Вестернизация
04.12.2012 13:17
6124
Вестернизация - (western - бастыстық) - дамушы елдердегі қоғамның барлық салаларын "батыстандыру". Батыстық емес (Азия, Африка, Латын Америкасы) елдердің саясатына, экономикасына, ұлттық мәдениетіне батыстық құндылықтарды, принциптерді, әдістерді, тәсілдерді енгізу процесі. Ең алдымен батыстық әлемнің мынадай негізгі - демократияға бет бүру, мемлекеттің конституциялық құрылымы, билік бөлінісі, парламенттің болуы, сайлау жүйесі, ұлттық экономиканы нарықтық тұрғыда ұйымдастыру сияқты принциптері алға тартылады. Бүл процесс үш жүз жылдан аса уақыт бойы әлемнің әр аймағында әртүрлі жағдайларда, әртүрлі қарқынмен, әркелкі нәтижемен жүргізілуде. Көптеген осы процесті зерттеушілер мен сынаушылар бірнеше мәрте оның аса қайшылықты, күрделі екендігін жарыса айтты. Тарихта бірден-бір сәтті өткен мысал ретінде XVIII ғасырдың басында Ресей императоры ұлы Петр жүргізген реформаларды атауға болады. Қазіргі дәуірде жаһандандыру мен батыстандыру процестерін бірдейлендіріп ұқсастырмаса да, жақындастыруға талпынатындар да баршылық, алайда бүл көзқарас шындыққа жанаспайды.
Вестернизация - жалпақ әлемдегі дәстүрлі мәдениеттегі елдерге қарсы бірден-бір дәстүрлі емес мәдениетті ұстанушы батыстың етек жаюы. Әлемдегі ықпалдасу процестерін желеу етіп, жаһандануды батыстандыруға айналдыруға тырысатын жағдайлар да баршылық. Кейбір батыстық зерттеушілер және саясаткерлер "жаһандану" ұғымын либералды демократия мен ашық нарықтың синонимі ретінде қарастырады. Қазіргі экономикалық және саяси әлеуеті жағынан батыс өркениеті біршама басым түсіп отыр. Батыстық әлемге жатпайтын көптеген елдер жол айрықта, таңдаудың алдында түр:
1) ештеңені өзгертпеу;
2) батыстану жолына түсу; яғни батыстық мәдениетті сіңіріп, мәңгі шетқақпай көруге келісу;
3) модернизацияны өзіндік мәдени бірегейлігіне сәйкестендіріп бейімдеу, онымен қоймай, ұлттық ерекшеліктерін ұтымды пайдалану.
Батыстандыру - дамушы елдердің нарықтарына тауарларын өткізу, табиғи және еңбек ресурстарына еркін қол жеткізу, артық капиталды экспорттау арқылы баюды көздеген дамыған елдердің прагматикалық мүдделерінің басты идеясы. Алайда, батысша универсализм және жаһандануды қалған әлем көп жағдайда гегемонизм және империализм деп түсінеді. Батыстың қол жеткізген табыстарын бағалай отырып, басқа елдер батыстандырусыз модернизацияға дайын.Әлемде, сондай-ақ Батыста өзінің құлдырау дәуірін бастан кешіріп отырған шығыс мәдениетінің батыстық мәдениеттен әлдеқайда терең әрі көне екендігін, оның еш кем еместігін мойындайтын пікірлер кең таралған. Сонымен қатар, Батыс шығыс философиясымен айналысып, оның дүниетанымдық ұстанымдарына қызығушылық танытады. Конфуциандық, буддизм және индуизмнің құндылықтары жаңа мәнге ие болып, түсіністік табуда. Жалпы, әртүрлі мәдени тәсілдер және олардың қоғамдық қатынастардағы тиімділігі талданады. Мысалы, Батыс құқықты, заңдарды, келісім-шарттарды жоғары қояды, Шығыс - келісім негізінде қабылданған міндеттемелер мен шешімдерді құрмет тұтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Квант физикасы
Келесі жаңалық
Алматыда екі өрт болды