Жаңалықтар

Ақынның өзбек өнеріндегі бейнесі

Ақынның өзбек өнеріндегі бейнесі Науаи – данышпан ақын, философ, мемлекет қайраткері болудың үстіне, тағы талай өнердің шебері, жоқтаушысы, ұлы жәрдемшісі де болған. Ол музыка өнерінің көрнекті өнерпазы. Суретшілік өнерінің құмары, сәулет өнерінің (архитектураның) үлкен сыншы ұстазы. Және нақтысы, әсем жазу — каллиграфияның білгіші, сыншысы болған. Осылардың үстіне, әр алуан ғылымға берілген білгіштердің көбіне ұстаздық ойымен басшылық бағыт берген, мол қасиет иесі. Науаиге тетелес шыққан Захир ад-дин Бабурдың жазуы бойынша Әлішер шығарған күй мен әуен де көп болған. Ол түзеген мақамдар, күй ретінде шығарған нақыштар, үнмен айтатын нашыраздар ерекше көркем еді дейді Бабур. Ұлы ақынның замандастары атақты композитор Құл-Мұхаммед Най, Хусаин Уди екеуі де өздерінің шығармаларында Әлішердің өсиетінен, сезім-санасынан әсер алып, көркем күйлер тудырған. Сол заманның аса талантты, шебер суретші миниатюршы Бекзад Науаидің әрі үлкен досы, әрі оның ой-сезімдерін, терең саналы бағыттарын сурет өнерінде іске асырушы серігі болған. Біздің заманымызға Әлішердің өз суретін қалдырып кеткен де сол Бекзад. Әлішер Бекзадтың өнеріне мол әсер еткен. Оның алған тақырыбын мағыналандыру жолында, суретті зор идеяға арнап салу жолында басшылық етеді. Архитектура өнерінде, ескі Гератта және соның көп атыраптарында Науаиден қалған сәулет өнерінің мирастары аса көп болған. Бұлардың талайын Әлішер өз пұл-қаражатымен көпшілікке арнап салдырған. Әлішер заманында хаттат өнерін зор биікке көтерген ірі өнерпаздардан Сұлтан-Али Мешхеди, дәруіш Мұхаммед, Мир-Али Қылқалам сияқты өнерпаздар болған. Осылардың ішінде "Сұлтан-ул Хаттатан" (каллиграфтар патшасы) деген атақ алған Сұлтан-Али Мешхеди Әлішер кітаптарын өз қолымен нақыстап жазған. Бұл өнерпаздың аса шебер нұсқалары қазіргі күнде Англияда Британ музейінде, Парюкдің ұлттық кітапханасында, Вена шаһарында сақталады. Өзбекстанның Мемлекеттік кітапханасында да Сұлтан-Али қолымен жазылған Әлішердің бірнеше шығармалары бар. Бұл алуандас өнерпаздардан басқа өзімен замандас бірнеше ірі тарихшылардың ғылымдық, тарихтық еңбегіне де Әлішердің әсері тиіп, ойының сәулесі, өнер бейнесі түскені бар. Тарихшы Мирхондтың немересі Ғиясаддин Хондемир Әлішердің өз тәрбиесінде өскен. Оның "Хабиб-ас сияр" атты кітабында, Науаидің өзін сипаттаған еңбегінде ұлы ақынның бейнесі аса құрметпен баян етілген. Әлішердің замандасы және бір атақты тарихшы Дәулетшаһ өзінің "Тәз кират-аш-шуара" деген еңбегін Науаиге арнап жазған. Ірі мемуаршы, шебер ақын Захир ад-дин Бабур өзінің атақты "Бабур-нама" деген кітабында Әлішердің ақындық, өнерпаздық, мемлекеттік қайраткер, ұстаз есебіндегі әрекеттерін, мол бейнесін зор құрметпен баян етеді. Қазақтың атақты классигі Абайдың Науаи қасиетін кеңінен тануына себепкер, бір жағынан Науаидің өз шығармалары болса, екінші жағынан — осы Бабурдың берген бағалары болған. Абай үшін Науаи ерекше қадірлі классик болып еді. Міне, сол арғы замандардан бастап кейін көп ғасырға созылатын өзбек халқының мәдениет тарихында бергі замандардың талай ірі ақындары да өз шығармаларында Науаи бейнесін көріктеп, жыр етуден айнымайды. Барлығы да өздерін Науаидің ақындық мектебінен үлгі алып өстік деп баян етеді. Бірақ бұрынғы мәдениет тарихында Науаи әсері мен бейнесін сақтаған жоғарыда айтылған мұралардың көбінің біздің заманға жетпей қалғаны бар. Әсіресе, заттық мәдениет белгілері, көпшілік халыққа кең түрде мәлім болып жеткен жоқ. Сәулет өнерінің мұралары заман тоздырып, ойран болған. Сурет, күй, нақыс жазулар да тозғындап, өшіп жоғалу қалпында болған еді. Тек жазуға — көркем әдебиет пен тарих кітаптарына түскен белгілер ғана сақталып келген еді. Бірақ олар да өзбек халқының қалың көпшілігіне мол жайыла алмаған болатын. Өнер, білім қазынасында Науаидің шынымен бар қасиет-қадірі артып, қайта танылғаны тек Ұлы Октябрьден соң. Ленин-Сталин бастаған социалистік ұлы мәдениеттің дәуірінде ғана Әлішер Науаи барлық өмір шындығымен, асыл еңбектерімен қайта туған дәуренге жетті. Бір ғана өзбек халқының ақын данасы болып қоймай, бауырласып табысқан бүкіл Ұлы Одақ елдеріне бірдей ардақты классик болып, қайта туған дәуір, дәурені келді. Бір Өзбекстан социалистік мәдениетінің өзін алғанда, соңғы жиырма-отыз жыл ішінде Науаиге бағыстанып істелген көркемөнер, көрікті әдебиет, ғылымдық зерттеу істерінің өзінің саны ұшан-теңіз деуге болады. Ендігі Науаиге арналған ескерткіштер айрықша екі үлкен салаға бөлінеді. Мұның бірі — Науаи шығармаларының тақырып мазмұндарынан туған ғажайып жаңалықтар. Екіншісі – Науаидің өз өмірі, өзінің ұлы бейнесі турасында жасалған өнер мұралары, ескерткіштері. Жалпы алғанда, Науаи шығармалары мен өмірін искусствоға, әдебиетке, ғылымға мазмұн, арқау етіп жаңа еңбек туғызушылар тек өзбек халқының өзінен ғана шыққан өнерпаздар мен білімпаздар емес. Олармен қатар, орыс халқының атақты қайраткерлерінің де сіңіріп жатқан еңбегі мол. Осындай топтардың біріккен күштерімен жасалған өнер туындыларын алсақ, сан салаға бөлуге болады. Бүгінгі советтік музыкада, театрда, суретшілікте, скульптурада, балетте, архитектурада түгелімен әр алуан болып Науаи шығармалары, Науаидің өз бейнесі қалыптанады. Өзбекстанның бүгінгі совет әдебиетінде, совет киносында Науаи бейнесі ерекше орын алып, аса көркем дастан геройының бейнесіндей боп сыпатталады. Өзіне бөлек аса бай, мол сала болып Науаидің өнері мен еңбектерін зерттейтін ғылым (әдебиет тарихы, тарих, мәдениет тарихының) салалары туып отыр. Бұл жөнде де өзбек оқымыстылары мен орыс оқымыстыларының еңбегі, орны өзгеше. Искусствода, совет дәуірінде өз тарихын бастаған өзбек театры ең алғашқы ірі табыстарының бірі есебінде Науаидің "Фархад — Шырынын" музыкалы спектакль етіп қойды. Өзбектің бүкіл Одаққа қадірлі, бұлбұл үнді әншісі Халима Насырова өзінің алғашқы өнерлі талабын сол спектакльде Шырын образын ойнаудан бастаған еді. Бұл күңде совет композиторларының біріккен күштері туғызған "Ләйлі - Мәжнүн" операсы да Әлішердің мәңгілік қасиетін жоймас тамаша дастанынан нәр алған. Соңғы бір жыл ішінде Өзбекстан театрының сахнасына тағы бірнеше ірі шығармалар қосылды. Хамза атындағы академиялық драма театры "Әлішер Науаи" атты көркем спектакль қойды. Ташсовет атындағы музыка театры "Сухейли уә Мехри" атты балет қойды. Мұның да мазмұны Әлішер шығармасы, "Сабаи сайера" дастанындағы Жабир атты жолбасардың жайын баян еткен әңгімеден алынған. Суретшілік өнерде, соңғы он жылдар бойында Науаидің балалық шағынан бастап, ұлғайған кезіне дейінгі бейнесін сан ірі суретшілер үлкен ізденулермен көріктеп, бейнелеп жатыр. Бұл жөнінде Өзбекстанға еңбегі сіңген қайраткерлер Уфимцев, Орал Таңсықбаев істері айрықша бағаланады. Скульптура (кескін) өнерінде өнерпаз Дитрихтың жасаған бейнесі бойынша Ташкент қаласында Науаиге зор ескерткіш қойылғалы отыр. Науаи атына Өзбекстанның көркемөнері арнап тудырып жатқан ескерткіштердің арасында ертегідей сұлу, сән мұрасы боп Ташкент шаһарында Науаи атындағы театр салынып отыр. Мұны салушы атақты академик Щусев пен өзбек халқының шебер ұсталары: Шырын Мұрадов, Кули Муразов, Балтаев, Таш-Пулат Асланқұловтар және безендіру өнеріне шеберленген жас суретші Шыңғыс Ахмаров та бар. Советтік кино өнері бүкілодақтық зор табыстарының қатарына биыл Науаиге арналған тағы бір тың ескерткіш қосты. Ол "Әлішер Науаи" атты көркем кинофильм. Мұның сценарийін жазғандар Сұлтанов, Уйгун, Спешнев, Шкловский. Картинаны көркем етіп қоюшы режиссер Камил Ярматов. Онда Әлішер ролінде ойнаған Хамраев, Хусайын Байқара ролінде ойнаған Асғат Исматовтар ерекше қадірлі өнер танытты. Жоғарыдағы айтылған театрды салушы өнерпаздар мен кинокартинаны жасаушы режиссер және бас артистер Сталин атындағы сыйлықты алды. Кинофильм "Әлішер Науаи" және Хамза атындағы театрда қойылған "Әлішер Науаи" атты драма (мұны жазған Иззат Султанов, Уйгун), онан соң 1946 жылда Сталин атындағы бірінші дәрежелі сыйлық алған Өзбекстанның зор романы біздің заманда ұлы ақынға арналған ескерткіштердің ішіндегі ең ірілері, ең қадірлісі деуге болады. Бұл соңғы үш шығармада Науаидің өз еңбектері емес, оның өз өмірі мен адамдық, азаматтық зор тұлғасы ұлы бейне болып сипатталады. Осы шығармалардың үшеуі де Науаидің көркемөнердегі бейнесін бір өзбек халқы емес, бүкіл Одақ халықтарына, қала берсе, дүние жүзіне кең танытатын, аса қадірлі ескерткіштер. Науаи туралы киносценарий мен драма ұлы ақынның өмір тартысын көрсетуде, оқиғалық құрылыстарында, жалпы көркемдік идеяларында біріне-бірі аса жақын. Жалғаса жасалған ұқсас желі — мазмұн бар. Науаидің өміріне, заманына, бас қасиеттеріне, ұлы еңбектеріне арналып шыққан шығармалардың ең зоры — "Науаи" романы. Өзбекстанда Әлішер шығармаларын, оның заманын, өмір тағдырын ең мол зерттеп, тегіс таныған, әрі үлкен талантты жазушы, әрі білгір, ізерлі ғалым Айбек бұл романында өзінің қанатын кең жайған. Социалистік реализм әдісін осы романды жазуда өзінің анық айқын арнасы етіп алған жазушы өзбек тарихында Герат мәдениетінің дәуірін кең ашып көрсетеді. Оқушыға мол білім береді. Адамдарын заманының, ортасының өзіне сәйкес тілімен сөйлетіп, ойымен ойлатып, көңілге қонымды сезімімен сезіндіре біледі. Бұл романда әр түрлі қоғамдық орталардың көп өкілдері майданға шығады. Бір жағы халық, бір жағы патша сарайы, қанаушы топтардың саты-саты тартыстарын, Әлішер айналасындағы қоғамдық өмірдің бар қайшылықтарын ашады. Мұнда адал еңбек соңындағы момындар, солардан шыққан адамдық қасиет иесі ерлер, әйелдер көрінеді. Ауыр еңбек, үмітсіз бейнет басқан, жоқшылық жүдеткен жабайы көпшілік те түгел танылады. Мастыққа, азғындыққа ауысқан хан сарайында елді жеуден тояры, тынымы жоқ, жеміт уәзірлері таңбаланады. Ел басына солар салып жатқан соғыс, салық, зорлық, қиянат апаттары әйгіленеді. Осындай ортада ғылымның, өнердің, азаматтық сананың биік шыңындай боп, заманынан иығы асып жүрген халық қамқоры Науаи өз ортасымен тығыз байланыста, алыс әрекет үстінде суреттеледі. Бұл мақалада айтылған қысқаша шолуда біз Науаиге совет ақындары, өнерпаздары арнаған шығармалардың бәрін түгелдегеміз жоқ. Жалпылап айтсақ, бүгінгі өзбек ақын, жазушыларының Науаиге арнап шығарма жазбаған біреуі де жоқ деуге болады. Әрі ақын, әрі зерттеуші боп Науаи мұраларын жақсы таныған, танытқан жазушылардың алдыңғы қатарында Гафур Гулямды, Шейхзадені, тағы да көп ақындарды атауға керек. Сол көп ақын, жазушылар, өнерпаздар еңбектері бүгінгі жұртшылыққа ұлы Науаиді анық тірі тұлғадай етіп отыр. Бүгінгі бақытты өзбек халқының дәл бүгінгі буындарымен бірге жасап келе жатқан адамдай етіп отыр. Сол жәйді Мақсұд Шейхзаде "Ортақ Науаи" деген өрнекті балладасында өте дәл айтып: Әй, ұрток Навои, зурсан, ийриксан, Куп тирик шоирдан букун тириксан, Сен ұзбек халкининг ұлмас виджони, Миннатдор элингниг соғ граждани, —   дейді. Науаидің сол "көп тіріден де тірірек" өмір кешуіне зор себепкер де, медеткер тек біздің соцалистік Ұлы Отан екені айқын. Мұхтар Әуезов
05.12.2012 02:23 8843

Ақынның өзбек өнеріндегі бейнесі

Науаи – данышпан ақын, философ, мемлекет қайраткері болудың үстіне, тағы талай өнердің шебері, жоқтаушысы, ұлы жәрдемшісі де болған. Ол музыка өнерінің көрнекті өнерпазы. Суретшілік өнерінің құмары, сәулет өнерінің (архитектураның) үлкен сыншы ұстазы. Және нақтысы, әсем жазу — каллиграфияның білгіші, сыншысы болған. Осылардың үстіне, әр алуан ғылымға берілген білгіштердің көбіне ұстаздық ойымен басшылық бағыт берген, мол қасиет иесі.

Науаиге тетелес шыққан Захир ад-дин Бабурдың жазуы бойынша Әлішер шығарған күй мен әуен де көп болған. Ол түзеген мақамдар, күй ретінде шығарған нақыштар, үнмен айтатын нашыраздар ерекше көркем еді дейді Бабур. Ұлы ақынның замандастары атақты композитор Құл-Мұхаммед Най, Хусаин Уди екеуі де өздерінің шығармаларында Әлішердің өсиетінен, сезім-санасынан әсер алып, көркем күйлер тудырған.

Сол заманның аса талантты, шебер суретші миниатюршы Бекзад Науаидің әрі үлкен досы, әрі оның ой-сезімдерін, терең саналы бағыттарын сурет өнерінде іске асырушы серігі болған. Біздің заманымызға Әлішердің өз суретін қалдырып кеткен де сол Бекзад. Әлішер Бекзадтың өнеріне мол әсер еткен. Оның алған тақырыбын мағыналандыру жолында, суретті зор идеяға арнап салу жолында басшылық етеді.

Архитектура өнерінде, ескі Гератта және соның көп атыраптарында Науаиден қалған сәулет өнерінің мирастары аса көп болған. Бұлардың талайын Әлішер өз пұл-қаражатымен көпшілікке арнап салдырған.

Әлішер заманында хаттат өнерін зор биікке көтерген ірі өнерпаздардан Сұлтан-Али Мешхеди, дәруіш Мұхаммед, Мир-Али Қылқалам сияқты өнерпаздар болған.

Осылардың ішінде "Сұлтан-ул Хаттатан" (каллиграфтар патшасы) деген атақ алған Сұлтан-Али Мешхеди Әлішер кітаптарын өз қолымен нақыстап жазған. Бұл өнерпаздың аса шебер нұсқалары қазіргі күнде Англияда Британ музейінде, Парюкдің ұлттық кітапханасында, Вена шаһарында сақталады. Өзбекстанның Мемлекеттік кітапханасында да Сұлтан-Али қолымен жазылған Әлішердің бірнеше шығармалары бар.

Бұл алуандас өнерпаздардан басқа өзімен замандас бірнеше ірі тарихшылардың ғылымдық, тарихтық еңбегіне де Әлішердің әсері тиіп, ойының сәулесі, өнер бейнесі түскені бар. Тарихшы Мирхондтың немересі Ғиясаддин Хондемир Әлішердің өз тәрбиесінде өскен. Оның "Хабиб-ас сияр" атты кітабында, Науаидің өзін сипаттаған еңбегінде ұлы ақынның бейнесі аса құрметпен баян етілген. Әлішердің замандасы және бір атақты тарихшы Дәулетшаһ өзінің "Тәз кират-аш-шуара" деген еңбегін Науаиге арнап жазған.

Ірі мемуаршы, шебер ақын Захир ад-дин Бабур өзінің атақты "Бабур-нама" деген кітабында Әлішердің ақындық, өнерпаздық, мемлекеттік қайраткер, ұстаз есебіндегі әрекеттерін, мол бейнесін зор құрметпен баян етеді.

Қазақтың атақты классигі Абайдың Науаи қасиетін кеңінен тануына себепкер, бір жағынан Науаидің өз шығармалары болса, екінші жағынан — осы Бабурдың берген бағалары болған. Абай үшін Науаи ерекше қадірлі классик болып еді.

Міне, сол арғы замандардан бастап кейін көп ғасырға созылатын өзбек халқының мәдениет тарихында бергі замандардың талай ірі ақындары да өз шығармаларында Науаи бейнесін көріктеп, жыр етуден айнымайды. Барлығы да өздерін Науаидің ақындық мектебінен үлгі алып өстік деп баян етеді.

Бірақ бұрынғы мәдениет тарихында Науаи әсері мен бейнесін сақтаған жоғарыда айтылған мұралардың көбінің біздің заманға жетпей қалғаны бар. Әсіресе, заттық мәдениет белгілері, көпшілік халыққа кең түрде мәлім болып жеткен жоқ. Сәулет өнерінің мұралары заман тоздырып, ойран болған. Сурет, күй, нақыс жазулар да тозғындап, өшіп жоғалу қалпында болған еді. Тек жазуға — көркем әдебиет пен тарих кітаптарына түскен белгілер ғана сақталып келген еді. Бірақ олар да өзбек халқының қалың көпшілігіне мол жайыла алмаған болатын.

Өнер, білім қазынасында Науаидің шынымен бар қасиет-қадірі артып, қайта танылғаны тек Ұлы Октябрьден соң. Ленин-Сталин бастаған социалистік ұлы мәдениеттің дәуірінде ғана Әлішер Науаи барлық өмір шындығымен, асыл еңбектерімен қайта туған дәуренге жетті. Бір ғана өзбек халқының ақын данасы болып қоймай, бауырласып табысқан бүкіл Ұлы Одақ елдеріне бірдей ардақты классик болып, қайта туған дәуір, дәурені келді.

Бір Өзбекстан социалистік мәдениетінің өзін алғанда, соңғы жиырма-отыз жыл ішінде Науаиге бағыстанып істелген көркемөнер, көрікті әдебиет, ғылымдық зерттеу істерінің өзінің саны ұшан-теңіз деуге болады. Ендігі Науаиге арналған ескерткіштер айрықша екі үлкен салаға бөлінеді. Мұның бірі — Науаи шығармаларының тақырып мазмұндарынан туған ғажайып жаңалықтар. Екіншісі – Науаидің өз өмірі, өзінің ұлы бейнесі турасында жасалған өнер мұралары, ескерткіштері.

Жалпы алғанда, Науаи шығармалары мен өмірін искусствоға, әдебиетке, ғылымға мазмұн, арқау етіп жаңа еңбек туғызушылар тек өзбек халқының өзінен ғана шыққан өнерпаздар мен білімпаздар емес. Олармен қатар, орыс халқының атақты қайраткерлерінің де сіңіріп жатқан еңбегі мол.

Осындай топтардың біріккен күштерімен жасалған өнер туындыларын алсақ, сан салаға бөлуге болады. Бүгінгі советтік музыкада, театрда, суретшілікте, скульптурада, балетте, архитектурада түгелімен әр алуан болып Науаи шығармалары, Науаидің өз бейнесі қалыптанады.

Өзбекстанның бүгінгі совет әдебиетінде, совет киносында Науаи бейнесі ерекше орын алып, аса көркем дастан геройының бейнесіндей боп сыпатталады.

Өзіне бөлек аса бай, мол сала болып Науаидің өнері мен еңбектерін зерттейтін ғылым (әдебиет тарихы, тарих, мәдениет тарихының) салалары туып отыр. Бұл жөнде де өзбек оқымыстылары мен орыс оқымыстыларының еңбегі, орны өзгеше.

Искусствода, совет дәуірінде өз тарихын бастаған өзбек театры ең алғашқы ірі табыстарының бірі есебінде Науаидің "Фархад — Шырынын" музыкалы спектакль етіп қойды. Өзбектің бүкіл Одаққа қадірлі, бұлбұл үнді әншісі Халима Насырова өзінің алғашқы өнерлі талабын сол спектакльде Шырын образын ойнаудан бастаған еді. Бұл күңде совет композиторларының біріккен күштері туғызған "Ләйлі - Мәжнүн" операсы да Әлішердің мәңгілік қасиетін жоймас тамаша дастанынан нәр алған. Соңғы бір жыл ішінде Өзбекстан театрының сахнасына тағы бірнеше ірі шығармалар қосылды. Хамза атындағы академиялық драма театры "Әлішер Науаи" атты көркем спектакль қойды. Ташсовет атындағы музыка театры "Сухейли уә Мехри" атты балет қойды. Мұның да мазмұны Әлішер шығармасы, "Сабаи сайера" дастанындағы Жабир атты жолбасардың жайын баян еткен әңгімеден алынған.

Суретшілік өнерде, соңғы он жылдар бойында Науаидің балалық шағынан бастап, ұлғайған кезіне дейінгі бейнесін сан ірі суретшілер үлкен ізденулермен көріктеп, бейнелеп жатыр. Бұл жөнінде Өзбекстанға еңбегі сіңген қайраткерлер Уфимцев, Орал Таңсықбаев істері айрықша бағаланады. Скульптура (кескін) өнерінде өнерпаз Дитрихтың жасаған бейнесі бойынша Ташкент қаласында Науаиге зор ескерткіш қойылғалы отыр.

Науаи атына Өзбекстанның көркемөнері арнап тудырып жатқан ескерткіштердің арасында ертегідей сұлу, сән мұрасы боп Ташкент шаһарында Науаи атындағы театр салынып отыр. Мұны салушы атақты академик Щусев пен өзбек халқының шебер ұсталары: Шырын Мұрадов, Кули Муразов, Балтаев, Таш-Пулат Асланқұловтар және безендіру өнеріне шеберленген жас суретші Шыңғыс Ахмаров та бар.

Советтік кино өнері бүкілодақтық зор табыстарының қатарына биыл Науаиге арналған тағы бір тың ескерткіш қосты. Ол "Әлішер Науаи" атты көркем кинофильм. Мұның сценарийін жазғандар Сұлтанов, Уйгун, Спешнев, Шкловский. Картинаны көркем етіп қоюшы режиссер Камил Ярматов. Онда Әлішер ролінде ойнаған Хамраев, Хусайын Байқара ролінде ойнаған Асғат Исматовтар ерекше қадірлі өнер танытты.

Жоғарыдағы айтылған театрды салушы өнерпаздар мен кинокартинаны жасаушы режиссер және бас артистер Сталин атындағы сыйлықты алды. Кинофильм "Әлішер Науаи" және Хамза атындағы театрда қойылған "Әлішер Науаи" атты драма (мұны жазған Иззат Султанов, Уйгун), онан соң 1946 жылда Сталин атындағы бірінші дәрежелі сыйлық алған Өзбекстанның зор романы біздің заманда ұлы ақынға арналған ескерткіштердің ішіндегі ең ірілері, ең қадірлісі деуге болады.

Бұл соңғы үш шығармада Науаидің өз еңбектері емес, оның өз өмірі мен адамдық, азаматтық зор тұлғасы ұлы бейне болып сипатталады. Осы шығармалардың үшеуі де Науаидің көркемөнердегі бейнесін бір өзбек халқы емес, бүкіл Одақ халықтарына, қала берсе, дүние жүзіне кең танытатын, аса қадірлі ескерткіштер.

Науаи туралы киносценарий мен драма ұлы ақынның өмір тартысын көрсетуде, оқиғалық құрылыстарында, жалпы көркемдік идеяларында біріне-бірі аса жақын. Жалғаса жасалған ұқсас желі — мазмұн бар.

Науаидің өміріне, заманына, бас қасиеттеріне, ұлы еңбектеріне арналып шыққан шығармалардың ең зоры — "Науаи" романы. Өзбекстанда Әлішер шығармаларын, оның заманын, өмір тағдырын ең мол зерттеп, тегіс таныған, әрі үлкен талантты жазушы, әрі білгір, ізерлі ғалым Айбек бұл романында өзінің қанатын кең жайған. Социалистік реализм әдісін осы романды жазуда өзінің анық айқын арнасы етіп алған жазушы өзбек тарихында Герат мәдениетінің дәуірін кең ашып көрсетеді. Оқушыға мол білім береді. Адамдарын заманының, ортасының өзіне сәйкес тілімен сөйлетіп, ойымен ойлатып, көңілге қонымды сезімімен сезіндіре біледі. Бұл романда әр түрлі қоғамдық орталардың көп өкілдері майданға шығады. Бір жағы халық, бір жағы патша сарайы, қанаушы топтардың саты-саты тартыстарын, Әлішер айналасындағы қоғамдық өмірдің бар қайшылықтарын ашады.

Мұнда адал еңбек соңындағы момындар, солардан шыққан адамдық қасиет иесі ерлер, әйелдер көрінеді. Ауыр еңбек, үмітсіз бейнет басқан, жоқшылық жүдеткен жабайы көпшілік те түгел танылады. Мастыққа, азғындыққа ауысқан хан сарайында елді жеуден тояры, тынымы жоқ, жеміт уәзірлері таңбаланады. Ел басына солар салып жатқан соғыс, салық, зорлық, қиянат апаттары әйгіленеді. Осындай ортада ғылымның, өнердің, азаматтық сананың биік шыңындай боп, заманынан иығы асып жүрген халық қамқоры Науаи өз ортасымен тығыз байланыста, алыс әрекет үстінде суреттеледі.

Бұл мақалада айтылған қысқаша шолуда біз Науаиге совет ақындары, өнерпаздары арнаған шығармалардың бәрін түгелдегеміз жоқ. Жалпылап айтсақ, бүгінгі өзбек ақын, жазушыларының Науаиге арнап шығарма жазбаған біреуі де жоқ деуге болады. Әрі ақын, әрі зерттеуші боп Науаи мұраларын жақсы таныған, танытқан жазушылардың алдыңғы қатарында Гафур Гулямды, Шейхзадені, тағы да көп ақындарды атауға керек.

Сол көп ақын, жазушылар, өнерпаздар еңбектері бүгінгі жұртшылыққа ұлы Науаиді анық тірі тұлғадай етіп отыр. Бүгінгі бақытты өзбек халқының дәл бүгінгі буындарымен бірге жасап келе жатқан адамдай етіп отыр.

Сол жәйді Мақсұд Шейхзаде "Ортақ Науаи" деген өрнекті балладасында өте дәл айтып:

Әй, ұрток Навои, зурсан, ийриксан,

Куп тирик шоирдан букун тириксан,

Сен ұзбек халкининг ұлмас виджони,

Миннатдор элингниг соғ граждани, —

 

дейді. Науаидің сол "көп тіріден де тірірек" өмір кешуіне зор себепкер де, медеткер тек біздің соцалистік Ұлы Отан екені айқын.

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға