Жаңалықтар

Мұнай

Мұнай  (түрікше neft – мұнай) – Жердің шөгінді қабатында таралған, жанғыш майлы сұйықтық; адамзат тіршілігі үшін маңызы зор, пайдалы қазынды. Мұнай 1,2 – 2,0 км-ден астам тереңдікте газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі. Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға дейін өзгереді, тығыздығы 0,65 – 1,05 г/см3 аралығында; жеңіл (тығыздығы 0,83 г/см3-ке дейін), орташа (0,831 – 0,860 г/см3), ауыр (0,860 г/см3-тен жоғары) болып бөлінеді. 28°С-тан жоғары температурада қайнайды, меншікті жылу сыйымдылығы 1,7 – 2,1 кДж/(кг.К), меншікті жану жылуы 43,7 – 46,2 МДж/кг, диэлектрлік өтімділігі 2 – 2,5; тұтану температурасы 35 – 120°С, органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді. Мұнай – көмірсутектердің күрделі қоспасы. Әр түрлі кен орындарындағы мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізгі қоспалары (4 – 5%): нафтен қышқылдары, асфальтты-шайырлы заттар, меркаптандар, моно- және дисульфидтер, тиофендер және тиофандар, күкіртсутек, пиридин және пиперидин гомологтары, т.б. Элементтік құрамы: С 82,5 – 87%; Н 11,5 – 14,5%; О 0,05 – 0,35%; S 0,001 – 5,5%; N 0,02 – 1,5%. Құрамындағы күкіртке байланысты мұнай аз күкіртті (0,5%-ға дейін), күкіртті (0,5 – 2%) және жоғары күкіртті (2%-дан жоғары) болып бөлінеді. Әдетте мұнай құрамындағы азот пен оттек 10%-дан аспайды, тек кейбір жағдайларда 1,8 және 1,2%-ға азаяды. Мұнайда 20-дан астам әр түрлі элемент (V, Nі, Ca, Mg, Fe, Al, Sі, Na, т.б.) бар. Мұнайдың негізгі пайда болу көзі – құрамындағы сутектің мөлшері жоғары болатын планктон, сапропельді органикалық зат және өсімдік қалдықтарынан түзілетін гумусты зат. Мұнай түзуші жыныстар – саз балшықтар. Жер шарында ауданы бірнеше мың км2-ден бірнеше млн. км2-ді құрайтын 600-ге жуық мұнай алабы бар. Олардың жалпы ауданы 80 млн. км2-ге жуық, оның 50 млн. км2-і – құрлықта, 30 млн. км2-і – қайраңда. 160 алабта өнеркәсіптік игерілетін мұнай бар екендігі анықталған. Мұнайды өндіру біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдан белгілі. Қазіргі заманғы мұнай өндіру процесі ұңғымалармен жер қойнауынан мұнайды шығару, оларды жинау, есепке алу, тасымалдаудан тұрады. Қазақ жерінде алғашқы мұнай фонтаны 1899 ж. Қарашүңгілде атқылаған (Атырау облысында). Оны өңдеу арнайы зауыттарда жүзеге асырылады; ол тұзсыздандырудан, сусыздандырудан тұрады. Одан кейін жеңіл мұнай тұрақтандырылады, яғни мұнай химиясы өнеркәсібі үшін бағалы шикізат болып табылатын көмірсутектердің (пропан-бутан және пентан) фракциялары айдалады. Тұрақтандырудан кейін айдау арқылы бензин, реактивті отын, керосин, дизель отыны, мазут алынады. Мұнай құрамына кіретін көмірсутектерді қайта өңдеу арқылы синтетикалық каучуктер мен талшықтар, пластмасса, полиэтилен, жуғыш ұнтақтар, пластификаторлар, бояулар, т.б. заттарды бөліп алуға мүмкіндік туады.
05.12.2012 03:03 9300

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға