Кейінгі орта ғасырлардығы Германияның экономикалық және саяси жағдайы
Германияның экономикалық және саяси жағдайы XVI ғасырда Германияның ең бай мемлекет болу мүмкіндігі жеткілікті еді. Оның жері құнарлы, пайдалы кен қазбалары мол, өзен-көлдер мен орман тоғайларға бай болды. Ауа райы шаруашылыққа қолайлы, халқы тәртіпті, еңбеққор еді. Оның үстіне Германия дүниежүзілік сауда жолындағы қолайлы орынға орналасқан болатын. Осындай ұтымды жақтарына қарамастан Германия экономикалық дамуы жағынан артта қала берді. Ол артта қалудың бірнеше себептері бар еді. Оның ең бастысы елдің саяси бытыраңқылығы болды. Германия іс жүзінде өзара қарым-қатынасы жоқ ұсақ кінәздіктерден тұрды. Әрбір кінәз өз теңгесін шығарды, алым-салық жинады, сот жүргізді. Мұндай бытыраңқылық елдің экономикасының онан әрі дамуына зиян келтірді. Бытыраңқылықтан шаруалар мен бюргерлер, яғни қала тұрғындары көп зиян шекті. Бытыраңқылықты жоюға дворяндар да мүдделі болды.

