Еуропа елдеріне таралған. Грек жаңғағын диқаншылықпен айналысатын халықтар жоғары бағалаған. Біздің елге (әсіресе Орта Азия, Күнгей Кавказда көп) бұрын осы жаңғақ тұқымдары Грекиядан әкелінетін де, оның аты содан қалыптасқан. Түйе жаңғағы волох елдерінің (румын, молдаван) құрметіне волош деп те аталған. Ал қазақ жерінде де бұл жаңғақтық ана тілімізде түйе жаңғақ деген аты бар. Демек, біздің Республикада да ол кең тарап, шаруашылығымыз бен тұрмыс-салтымызға молынан енген өсімдік түрі болып табылады. Республикамыздағы Піскем және Өгем өзендерінің жағаларында, Дарваз, Гиссар және Қара теңіз (Памир — Алтайда) жоталарының баурайларынан бастап, 900—2000 м биіктікке дейін осы жаңғақтық 2 түрі өседі. Грек жаңғағы 10 жылдан кейін мол өнім бере бастайды. Жаңғағының сыртқы түрі — шар тәрізді. Түрі мен диаметрі бір ағаттық өзінде әр түрлі болып өзгеріп отырады. Жаңғақ қабығына байланысты қалың және жұқа болып келеді. Жемісін әбден пісіп толғанда, яғни ыртқы қатты сүректенген қабығы кепкенде жинайды. Осы кезде оның қатты қауыз жапқан ішкі дәні төртке бөлінеді. Жиналған жаңғақ дәндерін ұзақ сақтау үшін, күн көзінде не арнайы кептіргіште кептіреді. Ашық және күңгірт қауызды ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай алынады, содан кейін дәнді ағынды суға шайып алып, кептіру керек. Ұнтақталған, кесілген және майдалап үгітілген грек жаңғағының піскен жемістерін алма, қант қызылшашы және балдыр көкке (сельдерей) қосып, түрлі салат жасайды. Сондай-ақ оны ерік қосылған қышқылтым сорпаға, жұмыртқа қосылған әр түрлі сұйық асқа және баклажан, жаңғақ тұздығы (соусы) мен пудингке (ұн немесе күрішке жұмыртқа, сүт, жұзім т.б. раластырып жасалған тағам) үстемелен қос ады. Жайғақты шикі күйінде де жеуге болады. Қаймақ, тосап 'жасарда қолданылатын май алынады. Конфет, торт, печенье, халва, начинка, кондитер өнімінің басқа түрлерін даярлауда пайдаланылады. Кавказдықтар бал қосып гозинаки, шабдалымен араластырып, алманы жұзім шырыны сіңген жіпке тізіп, чурчхелы деген дәмді тағам жасайды. Грек жаңғағы ядросы калориялық құрамы жағынан барлық жаңғақ тұқымдастардан асып түседі, бұл орайда ол бидай нанынан 3 есе, сиыр сүттен 10 есе асып, сары майға жақындайды. Халықтық медиңинада грек аңғағының діңінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан алынған шырын (сөл), майы емдік-диеталық мақсатта пайдаланылады. Мысалы, рахит, сары аурулармен ауырған балаларды оның жапырақ, жаңғақтарының қайнатылдысымен емдейді. Тұнбасына дәке батырып, жараның бетіне басады. Ал байлауға ыңғайсыз жерлерге сұйық май сияқты жағады. Асқазан-ішек ауруларын емдейді. Грек жаңғағын тағамға қосып, медиңинада пайдаланумен бірге, оның шаруашылықтық та маңызы зор. Жапырағы мен ядросы хош иісті эфир майына, А, В, Р витаминдеріне және каротин, белоктік заттарға бай, ядро ұясы аскарбин қышқылын (С витамин) бөледі.  
05.12.2012 04:01 12162

 

Грек жаңғағы (лат. Júglans régia) — жаңғақ тұқымдасына жатады.
Мінездеме
Ағаштың орташа биіктігі—25—30 метрге дейін жетеді. Максималды — 50 метр болу мүмкін. Ұшар басының диаметрі 1,5—2 метрлік үлкен шар тәрізді дөңгелектеніп келеді. Грек жаңғағы 200—300 жылға дейін «өмір сүреді». Бұл жаңғақтың отаны — кейбір авторлардың дерегіне сүйенсек, Кіші Азия, оның ішінде — Иран. Осы жерден ол Грекия, Италия және Батыс Еуропа елдеріне таралған. Грек жаңғағын диқаншылықпен айналысатын халықтар жоғары бағалаған. Біздің елге (әсіресе Орта Азия, Күнгей Кавказда көп) бұрын осы жаңғақ тұқымдары Грекиядан әкелінетін де, оның аты содан қалыптасқан. Түйе жаңғағы волох елдерінің (румын, молдаван) құрметіне волош деп те аталған. Ал қазақ жерінде де бұл жаңғақтық ана тілімізде түйе жаңғақ деген аты бар. Демек, біздің Республикада да ол кең тарап, шаруашылығымыз бен тұрмыс-салтымызға молынан енген өсімдік түрі болып табылады. Республикамыздағы Піскем және Өгем өзендерінің жағаларында, Дарваз, Гиссар және Қара теңіз (Памир — Алтайда) жоталарының баурайларынан бастап, 900—2000 м биіктікке дейін осы жаңғақтық 2 түрі өседі. Грек жаңғағы 10 жылдан кейін мол өнім бере бастайды. Жаңғағының сыртқы түрі — шар тәрізді. Түрі мен диаметрі бір ағаттық өзінде әр түрлі болып өзгеріп отырады. Жаңғақ қабығына байланысты қалың және жұқа болып келеді. Жемісін әбден пісіп толғанда, яғни ыртқы қатты сүректенген қабығы кепкенде жинайды. Осы кезде оның қатты қауыз жапқан ішкі дәні төртке бөлінеді. Жиналған жаңғақ дәндерін ұзақ сақтау үшін, күн көзінде не арнайы кептіргіште кептіреді. Ашық және күңгірт қауызды ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай алынады, содан кейін дәнді ағынды суға шайып алып, кептіру керек. Ұнтақталған, кесілген және майдалап үгітілген грек жаңғағының піскен жемістерін алма, қант қызылшашы және балдыр көкке (сельдерей) қосып, түрлі салат жасайды. Сондай-ақ оны ерік қосылған қышқылтым сорпаға, жұмыртқа қосылған әр түрлі сұйық асқа және баклажан, жаңғақ тұздығы (соусы) мен пудингке (ұн немесе күрішке жұмыртқа, сүт, жұзім т.б. раластырып жасалған тағам) үстемелен қос ады. Жайғақты шикі күйінде де жеуге болады. Қаймақ, тосап 'жасарда қолданылатын май алынады. Конфет, торт, печенье, халва, начинка, кондитер өнімінің басқа түрлерін даярлауда пайдаланылады. Кавказдықтар бал қосып гозинаки, шабдалымен араластырып, алманы жұзім шырыны сіңген жіпке тізіп, чурчхелы деген дәмді тағам жасайды. Грек жаңғағы ядросы калориялық құрамы жағынан барлық жаңғақ тұқымдастардан асып түседі, бұл орайда ол бидай нанынан 3 есе, сиыр сүттен 10 есе асып, сары майға жақындайды. Халықтық медиңинада грек аңғағының діңінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан алынған шырын (сөл), майы емдік-диеталық мақсатта пайдаланылады. Мысалы, рахит, сары аурулармен ауырған балаларды оның жапырақ, жаңғақтарының қайнатылдысымен емдейді. Тұнбасына дәке батырып, жараның бетіне басады. Ал байлауға ыңғайсыз жерлерге сұйық май сияқты жағады. Асқазан-ішек ауруларын емдейді. Грек жаңғағын тағамға қосып, медиңинада пайдаланумен бірге, оның шаруашылықтық та маңызы зор. Жапырағы мен ядросы хош иісті эфир майына, А, В, Р витаминдеріне және каротин, белоктік заттарға бай, ядро ұясы аскарбин қышқылын (С витамин) бөледі.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға