Гарвард Университеті
23.09.2015 09:23
14905
Гарвард университеті – (ағылш. Harvard University) 1636 жылы Массачусетс штатының Кэмбридж қаласында Массачусетс заңнамасымен қаланған жекеменшік, Айви Лигасына кіретін зерттеуші жоғары оқу орны. Гарвард АҚШ-тағы жоғары оқу орындарының ішіндегі ең көнесі және АҚШ-тағы тұңғыш корпорация (ресми президенті және басқа жұмысшылар тағайындалған). Әлемде Гарвардты ең беделді университет ретінде таниды, себебі оның тарихы, ықпалы және жеткен жетістіктері өте жоғары.
Университетке алғаш ақшалай көмек көрсеткендердің бірі Джон Гарвард болғандықтан, университет осы кісінің атымен аталады. Университеттің ресми түрде ешқашан дінге (шіркеуге) байланысы болмаса да, оның көшбасшы конгрегационалисттер мен унитаристтер даярланған. 18-ғасырда Гарвардтың оқу бағдарламасы дінтану негіздеріне бағытталған, оқушылар осы жүйемен білім алған. 19-ғасырда Бостон элитасының арасында Гарвард дінтанудың мәдени орталығы болып есептелді. Америка Азаматтық соғысынан кейін Гарвардта қырық жыл бойы президент болған Чарлс Уиллием Элиот (1869-1909) Гарвардты орталықтандырылған зерттеу университетіне айналдырып, Америка Университеттері Ассоциациасының құрылтай-мүшесі болу деңгейіне жеткізді. Ұлы Тоқырау мен Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде Гарвардты басқарып, унивеситетті реформалап, және оқуға қабылдау жүйесін әділ жасаған Жэймс Брайт Конант болды. 1900 жылы Гарвардтың негізгі бакалаврлар даярлайтын колледжі Рэдклиф Колледжімен бірігіп, ұлдар мен бикештерге білім беруді бірлестіруді бастады. 2007 жылы Дрю Гилпин Фауст Гарвардтың ең алғашқы бикеш-президенті болып сайланды. Гарвард – әлемдегі ең бай қаржы қоры бар білім институты, 2011 жылдың қыркүйегінде оның қорында $32 миллард бар делінген.
Гарвардта он бір білім орталығы – он факультет және тереңдетіп оқытуға бағытталған Рэдклиф Институты - және бүкіл Бостан метрополитені бойынша орналасқан кампустары бар. Гарвардтың негізгі кампусы Кэмбридж қаласындағы Гарвард Ярдта, шамамен Бостанның солтүстігінде орналасқан. Гарвард Бизнес Мектебі және универвитеттің спорттық кешендері, оның ішінде Гарвард Cтадионы (Harvard Stadium) Чарлс Өзенінің жағасындағы Олстенде орналасқан, ал Гарвард Медицина Мектебі, Гарвард Тіс емдеу мектебі, және Гарвард Денсаулық мектебі - үшеуі Лоңууд Медицина және Академия аймағында орналастырылған.]
2010 жылдан бастап, Гарвардта орташа есеппен 2,100 ұстаз, 6,700 бакалаврлар және 14,500-дей магистратура мен профисианалды студенттері бар. АҚШ-тың 8 президенті Гарвардта білім алған және 75 Нобель лауреаты Гарвардта студент не ұстаз болған. Сонымен қатар, Гарвард әлемнің 62 миллиардерінің алма-матері. Гарвард Университет Кітапханасы (Harvard University Library) АҚШ академиялық институттары арасындағы ең ірісі және әлемдегі ең үлкен кітапханаларының бірі.
Гарвард Кримсон (Harvard Crimson) "АҚШ-тағы Ұлттық Солледж Спорт Ассоциясында" Айви Лигасы колледждерінің арасында бірінші болып спорттың 41 түрінен жарысқа қатысады. Гарвардтың спорт жарыстарындағы негізгі бәсекелесі – әйгілі Йель университеті, әсіресе "дәстүрлі АҚШ футболынан" - The Game деп аталады. Алайда Гарвард - Йель Регатта (Harvard–Yale Regatta) бәсекелестігі АҚШ футдол бәсекелестігінен де бұрын болған. Гарвард – Йель бәсекелестігіне қарамастан, екі жыл сайын осы екі университеттің Track және Field спорт топтары бірігіп, Британияның атақты Оксфорд және Кэмбридж университеттерінің спорт топтарына қарсы ойнайды. Бұл, дүниежүзіндегі халықаралық деңгейдегі ең көне әуесқой бәсекелестік.
Тарихы
Колониялдық кезең
Гарврад Колледждің гравировкасы, Пол Ревьер, 1767
1636 жылы Масачусетс Бэй Колониясының Жоғарғы және Бас сотының дауыс беруімен қаланып, АҚШ-тағы ең алғашқы жоғары білім беретін университет болып қалыптасты. Басында Нью Колледж немесе Жаңа Қаланың колледжі деп аталып, 1639 жылы наурыздың 13-інде Гарвард Колледжі деп атауы өзгертілді. Кэмбридж университетінің түлегі, Лондонның Соузпаркінен келген ағылшын Жон Гарвард өзінің төрт жүз кітабы мен £779 стерлинг қайырымдылық сыйын берген соң (бұл бүкіл байлығының жартысы еді), университетке осы кісінің аты берілді. [18] Гарвард колледждін корпорация ретінде қалыптастыру қаулысы 1650 жылы бекітілді. Алғашқы жылдары Гарвард колледжі көптеген пуритандық дін қызметшілерін оқытатын. [19] Гарвардтағы сабақтар ағылшын университеттерінің дәстүрлі моделдеріне сүйенсе де, колониядағы көшбасшылардың көпшілігі Кэмбридж Университетін бітірген. Сабақтарында пуритандық философия сақталатын. Гарвард Колледжіне белгілі бір мамандыққа бағытталған атау берілмеген, бірақ колледжді бітірген түлектердің көпшілігі Конгрегаттық және Унитарлық шіркеулерге қызмет етуге баратын. [20] 1643 жылы шыққан брашурада колледждің қаланған себебін "білім беруді дамытып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп және қалыптасқан кертартпа стереотиптерден бас тартумен" түсіндіреді.[21]1685-1701 жылдары Бостон дінбасыларының жетекшісі Инскриз Мазер колледждің президенті болды. 1708 жылы алғашқы дінтанушы емес президент Жон Леверет сайланып, колледждің пуританизмінен тәуелсіз жаңа бастамаға жол ашты.
19-ғасыр
Дін және философия
Унитарлықтардың белсенділігінен 1805 жылы Гарвард колледжі секуляризацияға ұшырады. 1850 жылы Гарвард "Унитарлы Ватикан" болды. "Либералдардың" (Унитарлықтар) федералдармен байланыс орнатып, құпия орталықтар мен институттар құруды бастағандары олардың жергілікті және саяси биліктерін күшейтіп, Бостон Брахмин (Boston Brahmin) класына жол ашты. Осы қозғалысқа теологиялық консерваторлар баспалық БАҚ-ты және басқа да ашық дебаттарды қолданып, қарсылықтарын білдіріп, демократтардың конгрегаттық дәстүрлер мен республикандық саясатқа қарсы болғанына наразылықтарын білдірді.[22]1846 жылы Луиз Агассиздің жаратылыстану лекциялары Нью-Йорк пен Гарвард Колледжінде жоғары дәрежеде бағаланды. Агассиздің ерекше әдісі идеалисттер мен американдықтардың "Алла қолымен жасалған Табиғат" пен "интеллектуалдардың тіршілігін" түсінуге қосқан үлестерінің зор екенін талқылайды. Агассиздің ғылымға көзқарасы егжей-тегжЙельі бақылау, интуиция, және жорамалдауды қолданып, Алланың кез келген феноменді мақсат-жоспармен жасағанын баяндайды. Ал тірі жандыларды түсіндірерде Агассиз өз дәлелдеріндегі материялардың пішіндеріне негізделген. Бұндай екі түрлі көзқарас шотландтық Томас Рейд пен Дугалд Стюарттың "Рационалды ойлау ақиқаты" (Common Sense Realism) еңбектерімен байланыстырады, екеуінің де еңбектері Гарвард сабақ оқыту бағдарламасында бар еді. Сол кездері Гарвард кампусында Агассиз бен Платон көп айтылып жазылатын, себебі Гарвард студенттері Агассиз еңбектерінен басқа Ралф Кудуорз бен Жон Норристің Платон трактаттарын (Platonic treatises) және Cэмуйл Колериджтің Қиял көңілі (Romantic vein) деген еңбегін көп оқыған. Гарвард кітапханасының дерегіне сүйенсек, Платон және оның ізбасарларының және осы заманның Қиялшылының әйгілі болғандығы сонша – тіпті классикалық философтар мен деистикалық Шотланд мектебіне тең болған.
Президент Чарлс Эллиот 1869-1909 жылдары сабақ бағдарламасынан християндықты алып тастап, әр студентке қалаған пәнін оқуға жол ашты. Эллиот Америка университеттерінің секулеризациясына ықпалы зор болғанымен, секулеризация оның басты мақсаты емес еді, ол трансценденталистік унитарлыққа бүкіл жүрегімен сенген және бар жігерін осыны жасауға бағыттаған. Ол бұл сенімді Уиллиэм Эллери Чанниң пен Ралф Уалдо Эмерсеннен алған. Осы сенім бойынша, әр адам баласының ішкі дұниесінде Құдай бар, әр адамның ақиқатқа құқығы бар, және, ең бастысы, әр адам құнды, бағалы, әрі абыройлы өмір сүруге хақы бар делінеді.
20-ғасыр
1906 жылы акварельмен салынған Бостонның оңтүстік шығыс пейзажы. [25]
20-шы ғасырда, Гарвардтың қаржы қоры өсіп және атақты профессорлары көбейген сайын, университеттің халықаралық аты ұлғая берді. Магистратура және бакалавр студенттердің саны ұлғайды. 1879 жылы Редклифф Колледжі Гарвард Колледжінің филиалы болып, Амириканың бикеш колледждерінің ең атақтысының біреуіне айналды.
Оқуға қабылдау өзгерістері
Джейс Брайт Конант (президент, 1933-1953) ғылыми-зерттеу жүргізетін институттар арасында стипендиялық силықтар ұсынуды іске қосты. Ол жоғарғы білімді байлардың ғана мүмкіндігіне емес, кез келген талант, қабілеті бар жастың мүмкіндігі ретінде қарастырғандықтан, ол талантты жастарды анықтау мен қолдау жұмысына көп үлес қосты. 1943 жылы Конант өзінің жұмыскерлеріне мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы орташа білім қандай деңгейде болу керек екендігін анықтауды тапсырды. Осы тапсырма бойынша, 1943 жылы шыққан баяндама аясында Америка білім беру тарихындағы ең маңызды манифесттерінің бірі болып табылады.
1945-1960 жылдар арасында жаңа студенттер қабылдау ережелерін өзгерте отырып, қабылданатын түлектер жан-жақты болуды енгізді. Енді унивеситет тек Жаңа Англияның бай отбасыларынан шыққан жекеменшік мектептерде оқыған оқушылар ғана емес, орташа және басқа да отбасыларда тәрбиеленген мемлекеттік мектептерді бітірген оқушылар да Гарвардта білім алуға мүмкіндіктері пайда болды: алайда ЕврЙельер мен Католиктердің қабылдануы Афроамерикадықтар, Азияттықтар мен Испандықтарға қарағанда әлде-қайда көп болды.
Бикеш студенттер
Бикештер Редклиффте бөлек оқығандары мен, Гарвардтың өзінен дәрс алған. Осыған қарамастан, Гарвардтағы студенттердің көпшілігі ер адамдар болды. 1977 Гарвард пен Редклиффтің бірігунен кейін бикештердің-студент саны көбейіп, бүкіл Америкадағы университеттердегі бикеш-оқушыларының көдейуіне әсер етті. Гарваттың магистратура бағдарламасы да туры осындай өзгерістерден өтті.
1999 жылы Редклифф Колледжі (1879 "Harvard Annex for Women" деп құрылған)[28] ресми түрде Гарвард Университетімен бірігіп, Редклифф Терең Білім Беру Институты (Radcliffe Institute for Advanced Study) болып өзгертілді. Редклиффте декан болған Дрю Гилпин Фост (Drew Gilpin Faust) Гарвардтың алғашқы бикеш президенті болып сайланды.
Гарвард ярд ("Holyoke Centerден" түсірілген)
Либерализм
Гарвардта және оның фиалдарында - көп деген Америка университеттері - саяси көз-қарас либералды болып есептеледі. Консерваторлар арасынан шыққан жазушы, Уиллиэм Ф. Баклей Кіші, Гарвардтың лебералды басқармасын жақтырмағанын ашық білдірген, ал Ричард Никсон, 1970 жылдары, Гарвардты критика түрінде оны "Чарлс өзенінің Кремлі" деген, және 1988 жылы вице президент болған Джордж Буш сол жылы өткен сайлудың нашар болуының себебі Гарвадтың либерализмінің ықпалы деп нәтижелеген.
Гарвардтың профессор-жұмысшылары арасында Республикандықтар өте кішкентай пайызын құрайды, және әскери тренингтен (ROTC) өту үшін студенттер қасында орналасқан МТИ-ға (MIT) барады.
Гарвард Колледж анықтама кітабында гей, лезбиандыр мен бисексуалдарға әскерге баруға болмайтын заң Гарвард құндылыұтарымен сәйкес емес және адам құқықтарының дискриминациясы деп түсіндіреді. "
2011 жылы Гарвард әскери тренингісі "Don't ask, don't tell" заңы бойынша жұмыс істейтінін жариялады.
Ұйымдастырылуы мен Администрацисы
Гарвард Гуманитария және Ғылым Факултетінің професорлары Гарвард Колледж, Гарвард Гуманитария және Ғылым Магистратурасы, Редклиф Институты және Гарвард Білім Жалғастыру Мектебі (бұның ішінде Гарвард Жызғы Мектебі және Гарарв Жан-жақты Білім Мектебі) факультеттерінде сабақ біруге жауапты.
Гарвардтың басқарылуы бірнеше ұйымдардан тұрады: Гарвард Бақылаушы Советі және президент пен Гарвард Колледж мүшелері (Гарвард Корпорациясы). Осы ұйымдар университеттің президентін сайлайды. Университетте 16,000-ға жуық адам жұмыс істейді (профессорлерды қосканда). 2009 бен 2010-шы жылдардың санағы бойынша профессорлар мен дәрс оқытушылардың саны 2,410-ға жуық , және бакалавриат оқушыларының саны 7,180, ал магистранттардың саны 13,830. Университеттің түсі қараңғы-қызыл, ағылшынша "crimson", және Гарвардтың спорт топтары мен газетасы "Crimson" деп аталады. Университеттің түсі 1875 жылы студенттердің дауыс беруінен кейін таңдалған.
Гарвард 1900 жылдан бастап Массачусетс Технология Институтымен (МТИ) ынтымақтастық бәсекелестікте. Сол жылы жылы екі университеттің бірігуі талқыланған болған, бірақ Массачусетс сотымен тоқтатылған. Бүгінгі күні екі оқу орындары бәсекеле отыра бірлесіп конференцилар мен бағдарламалар ұйымдастырады. мұның ішіне Гарвард-МТИ Медицина және Технология, Басқарушы Советі, және Гарвард-МТИ Дата Орталығы жатады. Бұдан басқа екі университеттің оқушылары бір- бірінің дәрстеріне қосымша ақы төлеусіз тіркеліп, кредиттер жинай алады.
Гарвард ярд, қысқы кезең. Артында Гарвард жатаханалары көрініп тұр.
Эндаумент/Endowment
Гарвардтың эндаументтінің колемі әлемдегі бүкіл университеттердің арасында ең үлкен. 2008-ші жылғы дағдарыста жоғалтқан ақшасын 2011-дің қыркүйегінде қайтарып алды. 2011-де университеттің эндаументі $32 миллиардқа көтерілді, 2010-ның қыркүйегінде ол $27.6 миллиард болған, ал 2009-да $25.7 миллиард еді, және 2008-2009 жылдары 30% жоғалтқан болған. 2008-дің желтоқсанында, Гарвард өзінің эндаументі 22%-ға төмендегенін жариялаған (шамамен $8 миллиард). Сондықтан 2008-дің шілде-қазан аралығында бюджетін қыcқартқан. Кейін шыққан баяндамалар бойынша дағдарыс кезінде негізгі шығынның екі есе жоғары болып, алғашқы төрт айдың өзінде-ақ эндаумент 50%-ға азайғанын айтады. Форбс 2009-да шығынның көлемі $12 миллиард болды деп жазажы. [48] Бюджетті қалпына келтірудің амалдарының біреуі сол кезде $1.2 миллиардқа салынып жатқан Allston Science Complex (бітірілуі 2011-ге жоспарланған) ғимаратының тоқтатылуы болған.
Кампус
Гарвардтың негізгі кампусы Кэмбридждағы Гарвард ярдта орналасқан. Бұл шамамен Бостонның солтүстік-батысынан бастап Гарвард Скуэйр-ге дейін созылады. Гарвард Ярдттың өзінде университеттің бірнеше административті офистері мен Гарвард Университет Кітапханасы, академиялық ғимараттар, шіркеу (Memorial Church) және университеттің негізгі жатақханалары (бірінші курс студенттерге арналған) орналасқан. Жоғарғы курстың студенттері Гарвард Ярдтың шет жағасында Чарлс Өзенінің алдында тұрған жатаханаларда тұрады. Қосымша Гарвард ярдта "Quad" деген жатаханалар бар. Гарвардтың өзінің "Harvard MBTA" деген студенттерге арналған автобус транспорттары бар. Гарвард Ярдқа қызыл метро тарауымен (Red Line subway) жетуге болады. Гарвард Бизнес Мектебінің және басқа унивевситеттің атлетика орталықтары, мысалы Гарвард Стадионы, Кэмбридждегі кампуске қарама-қарсы Олстанда орналасқан. Екі кампусты байланыстыратын Чарлс Өзенімен асып өтетін Жон Уеекс Көпірі (John W. Weeks Bridge) бар. Бұл көпір тек адамдардың жаяу жүрулеріне арналған. Гарвард Медицина Мектебі, Гарвард Тіс Мектебі, және Гарвард Қоғам Денсаулық Мектебі кампустың "Longwood Medical and Academic Area" деген жерде орналасқан. Бұл шамамен Бостонның солтүстік-батысы мен Кэмбридждің солтүстігі. Әр жатақханың ішінде тамақтанатын асхана, кітапхана, тәрбиешілер, дәрс жаттықтырушылар және күзетушілер бар. Жатаханаларды дұрыс қамтумен Йель университеті жәрдем еткен.
Қыс мезгілі, "Memorial Church" шіркеуі
Рэдклиф Ярд кезінде Редклиф Колледжінің (бүгінгі Редклиф Институты) орталығы болған, ал қазір Гарвард Магистратура Білім Мектеді мен "Cambridge Common" ғимараттар тұрған жер.
2006 - 2008 жылдары Гарвард Университеті өзінің кампусында болған қылмыстарды жариялаған, оның ішінде 48 күштелтен жыныстық қатынастар, 10 жеке адам тонауы, 15 адам өлтірілуі, 750 үй тонау, және 12 жеке көлік ұрланған.
Қосымша алшақ орналасқан кампустар
Кэмбридж, Олстан және Лонуудтан кампустарынан тыс, Гарвардтың тағы Массачусетс штатының Жамайка Пелйн қаласында "Arnold Arboretum" деген орталығы бар; Вашингтонда "Dumbarton Oaks Research Library and Collection" деген зерттеу кітапханасы бар; Петершамда (Массачусетс) "Harvard Forest" орталығы бар; және Флоренцида "Villa I Tatti" зерттеу орталығы бар;[53] және Қытайдағы Гарвард-Шанхай Орталығы бар.
Кампусты кеңейту жоспарлары
Өткен бірнеше жылдың ішінде Гарвард Олстонда көп жер сатып алды. Бұл Чалрс Өзенімен асып өткенде Кэмбриджге қарама-қарсы жатыр және Гарвардтың мақсаты кампусты Бостонның оңтүстігіне қарай үлкейту. Университеттің Олстондағы кампус территориясы Кэмбриджге қарағанда елу пайызға артық. Олстон мен Кэмбридж кампустарын біріктіретін бірнеше көпір салынулары жоспарланып жатыр. Бұл көпірлермен тек жаяу ғана емес, Гарвардтың жеке автобустары, велосипедпен, және жаяу жүреге мүмкіндік болады. Гарвардтың студенттері мен жұмысшыларынан басқа кез келген адам бұл көпірлермен жүрсе болады, бірақ бүкіл қаржыны Гарвард өз қорынан бөледі.
Гарвардтың кампус кеңейтуінің басты мақсаты университеттің ғылым және технология мүмкіндетіріне жол ашу. Университет Олстонда 50,000м² зерттеу орталықтарын салуды жоспарлап отыр. Бұл орталықтарда Гарвард өзінің Инжинерия мен Өсімдік Жасуша Институт (Harvard Stem Cell Institute) факултеттерін орналастырады.
Сонымен қоса, Гарвард өзінің Гарвард Білім Мектебі мен Гарвард Қоғам Денсаулық Мектебін Олстонға көшіруді жоспарлап жатыр. Қосымша жатақханалар, мұражайлар, өнер және театр ғимараттар салынады.
Қоршаған ортаны қорғау/Sustainability
2000 жылы, Гарвард қоршаған ортаны қорғайтын арнайы маманды жұмысқа алып Гарвард Жасыл Кампус идеясын бастаған (Harvard Green Campus). Сол кезден бастап бұл Коршаған ортаны қорғайтын офистері Амарикадағы ең дамыған болып есептеледі. Толығымен 25 адам осы жобада жұмыс атқарып жатыр, және энергия мен су үнемдеу мақсатында $12 миллиард бөліндіктен, Гарвардтың қоршаған ортаны қорғайтын бағдарламасы Америкада ең озық болып саналады. 2010 жылы 27 ең озық университеттер арасынан Гарвард үздік танылып, ең жоғары жүлдені әділ жеңіп алды.
Академия
Massachusetts Hall жатаханасы (1720), Гарвард кампусындағы ең көне ғимарат. [59]
Гарвард өте үлкен зерттеу университеті. 1929 жылы Гарвард New England Association of Schools and Colleges орталығынан акредитациясын алған. Университеттің 46 бакалавриат мамандықтары бар. 134 магистратура мамандықтары бар. 32 професианалды мамандық бар. 2008–2009 жылы Гарвардты 1,664 бакалавр, 400 магистрант, 512 докторант, және 4,460 профисианалды мамандар бітірген.
Гарвардтың ең кіші бөлігін төрт жыл оқитын бакалаврлар құрайды. Олардың көпшілігі "гуманитария мен ғылым" мамандықтарында оқиды. [60] 1978-2008 жылдар арысында, студенттерге өз мамандықтарынан тыс, міндетті сабақ алуға (Core Curriculum) басты жеті дәрсті оқуға талап қойылған.
2008-ден бастап баккалавриат студенттердің міндеттң бағларламалары аясында сегіз дәрс оқып бітіруге талап етілген (Aesthetic and Interpretive Understanding, Culture and Belief, Empirical and Mathematical Reasoning, Ethical Reasoning, Science of Living Systems, Science of the Physical Universe, Societies of the World, and United States in the World).
Гарвардтың мақтан тұтатын докторанттар және магистранттар даярлайтын бағдарламары бар. The Carnegie Foundation for the Advancement of Teaching, The New York Times, және халық Гарвардты сабақ оқытуда магситранттар мен докторанттарды қолданғанын көп критикалаған. Гарвард семестр календарі бойынша жұмыс істейді, қыркүйекте басталып мамырдың ортасында аяқталады. Бакалаврлар әдетте бір семестрдің шінде төрт дәрс алады. Студенттер кез келген мамандық бойынша терең ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыса алады. Гарвардты бітірген студентттердің алдыңғы 4-5% summa cum laude деген дипломға, келесі 15% magna cum laude деген дипломға, және келесі 30% cum laude дипломға ие болады.
Гарвардта жеке ұйымдар да өздерінің Университте белгілі бір ұйымның мүшесі болды деген сертификаттар береді, мысалы Phi Beta Kappa.
2009–2010 оқу жылы Гарвардтың бакалавриат бағдарламасынның бағасы жылына $33,696, және жатақханамен бірге $48,868 еді.
Қаржылай көмек көрсету 2007 жылғы бағдарламасынның аясында, жылдық табыстары $60,000 төмен отбасылар Гарвардта оқуға және жатақханаға ақша төлемейді. Жылдық жалақылары $60,000-$80,000 арасындағы отбасылар бірнеше ғана мың доллар ақша төлеу керек. Ал жылдық жалақылары $120,000 мен $180,000 арасындағы отбасылар табыстарының 10% төлесін деп талап етеді. Осымен қатар, Гарвард $414.1 миллион грант бөлген, $339.5 миллион жеке ұйымдардан бөлінеді, $35.3 миллион мемлекет қорынан бөлінеді, және $39.2 миллион сырттан жеке қолдаушылардан бөлінеді. Бакалавр студенттердің 87.7% Гарвардтың қаржылай көмегімен оқиды, 8.4% студенттер кридетпен, және 3.9% студенттердің оқуын жеке компаниялар төлейді.
Рейтинг
Гарвардтың бакалавриат бағдарламасы Америка университтерінің арасында номер бірінші. Форбс және "The Washington Monthly" оны Америкада алтыншы дейді. [77] [78] Халықаралық рейтингтерде Гарвард және Стэнфордпен екінші орынды бөледі. [79][80][81] 2004-2009 жылдар арасында Гарвард бірінші болған. Academic Ranking of World Universities рейтингісі бойынша Гарвард 2003 жылдан бері әлем бойынша бірінші. Жеке мамандықтар бойынша, Academic Ranking of World Universities Гарвардты гуманитарлық ғылымдар мен математикадан, өмір және ауылшаруашылық ғылымдарынан, медицина мен фармацептикадан, қоғамдық ғылымдардан бірінші болды, ал инжиниринг/технология мен компьютер ғылымдарынан 42-ші орында.[88] 2010 жылы Гарвард әлем бойынша физика мен экономика/бизнестен бірінші, химиядан екінші, математикадан үшінші, және компьютер ғылымдарынан тоғызыншы. 2009 және 2010 жылдары QS Global 200 Business Schools Report рейтингісіне тірелсек, Гарвард әлемнің бірінші университеті.
Соңғы алты жылдың ішінде Гарвардтың студенттерінің саны 19,000 - 21,000 арасында болды. Гарвардта 6,655 бакалавр, 3,738 магистрант, және 10,722 профисионалды студенттер бар.[98] Бакалавр студенттер арасында 51% бикештер, магистранттардың 48% бикештер, және профисиналды студенттердің 49% бикештер.
"Carnegie" қоғамдық қорының айтуынша, Гарвардқа бакалавр студентке оқуға қабылдану өте қиын.[60] Гарвард Колледжді 2013-те бітіргісі келетін бакалавр студенттердің оқуға тапсырған саны 27,462 , оның тек 2,175 (7.9%) студенті қабылданды , және қалбынғандардың 1,658 (76.2%) ғана Гарвардке оқуға баруды жөн деп шешті.[100] Гарвардқа қабылданған бакалаврлардың 95% мектек сыныптарының ең мықты ондығынан болады.[100] Бұның ұстіне, Гарвардта Американың ең үздік мектеп оқушысы аталған 266 студент оқиды.[101] Бакалавр студенттердің 88% университетті төрт жылдың ішінде бітіреді, және 98% алты жылдың ішінде бітіреді.[102]
2010 жылы Гарвард Колледжі бүкіл бакалавриат бағдарламасына тапсырған студенттердің ішінен 6.9% ғана қабылдады. Университеттің бес ғасырлық тарихында бұндай төмен қабылдау көрсеткіші болмаған.[103] 2009 жылы қабылдау көрсеткішінің жоғарырақ болған себебі қаржылай көмектің жоғары болғаны. [104] Халық және бұқаралық ақпарат құралдары Гарвард қабылдау комиссиясының студенттер қабылдау шешімдерін көп талқылап, сынайды. Себебі, Гарвард жергілікті бай ақ Американдықтарды басқа нәсілдерге қарағанда өте көп қабылдайды. [105][106]
Спорт
Гарвард Стадионы. Бұл стадионда "Harvard Crimson" және "Boston Cannons" топтары ойнап жаттығады.
"Henley" жарысындағы Гарвардтың сегіз адамнан құрылған есу (rowing) тобы, 2004
Гарвард-Корнелл университеттерің хоккей жарыс ойны, 2006
Гарвард жоғарғы оқу орны Йель университетімен спорттың әр түрінен қызу бәсекеде. 1875 жылдан бері екі университет үшін ең шулы және асыға күтетін кез күзгі АҚШ футболының ойыны. Бұл ойын "The Game" деп аталады. Гарвардтың АҚШ футдол тобы қазір кезіндегідей жақсы болмаса да (1920 жылы ол "Rose Bowl Game" жарырсын жеңген), Йельмен болатын жарысы ерекше болып саналады. 1903 жылы салынған Гарвард Стадионы бүкіл АҚШ бойынша жаңалық болды. Сол кезде Йель тобының ойыншысы, Уолтер Кэмп (Walter Camp) - АҚШ футболының атасы - Гарвард Стадионында ойыншылардың қауіпсіздігі ойластырмағандығын айтып, стадионды кеңейту керек екендігін ұсынған. Стадионды кеңейтуге мүмкіндік болмаған соң,1906 жылы АҚШ футболындағы пасс беру ережелері өзгертілген. Бұл ереже АҚШ футболыл тарихында ең ірі ережере өзгерісі . [107][108] Гарвардтың бірнеше спорт кешендері бар. Мысалы, Lavietes Pavilion - баскетбол және басқа әртүрлі спорт түрлеріне арналған спорт кешені. Бұдан басқа, бес қабатты "MAC" (Malkin Athletic Center) спорт кешені Гарвардтың спортпен шұғылдануға арналған негізгі кешен. Бұның ішінде олимпиядалық талаптарға сай үлкен бассейн, айробикаға арналған кішкентай бассейн, велосипед тебетін алаң, үш тренажер бөлмесі, күрес залы, баскетбол алаңы, және т.б. Гарвардтың атлетика баптаушылары осы кешенде жұмыс істейді.
Гарвардтың академиялық есу (rowing) бикештер тобы "Weld Boathouse" кешенінде, ал ерлер тобы "Newell Boathouse" кешенінде жаттығады. Ерлер тобы, қосымша, Гарвард-Йель Регатта жарысына дайындалар кезде Коннектикут штатындағы Ledyard қаласында "Red Top" деген кешенде жаттығады. Гарвардтың хоккей тобы "Bright Hockey Center" кешенінде бапталады. Ал, Murr Center кешенінде Гарвадтың cквош және теннис топтары жаттығады. 2006 жылдан бері, АҚШ колледждері арасындағы Бірінші Дивизионындағы жарыстарда Гарвардтың 41 бикеш пен ерлер топтары жарысады. Бұндай жетістікке еш бір колледж қол жеткізбеген. Барлық Айви Лигасына кіретін университеттер сияқты Гарвард студенттерге атликалық грант тағайындамайды. [109]
Гарвард-Йель Регатта тартысы The Game тартысынан 23 жыл бұрын басталған және екі палуанның ең алғаш қарсыластығы болып саналады. Гарвард-Йель Регетта тартысы жыл сайын маусым айында Коннектикут штатанның "Thames" өзенінде өтеді. Гарвардтың есуден (rowing) ерлер тобы АҚШ-тың ең мықты топтарының бірі болып саналады. Сонымен қоса, бүгін Гарвард Кримсонның ерлер хоккей, сквош, және фихтования топтары Корнеллдің топторымен ерекше тартысады. Жақында, Гарвардтың бикештер және ерлер топтары АҚШ-тың колледждері арасында болатын жырыста (NCAA Championship) жеңімпаз атанды. 2003 жылы, Гарвард бүкіл АҚШ колледждер арасында теңізде кемемен жүзу жарысын жеңген. 1989 жылы Гарвардтың хоккей тобы алғаш рет АҚШ коллеждер арасында болған жарысты жеңді. Айви Лиганың колледждерінен бүкіл АҚШ колледері арасындағы бикештер жарыстарында алғаш жеңімпаз болған Гарвардтың лакросс бикештер тобы, 1990 жылы.
Ән
Гарвардтың бір неше спорт әндері бар. Ең жиі айтылатыны Гарвардтың тобымен байланысты: "Ten Thousand Men of Harvard" (Гарвартың он мың адамы) and "Harvardiana"(Гарвардиана). Ал, Гарвардтың алма-матер әні "Fair Harvard" (Керемет Гарвард) деп аталады. Бұл әндер Гарвардтың АҚШ футбол және хоккей топтары жарыстарында ойлады.
Танымал адамдары
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шоқанның Қашқарияға сапары