Жаңалықтар

Мәскеу Мемлекеттік Университеті

  Мәскеу Мемлекеттік Университеті, М.В. Ломоносов атынд. (ММУ) – Ресейдің іргелі жоғары оқу орны, дүниежүзілік ғылыми орталықтардың бірі. 1755 ж. негізі қаланған. 1940 ж. ун-тке Л.В.Ломоносов есімі берілді. Алғашқыда 3 ф-ті болды (философия, заң және медицина). 1756 ж. ун-т жанынан баспахана және кітап дүкені ашылды. Ун-т баспаханасында “Мәскеу ведомостері” газеті басылды. ММУ-дың ағартушылық қызметі Қазан гимназиясы (1804 жылдан Қазан ун-ті), Петербургтегі Көркем өнер академиясы (1764 жылға дейін ММУ-дың қарамағында), Кіші театр, т.б. ғыл. және мәдени орт-тардың құрылуына жәрдемдесті. 19 ғ-да ун-т жанынан алғашқы ғыл. қоғамдар: Табиғатты байқаушылар қоғамы, Ресей тарихы мен естеліктері қоғамы, Ресей тіл-әдебиет әуесқойларының қоғамы құрылды. Ун-тте Ресей ғылымы мен мәдениетінің көптеген көрнекті қайраткерлері білім алып, еңбек етті. 1804 ж. ун-ттің жарғысы қабылданып, оған дербес мәртебе берілді. Жарғыға сәйкес ММУ Ресейдің орт. губ-ларындағы орта және бастауыш оқу орындарына жалпы басшылық жасады. Ун-ттегі оқу пәндері мен оқытушылар саны артты, тәжірибелік және лаб. сабақтарға назар аударылды. Ун-ттің 4 ф-тінде: тарих-филология, физика-математика, заң және медицина ф-ттерінде 1500-ге жуық студент оқыды. Ун-ттің бастамасымен және жәрдемімен 19 ғ-дың 2-жартысы – 20 ғ-дың басында көрнекті мәскеулік мұражайлар: Политех., Тарихи, Зоология, Антропология, Әсем өнерлер (қазіргі А.С. Пушкин атынд. Бейнелеу өнері мұражайы) мұражайлары ашылды. 20 ғ-дың 20 – 30 ж. мамандар санын арттыру мақсатында жүргізілген қайта құру шаралары ун-ттің дамуына кері әсер етті. Ун-т құрамынан медицина, кеңес құқығы және химия (уақытша) ф-ттері шығарылып, олардың негізінде дербес жоғ. оқу орындары құрылды. Жаратылыстану ф-ттеріндегі геол., минералог. және геогр. бөлімдер де жоғ. оқу орындарына өзгертілді. Гуманитарлық ф-ттер негізінде 1931 ж. Москва философия, әдебиет және тарих ин-ты ашылды. Он жылдан кейін ол ММУ-ге қайта қосылды. 1930 – 50 ж. КСРО-дағы қоғамдық-саяси жағдай, өкімет тарапынан жасалған идеол. және әкімш. қысым шығарм. еркіндікке жол бермей, ун-ттің дамуына зиянын тигізді. Дегенмен 1941 ж. ун-ттің тек күндізгі бөлімінде 5 мыңға жуық студент білім алды, 30 проф. мен ғыл. қызметкер КСРО ұА-ның толық мүшесі болды. 1940 – 50 ж. ММУ-дың материалдық жағдайы біршама жақсарды. Көптеген мамандырылған, соның ішінде ф-т аралық лаб-лар, ғыл.-зерт. есептеу орт-тары ұйымдастырылды. Ун-т құрамында жаңа ф-ттер: Шығыс тілдері ин-ты (1972 жылдан ММУ жанындағы Азия және Африка елдерінің ин-ты), психология ф-ті, есептеуіш математикасы мен кибернетика ф-ті, топырақтану ф-ті ашылды. Күндізгі бөлімдегі студенттердің жалпы саны 1953 ж. 13 мыңнан 2001 ж. 31 мыңға өсті. ММУ студенттер мен аспиранттарды даярлаудың ірі халықар. ғыл. орт-на айналды. 1992 ж. маусымда РФ Президентінің Жарлығына сәйкес ресейлік өзін-өзі басқарушы (дербес) жоғ. оқу орны мәртебесін алды. 1998 ж. ун-ттің жаңа Жарғысы қабылданды. ММУ-ге жалпы басшылық жасайтын ұыл. кеңес ғылым мен оқу ісінің халықар. байланыстардың маңызды мәселелерін шешеді, ун-ттің құрылымы мен бюджетін бекітеді, әлеум.-экон. даму жоспарларын айқындайды. Ресейдің ірі классик. ун-ті ретінде 27 бағыт пен 57 мамандық бойынша студенттер, 168 ғыл. мамандық бойынша аспираттар мен докторанттар даярлайды. Қазіргі уақытта онда 40 мыңнан астам адам білім алуда. Жыл сайын ун-тте әлемнің көптеген елдерінен келген 2 мыңнан астам студент пен аспирант оқиды. Нобель сыйлығының 18 лауреатының 11-і ММУ-дың түлектері мен профессорлары. Ун-тте 2,5 мың ғылым докт. мен 6 мыңға жуық ғылым канд., 1 мыңға жуық проф. және 2 мың доцент, Ресей ұА-ның және салалық академиялардың 300-ге тарта акад. мен корр.-мүшесі қызмет етеді. ұыл. бағыттар мен бағдарламалар бойынша ғыл-зерт. жұмыстарын жүргізетін 5 мың ғыл. қызметкер ун-ттің іргелі және қолданбалы ғылым саласында еңбек етеді. ММУ-дың құрамында 27 ф-т, 15 ғыл.-зерт. ин-ты, 49 мұражай, 350-ден астам кафедра, ғыл. парк, ботаник. бақ, ғыл. кітапхана, баспа, типография, мәдени орт., мектеп-интернат бар. Жыл сайын ун-тте әр түрлі ғылым салалары бойынша 1500 канд. және 250 докт. диссертация қорғалады. ММУ Халықар. ун-ттер ассоциациясына кіреді, шет елдердің 60-тан астам ғыл. орт-тарымен, ун-ттерімен, сондай-ақ Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан. Ун-ттің жүздеген түлектері Қазақстанның түкпір-түкпірінде әр түрлі қызметтер атқаруда. 1994 ж. 28 наурызда Қазақстан республикасы Президенті Н. Назарбаев ММУ профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде тұңғыш рет Еур. Одақ құру идеясын ұсынды. Ун-ттің көптеген профессорлары арнайы келісім бойынша Астанадағы Еуразия ун-тінде дәріс оқып тұрады.   А.Әбішев    
05.12.2012 02:33 4484

 

Мәскеу Мемлекеттік Университеті, М.В. Ломоносов атынд. (ММУ) – Ресейдің іргелі жоғары оқу орны, дүниежүзілік ғылыми орталықтардың бірі. 1755 ж. негізі қаланған. 1940 ж. ун-тке Л.В.Ломоносов есімі берілді. Алғашқыда 3 ф-ті болды (философия, заң және медицина). 1756 ж. ун-т жанынан баспахана және кітап дүкені ашылды. Ун-т баспаханасында “Мәскеу ведомостері” газеті басылды. ММУ-дың ағартушылық қызметі Қазан гимназиясы (1804 жылдан Қазан ун-ті), Петербургтегі Көркем өнер академиясы (1764 жылға дейін ММУ-дың қарамағында), Кіші театр, т.б. ғыл. және мәдени орт-тардың құрылуына жәрдемдесті. 19 ғ-да ун-т жанынан алғашқы ғыл. қоғамдар: Табиғатты байқаушылар қоғамы, Ресей тарихы мен естеліктері қоғамы, Ресей тіл-әдебиет әуесқойларының қоғамы құрылды. Ун-тте Ресей ғылымы мен мәдениетінің көптеген көрнекті қайраткерлері білім алып, еңбек етті. 1804 ж. ун-ттің жарғысы қабылданып, оған дербес мәртебе берілді. Жарғыға сәйкес ММУ Ресейдің орт. губ-ларындағы орта және бастауыш оқу орындарына жалпы басшылық жасады. Ун-ттегі оқу пәндері мен оқытушылар саны артты, тәжірибелік және лаб. сабақтарға назар аударылды. Ун-ттің 4 ф-тінде: тарих-филология, физика-математика, заң және медицина ф-ттерінде 1500-ге жуық студент оқыды. Ун-ттің бастамасымен және жәрдемімен 19 ғ-дың 2-жартысы – 20 ғ-дың басында көрнекті мәскеулік мұражайлар: Политех., Тарихи, Зоология, Антропология, Әсем өнерлер (қазіргі А.С. Пушкин атынд. Бейнелеу өнері мұражайы) мұражайлары ашылды. 20 ғ-дың 20 – 30 ж. мамандар санын арттыру мақсатында жүргізілген қайта құру шаралары ун-ттің дамуына кері әсер етті. Ун-т құрамынан медицина, кеңес құқығы және химия (уақытша) ф-ттері шығарылып, олардың негізінде дербес жоғ. оқу орындары құрылды. Жаратылыстану ф-ттеріндегі геол., минералог. және геогр. бөлімдер де жоғ. оқу орындарына өзгертілді. Гуманитарлық ф-ттер негізінде 1931 ж. Москва философия, әдебиет және тарих ин-ты ашылды. Он жылдан кейін ол ММУ-ге қайта қосылды. 1930 – 50 ж. КСРО-дағы қоғамдық-саяси жағдай, өкімет тарапынан жасалған идеол. және әкімш. қысым шығарм. еркіндікке жол бермей, ун-ттің дамуына зиянын тигізді. Дегенмен 1941 ж. ун-ттің тек күндізгі бөлімінде 5 мыңға жуық студент білім алды, 30 проф. мен ғыл. қызметкер КСРО ұА-ның толық мүшесі болды. 1940 – 50 ж. ММУ-дың материалдық жағдайы біршама жақсарды. Көптеген мамандырылған, соның ішінде ф-т аралық лаб-лар, ғыл.-зерт. есептеу орт-тары ұйымдастырылды. Ун-т құрамында жаңа ф-ттер: Шығыс тілдері ин-ты (1972 жылдан ММУ жанындағы Азия және Африка елдерінің ин-ты), психология ф-ті, есептеуіш математикасы мен кибернетика ф-ті, топырақтану ф-ті ашылды. Күндізгі бөлімдегі студенттердің жалпы саны 1953 ж. 13 мыңнан 2001 ж. 31 мыңға өсті. ММУ студенттер мен аспиранттарды даярлаудың ірі халықар. ғыл. орт-на айналды. 1992 ж. маусымда РФ Президентінің Жарлығына сәйкес ресейлік өзін-өзі басқарушы (дербес) жоғ. оқу орны мәртебесін алды. 1998 ж. ун-ттің жаңа Жарғысы қабылданды. ММУ-ге жалпы басшылық жасайтын ұыл. кеңес ғылым мен оқу ісінің халықар. байланыстардың маңызды мәселелерін шешеді, ун-ттің құрылымы мен бюджетін бекітеді, әлеум.-экон. даму жоспарларын айқындайды. Ресейдің ірі классик. ун-ті ретінде 27 бағыт пен 57 мамандық бойынша студенттер, 168 ғыл. мамандық бойынша аспираттар мен докторанттар даярлайды. Қазіргі уақытта онда 40 мыңнан астам адам білім алуда. Жыл сайын ун-тте әлемнің көптеген елдерінен келген 2 мыңнан астам студент пен аспирант оқиды. Нобель сыйлығының 18 лауреатының 11-і ММУ-дың түлектері мен профессорлары. Ун-тте 2,5 мың ғылым докт. мен 6 мыңға жуық ғылым канд., 1 мыңға жуық проф. және 2 мың доцент, Ресей ұА-ның және салалық академиялардың 300-ге тарта акад. мен корр.-мүшесі қызмет етеді. ұыл. бағыттар мен бағдарламалар бойынша ғыл-зерт. жұмыстарын жүргізетін 5 мың ғыл. қызметкер ун-ттің іргелі және қолданбалы ғылым саласында еңбек етеді. ММУ-дың құрамында 27 ф-т, 15 ғыл.-зерт. ин-ты, 49 мұражай, 350-ден астам кафедра, ғыл. парк, ботаник. бақ, ғыл. кітапхана, баспа, типография, мәдени орт., мектеп-интернат бар. Жыл сайын ун-тте әр түрлі ғылым салалары бойынша 1500 канд. және 250 докт. диссертация қорғалады. ММУ Халықар. ун-ттер ассоциациясына кіреді, шет елдердің 60-тан астам ғыл. орт-тарымен, ун-ттерімен, сондай-ақ Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан. Ун-ттің жүздеген түлектері Қазақстанның түкпір-түкпірінде әр түрлі қызметтер атқаруда. 1994 ж. 28 наурызда Қазақстан республикасы Президенті Н. Назарбаев ММУ профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде тұңғыш рет Еур. Одақ құру идеясын ұсынды. Ун-ттің көптеген профессорлары арнайы келісім бойынша Астанадағы Еуразия ун-тінде дәріс оқып тұрады.
 
А.Әбішев
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға