Жаңалықтар

Педагогика

Тифлопедагогика (гр. typhlos – соқыр және педагогика) – педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы. Ғылым саласы ретінде 19 ғасырдың басында дами бастады. Кеңес Одағы кезінде әр түрлі ауытқуы бар балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу мекемелері ашылып, олар жалпы білім беру жүйесіне кірді. Көру кемістігі барлар арнайы оқыту мекемесінде білім алып, жоғары оқу орындарына түсуге жағдай жасалды. Олардың арасында акад. Л.С. Понтрягин және А.Г. Витушкин, проф. В.И. Зубов, жазушылар Н.Островский, Э.Асадов, Н.Силков, А.Притчина, сазгерлер В.Никитин, Н.Поликарпов секілді көрнекті тұлғалар да бар. Тифлопедагогика саласында мол еңбек қалдырған Б.И. Коваленко мен В.С. Сверлов болды. О.Скороходованың еңбектері дефектология ғылымында ерекше орын алады. Оның “Мен қалай қоршаған ортаны қабылдаймын және түсінемін” атты еңбегінің дефектология үшін маңызы зор. Тифлопедагогика жалпы педагогиканың саласы ретінде философияға, гуманистік тәрбие мен жалпы-дидакт. оқыту принциптеріне, көру қабілетінің (КҚ) кемістігі бар адамдардың өсу ерекшеліктеріне негізделіп дамиды. Тифлопедагогиканың жаратылыстанудағы сүйенетін негізі И.М. Сеченев пен И.П. Павловтың жоғарғы нерв іс-әрекеті туралы ілімі. Сондай-ақ тифлопедагогика тифлопсихология, патофизиология, педиятрия, психоневрология ғылымдарымен де тығыз байланысты. Тифлопедагогика ғылымының міндеттері: көру қабілеті бұзылған тұлғаларды психологиялық-педагогикалық және клиник. тұрғыдан зерттеу; КҚ бұзылу кезіндегі психологиялық, физикалық даму аномалиясының типологиясын анықтау; КҚ кемістігі салдарынан дамымаған немесе бұзылған функцияларды түзету, жетілдіру, орнын толтыру жолдары мен жағдайларын қарастыру; КҚ бұзылу түрлеріне байланысты тұлғаны жан-жақты дамыту, қалыптастыру жағдайларын анықтау, зерттеу. Бүгінде тифлопедагогикада көру кемістіктерін алдын алу, түзету жолдары, механизмдер мен кемшілігі бар функциялардың орнын толтыру жағдайы, саралап оқыту түрлері, мазмұны мен әдістері ашып көрсетіледі. Балаларды мектепке дайындыққа, мектеп көлемінде жалпы және орта кәсіптік білім алуға, рухани өсуге, эстетикалық, тәрбиеге, дене тәрбиесіне әлеум.-психологиялық және еңбекке қалыптастырады. Көру кемістігі бар ересектерді оқытудағы мақсат – өмірлік тәжірибесі мен жалпы біліктілігін, білімін және әлеум. дәрежесін көтеру. Оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне арнайы нұсқау, бағдарлама, методика, тифлотех. жабдықтар, т.б. жатады. Қазақстанда соқырлардың алғашқы мектебі 1932 ж. Алматыда ашылған. Қазір зағиптарға арналған 9 арнайы мектеп, бала-бақшаларда арнайы топтар бар.
05.12.2012 03:48 6608

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға