Жаңалықтар

Н.И.Пироговтың педагогикалық қызметімен көзқарастары

  Н.И.Пироговтың педагогикалық қызметімен көзқарастары. (1810-1881) ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық-педагогикалық қозғалысқа жалпы сипаттама. ХІХ ғ.60-жылдары Ресейде өндіргіш күштердің дамуымен және бұл дамуды тежейтін крепостниктік қатынастардың арасындағы қайшылықтарға байланысты үлкен қоғамдық қозғалыстың кезеңі болып табылады. Шаурашылықтың крепостниктік түрі капиталистік дамудың жолындағы кедергі болды. Крепостниктік құрылыстың іріп-шірігендігі және әлсіздігін Крым соғысы көрсетті. Ресей экономикалық және техникалық артта қалудың, жоғары әскери басшылықтың дұрыс емес стратегиясының салдарынан соғыста жеңілді. Алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының және ойшылдарының крепостниктік құрылысқа қарсы шығуы крепостниктік тәртіппен келіспеушіліктің өсуіне көмектесті. Осының бәрі, қосып алғанда, 50-жылдардың аяғында Ресейде қоғамдық қозғалыстың пайда болуын даярлады. Қоғамдық қозғалыстың құрамды бөлігі сол кездегі күшті дамыған педагогикалық қозғалыс болды. Крепостниктік тәрбиені қатаң сынау сословиялық мектепке қарсы күрес ой-өрісті дамытуға дінсіз білім беруүшін адамды, азаматты тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім беру үшін, догматизм мен схоластикаға, құрғақ жаттау мен муштраға қарсы күрес баланың жеке басын қастерлеу, прогрессивтік негізде дидактикалық мәселелерді талдау, халық мектептерінің кең жүйесін, жоғары мектептің автономиясын талап ету – ХІХ ғ.60-жылдарындағы орыс прогрессивтік педагогикасының ұсынған негізгі мәселелері осындай болды. Педагогикалық қозғалыс біртекті болған жоқ. Әртүрлі қоғамдық бағыттарға ұстанған педагогтар негізгі мәселелерді әртүрлі көзқарас тұрғысынан түсіндірді. Бұл кезеңде әртүрлі қоғамдық қозғалыс пайда болды, олар өздерінің алдында педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселелерін шешу мақсатын қойды. 1859 жылы Петербург педагогикалық  жиналысы құрылды, кейін Петербург педагогикалық қоғамына айналды. Оның жұмысына П.Г.Радкин, К.Д.Ушинский, В.Я.Срюнин, В.И.Водовозов, Д.Д.еменов, А.Н.Герд және көптеген басқа да педагогтар мен методистер қатынасты. Қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен бұл жылдары педагогикалық журналистика дамиды, журналдардың беттерінде тәрбие мен оқытудың басты мәселелері қызу талқыланды. “Тәрбие үшін журнал” 1857 жарық көрді, 1860 жылдан бастап “Тәрбие” деген атпен шығып тұрды, онда К.Д.Ушинскийдің бірнеше мақалалары басылды, 1860 жылдан 1870 жылға дейін “Орыс педагогикалық хабаршысы”, “Мұғалім” журналдары жарық көрді, бұл басылымдар негізінен халық мектебінің мәселелеріне арналды. 1864 жылдан бастап “Педагогикалық жинақ” журналы шығарылды, ол тәрбие мен жалпы білім беретін мектептің жалпы мәселелеріне арналды; 1861-1862 жылдарда Л.Н.Толстойдың ұйымдастыруымен “Ясная Поляна” журналы шығып тұрды, онда Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі жарияланды, шетел және патша үкіметі мектептерін өте қатты сынға алды және т.б. Тәрбие және халыққа білім беру мәселелері әдеби және саяси журналдарда жарияланды революцияшыл демократиялық бағыттағы “Современникте” Н.Г.Чернышевскийдің бірнеше статьялары жарық көрді, Н.А.Добролюбовтың “Тәрбиедегі беделдің маңызы туралы”, “Дүремен қиратылған Бүкілресейлік иллюзиялар” және басқалары жарияланды. Тәрбиенің жалпы мәселелеріне 60-жылдардың бас кезінде тіпті кейбір арнаулы журналдар да өз беттерін арнады. 1856 жылы алдыңғы қатарлы “Марской сборник журналында Пироговтың “Өмір мәселелері” атты белгілі мақаласы жарияланды. Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары. (1810-1881) Николай Иванович Пирогов көрнекті орыс дәрігері-хирургі, халық ағарту ісінің қайраткері, белгілі педагог. Ол – Москва университетінің медицина факультетінің түлегі. Дернт университетінде (қазіргі Тарту қаласы, Эстония Республикасы)  медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне диссертация ғылыми атағын алғаннан кейін, Петербургтің медициналық хирургия академиясында профессорлық қызмет атқарады. Ол Қырым соғысына өз еркімен қатынасады. Ол белгілі дәрігер-хирург Крым соғысында Севастопольді қорғауға қаһарман қатысушыларына дәрігерлік көмекті ұйымдастырушы ретінде 1856 жылы “Марской сборник” журналында Г.И.Пироговтың “Өмір мәселелері” атты мақаласы жарияланған болатынды. Бұл мақала жұртшылықтың назарын өзіне аударды. Мақалаларда ол жанұя және қоғамдық тәрбиенің негізгі мәселелерін күн тәртібіне қоя отырып, бұл мәселелерді басылымдарда, оқу орындарында, педагогтар мен ата-аналардың арасында кеңінен талқылауға себепші болды. Бұл мақаласында Пирогов педагогиканың аумағынан тыс қарастырылатын мәселелерді күн тәртібіне қойды, атап айтқанда: азаматтық жеке тұлғаға және оның дамуының толықтығы, адамзаттың парасаттылығы. Тәрбиеге қатысты оның мағынасы, адамды тәрбиелеу қажет, ең алдымен жоғары, адамгершілік өнімдері қалыптастыру; жалпы адамзаттық тәрбие арнаулы, кәсіби білім беруден бұрын келуі қажет. Н.И.Пирогов былай деп жазды: “Пайдалы азамат боламын деп даярланып жатқандардың барлығы алдымен адам болңға үйренуі қажет”. “Өмір мәселелеріне” Пироговтың айтқан ойлары алдыңғы қатарлы жұртшылықтан қолдау тапты, оның ішінде революцияшыл демократтардың өкілдері оның тәрбие және педагогика мәселелері бойынша оның болашақ мақалалары үшін негіз болды. Пироговтың ескі мектепке қатысы. Өзінің баспа беттерінде мақалаларында Пирогов сол кездегі мектептің жағдайы Пироговты қанағаттандырмады. Мектептердің негізгі кемшіліктері мен олқылықтарына Пирогов оқытудың сословиялық және тармамандық сипаты, сонымен қатар оқытудың артта қалған, ескі тәсілдерді қолдануы. Оқытудың тар мамандық сипаты, Пироговтың пікірінше, карьеристерді тәрбиелеуге көмектеседі деді. Пирогов білім берудің ресми курсына жалпы адамзаттық тәрбие идеясын қарсы қойды, ол жан-жақты ой-өрісі бар жоғары адамгершілікті адамды қоғамдық өмірге даярлаудың қажеттігін қойды. “Адам болу – бұл тәрбиенің негізгі мақсаты болу керек”,-деп жазды Пирогов. Ол ерте, күні бұрын берілген балаларды мамандандырудан сақтандырды, ол олардың ой-өрісін тарылтады және адамгершілік дамуын тежейді. “Өмір мәселелері” мақаласының негізгі идеясы – жалпы адамзаттық білім беруді қорғау болып табылады. Тәрбие мақсаты және мектеп жүйесі. Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарасының жетекші белгісі гуманизм болып табылады. Бірақ Пироговтың гуманизмі буржуазиялық шектеулі болды. Осыдан келіп, Пирогов тәрбиенің мақсаты деп, әрбір оқушыдан өмірде кейін қандай арнаулы жолды таңдайтындығына қарамастан, “шындықты сүйетін адамды” даярлау, демек, жан-жақты ғылыми танымды, жоғарғы адамгершілік сенімдерді, ерікті және берік ерік-қайратты меңгерген осындай адамды есептеді. Пирогов сословиялық мектепке қарсы бағытталған мектеп жүйесінің жаңа жобасын ұсынды. Ол мектеп жүйесінің негізгі екі жылдық бастауыш мектеп болу керек, бастауыш мектептен барлығына орта мектепке жол ашылады. Өзінің мектеп жүйесін ол бірыңғай мектептің қағидасы бойынша құрды. Пирогов мектеп жүйесін бірнеше сатылардан ұсынды, атап айтқанда: екі жылдық бастауыш мектептен кейін-прогимназия (толық емес орта мектеп) төртжылдық мерзіммен екі түрлі; одан кейін гимназия екі түрлі – үшжылдық және бес жылдық мерзіммен; бұл жүйені жоғары мектеп аяқтайды (университеттер және жоғары арнаулы оқу орындары).
05.12.2012 03:51 10205

 

Н.И.Пироговтың педагогикалық қызметімен көзқарастары.

(1810-1881)

ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық-педагогикалық

қозғалысқа жалпы сипаттама.

ХІХ ғ.60-жылдары Ресейде өндіргіш күштердің дамуымен және бұл дамуды тежейтін крепостниктік қатынастардың арасындағы қайшылықтарға байланысты үлкен қоғамдық қозғалыстың кезеңі болып табылады. Шаурашылықтың крепостниктік түрі капиталистік дамудың жолындағы кедергі болды. Крепостниктік құрылыстың іріп-шірігендігі және әлсіздігін Крым соғысы көрсетті. Ресей экономикалық және техникалық артта қалудың, жоғары әскери басшылықтың дұрыс емес стратегиясының салдарынан соғыста жеңілді.

Алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының және ойшылдарының крепостниктік құрылысқа қарсы шығуы крепостниктік тәртіппен келіспеушіліктің өсуіне көмектесті. Осының бәрі, қосып алғанда, 50-жылдардың аяғында Ресейде қоғамдық қозғалыстың пайда болуын даярлады.

Қоғамдық қозғалыстың құрамды бөлігі сол кездегі күшті дамыған педагогикалық қозғалыс болды. Крепостниктік тәрбиені қатаң сынау сословиялық мектепке қарсы күрес ой-өрісті дамытуға дінсіз білім беруүшін адамды, азаматты тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім беру үшін, догматизм мен схоластикаға, құрғақ жаттау мен муштраға қарсы күрес баланың жеке басын қастерлеу, прогрессивтік негізде дидактикалық мәселелерді талдау, халық мектептерінің кең жүйесін, жоғары мектептің автономиясын талап ету – ХІХ ғ.60-жылдарындағы орыс прогрессивтік педагогикасының ұсынған негізгі мәселелері осындай болды.

Педагогикалық қозғалыс біртекті болған жоқ. Әртүрлі қоғамдық бағыттарға ұстанған педагогтар негізгі мәселелерді әртүрлі көзқарас тұрғысынан түсіндірді.

Бұл кезеңде әртүрлі қоғамдық қозғалыс пайда болды, олар өздерінің алдында педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселелерін шешу мақсатын қойды.

1859 жылы Петербург педагогикалық  жиналысы құрылды, кейін Петербург педагогикалық қоғамына айналды. Оның жұмысына П.Г.Радкин, К.Д.Ушинский, В.Я.Срюнин, В.И.Водовозов, Д.Д.еменов, А.Н.Герд және көптеген басқа да педагогтар мен методистер қатынасты.

Қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен бұл жылдары педагогикалық журналистика дамиды, журналдардың беттерінде тәрбие мен оқытудың басты мәселелері қызу талқыланды.

“Тәрбие үшін журнал” 1857 жарық көрді, 1860 жылдан бастап “Тәрбие” деген атпен шығып тұрды, онда К.Д.Ушинскийдің бірнеше мақалалары басылды, 1860 жылдан 1870 жылға дейін “Орыс педагогикалық хабаршысы”, “Мұғалім” журналдары жарық көрді, бұл басылымдар негізінен халық мектебінің мәселелеріне арналды.

1864 жылдан бастап “Педагогикалық жинақ” журналы шығарылды, ол тәрбие мен жалпы білім беретін мектептің жалпы мәселелеріне арналды; 1861-1862 жылдарда Л.Н.Толстойдың ұйымдастыруымен “Ясная Поляна” журналы шығып тұрды, онда Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі жарияланды, шетел және патша үкіметі мектептерін өте қатты сынға алды және т.б.

Тәрбие және халыққа білім беру мәселелері әдеби және саяси журналдарда жарияланды революцияшыл демократиялық бағыттағы “Современникте” Н.Г.Чернышевскийдің бірнеше статьялары жарық көрді, Н.А.Добролюбовтың “Тәрбиедегі беделдің маңызы туралы”, “Дүремен қиратылған Бүкілресейлік иллюзиялар” және басқалары жарияланды.

Тәрбиенің жалпы мәселелеріне 60-жылдардың бас кезінде тіпті кейбір арнаулы журналдар да өз беттерін арнады. 1856 жылы алдыңғы қатарлы “Марской сборник журналында Пироговтың “Өмір мәселелері” атты белгілі мақаласы жарияланды.

Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары.

(1810-1881)

Николай Иванович Пирогов көрнекті орыс дәрігері-хирургі, халық ағарту ісінің қайраткері, белгілі педагог. Ол – Москва университетінің медицина факультетінің түлегі. Дернт университетінде (қазіргі Тарту қаласы, Эстония Республикасы)  медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне диссертация ғылыми атағын алғаннан кейін, Петербургтің медициналық хирургия академиясында профессорлық қызмет атқарады. Ол Қырым соғысына өз еркімен қатынасады. Ол белгілі дәрігер-хирург Крым соғысында Севастопольді қорғауға қаһарман қатысушыларына дәрігерлік көмекті ұйымдастырушы ретінде 1856 жылы “Марской сборник” журналында Г.И.Пироговтың “Өмір мәселелері” атты мақаласы жарияланған болатынды. Бұл мақала жұртшылықтың назарын өзіне аударды. Мақалаларда ол жанұя және қоғамдық тәрбиенің негізгі мәселелерін күн тәртібіне қоя отырып, бұл мәселелерді басылымдарда, оқу орындарында, педагогтар мен ата-аналардың арасында кеңінен талқылауға себепші болды.

Бұл мақаласында Пирогов педагогиканың аумағынан тыс қарастырылатын мәселелерді күн тәртібіне қойды, атап айтқанда: азаматтық жеке тұлғаға және оның дамуының толықтығы, адамзаттың парасаттылығы. Тәрбиеге қатысты оның мағынасы, адамды тәрбиелеу қажет, ең алдымен жоғары, адамгершілік өнімдері қалыптастыру; жалпы адамзаттық тәрбие арнаулы, кәсіби білім беруден бұрын келуі қажет. Н.И.Пирогов былай деп жазды: “Пайдалы азамат боламын деп даярланып жатқандардың барлығы алдымен адам болңға үйренуі қажет”.

“Өмір мәселелеріне” Пироговтың айтқан ойлары алдыңғы қатарлы жұртшылықтан қолдау тапты, оның ішінде революцияшыл демократтардың өкілдері оның тәрбие және педагогика мәселелері бойынша оның болашақ мақалалары үшін негіз болды.

Пироговтың ескі мектепке қатысы. Өзінің баспа беттерінде мақалаларында Пирогов сол кездегі мектептің жағдайы Пироговты қанағаттандырмады.

Мектептердің негізгі кемшіліктері мен олқылықтарына Пирогов оқытудың сословиялық және тармамандық сипаты, сонымен қатар оқытудың артта қалған, ескі тәсілдерді қолдануы. Оқытудың тар мамандық сипаты, Пироговтың пікірінше, карьеристерді тәрбиелеуге көмектеседі деді.

Пирогов білім берудің ресми курсына жалпы адамзаттық тәрбие идеясын қарсы қойды, ол жан-жақты ой-өрісі бар жоғары адамгершілікті адамды қоғамдық өмірге даярлаудың қажеттігін қойды.

“Адам болу – бұл тәрбиенің негізгі мақсаты болу керек”,-деп жазды Пирогов. Ол ерте, күні бұрын берілген балаларды мамандандырудан сақтандырды, ол олардың ой-өрісін тарылтады және адамгершілік дамуын тежейді.

“Өмір мәселелері” мақаласының негізгі идеясы – жалпы адамзаттық білім беруді қорғау болып табылады.

Тәрбие мақсаты және мектеп жүйесі.

Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарасының жетекші белгісі гуманизм болып табылады. Бірақ Пироговтың гуманизмі буржуазиялық шектеулі болды. Осыдан келіп, Пирогов тәрбиенің мақсаты деп, әрбір оқушыдан өмірде кейін қандай арнаулы жолды таңдайтындығына қарамастан, “шындықты сүйетін адамды” даярлау, демек, жан-жақты ғылыми танымды, жоғарғы адамгершілік сенімдерді, ерікті және берік ерік-қайратты меңгерген осындай адамды есептеді.

Пирогов сословиялық мектепке қарсы бағытталған мектеп жүйесінің жаңа жобасын ұсынды. Ол мектеп жүйесінің негізгі екі жылдық бастауыш мектеп болу керек, бастауыш мектептен барлығына орта мектепке жол ашылады. Өзінің мектеп жүйесін ол бірыңғай мектептің қағидасы бойынша құрды.

Пирогов мектеп жүйесін бірнеше сатылардан ұсынды, атап айтқанда: екі жылдық бастауыш мектептен кейін-прогимназия (толық емес орта мектеп) төртжылдық мерзіммен екі түрлі; одан кейін гимназия екі түрлі – үшжылдық және бес жылдық мерзіммен; бұл жүйені жоғары мектеп аяқтайды (университеттер және жоғары арнаулы оқу орындары).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға