Вэньянь Қытайдың жазба тілі
04.12.2012 13:27
6606
Вэньянь немесе классикалық қытай тілі - Қытайда ХХ ғасырдың басына дейін қолданылған қытайдың жазба тілі. Иероглифтік жазу сөздің айтылуын емес мағынасын көрсететіндіктен, Вэньянь ескі қытай тілінің синтаксис және морфологиялық нормаларын сақтап қалды, нәтижесінде ХХ ғасырда ауызекі қытай тілі- байхуадан қатты ерекшеленді. Вэньянь- өзінің ресми мәртебесін 1919 жылдың 4 мамырында студенттер қозғалысынан кейін жоғалтып алды, қатысушылар онда Вэньянді қолдамай, байхуа тіліне өтуді талап етті. Сонда да қазіргі қытай тілінде Вэньяннің көптеген элементтері сақталып қалған.
Кітаби тілі. Испан тілі француз тілінен айтылуы бойынша ерекшеленсе, қытай диалектілері өз ішінде бір сөздің бір дәрежеде өзгеше айтылуымен ерекшеленеді, алайда олар ешқашан түрлі тілдер болып есептелмеді – бастысы ортақ бір кітаби тіл бар, ол Вэньянь деп аталады және осы уақытқа дейін жалғыз жазба тілінің жан-жақты қолданылғын түрі болды. Алдында айтылғандай диалектілер бірінші кезекте айтылуы бойынша ерекшеленеді, азырақ лексика, ал ең кіші көлемде грамматикасы бойынша өзгешеленеді. Вэньяннің өзінің айтылу ережесі жоқ, алайда лексикамен грамматика барлық жерде ортақ, бірдей сол үшін Вэньянда мәтін авторы қайдан екенін анықтау мүмкін емес, егерде оны дауыстап оқымаса. Бұл ерте ортағасырдағы кезеңде Еуропада ұлттық тілдер пайда бола бастап, алайда ғалымдар латын тілінде жазуды жалғастырып, әр адам латынша айтылуымен оқып өзінің тіліне сай сөйлеген жағдайды еске түсіреді. Бірақ Вэньянді тек ғалымдар ғана қолданбады, ол басқару органдарында және бизнесте, көбіне газеттер мен кітаптарда, жеке жазбаларда қолданылды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында жазба қатынаста «ортақ түсінікті тілі» путунхуа (оның негізінде байхуа бар-солтүстік диалектілердің ауызекі сөйлеу тілін көрсетуші жазба тілі) пайда болды, дегенмен Вэньяннің маңыздылығы тек ортақ бір ұлттық жазу жүйесінде қолдануы емес сонымен бірге жалпы әдебиеттің жиынтық өнімі, лексикасы стиліне бағынса да, автордың болуынан аз өзгереді. Сондықтан оны иероглифсіз жақса да, ол бүкіл ел үшін ортақ тіл болып қалар еді (әр түрлі айтылуы бойынша), дегенмен иероглифтік жазба, сөзсіз оның бірлігінің сақталуына себеп болды. Вэньяннің бұл аспектісі сауатсыз немесе соқыр болжаушылар мен әңгіме айтушылар, ешқашан иероглиф оқымаса да, еркін түрде классика мен мақал-мәтелдерді Вэньянда жаза және оқи алатын адам сияқты айта береді. Мектеп оқушылары мен студенттер Вэньянда шығармалар жазғанда, ритмді табу үшін сөздерін, сөз тіркестерін алдын ала бірнеше рет айтып алатын, өйткені Вэньян тілінде айтылу әдістері ритмге байланысты. Вэньянда ешкім әңгіме жүргізбейді (қысылған телеграфты стиль ретінде түсінікті болуы, омоним сөздер айтылуға болатын иероглифпен жазылуы (ауызекі) сөйлеу тілін біркелкі етпейді) бірақ оны практикалық мақсаттарда кеңінен қолданады. Вэньяннан түбір сөздерді қазіргі өмірдің түрлі сферасы үшін терминологияны жасау үшін алады және дәл солай көптеген жаңа терминдер пайда болды, қазірде қытай тілінің сөздері болып табылады, олар сөйлеу немесе Вэньян тілінде вэньянцизмдерді белсенді қолдануға алынған.
Қытай жазбасы. Көне қытай жазулары . Қабырғалар және сүйектерден табылған және б.э.д.XІVғ. жатады. Кейбір белгілер бұл жазуларда заттарды және түсініктерді бейнелеп, пиктограмма немесе идеограмма болғанымен, көп белгілер көне заманда нақты сөздерді жазуда қолданылды. Мысалы, екі сызықтан құралған белгіде ег сөзі жазылады, бірақ liаng3 емес, дегенмен екеуі де «екіні» білдіреді; иттің бейнесі келтірілген белгі quan сөзін жазуда қолданылады, бірақ gou3 сөзіне синоним емес.
Иероглиф құратын сызықтарды жазу стилі бірқатар өзгерістерге ұшырағанымен (жазу құралы да нәтижесінде өзгерді), көптеген иероглиф құрылымы Цзинь дәуірінен (221-206 б.э.д.) негізінде өзгерістерге ұшырамады, б.э.д. ІІІ ғасырдан бастап иероглифтер қазіргі кездегі жазуға ұқсай бастады. Қазірде 3 топқа жатқызылатын иероглифтің алты категориясы пайда болды:
1) пиктограммалар және идеограммалар (1500 иероглиф шамасында). Оларға көне қарапайым белгілер жатады (мысалы, mu “ағаш”; san “үш”) санымен қатар құрама белгілер, олар обстрактілі мағына береді (мысалы, han2 “ер адам”, tian2 “дала,өріс” және li4 “күш”деген сөздерден құралған, мағынасы ер адам далада өз күшін пайдалана алады.);
2) фоноидеограммалар (фонограммалар) қазіргі иреолифтердің көп бөлігін құрайды. Бұлар кілттерден тұратын сөз мағынасы немесе морфема туралы түсінік беретін қиын белгілер, фонетиктердің айтуынша, белгінің айтуына жақын, мысалы, “бас” екі кілттен құралады уе “бас” және “баб” фонетикасы tou4 Қытай тілі сөздіктерінде иероглифтер әдетте кілттері бойынша орналастырылады, олардың саны 214;
3) “Кірме” иероглифтер – түрлі құрылым белгілері, басында анық бір сөзді құруға арналған, кейін басқа сөздерді жазуда қолданылған. Мысалы, wan4 баста сарышаян бейнесінде болып, бірақ кейін дәл солай айтылатын wan4 “10000” мағынасындағы сөзге қолданған.
Жоғарыда келтірілген типтердің 1 және 2 категориясы қытай жазуының сипатын европалық тұрғыдан қарастырылған. 3 категория жазу тарихы бойынша маңызды, оның айтылуы және фонетикасының қолданылуы негізгі мағынасынан тәуелсіз- бұл алфавитке жету жолының бірінші қадамы. Келесі логикалық қадам, шынында ешқашан жасалмаған, әр буынның бір иероглифпен жазылуы буын бойынша жазуға алып келеді. Бірақ фонетикалық жазба тілдің дамуындағы бағыт кең тараған фонограмма арқылы тоқталынды, қазірде оған бүкіл иероглифтің көп бөлігі жатады.
Сонымен бірге 2 категорияны да атап өткен жөн, олар дәстүрлі классификация бойынша жіктелмейді. Олардың бірі - “кеңейтілген” иероглифтер категориясы. Мысалы, cai2 “материал” фоноидеограмма, негізгі mu4 элементі “ағаш” және cai2 “талант” фонетикасынан құралған. Бірақ “талант” және “материал” арасында мағынасы байланыс бар және “кеңейтілген” иероглиф “материал, табиғи жабдықтар” деген кең мағынаға ие.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Вэньяннің басқа тілдерден айырмашылығы
Келесі жаңалық
Алматыда екі өрт болды