Жаңалықтар

Вьетнамдағы Американ (АҚШ) агрессиясы

    Вьетнамдағы Американ (АҚШ) агрессиясы - АҚШ билеуші топтарының Вьетнам жеріне 1964-1965 жылдары. американ қарулы күштерін кіргізу арқылы жүргізіп келген соғыс қимылы.    Мақсаты   Оңтүстік Вьетнамдағы ұлт-азаттық қозғалысын жаншу, Cолтүстік Вьетнамда социализм орнатуға кедергі жасау, Оңтүстік Вьетнамды Оңтүстік, Шығыс Азиядағы стратегиялық базасына айналдыру, бейбітшілікке қатер төндіру.   Тарихы   Вьетнамның Ішкі істеріне АҚШ-тың араласуы 1945-1954 жылдардағы Вьетнам халқының қарсыласу соғыстары кезінде ақ басталған болатын. Вьетнам тәуелсіздігі, дербестігі, жерінің бір тұтастығы халықаралық ауқымда танылғандығын паш еткен Женева келісімдерінің (1954) Вьетнам жөніндегі негізгі қағидаларын бұзып, Оңтүстік Азия елдеріне өктемдік ету ниетін жүзеге асыруды көздеген АҚШ 1955 жылдың қантарынан бастап Сайгон үкіметіне тікелей соғыс көмегін көрсетіп, Оңтүстік Вьетнамға соғыс базаларын сала бастады. Оңтүстік Вьетнамдағы азаттық қозғалысын жаншу үшін және Вьетнамды мәңгі-бақи жікке бөлу мақсатымен АҚШ «ерекше соғыс» жоспарларын оның ішінде Оңтүстік Вьетнамды 18 айдың ішінде (негізі Сайгон әскерлерінің күшімен) «тыныштандыруды» көздеген Стейли-Тейлор жоспарын жасады.   1964-1965 жылдар   1964 жылдың орта шеңінде Оңтүстік Вьетнам жерінде 25 мыңдай американ әскері болды, ал сайгон армиясы 350 мың адамға жетті. Алайда американдық «ерекше соғыс» саясаты іске аспады. Американ қару жарағымен қарулаңған американ соғыс ақылгөйлер басқарған сайғон армиясы патриоттық күштердің соққысына төтеп бере алмады. 1964 жылы күзге салым Оңтүстік Вьетнамды азат етудің ұлттық майданының басшылығымен Оңтүстік Вьетнам патриоттары елдегі жердің ¾-ін азат етті. Сайғон тәртібін сақтап қалуға және Оңтүстік Вьетнамды өзінің бақылауында ұстауға тырысқан Американ билеуші топтары дербес социалистік мемлекет Вьетнам Демократиялық Республикасына қарсы соғыс қимылына көше бастады. 1964 жылы тамыз айында АҚШ флотымен авиациясы соғыс жарияламастан Вьетнам Демократиялық Республикасы жағалауындағы бірқатар әскери объектілер мен елді мекендерді бомбалап, оқ жаудырды. Тамыздың 6-7-нде АҚШ конгресі президент Л.Джонсонға АҚШ қарулы күштерін Оңтүстік, Шығыс Азияда пайдалануға ерик берді. Совет Одағы және басқа социалисттік елдер американ соғыс құмарларын Вьетнам Демократиялық Республикасындағы ыланың батыл айтпады, дүние жүзі жұртшылығы мұны АҚШ агрессиясының содырлы сойқаны деп бағалады. Қысқа мерзім ішінде Вьетнам Еңбекшілер Партиясының (ВЕП) шақыруымен жүз мыңдаған жігіт пен қыз өз еркімен армия, халықтық милиция, жол жөндеу боигадаларының қатарына алынды. 1965 жылы 800-ден аса американ самолет атып түсірілді. Сайғон армиясы жеңліліске ұшырай бергендіктен АҚШ негізгі соғыс қимылдарын өзі жүргізуге кірісті. 1965 жылы маусымның 9-да американ авиациясы 17 және 19 параллелдердің арасындағы Вьетнам Демократиялық Республика аудандарын тамыздың аяағында суландыру құрылыстарын бомбалады. Вьетнам Демократиялық Республикасының ооңтүстігіндегі күшті шайқастар 1965 жылдың 1 жартысында Шонгба қаласының түбінде Баж және Куангнгай аудадандарында болды. 1965 жылы АҚШ Оңтүстік Вьетнам Демократиялық Республика патриоттарымен күресу үшін агрессиялық блок жөніндегі одақтастықтарынан (Оңтүстік Корея, Тайланд, Филипин, Австралия, Жаңа Зеландия) әскер күштерін алатын болып келісті.   Империалситердің жетекші соғыс – саяси тобы – НАТО мүшелері (Англия мен ГФР-ден басқасы) Оңтүстік-Шығыс Азиядағы соғыс шиеленісін ұлғайтуға ұстамдылық көзқарас білдірді. АҚШ СЕАТО жөніндегі өзінің одақтасарынан да Вьетнамдағы әрекеті жөнінде бір ауызды қолдау таппады. Франция мен Пакистан АҚШ агрессиясын қолдамады. Оңтүстік Вьетнамдағы американ агрессиясына Латин Америкасы мемлекеттерін тартудың да сәті түспеді. Бұл әрекетті бейтарап мемлекеттер де құп алмады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 20-сессиясында (1965 ж., қыркүйек) Азия, Африка, Латин Америкасы көптеген елдердің өкілдері Вьетнамдағы соғысты тоқтатуды талап етті.     1966 ж. американ агрессорлары ВДР-ге қарсы әуе шабуылын күшейтті. Солтүстік Вьетнамға күн сайын 450, ал кей күндері 500 рет ұшып тұрды. Ең алдымен жол қатынасын талқандап, темір жол, тас жол және су жолдары қатынасын бүлдіру мақсаты көзделді. 1966 ж. көктемде Орталық Вьетнамның жағалаудағы провинциялары мен Контум-Плейку ауданында майдан тың күшпен тағы да үдей түсті. Басқыншылар азаттық армиясының бөлімшелерін қоршап алуға әрекет жасады, бірақ өздері қоршауда қалып, авиацияның қуатты қолдауына қарамастан, ауыр шығынға ұшырады. 1966 жылдың аяқ шенінде американ экспедициялық армиясы 2 есе көбейіп, 380 мың адамға жетті. Вьетнам жағалауында АҚШ-тың 4000-ға жуық соғыс, қосалқы және жол-қатынас самолеттері мен вертолеттері шоғырланды. 1967 жылы американ авиациясы ВДР-ды бомбалауды күшейте түсті. Оның есесіне Солтүстік Вьетнамның әуе шабуылы қорғанысы да ңығайды. 1967 жылы тамызда ОВАЕҰМ Оңтүстік Вьетнамда ұлт бірлестігінің өкілдік демократия коалициялық үкіметін құруды, сөйтіп бейбітшілік пен бейтараптық, Солтүстік және Оңтүстік Вьетнамдағы сырттың араласуынсыз бейбіт келіс сөздер негізінде бірте-бірте біріктіру саясатын жүргізуді көздеген жаңа бағдарлама қабылдады.   1967-1968 жылғы құрғақ маусымның басында американдықтар ірі соғыс қимылдарын жоспарлаған кезде, Оңтүстік Вьетнамда 475 мың әскер, 7-флоттың корабльдерінде 40 мың әскер болды. Бұған қоса онда сайгон әскерлерінің 11 дивизиясы, Оңтүстік Корея жалдамаларының 2 дивизиясы мен 1 бригадасы, Австралия, Жаңа Зеландия, Тайланд, Филиппин әскерлері шоғыланды. Бұл әскерлердің жалпы саны 1967 жылдың аяғына 1300 мыңға таяды. 1967 ж. күзде Контхьена түбінде 70 күндік шайқас болып, онда АҚШ-тың теңіз жаяу әскері титықтап, қорғанысқа көшті.   АҚШ агрессиясының аяқталуы   1968 ж. қаңтарда Кхенсань алқабында ұзаққа созылған ұрыстар басталды. Американдардың аса ірі базаларына сонда-ақ соққы берілді. 1968 ж. қаңтардың 29-ынан 30-ына қараған түнде халық азаттық қарулы күштері халықтың жаппай қолдауымен Оңтүстік Вьетнамның барлық жеріндегі американ әскерлеріне тұтқиылдан шабуыл бастады. Бір мезгілде Сайгон, Хюэ (Гуэ), Дананг, Нячанг, Куинен, Далат (барлығы 43 қала) сияқты аса маңызды қалаларға шабуыл жасалды. АҚШ-тың барлық аса маңызды авиабазалары шабуылға ұшырады. Сайгон іс жүзінде патриоттық күштердің қоршауында қалды.   Вьетнам халқының қаһармандық күресі бүкіл дүние жүзінде моральдық саяси жағынан қолдау тауып отырды. Туысқан елдер, ВДР үкіметі өтінген жағдайда, американ агрессорларына қарсы күресте өз еріктілерінің вьетнам халқына көмекке баруына мүмкіндік туғызуға әзір екендігін білдірді. 1967 ж. маусымда Вьетнам жөнінде Бүкіл дүние жүзілік конференция болып өтті. 1967 ж. қазанда Стокгольмде құрылған халықаралық үйлестіру комитетінің шақыруы бойынша бейбітшілік жолындағы, АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысына қарсы бірыңғай халықаралық қимыл күні өткізілді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 22-сессиясында (1967) 44 мемлекет өкілі АҚШ-ты ВДР-ды бомбалауды тоқтауға шақырды.   АҚШ 1964 жылдың 5 тамыздан 1968 жылдың 31 қазанға дейін 3243 самолетін жоғалтты. Осы уақыт ішінде 143 американ соғыс кемесі суға батырылды және істен шығарылды. АҚШ-тың Вьетнамда өлген және жараланған әскерлерінің саны 1969 жылдың орта шенінде американ соғыс командованиесінің ресми мәліметі бойынша 280 мың адамға жетті.   1969 жылы маусымда Оңтүстік Вьетнам Республикасының (ОВР) Уақытша революция үкіметі жариялануына байланысты Вьетнамдағы американ (АҚШ) агрессиясына қарсы күрестің жаңа кезеңі туды. Халық азаттық қарулы күштері (1969 жылдың 2-жартысында) Оңтүстік Вьетнамның барлық жерінде американ-сайгон әскерлеріне қарсы соғыс қимылдарын өрістетіп, үсті-үстіне соққы берді.   1969 жылы маусымда Мәскеуде өткен коммунистік және жұмысшы партиялары өкілдерінің халықаралық кеңесі Вьетнамдағы американ империализмнің әрекетін қатал айыптап, туысқан вьетнам халқының, ВЕП-тың, ОВАЕҰМ-ның АҚШ агрессиясына қарсы қаһармандық күресіне интернационалдық ынтымақтастық білдірді. Кеңестің негізгі документінде Вьетнам патриоттарының түпкілікті жеңісінің империалистік үстемдік, зорлы-зомбылық саясатына қарсы күресте халықтардың позициясын нығайту үшін принциптік мәні бар екені атап көрсетілді.Бүкіл дүние жүзілік бейбітшілік Ассамблеясы (Берлин, 1969 ж. маусым) дүние жүзі жұртшылығын вьетнам хылқының күресін қолдауға шақырды және АҚШ үкіметінен Вьетнамдағы агрессиялық соғысты тоқтатуды талап етті. Кәсіподақтардың Бүкіл дүние жүзілік 7-конгресі (Будапешт, қазан, 1969) вьетнам патриоттарының күресіне тілектестік білдіретіндігін мәлімдеді. 1969 ж. қарашада АҚШ-та «өлімге қарсы жорық» өткізілді, мұның өзі Вьетнамдағы американ империализмнің соғысына қарсы ең ірі жалпы халықтық бас көтеру болды. Совет Одағы 1969 жылы қазанда тегін экономика және соғыс көмегін көрсету, жаңа ұзақ мерзімді несие беру, 1970 жыл СССР мен ВДР арасындағы тауар айналымы туралы ВДР мен жасасқан келісімдерге сәйкес және совет вьетнам ынтымағының кейбір басқа мәселелері жөніндегі документтері негізінде ВДР-ға үзбей азық-түлік, өнеркәсіп өнімдерін жіберіп келді.   1973 ж. 27 қаңтарда Парижде Вьетнамдағы соғысты тоқтату және бейбітшілікті қалпына келтіру туралы келісімге қол қойылды. Мұның өзі – қаһарман вьетнам халқының американ империалистері мен оның сыбайластарына қарсы соғыстағы тамаша жеңісі, жер жүзіндегі прогресшіл, бейбітшіл күштер бірлігінің жеңісі болды.  
04.12.2012 13:24 10560

 

 
Вьетнамдағы Американ (АҚШ) агрессиясы - АҚШ билеуші топтарының Вьетнам жеріне 1964-1965 жылдары. американ қарулы күштерін кіргізу арқылы жүргізіп келген соғыс қимылы. 
 
Мақсаты
 
Оңтүстік Вьетнамдағы ұлт-азаттық қозғалысын жаншу,
Cолтүстік Вьетнамда социализм орнатуға кедергі жасау,
Оңтүстік Вьетнамды Оңтүстік, Шығыс Азиядағы стратегиялық базасына айналдыру, бейбітшілікке қатер төндіру.
 
Тарихы
 
Вьетнамның Ішкі істеріне АҚШ-тың араласуы 1945-1954 жылдардағы Вьетнам халқының қарсыласу соғыстары кезінде ақ басталған болатын. Вьетнам тәуелсіздігі, дербестігі, жерінің бір тұтастығы халықаралық ауқымда танылғандығын паш еткен Женева келісімдерінің (1954) Вьетнам жөніндегі негізгі қағидаларын бұзып, Оңтүстік Азия елдеріне өктемдік ету ниетін жүзеге асыруды көздеген АҚШ 1955 жылдың қантарынан бастап Сайгон үкіметіне тікелей соғыс көмегін көрсетіп, Оңтүстік Вьетнамға соғыс базаларын сала бастады. Оңтүстік Вьетнамдағы азаттық қозғалысын жаншу үшін және Вьетнамды мәңгі-бақи жікке бөлу мақсатымен АҚШ «ерекше соғыс» жоспарларын оның ішінде Оңтүстік Вьетнамды 18 айдың ішінде (негізі Сайгон әскерлерінің күшімен) «тыныштандыруды» көздеген Стейли-Тейлор жоспарын жасады.
 
1964-1965 жылдар
 
1964 жылдың орта шеңінде Оңтүстік Вьетнам жерінде 25 мыңдай американ әскері болды, ал сайгон армиясы 350 мың адамға жетті. Алайда американдық «ерекше соғыс» саясаты іске аспады. Американ қару жарағымен қарулаңған американ соғыс ақылгөйлер басқарған сайғон армиясы патриоттық күштердің соққысына төтеп бере алмады. 1964 жылы күзге салым Оңтүстік Вьетнамды азат етудің ұлттық майданының басшылығымен Оңтүстік Вьетнам патриоттары елдегі жердің ¾-ін азат етті. Сайғон тәртібін сақтап қалуға және Оңтүстік Вьетнамды өзінің бақылауында ұстауға тырысқан Американ билеуші топтары дербес социалистік мемлекет Вьетнам Демократиялық Республикасына қарсы соғыс қимылына көше бастады. 1964 жылы тамыз айында АҚШ флотымен авиациясы соғыс жарияламастан Вьетнам Демократиялық Республикасы жағалауындағы бірқатар әскери объектілер мен елді мекендерді бомбалап, оқ жаудырды. Тамыздың 6-7-нде АҚШ конгресі президент Л.Джонсонға АҚШ қарулы күштерін Оңтүстік, Шығыс Азияда пайдалануға ерик берді. Совет Одағы және басқа социалисттік елдер американ соғыс құмарларын Вьетнам Демократиялық Республикасындағы ыланың батыл айтпады, дүние жүзі жұртшылығы мұны АҚШ агрессиясының содырлы сойқаны деп бағалады. Қысқа мерзім ішінде Вьетнам Еңбекшілер Партиясының (ВЕП) шақыруымен жүз мыңдаған жігіт пен қыз өз еркімен армия, халықтық милиция, жол жөндеу боигадаларының қатарына алынды. 1965 жылы 800-ден аса американ самолет атып түсірілді. Сайғон армиясы жеңліліске ұшырай бергендіктен АҚШ негізгі соғыс қимылдарын өзі жүргізуге кірісті. 1965 жылы маусымның 9-да американ авиациясы 17 және 19 параллелдердің арасындағы Вьетнам Демократиялық Республика аудандарын тамыздың аяағында суландыру құрылыстарын бомбалады. Вьетнам Демократиялық Республикасының ооңтүстігіндегі күшті шайқастар 1965 жылдың 1 жартысында Шонгба қаласының түбінде Баж және Куангнгай аудадандарында болды. 1965 жылы АҚШ Оңтүстік Вьетнам Демократиялық Республика патриоттарымен күресу үшін агрессиялық блок жөніндегі одақтастықтарынан (Оңтүстік Корея, Тайланд, Филипин, Австралия, Жаңа Зеландия) әскер күштерін алатын болып келісті.
 
Империалситердің жетекші соғыс – саяси тобы – НАТО мүшелері (Англия мен ГФР-ден басқасы) Оңтүстік-Шығыс Азиядағы соғыс шиеленісін ұлғайтуға ұстамдылық көзқарас білдірді. АҚШ СЕАТО жөніндегі өзінің одақтасарынан да Вьетнамдағы әрекеті жөнінде бір ауызды қолдау таппады. Франция мен Пакистан АҚШ агрессиясын қолдамады. Оңтүстік Вьетнамдағы американ агрессиясына Латин Америкасы мемлекеттерін тартудың да сәті түспеді. Бұл әрекетті бейтарап мемлекеттер де құп алмады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 20-сессиясында (1965 ж., қыркүйек) Азия, Африка, Латин Америкасы көптеген елдердің өкілдері Вьетнамдағы соғысты тоқтатуды талап етті.
 
 
1966 ж. американ агрессорлары ВДР-ге қарсы әуе шабуылын күшейтті. Солтүстік Вьетнамға күн сайын 450, ал кей күндері 500 рет ұшып тұрды. Ең алдымен жол қатынасын талқандап, темір жол, тас жол және су жолдары қатынасын бүлдіру мақсаты көзделді. 1966 ж. көктемде Орталық Вьетнамның жағалаудағы провинциялары мен Контум-Плейку ауданында майдан тың күшпен тағы да үдей түсті. Басқыншылар азаттық армиясының бөлімшелерін қоршап алуға әрекет жасады, бірақ өздері қоршауда қалып, авиацияның қуатты қолдауына қарамастан, ауыр шығынға ұшырады. 1966 жылдың аяқ шенінде американ экспедициялық армиясы 2 есе көбейіп, 380 мың адамға жетті. Вьетнам жағалауында АҚШ-тың 4000-ға жуық соғыс, қосалқы және жол-қатынас самолеттері мен вертолеттері шоғырланды. 1967 жылы американ авиациясы ВДР-ды бомбалауды күшейте түсті. Оның есесіне Солтүстік Вьетнамның әуе шабуылы қорғанысы да ңығайды. 1967 жылы тамызда ОВАЕҰМ Оңтүстік Вьетнамда ұлт бірлестігінің өкілдік демократия коалициялық үкіметін құруды, сөйтіп бейбітшілік пен бейтараптық, Солтүстік және Оңтүстік Вьетнамдағы сырттың араласуынсыз бейбіт келіс сөздер негізінде бірте-бірте біріктіру саясатын жүргізуді көздеген жаңа бағдарлама қабылдады.
 
1967-1968 жылғы құрғақ маусымның басында американдықтар ірі соғыс қимылдарын жоспарлаған кезде, Оңтүстік Вьетнамда 475 мың әскер, 7-флоттың корабльдерінде 40 мың әскер болды. Бұған қоса онда сайгон әскерлерінің 11 дивизиясы, Оңтүстік Корея жалдамаларының 2 дивизиясы мен 1 бригадасы, Австралия, Жаңа Зеландия, Тайланд, Филиппин әскерлері шоғыланды. Бұл әскерлердің жалпы саны 1967 жылдың аяғына 1300 мыңға таяды. 1967 ж. күзде Контхьена түбінде 70 күндік шайқас болып, онда АҚШ-тың теңіз жаяу әскері титықтап, қорғанысқа көшті.
 
АҚШ агрессиясының аяқталуы
 
1968 ж. қаңтарда Кхенсань алқабында ұзаққа созылған ұрыстар басталды. Американдардың аса ірі базаларына сонда-ақ соққы берілді. 1968 ж. қаңтардың 29-ынан 30-ына қараған түнде халық азаттық қарулы күштері халықтың жаппай қолдауымен Оңтүстік Вьетнамның барлық жеріндегі американ әскерлеріне тұтқиылдан шабуыл бастады. Бір мезгілде Сайгон, Хюэ (Гуэ), Дананг, Нячанг, Куинен, Далат (барлығы 43 қала) сияқты аса маңызды қалаларға шабуыл жасалды. АҚШ-тың барлық аса маңызды авиабазалары шабуылға ұшырады. Сайгон іс жүзінде патриоттық күштердің қоршауында қалды.
 
Вьетнам халқының қаһармандық күресі бүкіл дүние жүзінде моральдық саяси жағынан қолдау тауып отырды. Туысқан елдер, ВДР үкіметі өтінген жағдайда, американ агрессорларына қарсы күресте өз еріктілерінің вьетнам халқына көмекке баруына мүмкіндік туғызуға әзір екендігін білдірді. 1967 ж. маусымда Вьетнам жөнінде Бүкіл дүние жүзілік конференция болып өтті. 1967 ж. қазанда Стокгольмде құрылған халықаралық үйлестіру комитетінің шақыруы бойынша бейбітшілік жолындағы, АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысына қарсы бірыңғай халықаралық қимыл күні өткізілді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 22-сессиясында (1967) 44 мемлекет өкілі АҚШ-ты ВДР-ды бомбалауды тоқтауға шақырды.
 
АҚШ 1964 жылдың 5 тамыздан 1968 жылдың 31 қазанға дейін 3243 самолетін жоғалтты. Осы уақыт ішінде 143 американ соғыс кемесі суға батырылды және істен шығарылды. АҚШ-тың Вьетнамда өлген және жараланған әскерлерінің саны 1969 жылдың орта шенінде американ соғыс командованиесінің ресми мәліметі бойынша 280 мың адамға жетті.
 
1969 жылы маусымда Оңтүстік Вьетнам Республикасының (ОВР) Уақытша революция үкіметі жариялануына байланысты Вьетнамдағы американ (АҚШ) агрессиясына қарсы күрестің жаңа кезеңі туды. Халық азаттық қарулы күштері (1969 жылдың 2-жартысында) Оңтүстік Вьетнамның барлық жерінде американ-сайгон әскерлеріне қарсы соғыс қимылдарын өрістетіп, үсті-үстіне соққы берді.
 
1969 жылы маусымда Мәскеуде өткен коммунистік және жұмысшы партиялары өкілдерінің халықаралық кеңесі Вьетнамдағы американ империализмнің әрекетін қатал айыптап, туысқан вьетнам халқының, ВЕП-тың, ОВАЕҰМ-ның АҚШ агрессиясына қарсы қаһармандық күресіне интернационалдық ынтымақтастық білдірді. Кеңестің негізгі документінде Вьетнам патриоттарының түпкілікті жеңісінің империалистік үстемдік, зорлы-зомбылық саясатына қарсы күресте халықтардың позициясын нығайту үшін принциптік мәні бар екені атап көрсетілді.Бүкіл дүние жүзілік бейбітшілік Ассамблеясы (Берлин, 1969 ж. маусым) дүние жүзі жұртшылығын вьетнам хылқының күресін қолдауға шақырды және АҚШ үкіметінен Вьетнамдағы агрессиялық соғысты тоқтатуды талап етті. Кәсіподақтардың Бүкіл дүние жүзілік 7-конгресі (Будапешт, қазан, 1969) вьетнам патриоттарының күресіне тілектестік білдіретіндігін мәлімдеді. 1969 ж. қарашада АҚШ-та «өлімге қарсы жорық» өткізілді, мұның өзі Вьетнамдағы американ империализмнің соғысына қарсы ең ірі жалпы халықтық бас көтеру болды. Совет Одағы 1969 жылы қазанда тегін экономика және соғыс көмегін көрсету, жаңа ұзақ мерзімді несие беру, 1970 жыл СССР мен ВДР арасындағы тауар айналымы туралы ВДР мен жасасқан келісімдерге сәйкес және совет вьетнам ынтымағының кейбір басқа мәселелері жөніндегі документтері негізінде ВДР-ға үзбей азық-түлік, өнеркәсіп өнімдерін жіберіп келді.
 
1973 ж. 27 қаңтарда Парижде Вьетнамдағы соғысты тоқтату және бейбітшілікті қалпына келтіру туралы келісімге қол қойылды. Мұның өзі – қаһарман вьетнам халқының американ империалистері мен оның сыбайластарына қарсы соғыстағы тамаша жеңісі, жер жүзіндегі прогресшіл, бейбітшіл күштер бірлігінің жеңісі болды.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Вьетнам