Автомобильді қыс жағдайында пайдаланудың ерекшелігі.
05.12.2012 03:55
4757
Автомобильді пайдалануды қиындататын жылдың неғұрлым ауыр кезеңі — қыс. Төмен температурада двигательді іске қосу қиынға соғады және әйнектері қырауланып кетеді.
Көк тайғақ жол жүргізушіден ерекше сақтық пен шеберлікті талап етеді. Жолға себілген тұз бен құм қораптың және оның бөлшектерінің таттануға қарсы қорғанышын зақымдауы мүмкін, сондықтан автомобильді қысқа жақсы дайындал, оны қыс жағдайында жүргізудің кейбір тәсілдерін игеру керек.
Двигательді іске қосу үшін негізгі үш шарт — иінді біліктің жеткілікті айналымы, цилиндрге баратын жанар май қоспасының қажетті құрамы және свеча (білте) электродтарының арасындағы ұшқынның дұрыс шығуы қажет.
Бірінші шарт аккумулятор батареясының дұрыс-бұрыстығына (дәлірек айтқанда, иінді біліктің айналуы үшін батареядан стартер, арқылы берілетін энергияның жеткіліктілігіне) және температураға тәуелді болатын майдың тұтқырлығына байланысты.
Сондықтан суық түсісімен батареяны толық зарядтал, электролиттің тығыздығын 1,28—1,29-ға дейін жеткізеді, ал аязда тым қоюланып кететін жаздық майды қысқа немесе барлық маусымға жарамды маймен ауыстырады.
Екінші шарттың орындалуы карбюраторға байланысты болады, өйткені температура төмендеген сайын бензиннің булануы кемиді де, цилиндрдегі жұыс атқаратын қоспа нашар тұтанады. Қыс түсісімен карбюратор жуылып, реттелуге тиісті.
Ең ақырында, үшінші шарттың мәні мынада: свеча күйелен жақсылан тазартылған (немесе жаңасымен ауыстырылған) жағдайда, сондай-ақ оталдыруды дұрыс қоюдың көмегімен одан ұшқынның сенімді түрде дер кезінде шығуына қол жеткізуге болады.
Қыста салқындату жүйесінде судың орнына қатпайтын сұйық пайдаланады (Антифриз). Алайда қолданылған шараларға қарамастан двигательдің (әдетте көне, тозған) іске қосылуы қиындық келтіретын жағдайы болады.
Сол кезде қатпайтын сұйықтың орнына ыстық суды пайдалануға тура келеді. Сонда двигательді қыздыру үшін оған екі-үш рет ыстық су құйып, салқындаған суды ағызып тастап отырады. Кейбір автоәуесқойлар автомобильді жүргізерде двигатель картеріндегі майды қыздыру үшін бензинмен жанатын немесе электр желісінен (әдетте жарық көзі желісінен) қоректенетін электр құралдарды қолданады.
Мұндай мақсатқа жайып тұрған отты, мысалы қыздыру лампасын қолдануға болмайды, өйткені бұдан өрт шығып кету қаупі бар, сондай-ақ ол кейбір бөлшектердің тым қызып, жасын кетуіне әрі олардың мерзімінен бұрын істен шығуына әкеп соқтырады.
Қысқы жолда жүргенде автомобиль доңғалақтары жиі тайғанап, кез келген бағытқа қарай сырғанай бастайды. Автомобиль бұрылған кезде «газды» кенеттен көп бергенде немесе кілт тоқтатқанда, сондай-ақ тежегенде оның доңғалақтарының тайғанау ықтималдығы арта түседі.
Сондықтан қыс жағдайында автомобильді аса сақтықпен жүргізу керек. Автомобильді орнынан қозғағанда және шапшаңдығын арттырған кезде артқы (жетекші) доңғалағының бір орында тайғанауын болдырмау үшін айналдыру тетігін газды біртіндеп қана арттыра отырып қос ады.
Автомобильді бұрғанда осыған сәйкес келетін баяу берілісті алдын-ала қосады, ал доңғалақты қозғалыс желісінен ажыратпайды. Доңғалақ айналдырғы тетік автомобильді желісінен ажыратпайды. Доңғалақ айналдырғы тетік автомобильді тежегенде де ажыратылмауға тиіс. Автомобильді тоқтатқанда тежегішті тек көмекші амал ретінде пайдаланып, негізгі күшті двигательге түсіреді, ол үшін доңғалақты біртіндей отырып төменгі берілістерге қосады. Алайда, двигательмен тежеген кезде доңғалақ берілісін бірден кілт қосу, тежегішті күрт басқандағыдай, күшті әсер туғызатыны есте болуы керек, бұл екі жағдайда да автомобиль бір жағына қарай тайғанап кетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға