Жаңалықтар

Түріктер заманындағы жерлеудің сипатты белгісі

Түріктер заманындағы жерлеудің сипатты белгісі — адамды атымен бірге жерлеу ғұрпы. Түрік заманының Шығыс Қазақстан мен Алтайдағы, Жетісудағы обалары құрылымы және олжалары жағынан өте жақын. Жерлеудің сыртқы белгілері — тастан немесе топырақтан уйілген аласа үйінділер, олардың астына әдетте тік немесе төрт бұрыш түрінде қаланған қабірлер. Өлік жерден сопақша етіп қазылған шұңқырға жерленген, өлікпен бірге киім- кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылған. Аттың өлігін қуысқа, шұңқырдың түбінен жоғары таман, аяқтарын бүгіп бүйірінен салған. Кейде аттың орнына қабірге оның басы және кесек еттерін немесе тұяқтарымен бірге терісін көмген. VI — X ғасырлардағы қабірлердің көбі Шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында зерттелді. Бұлар — Трофимовка-1 және 2, Зевакин, Покровка, Качира және Боброво-1 және 2 қорымдары, Бұқтырма СЭС-і су қоймасының аймағындағы зираттар. Қорымдағы обалардың бірінші тобының топырақ үйінділері бар. Обалар топ-топ болып орналасқан. Қабір үстіндегі үйінділердің диаметрлері 6 метрден 12 метрге дейін, биіктігі 15—50 сантиметрге жетеді. Қабірлер қайың бөренелермен жабылған. Еркектердің қабірлеріндегі заттар: қару-жарақ, ер-тұрман, әйелдер қабірлерінде — тұрмыс заттары, әшекейлер болып келеді. Қабірлерден сондай-ақ жылкы қаңқаларының жекелеген бөлшектері (бас, аяк сүйектері) табылды. Қой сүйектері және қыш ыдыстардың сынықтары ас беру ғүрпының болғаның білдіреді. Обалардың екінші тобынан оба астында және қабір шұнқырында өліктердің өртелгенін көрсететін қалдықтар табылды. Боброво-2 қорымы обаларының бірінен ортенген сүйектердің қалдықтарымен бірге үш аттың қаңкасы, қару-жарақ, ат әбзелдерінің қалдықтары, тұрмыс заттары және әшекейлер, қыш ыдыстар шықты. Ертістің жоғарғы бойында IX—X ғасырлардағы обаларда өлікті өртейтін ғұрып бойынша үйілген тастың немесе топырақтың астына, не тастан қаланған қоршауда жекелей және бірнеше адамды жерлеген қабірлер анықталды. Өлік басқа бір жерде өртеліп, содан кейін күлін жерлейтін жерге көміп, оның үстіне оба тұрғызылатын болған. Тұрмыс заттары мен ат әбзелдерін жерлеген адаммен бірге салған. Екі обадан қару-жарақ заттары табылды. Түріктердің VI — IX ғасырлардағы атпен қоса жерлейтін едәуір көп обалы қорымдары бар, соның ішінде ең үлгілісі Күдіргі болып табылатын Шығыс Қазақстан мен Алтайға қараганда Қазақстанның басқа аудандарында мұндай обалы қорымдар сирек ұшырасады. Бұлар —Жетісудағы Тастөбе, Қызылқайнар, Аламысық, Орталық Қазақстандағы Егізқайнар қабірлері. Қабірлердің сыртқы белгілері — тастан, топырақтан немесе олар араластырылып үйілген аласа оба үйінділері, олардың астында жерден сопақша етіп қазылған шұнқырлар бар. Өлік ендік бағытында шалқасынан салынған. Аттың өлігі басқышқа немесе өлікпен бір деңгейге басын керісінше немесе нақ солай бағыттап орналастырылған. Олар Алтайдың өліктерді шығыска қаратып жерлеуіне жақын. Мысалы, Жетісудағы Қырғыз жотасының етегіндегіҚызылқайнар қорымындағы түрік қабірі былайша көрінеді. Обаның диаметрі — 7 м, биіктігі — 0,3 м, тас үйілген, түбінен айналдыра тас қаланған. Үйінді астында 2 мола шұңқыры бар, олардың біреуінде басы шығысқа қаратылған өліктің қанқасы жатты. Оң қолы денесін бойлай созылулы, сол қолы, сүйектердің жатуына қарағанда кіндігінің тұсына қойылған. Мола шұңқырынан мынадай көмілген құрал-саймандар: темір қанжар, темір сапты аяқтың сынықтары, жебелердің темір ұштары, садақтың сүйек қаптырмалары, құрама белдіктің қола табақшалары, темір семсер табылды. Көршілес моладан ауыздықты аттың қаңкасы аршылып алынды — темір үзеңгі және киіз ердің қалдықтары табылды. Атпен қоса жерлеу Алматыға жақын жерден табылды, оның ерекшелігі — адам мен ат бір мола шұңқырына қойылған. Адамның өлігі басы оңтүстік- шығысқа қаратылып, ұзынынан шалқалап жатты, ал ат шұңқырдың оңтүстік бөлігінде басы солтүстік-батыска қаратылып, аяқтары бүгіліп, сол жақ бүйірімен қойылған. Моладан садақтың сүйек қаптырмалары табылды, қаңқа сүйектерінін үстінде темір тиегі қола айылбас жатты. Айылбастың тиегінде адамның беті бедерленіп бейнеленген. Құрама белдіктен тік бурышты 5 бастырма, белдіктің ұшы сақталған. Кеуде сүйектерінің үстінен екі күміс түйме табылды. Бас сүйектің оң жағында түйіспейтін екі шығыршықтан тұратын күміс сырға жатты. Қызылөзен қала жұртының қалалық зиратын қазған кезде Жетісуға тән атпен қосарлап жерлеудің қызықты жағдайы аңғарылды. Молада еркек пен әйелдің қабірлері аршылды, олардың басы шығысқа қаратылған, ал табалдырыққа басы батысқа қаратылып, аяқтары бүйіріне қарай бүгілген ат қойылған. Зерттеушілер оған түрік пен соғды әйелі жерленген деп жорамалдайды. Талас аңғарындағы Жамукет қаласы деп саналатын Қостөбе қаласы жұртының VI — IX ғасырлардағы зиратынан да атпен қоса жерленген өлік табылды. Түркістан жазирасындағы (Оңтүстік Қазақстан) Арыс пен Шағадағы орасан зор Бөріжар қорымының обалы қабірлері VI — VIII ғасырлардағы түрік уақытына жатады. Бұдан жерлеу алаңшаларын ұсақ малтатас араластырылған балшықтан жасаған ұжымдық қабірлер аршылды. Жоспарда олар дөңгелек, сопақ немесе тік бүрышты болып келеді. Олардың кейбіреулері күйдірілген балшық кесектерден жасалған аласа шарбақтармен қоршалған. Обалардың астындағы жерлеу құрылыстары күйдірілген балшық кесектерден салынған. Әдетте олар күмбезделіп жабылады және кіреберіс дәлізшелері болған. Бөріжар қорымынан құрама белдіктердің күмістен және қоладан жасалған тоғалары мен қапсырмалары, темір қанжарлар мен сем- серлер, пышақтар, сәндік заттар мен отырықшы халыққа тән керамика табылды. Шаға қорымына да осыған ұқсас бейіттерге жерлеу тән болып табылады. Қазақстан мен Орта Азияда түріктер мен түрік заманының бірлі-жарым қабірлері ғана аршылғаның, сондықтан қазіргі уақытта белгілі бір түрік тайпаларын анықтау мүмкін еместігін атап өту керек. Қазышған қабірлерден алынған археологиялық олжалар VI — IX ғасырлардағы Қазақстан тайпалары материалдық мәдениетінің кейбір ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік береді. Қабірлердегі құрал-саймандар қару, ат әбзелдері, тұрмыстық мақсаттағы заттар болып табылады. Шығыс Қазақстандағы қабірлердің бірінен ағаш қынабымен бірге екі жүзді семсер табылды, оның сабы жүрек тәрізді және тік бұрышты кішкене қаптырмалармен сәнделген. Тағы бір қабірден ұзындығы 80 сантиметр және жалпақтығы 3 сантиметр қылыш шықты, ол ағаш қынапқа салынған, қынаптың бет жағы өсімдік тектес өрнекпен әшекейленген былғарымен қапталған; қынаптың ұшына күміс қаптырмалар мен шығыршықтар шегеленген. Сондай-ақ қиындысы ромб тәрізді найзаның ұшы табылды. Қабірлердегі қару-жарақ заттары ішінде бәрінен де жебелердің ұштары жиі кездеседі. Олардың біразы ағаштан жасалып, қабықпен қапталған қорам- сақтарға салынған. Қорамсақтардын ішкі жағы тегіс, сырты кедір-бұдырлы болып келеді, олардың төменгі жағы кусырылыңқы, іші матамен астарланган. Жебелер ұштары жоғары қаратылып салынған, олардың ұштарының бітімі әр түрлі - үш қырлы, төрт қырлы, ұңғылы үш қалақты болып келеді, түп жағы жапырақ пішінді жалпақтары да бар. Жебенің ағаш жағының ұзындығы 40—80 сантиметр, талдан жасалған, қайсыбірі қызыл түске боялған. Садақтар құрастырмалы (күрделі) болған, екі шеті мен ортасы сүйекпен қапталған, біреуінде қаптырманың астында ағаш сынамен біріктірілген екі ағаш жақтауы сақталған. Аттың ер-тұрман әбзелдерінен темір ауыздықтар, үзеңгілер, әшекейленген жүгендер кездеседі. Ауыздықтар екі түрлі — тікше келген айшыққа кигізілген бір шығыршықты және әрбір буынында сегіздік тәрізді шығыршықтары бар болып келеді. Үзеңгінің екі түрі - доғашықтың иілуінен жасалған сегіздік тәрізді тұйықталған, табақшасында тесігі бар түрі және тік бұрышты, табан тірері жалпақ түрі пайда болады.  
05.12.2012 03:54 4153

Түріктер заманындағы жерлеудің сипатты белгісі — адамды атымен бірге жерлеу ғұрпы. Түрік заманының Шығыс Қазақстан мен Алтайдағы, Жетісудағы обалары құрылымы және олжалары жағынан өте жақын. Жерлеудің сыртқы белгілері — тастан немесе топырақтан уйілген аласа үйінділер, олардың астына әдетте тік немесе төрт бұрыш түрінде қаланған қабірлер. Өлік жерден сопақша етіп қазылған шұңқырға жерленген, өлікпен бірге киім- кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылған. Аттың өлігін қуысқа, шұңқырдың түбінен жоғары таман, аяқтарын бүгіп бүйірінен салған. Кейде аттың орнына қабірге оның басы және кесек еттерін немесе тұяқтарымен бірге терісін көмген. VI — X ғасырлардағы қабірлердің көбі Шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында зерттелді. Бұлар — Трофимовка-1 және 2, Зевакин, Покровка, Качира және Боброво-1 және 2 қорымдары, Бұқтырма СЭС-і су қоймасының аймағындағы зираттар.

Қорымдағы обалардың бірінші тобының топырақ үйінділері бар. Обалар топ-топ болып орналасқан. Қабір үстіндегі үйінділердің диаметрлері 6 метрден 12 метрге дейін, биіктігі 15—50 сантиметрге жетеді. Қабірлер қайың бөренелермен жабылған. Еркектердің қабірлеріндегі заттар: қару-жарақ, ер-тұрман, әйелдер қабірлерінде — тұрмыс заттары, әшекейлер болып келеді.

Қабірлерден сондай-ақ жылкы қаңқаларының жекелеген бөлшектері (бас, аяк сүйектері) табылды. Қой сүйектері және қыш ыдыстардың сынықтары ас беру ғүрпының болғаның білдіреді. Обалардың екінші тобынан оба астында және қабір шұнқырында өліктердің өртелгенін көрсететін қалдықтар табылды. Боброво-2 қорымы обаларының бірінен ортенген сүйектердің қалдықтарымен бірге үш аттың қаңкасы, қару-жарақ, ат әбзелдерінің қалдықтары, тұрмыс заттары және әшекейлер, қыш ыдыстар шықты.
Ертістің жоғарғы бойында IX—X ғасырлардағы обаларда өлікті өртейтін ғұрып бойынша үйілген тастың немесе топырақтың астына, не тастан қаланған қоршауда жекелей және бірнеше адамды жерлеген қабірлер анықталды. Өлік басқа бір жерде өртеліп, содан кейін күлін жерлейтін жерге көміп, оның үстіне оба тұрғызылатын болған. Тұрмыс заттары мен ат әбзелдерін жерлеген адаммен бірге салған. Екі обадан қару-жарақ заттары табылды.

Түріктердің VI — IX ғасырлардағы атпен қоса жерлейтін едәуір көп обалы қорымдары бар, соның ішінде ең үлгілісі Күдіргі болып табылатын Шығыс Қазақстан мен Алтайға қараганда Қазақстанның басқа аудандарында мұндай обалы қорымдар сирек ұшырасады. Бұлар —Жетісудағы Тастөбе, Қызылқайнар, Аламысық, Орталық Қазақстандағы Егізқайнар қабірлері. Қабірлердің сыртқы белгілері — тастан, топырақтан немесе олар араластырылып үйілген аласа оба үйінділері, олардың астында жерден сопақша етіп қазылған шұнқырлар бар. Өлік ендік бағытында шалқасынан салынған. Аттың өлігі басқышқа немесе өлікпен бір деңгейге басын керісінше немесе нақ солай бағыттап орналастырылған. Олар Алтайдың өліктерді шығыска қаратып жерлеуіне жақын. Мысалы, Жетісудағы Қырғыз жотасының етегіндегіҚызылқайнар қорымындағы түрік қабірі былайша көрінеді. Обаның диаметрі — 7 м, биіктігі — 0,3 м, тас үйілген, түбінен айналдыра тас қаланған. Үйінді астында 2 мола шұңқыры бар, олардың біреуінде басы шығысқа қаратылған өліктің қанқасы жатты. Оң қолы денесін бойлай созылулы, сол қолы, сүйектердің жатуына қарағанда кіндігінің тұсына қойылған. Мола шұңқырынан мынадай көмілген құрал-саймандар: темір қанжар, темір сапты аяқтың сынықтары, жебелердің темір ұштары, садақтың сүйек қаптырмалары, құрама белдіктің қола табақшалары, темір семсер табылды. Көршілес моладан ауыздықты аттың қаңкасы аршылып алынды — темір үзеңгі және киіз ердің қалдықтары табылды.

Атпен қоса жерлеу Алматыға жақын жерден табылды, оның ерекшелігі — адам мен ат бір мола шұңқырына қойылған. Адамның өлігі басы оңтүстік- шығысқа қаратылып, ұзынынан шалқалап жатты, ал ат шұңқырдың оңтүстік бөлігінде басы солтүстік-батыска қаратылып, аяқтары бүгіліп, сол жақ бүйірімен қойылған. Моладан садақтың сүйек қаптырмалары табылды, қаңқа сүйектерінін үстінде темір тиегі қола айылбас жатты. Айылбастың тиегінде адамның беті бедерленіп бейнеленген. Құрама белдіктен тік бурышты 5 бастырма, белдіктің ұшы сақталған. Кеуде сүйектерінің үстінен екі күміс түйме табылды. Бас сүйектің оң жағында түйіспейтін екі шығыршықтан тұратын күміс сырға жатты.
Қызылөзен қала жұртының қалалық зиратын қазған кезде Жетісуға тән атпен қосарлап жерлеудің қызықты жағдайы аңғарылды. Молада еркек пен әйелдің қабірлері аршылды, олардың басы шығысқа қаратылған, ал табалдырыққа басы батысқа қаратылып, аяқтары бүйіріне қарай бүгілген ат қойылған. Зерттеушілер оған түрік пен соғды әйелі жерленген деп жорамалдайды. Талас аңғарындағы Жамукет қаласы деп саналатын Қостөбе қаласы жұртының VI — IX ғасырлардағы зиратынан да атпен қоса жерленген өлік табылды.
Түркістан жазирасындағы (Оңтүстік Қазақстан) Арыс пен Шағадағы орасан зор Бөріжар қорымының обалы қабірлері VI — VIII ғасырлардағы түрік уақытына жатады. Бұдан жерлеу алаңшаларын ұсақ малтатас араластырылған балшықтан жасаған ұжымдық қабірлер аршылды. Жоспарда олар дөңгелек, сопақ немесе тік бүрышты болып келеді. Олардың кейбіреулері күйдірілген балшық кесектерден жасалған аласа шарбақтармен қоршалған. Обалардың астындағы жерлеу құрылыстары күйдірілген балшық кесектерден салынған. Әдетте олар күмбезделіп жабылады және кіреберіс дәлізшелері болған. Бөріжар қорымынан құрама белдіктердің күмістен және қоладан жасалған тоғалары мен қапсырмалары, темір қанжарлар мен сем- серлер, пышақтар, сәндік заттар мен отырықшы халыққа тән керамика табылды. Шаға қорымына да осыған ұқсас бейіттерге жерлеу тән болып табылады. Қазақстан мен Орта Азияда түріктер мен түрік заманының бірлі-жарым қабірлері ғана аршылғаның, сондықтан қазіргі уақытта белгілі бір түрік тайпаларын анықтау мүмкін еместігін атап өту керек. Қазышған қабірлерден алынған археологиялық олжалар VI — IX ғасырлардағы Қазақстан тайпалары материалдық мәдениетінің кейбір ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік береді.

Қабірлердегі құрал-саймандар қару, ат әбзелдері, тұрмыстық мақсаттағы заттар болып табылады. Шығыс Қазақстандағы қабірлердің бірінен ағаш қынабымен бірге екі жүзді семсер табылды, оның сабы жүрек тәрізді және тік бұрышты кішкене қаптырмалармен сәнделген. Тағы бір қабірден ұзындығы 80 сантиметр және жалпақтығы 3 сантиметр қылыш шықты, ол ағаш қынапқа салынған, қынаптың бет жағы өсімдік тектес өрнекпен әшекейленген былғарымен қапталған; қынаптың ұшына күміс қаптырмалар мен шығыршықтар шегеленген. Сондай-ақ қиындысы ромб тәрізді найзаның ұшы табылды.

Қабірлердегі қару-жарақ заттары ішінде бәрінен де жебелердің ұштары жиі кездеседі. Олардың біразы ағаштан жасалып, қабықпен қапталған қорам- сақтарға салынған. Қорамсақтардын ішкі жағы тегіс, сырты кедір-бұдырлы болып келеді, олардың төменгі жағы кусырылыңқы, іші матамен астарланган. Жебелер ұштары жоғары қаратылып салынған, олардың ұштарының бітімі әр түрлі - үш қырлы, төрт қырлы, ұңғылы үш қалақты болып келеді, түп жағы жапырақ пішінді жалпақтары да бар. Жебенің ағаш жағының ұзындығы 40—80 сантиметр, талдан жасалған, қайсыбірі қызыл түске боялған. Садақтар құрастырмалы (күрделі) болған, екі шеті мен ортасы сүйекпен қапталған, біреуінде қаптырманың астында ағаш сынамен біріктірілген екі ағаш жақтауы сақталған. Аттың ер-тұрман әбзелдерінен темір ауыздықтар, үзеңгілер, әшекейленген жүгендер кездеседі. Ауыздықтар екі түрлі — тікше келген айшыққа кигізілген бір шығыршықты және әрбір буынында сегіздік тәрізді шығыршықтары бар болып келеді. Үзеңгінің екі түрі - доғашықтың иілуінен жасалған сегіздік тәрізді тұйықталған, табақшасында тесігі бар түрі және тік бұрышты, табан тірері жалпақ түрі пайда болады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға