Жаңалықтар

Монополиясыздандыру

  Монополиясыздандыру – экономикалық саясат пен заңнама шеңберіндегі бәсекені дамытуға және монополиялардың қызметін шектеуге бағытталған шаралар кешені. Жалпылама түрде М. – мемлекеттің монополияға қарсы екі бағытта жүргізетін саясаты. Олар: 1. рыноктарды дәйекті түрде ырықтандыру. Мұнда монополияға тиіспей монополистік іс-әрекетті ірі бизнес үшін тиімсіз ету мақсаты көзделеді, сонымен бірге кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру, шетелдік кәсіпкерлер үшін ішкі рыноктарды ашу, атап айтқанда шетелдік инвесторлар үшін инвестиц. ахуалды жақсарту, кеден салықтарын төмендету, лицензиялау рәсімін оңайлату, өнімі монополиялардың тауарларымен бәсекелесе алатын өндірістерді қолдау үдерістері жүріп жатады; 2. монополияға ықпал ету тәсілдері. Оған негізінен монополияларды әкімш. қадағалау шаралары – өнімнің бағасын, мөлшері мен сапасын реттеу, сондай-ақ монополияға қарсы заңдар бұзылған жағдайда қолданылатын қаржы санкциялары жатады. Реттеудің құқықтық нормаларын, яғни монополиялардың қызметін шектеуге бағытталған антимонопол. (антитрестік) заңдарды да осы екінші бағытқа жатқызуға болады. Батыс елдерінде антимонопол. заңдар ірі корпорацияларға, монополиялардың рыноктағы басымдығын қиянатпен пайдалануына қарсы қолданылады.   Қазақстанда М., ең алдымен, монополияларға қарсы тұратын бәсекелі нарықтық құрылымдарды құрып, дамытуға бағытталды. Қазақстан экономикасын М-дың аса маңызды шаралары ретінде, ең алдымен, М-ға жатпайтын табиғи монополиялар аймағы айқындалғанын айтуға болады. Мұндай аймақта энергетика, металлургия, т. ж. көлігі салаларындағы технол. олигополия, ғыл.-тех. және мемл. монополиялар, ақша ұсынысын ұйымдастыру мен реттеу, мемлекет тарапынан қатаң түрде құқықтық тұрғыдан реттелетін монополиялар, капиталды шоғырландыру және орталықтандыру негізінде пайда болған монополиялар қамтылды. Екіншіден, Қазақстанда антимонопол. саясат құқықтық базамен және ұйымдық жүйемен ұштастырыла жүргізілді. М. саясаты құқықтық тұтқалар мен нарықты реттеуші тетіктерді біріктіретін антимонопол. экон. қатынастарды орнатуға бағытталды. Осыған орай “Теріс пиғылды бәсеке туралы” (1998), “Бәсеке және монополистік іс-әрекеттерді шектеу туралы” (2001) арнайы заңдар қабылданып, еркін бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ теріс пиғылды бәсекелік және монополистік іс-әрекеттердің алдын алып, жолын кесу, нарықтың монополистік субъектілерінің өз басымдықтарын заңсыз пайдалануына тыйым салу көзделді.   С. Тоқсанбай  
05.12.2012 02:25 6035

 

Монополиясыздандыру – экономикалық саясат пен заңнама шеңберіндегі бәсекені дамытуға және монополиялардың қызметін шектеуге бағытталған шаралар кешені. Жалпылама түрде М. – мемлекеттің монополияға қарсы екі бағытта жүргізетін саясаты. Олар: 1. рыноктарды дәйекті түрде ырықтандыру. Мұнда монополияға тиіспей монополистік іс-әрекетті ірі бизнес үшін тиімсіз ету мақсаты көзделеді, сонымен бірге кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру, шетелдік кәсіпкерлер үшін ішкі рыноктарды ашу, атап айтқанда шетелдік инвесторлар үшін инвестиц. ахуалды жақсарту, кеден салықтарын төмендету, лицензиялау рәсімін оңайлату, өнімі монополиялардың тауарларымен бәсекелесе алатын өндірістерді қолдау үдерістері жүріп жатады; 2. монополияға ықпал ету тәсілдері. Оған негізінен монополияларды әкімш. қадағалау шаралары – өнімнің бағасын, мөлшері мен сапасын реттеу, сондай-ақ монополияға қарсы заңдар бұзылған жағдайда қолданылатын қаржы санкциялары жатады. Реттеудің құқықтық нормаларын, яғни монополиялардың қызметін шектеуге бағытталған антимонопол. (антитрестік) заңдарды да осы екінші бағытқа жатқызуға болады. Батыс елдерінде антимонопол. заңдар ірі корпорацияларға, монополиялардың рыноктағы басымдығын қиянатпен пайдалануына қарсы қолданылады.
 
Қазақстанда М., ең алдымен, монополияларға қарсы тұратын бәсекелі нарықтық құрылымдарды құрып, дамытуға бағытталды. Қазақстан экономикасын М-дың аса маңызды шаралары ретінде, ең алдымен, М-ға жатпайтын табиғи монополиялар аймағы айқындалғанын айтуға болады. Мұндай аймақта энергетика, металлургия, т. ж. көлігі салаларындағы технол. олигополия, ғыл.-тех. және мемл. монополиялар, ақша ұсынысын ұйымдастыру мен реттеу, мемлекет тарапынан қатаң түрде құқықтық тұрғыдан реттелетін монополиялар, капиталды шоғырландыру және орталықтандыру негізінде пайда болған монополиялар қамтылды. Екіншіден, Қазақстанда антимонопол. саясат құқықтық базамен және ұйымдық жүйемен ұштастырыла жүргізілді. М. саясаты құқықтық тұтқалар мен нарықты реттеуші тетіктерді біріктіретін антимонопол. экон. қатынастарды орнатуға бағытталды. Осыған орай “Теріс пиғылды бәсеке туралы” (1998), “Бәсеке және монополистік іс-әрекеттерді шектеу туралы” (2001) арнайы заңдар қабылданып, еркін бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ теріс пиғылды бәсекелік және монополистік іс-әрекеттердің алдын алып, жолын кесу, нарықтың монополистік субъектілерінің өз басымдықтарын заңсыз пайдалануына тыйым салу көзделді.
 
С. Тоқсанбай
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға