Жаңалықтар

Тибет

Тибет (қыт, Сицзан, Үлгі:Lang-bo, Вайли: bod, айтылуы (лхаса диалекті): бё) —Тибет таулы өлкесінде орналасқан Орталық Азия аумағы. Әр түрлі тарихи дәуір кезеңінде Тибет тәуелсіз, не Моңғол Империясында, Цин Империясында тәуелділікте болған мемлекет. 1950 жылы Чамдодағы жеңістен кейін Тибет Қытайдың қол астына енеді. 1960 жылы Халықаралық Заңгерлер Комиссисы өзінің баядамасында діни топ ретінде тибеттіктерді жоя жіберу үшін Тибетте геноцид актісінің болғандығын хабарлады. Қазіргі уақытта қытай өкіметінің бұл әрекетін Далай-лама мәдени геноцид деп қарастырады. Қытай үкіметі жауап ретінде 1959 жылдан кейін Тибетте құлдық жойылып, сауаттылық ашылды және халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді деген айғақ келтіреді. Тибеттің территориясы дәстүрлі түрде У-Цанг, Кам және Амдо провинцияларына бөлінеді. Алайда бүгінгі күндері Тибет автономдық ауданының территориясына тек қана У-Цанг провинциясы және Кам провинциясының батыс бөлігі кіреді. Ал Каманың қалған бөлігі және Амдо өңірі Юньнань, Сычуань, Цинхай және Ганьсу провинциялары арасында бөлініп алынған. Лхаса — Тибеттің тарихи астанасы және Тибет автономды ауданының әкімшілік орталығы. Жағрапиясы Көлемі (У-Цанг, Кхам және Амдо провинцияларын қоса алғанда) — 1,2 млн км². Орташа биіктігі: теңіз деңгейінен 4000 м. Ең биік тау: Джомолунгма (Эверест). Тибет территориясынан көптеген ұлы өзендер бастауын алады. Кейіннен басқа ұлттар тұратын жерлерден ағып өтетін болғандықтан, өзен атаулары тибетше емес, сол халықтардың тілінде әйгілі(жақша ішінде көрсетілген). Оларға Ярлунг-Цангпо (Брахмапутра), Ма-Чу (Сары өзен), Джи-Чу (Янцзы), Сенге-Цангпо (Инд), Пунг-Чу (инд.: Арун), Наг-Чу (бирм.: Салуин) и Дза-Чу (Меконг). Ірі көлдері: Цонаг, Нам-Цо, Ямджоюм-Цо, Мапамъюм-Цо (Манасаровар). Орташа температурасы: Шілде айында - 14 °C және қаңтар айында −4 °C. Жылдық жауын-шашынның орташа көрсеткіші: әртүрлі, батыс облыстарында қаңтарда - 1 мм және шілдеде - 25 мм; шығыс облыстарда қаңтарда - 25-30 мм және шілдеде - 80 мм. Пайдалы қазбалары: 126 түрлі минералдар, олардың арасында бура, уран, темір рудасы, хромит, алтын, литий, боксит, мыс, көмір, тұз, слюда, қалайы, мұнай және т.б. Климаты Тибетте көп мөлшерлі температураның тәуліктік ауытқуы және күн сәулесі бар таулы климат көптеп кездеседі. Тибеттің оңтүстігі мен солтүстігінің температуралары арасындағы айырмашылық анағұрлым болып келеді. Оңтайлы климат Тибеттен оңтүстік-шығысқа қарай оңтүстік облыстарда. Қолайлы климат Лхаса және Шигадзе қалаларында да кезедеседі. Лхасада орташа температура +8 °C, в Шигадзеде +6,5 °C, ал солтүстігіндегі 4500 м биіктіктегі Тибет үстіртіде және Тибеттің солтүстік бөлігінде жылдық орташа температура 0°С - ден төмен. (мәңгі тоң облыстары) . Тибеттің тұрғындарының көпшілік бөлігі Лхасадана Шигадзеге дейін және Тибет үстіртінің шығыс шеткейінде; Тибеттің солтүстік, орталық және батыс облыстары адам тұрмайтын жерлерге жатады. Мәртебесі Басып алынған мемлекет. Қазіргі уақытта Тибеттің тарихи территориясы Қытай мемлекетінің құрамына кіреді, бірақ Дхарамсалада (Үндістан) қуғындағы Тибет үкіметі бар, басшысы ретінде 2002 жылға дейін Далай-лама XIV болған. Әкімшілік бөлінуі Қытай өкіметі Тибетті келесі әкімшілік бірліктерге бөледі: Тибет автономды ауданы; Цинхай провинциясында Тибет автономдық өңірі; Ганьсу провинциясындағы Тибет автономды өңірі мен Тибет автономды уезді; Сычуань провинциясындағы Тибет автономды өңірі мен Тибет автономды уезді; Юньнань провинциясындағы Тибет автономды өңірі. Аймақтың қарулы күштерінің саны ҚХР өзінің ядролық қаруының көпшілік бөлігін тибет территориясында ұстап отыр. 1990 жылдары ТАА 2 жаяу әскер дивизиясы, 6 шекара полкі, 5 шекара батальоны, 3 артполкі, 3 құрылысшылар полкі, басты байланыс қүзет орындары, 2 байланыс полкі, 3 көлік полкі, 3 көлік батальоны, 4 авиабазасы, 2 АҚҚ полкі, 2 дивизия мен 1 полк қосымша әскерилер, 1 дивизион мен 6 полк халықтық әскери полиция, 12 ракета дивизионы, 17 радар стансасы, 14 әскери ұшақтар, 8 континетаралық баллистикалық ракеталар орналасқан 5 ракета базасы орналасты.  
05.12.2012 02:14 7152

Тибет (қыт, Сицзан, Үлгі:Lang-bo, Вайли: bod, айтылуы (лхаса диалекті): бё) —Тибет таулы өлкесінде орналасқан Орталық Азия аумағы.

Әр түрлі тарихи дәуір кезеңінде Тибет тәуелсіз, не Моңғол Империясында, Цин Империясында тәуелділікте болған мемлекет.

1950 жылы Чамдодағы жеңістен кейін Тибет Қытайдың қол астына енеді.

1960 жылы Халықаралық Заңгерлер Комиссисы өзінің баядамасында діни топ ретінде тибеттіктерді жоя жіберу үшін Тибетте геноцид актісінің болғандығын хабарлады.

Қазіргі уақытта қытай өкіметінің бұл әрекетін Далай-лама мәдени геноцид деп қарастырады. Қытай үкіметі жауап ретінде 1959 жылдан кейін Тибетте құлдық жойылып, сауаттылық ашылды және халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді деген айғақ келтіреді.

Тибеттің территориясы дәстүрлі түрде У-Цанг, Кам және Амдо провинцияларына бөлінеді. Алайда бүгінгі күндері Тибет автономдық ауданының территориясына тек қана У-Цанг провинциясы және Кам провинциясының батыс бөлігі кіреді. Ал Каманың қалған бөлігі және Амдо өңірі Юньнань, Сычуань, Цинхай және Ганьсу провинциялары арасында бөлініп алынған.

Лхаса — Тибеттің тарихи астанасы және Тибет автономды ауданының әкімшілік орталығы.
Жағрапиясы

Көлемі (У-Цанг, Кхам және Амдо провинцияларын қоса алғанда) — 1,2 млн км². Орташа биіктігі: теңіз деңгейінен 4000 м.

Ең биік тау: Джомолунгма (Эверест).

Тибет территориясынан көптеген ұлы өзендер бастауын алады. Кейіннен басқа ұлттар тұратын жерлерден ағып өтетін болғандықтан, өзен атаулары тибетше емес, сол халықтардың тілінде әйгілі(жақша ішінде көрсетілген). Оларға Ярлунг-Цангпо (Брахмапутра), Ма-Чу (Сары өзен), Джи-Чу (Янцзы), Сенге-Цангпо (Инд), Пунг-Чу (инд.: Арун), Наг-Чу (бирм.: Салуин) и Дза-Чу (Меконг).

Ірі көлдері: Цонаг, Нам-Цо, Ямджоюм-Цо, Мапамъюм-Цо (Манасаровар).

Орташа температурасы: Шілде айында - 14 °C және қаңтар айында −4 °C.

Жылдық жауын-шашынның орташа көрсеткіші: әртүрлі, батыс облыстарында қаңтарда - 1 мм және шілдеде - 25 мм; шығыс облыстарда қаңтарда - 25-30 мм және шілдеде - 80 мм.

Пайдалы қазбалары: 126 түрлі минералдар, олардың арасында бура, уран, темір рудасы, хромит, алтын, литий, боксит, мыс, көмір, тұз, слюда, қалайы, мұнай және т.б.
Климаты

Тибетте көп мөлшерлі температураның тәуліктік ауытқуы және күн сәулесі бар таулы климат көптеп кездеседі. Тибеттің оңтүстігі мен солтүстігінің температуралары арасындағы айырмашылық анағұрлым болып келеді.

Оңтайлы климат Тибеттен оңтүстік-шығысқа қарай оңтүстік облыстарда. Қолайлы климат Лхаса және Шигадзе қалаларында да кезедеседі. Лхасада орташа температура +8 °C, в Шигадзеде +6,5 °C, ал солтүстігіндегі 4500 м биіктіктегі Тибет үстіртіде және Тибеттің солтүстік бөлігінде жылдық орташа температура 0°С - ден төмен. (мәңгі тоң облыстары) .

Тибеттің тұрғындарының көпшілік бөлігі Лхасадана Шигадзеге дейін және Тибет үстіртінің шығыс шеткейінде; Тибеттің солтүстік, орталық және батыс облыстары адам тұрмайтын жерлерге жатады.
Мәртебесі

Басып алынған мемлекет. Қазіргі уақытта Тибеттің тарихи территориясы Қытай мемлекетінің құрамына кіреді, бірақ Дхарамсалада (Үндістан) қуғындағы Тибет үкіметі бар, басшысы ретінде 2002 жылға дейін Далай-лама XIV болған.
Әкімшілік бөлінуі

Қытай өкіметі Тибетті келесі әкімшілік бірліктерге бөледі:
Тибет автономды ауданы;
Цинхай провинциясында Тибет автономдық өңірі;
Ганьсу провинциясындағы Тибет автономды өңірі мен Тибет автономды уезді;
Сычуань провинциясындағы Тибет автономды өңірі мен Тибет автономды уезді;
Юньнань провинциясындағы Тибет автономды өңірі.
Аймақтың қарулы күштерінің саны

ҚХР өзінің ядролық қаруының көпшілік бөлігін тибет территориясында ұстап отыр. 1990 жылдары ТАА 2 жаяу әскер дивизиясы, 6 шекара полкі, 5 шекара батальоны, 3 артполкі, 3 құрылысшылар полкі, басты байланыс қүзет орындары, 2 байланыс полкі, 3 көлік полкі, 3 көлік батальоны, 4 авиабазасы, 2 АҚҚ полкі, 2 дивизия мен 1 полк қосымша әскерилер, 1 дивизион мен 6 полк халықтық әскери полиция, 12 ракета дивизионы, 17 радар стансасы, 14 әскери ұшақтар, 8 континетаралық баллистикалық ракеталар орналасқан 5 ракета базасы орналасты.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға