Жаңалықтар

Мутазилиттер

  Мутазилиттер - Ислам тарихында пайда болған ағымдар қатарында өзіндік із қалдырған, Ислам ғылымына «Калам» саласын ендірген, Ислам философиясының іргесін қадаған, әлемге әйгілі Ислам философтарын шығарған, көне грек еңбектерін араб тіліне аударуда елеулі қызмет атқарған ағым. Мутазилиттер ағымы омеялықтардың халифалық тұсында (661-750) пайда болып, аббастықтар кезеңінде Ислам әлемінің ресми мазхабы болып бекітілді. Шамамен, бір ғасырдан аса өзінің ұстанған бағыты бойынша күресті. Батыс шығыстанушыларының айтуына қарағанда, «Мутазилиттер» деп аталудың себебі, олардың тақуа, дүниеге көңіл бөлмей, өмірдің қызықтарын тәрк еткені. Шынына келгенде, олардың бәрі дерлік бұл сипаттағы адамдар емес еді. Мутазилиттер Ислам ағымдарының ішіндегі діни мәселеде ақылды көбірек қолданатындығымен ерекшеленеді. Ақылға қонымсыз аят пен хадисті логикалық тәсіл бойынша түсіндірді. Әсіресе, сенім, иман мәселелерін дәлелдеу үшін алдымен ақылды төреші етті. Олар шариғатқа құрмет көрсеткенімен әһли мәселеде еркін еді. Кез-келген бір мәселені әуелі ақылға салып таразылайды, ақылға қонымды болса алады, қонымсыз болса тәрк етеді.   Мутазилиттердің ақылға көбірек мән беруінің себебін ғалымдар былай деп түсіндіреді: Мутазилиттердің көне мәдениет пен өркениеттің ошағы болған Ирак пен Парсы аймағынан шығуы; олардың басым көпшілігі араб ұлтынан болмауы; Мутазилиттердің яһуди, христиан, әрі философиялық, еңбектерді араб тіліне енгізуге атсалысқан мұсылман емес кісілермен тығыз байланыста болулары көне философиялық пікірлердің оларға әсер етуі ағымы умеялықгардың билік кезеңінің соңына таман шығып, үкімет жағынан ешқандай қысымға ұшырамады. Өйткені, үкіметтің билігіне араласпады, халық арасында бүлік шығармады. Дегенмен, уақыт өткен сайын ел ішінде түрлі мақсаттағы топтар шықты.   Бір шетінен осы тұста араб-Ислам түсінігіне ақырындап үнді мен грек философиясы кіре бастады. Исламның алдында парсы мәдениеті грек философияның әсерінде болғандықтан, грек философиясы, мұсылмандарға парсылар арқылы келді. Сонымен қатар, суриянилер жолымен енді. Өйткені, суриянилер грек философияның мирасқорлары болатын. Мутазилиттер дәлел келтіру әдісінде осы философияның әсерінде болғандықтан, грек философиясын көбірек қолдануға кешті. Бұлай болуының мынадай себептері бар:   а) Мутазилиттертер грек философиясынан логиканы, түсіндіру әдісін толықтыратын идеялар, пікірлер тауып, осы нәрселерді үйреніп, өзгелермен пікір сайыста қолданыл отырды.   б) материалист философтар мен өзге де кісілер Исламның иман негіздеріне қарсы шығуы нәтижесінде Мутазилиттер оларға тойтарыс беру үшін философиялық, және логикалық тәсілдерді меңгеруді мақсат етті. Өйткені, Құдайға, Пайғамбарға сенбеген адамға діни дәлел келтіру әбестік, әрі күлкілі жәйт екенін ұқты.    Сондықтан, аһли дәлел келтірумен Аллаһтың бар екендігін, Пайғамбарлық хақ екендігін айғақтады. Философтарды жеңу үшін олардан көп нәрсе үйреніп, ақыры мұсылман философтарының шығуына ұйытқы болды. Мутазилиттер Ислам ғылымына «Калам» (иман негіздерін зерттейтін, Аллаһтың барлығын, жалғыз екендігін зерттейтін сала), «Илми бәләғат» (шешендік өнер), «Жәдәл» (пікірсайыс) секілді жаңа білім саласын енгізді. Бұл ғылымдар арқылы Исламға қарсы келушілерге керекті жауапты жан-жақты етіп келтіріп отырды. Мутазилиттердің Аллаһтың бар және бір екендігін түсіндірудегі әдістері Спиноза (1632 - 77) арқылы Батыс философиясына әсер еткендігін Батыс ғалымдары мойындаған. Мутазилиттер өз арасында 18 тармаққа бөлініп кеткенімен, діни мәселені түсіндіруде ұстанған ортақ негізгі бес қағидасымен ерекшеленеді.   а) Таухид (Аллаһты бір деу): Аллаһ Тағала әрі зат, әрі сипат тұрғысынан жалғыз. Аллаһтың сипаттары оның затымен бірге, одан тыс болмайды. Аллаһ жаратылған ешбір нәрсеге ұқсамайды және ақыретте адамдар көре алмайды.   ә) Адл (әділдік): Аллаһ Тағала әділ. Пенделерге ешқашан зұлымдық етпейді. Пенде Аллаһтың өзіне берген еркіндігі мен қалау еркіндігі арқылы жақсылық пен жамандықты істейді. Пенденің әр ісіне Аллаһ араласпайды. Керісінше, Аллаһ пендеге керекті нәрсені жаратуы мәжбүр деуде. Бұл түсінік бойынша, тағдыр деген жоқ. Себебі, тағдыр болса, пендеде ерік болмайды.   б) Аллаһтың сөзі, уәдесі: пенде иман келтіріп, дұрыс жолмен жүріп дүниеден өтсе, сауап жазылып, сый беріледі (әл-уағд/сөзі). Керісінше, имансыз болып, яки үлкен күнә істеп, тәубе етпестен өлсе, азапқа ұшырап, мәңгілік тозақта қалуға лайық болады (уәлуағид/уәдесі). Аллаһ Тағала үлкен күнәйі тәубе етпестен кешірмейді. Сондай-ақ, мүмін тозаққа күнәсін өтеу үшін барып, одан кейін жәннатқа барады деген нәрсе жоқ. Тозаққа бір кірген адам қайта шықпайды.   в) Екі мекеннің арасындағы бір мекен: үлкен күнә істеген мүмін кісі иманнан шығады. Өйткені, амал иманның бір бөлігі. Бірақ, кәпір де болмайды. Алайда, иман мен күпір арасында бір жерде немесе екі мекеннің арасындағы бір мекенде, яғни өтпелі жағдайда болады. Ондай кісі өлгенге дейін мұсылман болып есептеледі. Егер істеген ісіне тәубе етсе - иманға келгені, етпесе - кәпір болып тозаққа барады деуде.   г) Жақсылыкка шақыру, жамандықтан тыю, жақсылыққа үндеу, жамандықтан тыю әрбір мұсылманға парыз.   Мутазилиттер ақылды көбірек қолданғандықтан - Құран аяттарын сунниттерден өзгеше тафсирлейді. Сунниттер үшін Құран аятының кейбірінің ұғымын Аллаһ пен Оның Елшісі Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар ғана біледі. М. болса, Құран адамзат үшін түсірілгендіктен, онда біз түсінбейтін аят болмауы керек деп, Құранның мағынасы құпия болған аяттарына түсініктеме береді. Өйткені, «Имран» сүресінің 7-аятын былай деп түсінулерінен туындайтын еді: «Ол Аллаһ саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар кітаптың негізгі іргетасы. Екінші, ұқсас ұғымдағы аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық істеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымы Аллаһқа аян. Ғылым иелері: Біз бұған да сендік, барлығы да Тәңірден келген, - дейді». Мутазилиттер бұл аятқа былай деп мағына береді: «...Оның мағынасы Аллаһ пен ғылым иелеріне аян. Біз бұған да сендік, барлығы да Тәңірден келген, - дейді». Аятқа осылай мағына бергендіктен, Құрандағы мағынасы құпия мұташабих аяттарды тафсирлейді. М. мұнымен шектелмей құпия муташабих аяттарды тафсирледі және Аллаһтың қасиетті Құрайын «махлуқ» (жаратылған) деді.   Аббастықтар тұсында халифа Мәхдиден (775 - 85) қолдау тапқандықтан, өз сенімдерін халыққа күштеп жаюға кешті. Халифа Мамун (813 - 833) Мутазилиттер болғандықтан, халифалықтың ресми мазхабы ретінде Мутазилиттерді бекітіп, тікелей өзінің араласуымен халыққа осы ағымның ұстанымдарын күштеп қабылдатты. Мамуннан кейінгі халифалар Муғтасым (833 - 42), Уасықтың (842 - 47) дәуірінде М-дің алтын дәуірі болды. Бірақ, 847 ж. таққа келген халифа Мутәуәккил халықтан келген шағымдар нәтижесінде 848 ж. Мутазилиттерді ресми мазхабтан алып, бұл ағым өкілдерін қатты қыспаққа ұшыратады да, Мутазилиттерді аз уақыт ішінде тарихтан қош айттырады. Себебі, олар билікті пайдаланып Құран махлуқ, Аллаһ ақыретте көрінбейді деген екі мәселеге халықты сендіруге зорлап, көнбегенді аяусыз жазалап өлтірді.   Алайда, Мутазилиттер деген ағым тарихтан жойылғанымен, олардың идеялары мен ұстанымдары Иран, Ирак, Үндістан және Сирия шииттері тарапынан жалғасып тапты. Тарихта М-дің идеяларын жаңғыртып, соған үндеуші ғалымдар өтті. Солардан мына кісілерді атап көрсету орынды: Әбул Хусейн әл-Аллаф (850 ж.ө.), Наззам (845 ж.ө.), Жахыз (869 ж.ө), Башир ибн Муттамир (825 ж.ө.), Жуббайи (916 ж.ө.) және Қазы Абдулжаббар (1025 ж.ө.). Әһлі сүннет бойынша, Мутазилиттертер адасушы ағым. Себебі, тағдырға иманды қабыл етпеді, күнә істеген адам тәубе етпестен өлсе, тозактық деді, Аллаһтың сипаттарын қабыл етпеді, Құранды мақлұқ деді, муташабих аяттарды тәпсірледі, ақылға шектен тыс орын берді, өз сенімдерін мойындамағандарды күшпен мойындады. Тіпті, бұл мақсатта өлтіруге дейін барды, ақылға қонымсыз болған аяттарды қабыл етпеді.  
05.12.2012 02:54 8772

 

Мутазилиттер - Ислам тарихында пайда болған ағымдар қатарында өзіндік із қалдырған, Ислам ғылымына «Калам» саласын ендірген, Ислам философиясының іргесін қадаған, әлемге әйгілі Ислам философтарын шығарған, көне грек еңбектерін араб тіліне аударуда елеулі қызмет атқарған ағым. Мутазилиттер ағымы омеялықтардың халифалық тұсында (661-750) пайда болып, аббастықтар кезеңінде Ислам әлемінің ресми мазхабы болып бекітілді. Шамамен, бір ғасырдан аса өзінің ұстанған бағыты бойынша күресті. Батыс шығыстанушыларының айтуына қарағанда, «Мутазилиттер» деп аталудың себебі, олардың тақуа, дүниеге көңіл бөлмей, өмірдің қызықтарын тәрк еткені. Шынына келгенде, олардың бәрі дерлік бұл сипаттағы адамдар емес еді. Мутазилиттер Ислам ағымдарының ішіндегі діни мәселеде ақылды көбірек қолданатындығымен ерекшеленеді. Ақылға қонымсыз аят пен хадисті логикалық тәсіл бойынша түсіндірді. Әсіресе, сенім, иман мәселелерін дәлелдеу үшін алдымен ақылды төреші етті. Олар шариғатқа құрмет көрсеткенімен әһли мәселеде еркін еді. Кез-келген бір мәселені әуелі ақылға салып таразылайды, ақылға қонымды болса алады, қонымсыз болса тәрк етеді.
 
Мутазилиттердің ақылға көбірек мән беруінің себебін ғалымдар былай деп түсіндіреді: Мутазилиттердің көне мәдениет пен өркениеттің ошағы болған Ирак пен Парсы аймағынан шығуы; олардың басым көпшілігі араб ұлтынан болмауы; Мутазилиттердің яһуди, христиан, әрі философиялық, еңбектерді араб тіліне енгізуге атсалысқан мұсылман емес кісілермен тығыз байланыста болулары көне философиялық пікірлердің оларға әсер етуі ағымы умеялықгардың билік кезеңінің соңына таман шығып, үкімет жағынан ешқандай қысымға ұшырамады. Өйткені, үкіметтің билігіне араласпады, халық арасында бүлік шығармады. Дегенмен, уақыт өткен сайын ел ішінде түрлі мақсаттағы топтар шықты.
 
Бір шетінен осы тұста араб-Ислам түсінігіне ақырындап үнді мен грек философиясы кіре бастады. Исламның алдында парсы мәдениеті грек философияның әсерінде болғандықтан, грек философиясы, мұсылмандарға парсылар арқылы келді. Сонымен қатар, суриянилер жолымен енді. Өйткені, суриянилер грек философияның мирасқорлары болатын. Мутазилиттер дәлел келтіру әдісінде осы философияның әсерінде болғандықтан, грек философиясын көбірек қолдануға кешті. Бұлай болуының мынадай себептері бар:
 
а) Мутазилиттертер грек философиясынан логиканы, түсіндіру әдісін толықтыратын идеялар, пікірлер тауып, осы нәрселерді үйреніп, өзгелермен пікір сайыста қолданыл отырды.
 
б) материалист философтар мен өзге де кісілер Исламның иман негіздеріне қарсы шығуы нәтижесінде Мутазилиттер оларға тойтарыс беру үшін философиялық, және логикалық тәсілдерді меңгеруді мақсат етті. Өйткені, Құдайға, Пайғамбарға сенбеген адамға діни дәлел келтіру әбестік, әрі күлкілі жәйт екенін ұқты. 
 
Сондықтан, аһли дәлел келтірумен Аллаһтың бар екендігін, Пайғамбарлық хақ екендігін айғақтады. Философтарды жеңу үшін олардан көп нәрсе үйреніп, ақыры мұсылман философтарының шығуына ұйытқы болды. Мутазилиттер Ислам ғылымына «Калам» (иман негіздерін зерттейтін, Аллаһтың барлығын, жалғыз екендігін зерттейтін сала), «Илми бәләғат» (шешендік өнер), «Жәдәл» (пікірсайыс) секілді жаңа білім саласын енгізді. Бұл ғылымдар арқылы Исламға қарсы келушілерге керекті жауапты жан-жақты етіп келтіріп отырды. Мутазилиттердің Аллаһтың бар және бір екендігін түсіндірудегі әдістері Спиноза (1632 - 77) арқылы Батыс философиясына әсер еткендігін Батыс ғалымдары мойындаған. Мутазилиттер өз арасында 18 тармаққа бөлініп кеткенімен, діни мәселені түсіндіруде ұстанған ортақ негізгі бес қағидасымен ерекшеленеді.
 
а) Таухид (Аллаһты бір деу): Аллаһ Тағала әрі зат, әрі сипат тұрғысынан жалғыз. Аллаһтың сипаттары оның затымен бірге, одан тыс болмайды. Аллаһ жаратылған ешбір нәрсеге ұқсамайды және ақыретте адамдар көре алмайды.
 
ә) Адл (әділдік): Аллаһ Тағала әділ. Пенделерге ешқашан зұлымдық етпейді. Пенде Аллаһтың өзіне берген еркіндігі мен қалау еркіндігі арқылы жақсылық пен жамандықты істейді. Пенденің әр ісіне Аллаһ араласпайды. Керісінше, Аллаһ пендеге керекті нәрсені жаратуы мәжбүр деуде. Бұл түсінік бойынша, тағдыр деген жоқ. Себебі, тағдыр болса, пендеде ерік болмайды.
 
б) Аллаһтың сөзі, уәдесі: пенде иман келтіріп, дұрыс жолмен жүріп дүниеден өтсе, сауап жазылып, сый беріледі (әл-уағд/сөзі). Керісінше, имансыз болып, яки үлкен күнә істеп, тәубе етпестен өлсе, азапқа ұшырап, мәңгілік тозақта қалуға лайық болады (уәлуағид/уәдесі). Аллаһ Тағала үлкен күнәйі тәубе етпестен кешірмейді. Сондай-ақ, мүмін тозаққа күнәсін өтеу үшін барып, одан кейін жәннатқа барады деген нәрсе жоқ. Тозаққа бір кірген адам қайта шықпайды.
 
в) Екі мекеннің арасындағы бір мекен: үлкен күнә істеген мүмін кісі иманнан шығады. Өйткені, амал иманның бір бөлігі. Бірақ, кәпір де болмайды. Алайда, иман мен күпір арасында бір жерде немесе екі мекеннің арасындағы бір мекенде, яғни өтпелі жағдайда болады. Ондай кісі өлгенге дейін мұсылман болып есептеледі. Егер істеген ісіне тәубе етсе - иманға келгені, етпесе - кәпір болып тозаққа барады деуде.
 
г) Жақсылыкка шақыру, жамандықтан тыю, жақсылыққа үндеу, жамандықтан тыю әрбір мұсылманға парыз.
 
Мутазилиттер ақылды көбірек қолданғандықтан - Құран аяттарын сунниттерден өзгеше тафсирлейді. Сунниттер үшін Құран аятының кейбірінің ұғымын Аллаһ пен Оның Елшісі Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар ғана біледі. М. болса, Құран адамзат үшін түсірілгендіктен, онда біз түсінбейтін аят болмауы керек деп, Құранның мағынасы құпия болған аяттарына түсініктеме береді. Өйткені, «Имран» сүресінің 7-аятын былай деп түсінулерінен туындайтын еді: «Ол Аллаһ саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар кітаптың негізгі іргетасы. Екінші, ұқсас ұғымдағы аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық істеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымы Аллаһқа аян. Ғылым иелері: Біз бұған да сендік, барлығы да Тәңірден келген, - дейді». Мутазилиттер бұл аятқа былай деп мағына береді: «...Оның мағынасы Аллаһ пен ғылым иелеріне аян. Біз бұған да сендік, барлығы да Тәңірден келген, - дейді». Аятқа осылай мағына бергендіктен, Құрандағы мағынасы құпия мұташабих аяттарды тафсирлейді. М. мұнымен шектелмей құпия муташабих аяттарды тафсирледі және Аллаһтың қасиетті Құрайын «махлуқ» (жаратылған) деді.
 
Аббастықтар тұсында халифа Мәхдиден (775 - 85) қолдау тапқандықтан, өз сенімдерін халыққа күштеп жаюға кешті. Халифа Мамун (813 - 833) Мутазилиттер болғандықтан, халифалықтың ресми мазхабы ретінде Мутазилиттерді бекітіп, тікелей өзінің араласуымен халыққа осы ағымның ұстанымдарын күштеп қабылдатты. Мамуннан кейінгі халифалар Муғтасым (833 - 42), Уасықтың (842 - 47) дәуірінде М-дің алтын дәуірі болды. Бірақ, 847 ж. таққа келген халифа Мутәуәккил халықтан келген шағымдар нәтижесінде 848 ж. Мутазилиттерді ресми мазхабтан алып, бұл ағым өкілдерін қатты қыспаққа ұшыратады да, Мутазилиттерді аз уақыт ішінде тарихтан қош айттырады. Себебі, олар билікті пайдаланып Құран махлуқ, Аллаһ ақыретте көрінбейді деген екі мәселеге халықты сендіруге зорлап, көнбегенді аяусыз жазалап өлтірді.
 
Алайда, Мутазилиттер деген ағым тарихтан жойылғанымен, олардың идеялары мен ұстанымдары Иран, Ирак, Үндістан және Сирия шииттері тарапынан жалғасып тапты. Тарихта М-дің идеяларын жаңғыртып, соған үндеуші ғалымдар өтті. Солардан мына кісілерді атап көрсету орынды: Әбул Хусейн әл-Аллаф (850 ж.ө.), Наззам (845 ж.ө.), Жахыз (869 ж.ө), Башир ибн Муттамир (825 ж.ө.), Жуббайи (916 ж.ө.) және Қазы Абдулжаббар (1025 ж.ө.). Әһлі сүннет бойынша, Мутазилиттертер адасушы ағым. Себебі, тағдырға иманды қабыл етпеді, күнә істеген адам тәубе етпестен өлсе, тозактық деді, Аллаһтың сипаттарын қабыл етпеді, Құранды мақлұқ деді, муташабих аяттарды тәпсірледі, ақылға шектен тыс орын берді, өз сенімдерін мойындамағандарды күшпен мойындады. Тіпті, бұл мақсатта өлтіруге дейін барды, ақылға қонымсыз болған аяттарды қабыл етпеді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға