Жаңалықтар

Музыкалық фольклор

Музыкалық фольклор - халықтың музыкалық мұрасы мен шығармашылығын жинайтын зерттейтін ғылым саласы. Музыкалық Фольклор қарастыратын мәселелердің ауқымы кен. Музыкалық Фольклор музыка мәдениетінің тууына себеп болған қоғамдық-әлеум. құбылыстарды қамтыса, музыкалық фольклор халық музыка өнерінің өмірдегі қолданысы мен орнын, ауызекі шығармашылығы - авторлық ән-күйлердің табиғатын қарастырады. Демек, бұл атаулардың өзара байланыстылығымен қатар, бір-бірінен айырмасы да бар. Этнография ғылымының танымдық категорияларына сүйене отырып, Музыкалық Фольклор қазақ халқының музыкалық мәдениетін тарихи-археолог., ғыл.-методол. және муз.-теор. әдіснама негізінде қарастырады. Муз. фольклордың тұрмыс-салтқа байланысты ("Жар-жар", "Тойбастар", "Шілдехана". "Сыңсу", "Жоқтау", т.б.) салттан тыс фольклор үлгілерін, өнердің синкреттік сипатын, муз.-эпик. дәстүрді (жыр, толғау, терме, желдірме), халық әндерінің жанрлық-көркемдік сипаттарын,халықаспаптарын (қобыз, домбыра. сыбызғы, асатаяқ, дабыл, кепшік, даңғара) - аэрофон, хордофон. идиофондар, олардың дыбыс шығару ерекшеліктері, көркемдік мүмкіндіктері, атауларының этимологиясы мен семаитикасын анықтау, көне муз. шығармаларды нота жазуына түсіру, олардың мақамдық (латдык) құрылымы мен әуендік жүйесін зерттеу Музыкалық Фольклор ғылымының негізп зерттеу нысаны. қазақ халқының Музыкалық Фольклоры Қазан төңкерісіне дейін зерттеле бастаған. Оған А.Е. Алекторов, А.Э. Бимбоэс, Г.И. Гизлер, П.С. Паллас, Р.А. Пфеннинг, П.Тихов, Ш.Уәлиханов, В.В. Радлов, А.Ф. Эйхгорн, т.б. зерттеушілер елеулі үлес қосты. 20 ғ-дың бас кезінде Музыкалық Фольклор жинауға А.В. Затаевич белсене араласып, "Қазақ халқының 1000 әні" (Мәскеу, 1925,1963), "Қазақтың 500 ән-күйі" (Алматы, 1931, 2002) атты муз.-этнограф. жинақ шығарды. Бұдан кейін Музыкалық Фольклор зерттеу ісімен А.Жұбанов, Б.Ерзакович, М.Ахметова, А.Темірбекова, Т.Бекхожина, Б.Қарақүлов, Т.Қоңыратбай, А.Құнанбаева, т.б. айналысты. Әр жылдары Әдебиет және өнер ин-ты мен Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ үлттық консерваториясы) мамандары муз. экспедицияларға шығып, қазақ муз. фольклорының көркем үлгілерін жинайды. "Қазақтың музыкалық фольклоры", Ерзаковичтің "Қазақтың ғашықтық әндері", Бекхожинаның "Қазақтың 200 әні", Қарақұловтың "Қазына",Б.Оспановтың"Даддастаны",Б.Бәйбіжанның "Қазақтың жүз қара өлеңі" атты көлемді жинақтары Музыкалық Фольклорның бүгінгі жетістіктері.
05.12.2012 02:37 12007

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға