Жаңалықтар

Моңғолия

  Моңғолия Республикасы – Азияның орта тұсында орналасқан мемлекет. Жер аум. 1565 мың км2. Халқы 2,6 млн. (1998). Этн. құрамына халха-моңғолдар (90%), қазақтар (4%), қытайлар (2%), орыстар (2%), тывалықтар кіреді. Халқының негізгі бөлігі будда дінін, 4%-ы ислам дінін ұстанады. Астанасы – Улан-Батор қ. Әкімш. жағынан 18 аймақ пен 3 муниципалитетке (Улан-Батор, Дархан, Эрденет) бөлінеді. Елдің батысында халқы негізінен қазақтардан тұратын Баян Өлгий аймағы орналасқан. Мемлекет басшысы – президент. Жоғ. атқарушы билікті премьер-министр басқаратын үкімет жүргізеді. Жоғ. заң шығарушы органы – бір палаталы парламент – өлы Мемл. Хурал. Ресми тілі – моңғол тілі. Ақша бірлігі – төгрік. М. 1961 жылдан Бөө-ға мүше.    Табиғаты. М-ның батысы мен оңт.-батысында Моңғол Алтайы (ең биік нүктесі – 4374 м), Гоби Алтайы мен Хангай таулары, елдің орт. бөлігінде Хэнтэй таулы қыраты орналасқан. Оңт. мен оңт.-шығысында Гоби шөлі созылып жатыр. Негізгі өзен-дері – Селенга, Керулен, Қобда. Ең үлкен көлдері – Убсу-нур, Хубсугул. М-ның климаты – шұғыл континенттік. Қысы ұзақ әрі суық, ауасы құрғақ, қары аз немесе қарсыз болады. Қаңтардағы орташа темп-ра – 15ӘС-тан – 30ӘС-қа (тау қазаншұңқырларында – 50ӘС) дейін жетеді. Шілдедегі орташа темп-ра Хангайда 15ӘС, Гоби шөлінде 25ӘС. Көктемдегі ауа райы тұрақсыз болып, темп-ра ондаған градусқа төмендеп, құрғайды, күшті құмды да-уылдар тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлш. таулы жерлерде 350 – 400 мм, жазықтарда 100 мм шамасында. Солт-тен оңт-ке қарай табиғи белдеулер мен аймақтардың алмасуымен өсімдіктер дүниесі өзгеріп отырады. Таулы-тайгалық белдеуде қылқан жапырақты қалың ормандар өседі. Таулы жазықтар мен ормандарда көптеген дәнді өсімдіктер, жусан, қияқ, т.б. өседі. Шөлейт далалық белдеуде құрғақшылыққа төзімді шөптер, жабайы жуа мен тікенді қарағандар басым. Таулардағы жануарлар дүниесін тауешкі, арқар, барыс, т.б. құраса, ормандарды терісі бағалы аңдар (тиін, сілеусін, манул мысығы, т.б.), қоңыр аю мен құстардың сан алуан түрлері мекендейді. Таулы-далалық аудандарда киік, құлан, қасқыр, түлкі, қояндар мен кеміргіштер кездеседі. Шөлдерде дүние жүзінің басқа бөліктерінде кездеспейтін жабайы түйе, Пржевальский жылқысы, Гоби аюы тіршілік етеді. Ел аумағында мұнай, көмір, темір кентасы, вольфрам, молибден, қалайы, никель, фосфорит, алтын кендері бар. Жерінің 79%-ын шалғындар мен жайылымдар алып жатыр.    Тарихы. М. жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастады. Б.з. 6 – 12 ғ-ларында қазіргі М. аумағы Түрік, өйғыр, Қырғыз қағандықтары мен Ляо қидан мемлекеттерінің құрамында болды. 13 ғ-да Шыңғыс хан түркі-моңғол тайпаларын біріктірді, көптеген көршілес елдер мен халықтарды бағындырып, Шыңғыс хан империясын құрды. 13 ғ-дың 2-жартысында Шыңғыс хан империясы 4-ке бөлініп, моңғол үстіртін мекендеген түркі тайпалары Алтай тауының батысына қарай қоныс аударды. Ал қазіргі М. Құбылай хан негізін қалаған Юань империясына қарады. 1358 ж. Юань империясы жойылып, моңғолдар ел астанасы Пекин мен оның төңірегінен қуылды. 14 – 15 ғ-ларда моңғолдар Қытайда билікке келген жаңа әулет Мин империясымен қиян-кескі соғыстар жүргізді. 16 ғ-да моңғолдар бытыраңқылықты бастан кешіріп, олар үшке: Оңт. Моңғолия (Чахар хандығы), Солт. Моңғолия (Халха) мен Бат. Моңғолияға (Жоңғар хандығы) бөлініп кетті. 1634 ж. М. тайпалары Маньчжур ханы Абахайдың әскерімен шайқаста жеңіліп, 1636 ж. Оңт. Моңғолия Маньчжур империясының құрамына өте бастады. 1691 жылға дейін оңт. пен солт-тегі моңғол тайпаларының бәрі Маньчжур билеушілерінің үстемдігін мойындауға мәжбүр болды (қ. Цинь империясы). 1756 – 58 ж. Жоңғар хандығы жойылды. 1911 ж. Қытайдағы революция нәтижесінде Сыртқы М. (Халха) Цинь ипериясынан бөлініп шықты, ал Ішкі М. Қытайдың протекторатына айналды. 1917 ж. Ресейдегі төңкерістен кейін Қытай Моңғолия аумағын түгелдей басып алуға әрекеттенді. Бірақ 1921 ж. елге кеңес әскерлері енгізіліп, 1924 ж. Моңғол Халық Республикасы жарияланды. 1939 ж. Халхин-Гол өз. ауданында Қызыл Армия жапон әскерлерінің Моңғолияға жасаған шабуылына тойтарыс берді. 1946 ж. Қытай Моңғолияның тәуелсіздігін ресми түрде таныды. 1991 ж. М. Коммунистік партиясы маркстік-лениндік қағидалардан бас тартып, елде саяси және экон. реформалар жүргізе бастады. Моңғол Халық Республикасын (МХР) Моңғолия Республикасы деп атау туралы шешім қабылданды. 1992 ж. қаңтардың 21-нен бастап Қазақстан мен Моңғолия арасында дипломат. қатынас орнады. 1992 жылдан М. қазақтары Қазақстанға көшіп келе бастады. М. мен Қазақстан арасындағы жол байланысы Ресей аумағы арқылы өтеді.   Экономикасы. М. экономикасының басты саласы – а.ш. М. дүние жүзінде мал санын жан басына шаққандағы көрсеткіш жөнінен ең алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Өнеркәсіпте кен өндірісі жетекші сала болып есептеледі, орман ш. мен балық аулау кәсіпшілігі экономикада маңызды рөл атқарады. Кен өнеркәсібінің өнімдері, тері мен теріден жасалған бұйымдар шетке шығарылады. Импортының негізін өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, минералды отындар мен жағар майлар құрайды. Жалпы өлттық өнімнің жан басына шаққандағы мөлш. 4070 АҚШ долл-на тең (1997). Негізгі сауда серіктестері – Ресей, Қытай, Жапония, Қазақстан.    Әдеб.: История Монгольской Народной Республики, 2 изд., М., 1967; Страны мира. Энциклопедический справочник, Минск, 1999.  Н. Алдабек    
05.12.2012 02:13 33508

 

Моңғолия Республикасы – Азияның орта тұсында орналасқан мемлекет. Жер аум. 1565 мың км2. Халқы 2,6 млн. (1998). Этн. құрамына халха-моңғолдар (90%), қазақтар (4%), қытайлар (2%), орыстар (2%), тывалықтар кіреді. Халқының негізгі бөлігі будда дінін, 4%-ы ислам дінін ұстанады. Астанасы – Улан-Батор қ. Әкімш. жағынан 18 аймақ пен 3 муниципалитетке (Улан-Батор, Дархан, Эрденет) бөлінеді. Елдің батысында халқы негізінен қазақтардан тұратын Баян Өлгий аймағы орналасқан. Мемлекет басшысы – президент. Жоғ. атқарушы билікті премьер-министр басқаратын үкімет жүргізеді. Жоғ. заң шығарушы органы – бір палаталы парламент – өлы Мемл. Хурал. Ресми тілі – моңғол тілі. Ақша бірлігі – төгрік. М. 1961 жылдан Бөө-ға мүше. 
 
Табиғаты. М-ның батысы мен оңт.-батысында Моңғол Алтайы (ең биік нүктесі – 4374 м), Гоби Алтайы мен Хангай таулары, елдің орт. бөлігінде Хэнтэй таулы қыраты орналасқан. Оңт. мен оңт.-шығысында Гоби шөлі созылып жатыр. Негізгі өзен-дері – Селенга, Керулен, Қобда. Ең үлкен көлдері – Убсу-нур, Хубсугул. М-ның климаты – шұғыл континенттік. Қысы ұзақ әрі суық, ауасы құрғақ, қары аз немесе қарсыз болады. Қаңтардағы орташа темп-ра – 15ӘС-тан – 30ӘС-қа (тау қазаншұңқырларында – 50ӘС) дейін жетеді. Шілдедегі орташа темп-ра Хангайда 15ӘС, Гоби шөлінде 25ӘС. Көктемдегі ауа райы тұрақсыз болып, темп-ра ондаған градусқа төмендеп, құрғайды, күшті құмды да-уылдар тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлш. таулы жерлерде 350 – 400 мм, жазықтарда 100 мм шамасында. Солт-тен оңт-ке қарай табиғи белдеулер мен аймақтардың алмасуымен өсімдіктер дүниесі өзгеріп отырады. Таулы-тайгалық белдеуде қылқан жапырақты қалың ормандар өседі. Таулы жазықтар мен ормандарда көптеген дәнді өсімдіктер, жусан, қияқ, т.б. өседі. Шөлейт далалық белдеуде құрғақшылыққа төзімді шөптер, жабайы жуа мен тікенді қарағандар басым. Таулардағы жануарлар дүниесін тауешкі, арқар, барыс, т.б. құраса, ормандарды терісі бағалы аңдар (тиін, сілеусін, манул мысығы, т.б.), қоңыр аю мен құстардың сан алуан түрлері мекендейді. Таулы-далалық аудандарда киік, құлан, қасқыр, түлкі, қояндар мен кеміргіштер кездеседі. Шөлдерде дүние жүзінің басқа бөліктерінде кездеспейтін жабайы түйе, Пржевальский жылқысы, Гоби аюы тіршілік етеді. Ел аумағында мұнай, көмір, темір кентасы, вольфрам, молибден, қалайы, никель, фосфорит, алтын кендері бар. Жерінің 79%-ын шалғындар мен жайылымдар алып жатыр. 
 
Тарихы. М. жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастады. Б.з. 6 – 12 ғ-ларында қазіргі М. аумағы Түрік, өйғыр, Қырғыз қағандықтары мен Ляо қидан мемлекеттерінің құрамында болды. 13 ғ-да Шыңғыс хан түркі-моңғол тайпаларын біріктірді, көптеген көршілес елдер мен халықтарды бағындырып, Шыңғыс хан империясын құрды. 13 ғ-дың 2-жартысында Шыңғыс хан империясы 4-ке бөлініп, моңғол үстіртін мекендеген түркі тайпалары Алтай тауының батысына қарай қоныс аударды. Ал қазіргі М. Құбылай хан негізін қалаған Юань империясына қарады. 1358 ж. Юань империясы жойылып, моңғолдар ел астанасы Пекин мен оның төңірегінен қуылды. 14 – 15 ғ-ларда моңғолдар Қытайда билікке келген жаңа әулет Мин империясымен қиян-кескі соғыстар жүргізді. 16 ғ-да моңғолдар бытыраңқылықты бастан кешіріп, олар үшке: Оңт. Моңғолия (Чахар хандығы), Солт. Моңғолия (Халха) мен Бат. Моңғолияға (Жоңғар хандығы) бөлініп кетті. 1634 ж. М. тайпалары Маньчжур ханы Абахайдың әскерімен шайқаста жеңіліп, 1636 ж. Оңт. Моңғолия Маньчжур империясының құрамына өте бастады. 1691 жылға дейін оңт. пен солт-тегі моңғол тайпаларының бәрі Маньчжур билеушілерінің үстемдігін мойындауға мәжбүр болды (қ. Цинь империясы). 1756 – 58 ж. Жоңғар хандығы жойылды. 1911 ж. Қытайдағы революция нәтижесінде Сыртқы М. (Халха) Цинь ипериясынан бөлініп шықты, ал Ішкі М. Қытайдың протекторатына айналды. 1917 ж. Ресейдегі төңкерістен кейін Қытай Моңғолия аумағын түгелдей басып алуға әрекеттенді. Бірақ 1921 ж. елге кеңес әскерлері енгізіліп, 1924 ж. Моңғол Халық Республикасы жарияланды. 1939 ж. Халхин-Гол өз. ауданында Қызыл Армия жапон әскерлерінің Моңғолияға жасаған шабуылына тойтарыс берді. 1946 ж. Қытай Моңғолияның тәуелсіздігін ресми түрде таныды. 1991 ж. М. Коммунистік партиясы маркстік-лениндік қағидалардан бас тартып, елде саяси және экон. реформалар жүргізе бастады. Моңғол Халық Республикасын (МХР) Моңғолия Республикасы деп атау туралы шешім қабылданды. 1992 ж. қаңтардың 21-нен бастап Қазақстан мен Моңғолия арасында дипломат. қатынас орнады. 1992 жылдан М. қазақтары Қазақстанға көшіп келе бастады. М. мен Қазақстан арасындағы жол байланысы Ресей аумағы арқылы өтеді.
 
Экономикасы. М. экономикасының басты саласы – а.ш. М. дүние жүзінде мал санын жан басына шаққандағы көрсеткіш жөнінен ең алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Өнеркәсіпте кен өндірісі жетекші сала болып есептеледі, орман ш. мен балық аулау кәсіпшілігі экономикада маңызды рөл атқарады. Кен өнеркәсібінің өнімдері, тері мен теріден жасалған бұйымдар шетке шығарылады. Импортының негізін өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, минералды отындар мен жағар майлар құрайды. Жалпы өлттық өнімнің жан басына шаққандағы мөлш. 4070 АҚШ долл-на тең (1997). Негізгі сауда серіктестері – Ресей, Қытай, Жапония, Қазақстан. 
 
Әдеб.: История Монгольской Народной Республики, 2 изд., М., 1967; Страны мира. Энциклопедический справочник, Минск, 1999. 
Н. Алдабек  
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға