Жаңалықтар

Тіл

Тіл (язык) (лат. lingua, гр. glossa) — ауыз қуысының түбінде орналасқан бұлшықетті қимылы жақсы жетілген мүше. Тіл - тіл түбірінен, тіл денесінен, тіл арқасынан тұрады. Тілде екі бүйір беті және ұшы болады. Кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Онда механикалық және дәм сезу емізікшелері орналасады. Механикалық емізікшелерге жіпше және конусша, ал дәм сезімі емізікшелеріне саңырауқұлақша, қорғанша және жапырақша емізікшелер жатады. Тіл ауыздағы асты шайнау, жұту жұмыстарын іске асыруға көмектеседі. Сондай-ақ, ол астың дәмін сезеді. Тіл үзбесі (уздечка языка); (frenulum lingua, лат. frenulum' — үзбе, lingua — тіл) — тілдің денесі мен ұшынан тіл түбіне қарай бағытталған кілегейлі қабақ қатпары. Тіл - жұтқыншақ жүйкесі (языкоглоточный нерв) (nervus glossopharyngeus, лат. nervus — жүйке, гр. glossa — тіл, pharynx — жұтқыншақ) — мидың аралас IX жұп жүйкесі. Ол сопақша мидан басталып, ми сауытынан жырымдалған тесік арқылы шығады. Құрамында сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтар болады. Оның сезімтал талшықтары тіл түбіріндегі дәм сезу емізікшелерін, жұмсақ таңдайды және жұтқыншақты жүйкелендіреді. Қозғалтқыш жүйке талшықтары жұтқыншақтың бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Парасимпатикалық жүйке талшықтары шықшыт және ұрт сілекей бездерін жүйкелендіреді. Тіласты без (подъязычная железа) (glandula sublin - ауыз қуысына сілекей бөлетін ас қорыту безі. Ол ауыз түбіндегі тіласты қатпардың кілегейлі қабығында, тілдің екі бүйірінде орналасады. Тіласты безі алдыңғы көпөзекті және артқы бір өзекті тіласты сілекей бездеріне бөлінеді. Без өзектері тілдің астындағы тіласты сүйелшесіне ашылады. Тіласты безі паренхималы мүше ретінде: стромадан және паренхимадан тұрады. Без стромасын дәнекер ұлпасы, ал паренхимасын күрделі көпіршікше-түтікше аралас без құрайды. Бездің секрет бөлетін бөлімінде сірлі, кілегейлі және аралас альвеолалар болады. 2. Тіл Aдамдық қарым-қатынастың негізгі құралы, адамдар, топтар мен олардың бірлестіктері арасындағы өзара әрекеттің саналы негізі, олардың жүріс-тұрысын реттеу, қоғам мен саясаттың жүргізілуін басқару құралы. Тіл білімінің негізгі зерттеу объектісі. Тіл деп адамның пайда болып, өмір сүруімен байланысты туған оның табиғи тілін айтады (жасанды тілдер мен жан-жануарлар тілі оған жатпайды). "Тіл" терминінің өзара байланысты екі мағынасы бар: 1.    таңбалар жүйесінің белгілі тобынан тұратын жалпы тіл, бұл мағынасында тіл нақты тілдерге тән жалпы заңдылықтарды қамтитын біртұтас адамзат тілі деген дерексіз ұғымды білдіреді; 2.    белгілі бір әлеуметтік ортада, белгілі уақыт пен кеңістікте таңбалық жүйе ретінде қолданылатын, адамдар сөйлейтін нақты этникалық немесе ұлттық тілдер. Тіл — адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Оның ең басты қызметі ақпарат хабарлардың жасалу, сақталуымен және оларды таратумен байланысты. Тіл адамды қоршаған шындық өмір туралы білімді сақтаумен бірге, жаңа білімді қабылдайтын, сөйтіп, адамның ойлау процесін жетілдіріп қамтамасыз ететін қоғамдық сипаты бар құбылыс. Тіл адамзат қоғамының негізгі қатысым (коммуникативтік) құралы. Тілдің дыбыстық табиғаты оның заттық көрінісі (материалы) болып табылады. Нақты тілдің негізгі әлеуметтік түрлері: Идиолект — тілдің нақты иесі жеке адамның тілі, говор белгілі шағын аймақтағы адамдар тобына қызмет ететін, құрылымы бірыңғай идиолекттердің жиынтығы; Диалект — говорлардың жиынтығы; Тіл—диалектілердің жиынтығы. Ұлттық әлеуметтік дамудың бір кезеңінде кейбір дамыған тілдер өз дамуының ең жоғарғы түрі — әдеби тіл дәрежесіне ие болады, оның басты ерекшелігі — нормалық белгілерінің қалыптасып, қолданылу аясының кеңейетіндігінде. Жер бетінде қолданыстағы тірі Тілдер саны 3000-нан 7000-ға дейін жетеді. (Тілдер санындағы мұндай ауытқушылық көптеген тілдердің есепке алынбауына және бірқатар тілдер мен диалектілердің ара жігі толық ашылмауына байланысты). Адамзат тілінің көптігін кездейсоқ құбылыс деуге болмайды. Тілдің шығуы туралы мәселеден басқа оның үнемі өзгеріп отыру тенденциясы да түсіндіруді қажет етеді. Тіл құрылымының барлық саласы үздіксіз өзгеріске түсіп отыруының нақты себептері әлі толық анықталған жоқ. Оның себептері тілдің өзінің құрылымдық принциптерінде және оны қолданудың функционалдық механизмінде жатқаны күмәнсіз. Көптеген тілдер ғылыми-техникалық революция дәуірінде біртұтас тілдің болуын қажет ететін әлеуметтік талаптарға қарсы әзірше өздерінін дербестігін сақтап, ойдағыдай күресіп келеді.  
05.12.2012 02:48 14968

Тіл (язык) (лат. lingua, гр. glossa) — ауыз қуысының түбінде орналасқан бұлшықетті қимылы жақсы жетілген мүше. Тіл - тіл түбірінен, тіл денесінен, тіл арқасынан тұрады. Тілде екі бүйір беті және ұшы болады. Кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Онда механикалық және дәм сезу емізікшелері орналасады. Механикалық емізікшелерге жіпше және конусша, ал дәм сезімі емізікшелеріне саңырауқұлақша, қорғанша және жапырақша емізікшелер жатады. Тіл ауыздағы асты шайнау, жұту жұмыстарын іске асыруға көмектеседі. Сондай-ақ, ол астың дәмін сезеді.

Тіл үзбесі

(уздечка языка); (frenulum lingua, лат. frenulum' — үзбе, lingua — тіл) — тілдің денесі мен ұшынан тіл түбіне қарай бағытталған кілегейлі қабақ қатпары.

Тіл - жұтқыншақ жүйкесі

(языкоглоточный нерв) (nervus glossopharyngeus, лат. nervus — жүйке, гр. glossa — тіл, pharynx — жұтқыншақ) — мидың аралас IX жұп жүйкесі. Ол сопақша мидан басталып, ми сауытынан жырымдалған тесік арқылы шығады. Құрамында сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтар болады. Оның сезімтал талшықтары тіл түбіріндегі дәм сезу емізікшелерін, жұмсақ таңдайды және жұтқыншақты жүйкелендіреді. Қозғалтқыш жүйке талшықтары жұтқыншақтың бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Парасимпатикалық жүйке талшықтары шықшыт және ұрт сілекей бездерін жүйкелендіреді.

Тіласты без

(подъязычная железа) (glandula sublin - ауыз қуысына сілекей бөлетін ас қорыту безі. Ол ауыз түбіндегі тіласты қатпардың кілегейлі қабығында, тілдің екі бүйірінде орналасады. Тіласты безі алдыңғы көпөзекті және артқы бір өзекті тіласты сілекей бездеріне бөлінеді. Без өзектері тілдің астындағы тіласты сүйелшесіне ашылады. Тіласты безі паренхималы мүше ретінде: стромадан және паренхимадан тұрады. Без стромасын дәнекер ұлпасы, ал паренхимасын күрделі көпіршікше-түтікше аралас без құрайды. Бездің секрет бөлетін бөлімінде сірлі, кілегейлі және аралас альвеолалар болады.

2. Тіл

Aдамдық қарым-қатынастың негізгі құралы, адамдар, топтар мен олардың бірлестіктері арасындағы өзара әрекеттің саналы негізі, олардың жүріс-тұрысын реттеу, қоғам мен саясаттың жүргізілуін басқару құралы. Тіл білімінің негізгі зерттеу объектісі. Тіл деп адамның пайда болып, өмір сүруімен байланысты туған оның табиғи тілін айтады (жасанды тілдер мен жан-жануарлар тілі оған жатпайды). "Тіл" терминінің өзара байланысты екі мағынасы бар:

1.    таңбалар жүйесінің белгілі тобынан тұратын жалпы тіл, бұл мағынасында тіл нақты тілдерге тән жалпы заңдылықтарды қамтитын біртұтас адамзат тілі деген дерексіз ұғымды білдіреді;
2.    белгілі бір әлеуметтік ортада, белгілі уақыт пен кеңістікте таңбалық жүйе ретінде қолданылатын, адамдар сөйлейтін нақты этникалық немесе ұлттық тілдер.

Тіл — адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Оның ең басты қызметі ақпарат хабарлардың жасалу, сақталуымен және оларды таратумен байланысты. Тіл адамды қоршаған шындық өмір туралы білімді сақтаумен бірге, жаңа білімді қабылдайтын, сөйтіп, адамның ойлау процесін жетілдіріп қамтамасыз ететін қоғамдық сипаты бар құбылыс. Тіл адамзат қоғамының негізгі қатысым (коммуникативтік) құралы. Тілдің дыбыстық табиғаты оның заттық көрінісі (материалы) болып табылады.

Нақты тілдің негізгі әлеуметтік түрлері:

Идиолект — тілдің нақты иесі жеке адамның тілі, говор белгілі шағын аймақтағы адамдар тобына қызмет ететін, құрылымы бірыңғай идиолекттердің жиынтығы;

Диалект — говорлардың жиынтығы;

Тіл—диалектілердің жиынтығы. Ұлттық әлеуметтік дамудың бір кезеңінде кейбір дамыған тілдер өз дамуының ең жоғарғы түрі — әдеби тіл дәрежесіне ие болады, оның басты ерекшелігі — нормалық белгілерінің қалыптасып, қолданылу аясының кеңейетіндігінде.

Жер бетінде қолданыстағы тірі Тілдер саны 3000-нан 7000-ға дейін жетеді. (Тілдер санындағы мұндай ауытқушылық көптеген тілдердің есепке алынбауына және бірқатар тілдер мен диалектілердің ара жігі толық ашылмауына байланысты).

Адамзат тілінің көптігін кездейсоқ құбылыс деуге болмайды. Тілдің шығуы туралы мәселеден басқа оның үнемі өзгеріп отыру тенденциясы да түсіндіруді қажет етеді. Тіл құрылымының барлық саласы үздіксіз өзгеріске түсіп отыруының нақты себептері әлі толық анықталған жоқ. Оның себептері тілдің өзінің құрылымдық принциптерінде және оны қолданудың функционалдық механизмінде жатқаны күмәнсіз. Көптеген тілдер ғылыми-техникалық революция дәуірінде біртұтас тілдің болуын қажет ететін әлеуметтік талаптарға қарсы әзірше өздерінін дербестігін сақтап, ойдағыдай күресіп келеді.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға