Жаңалықтар

Кашмир

КАШМИР – Азиядағы Гималай мен Тибет таулары тоғысқан тұста орналасқан тарихи өлке. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда Үндістан жерінде болған түрлі мемлекеттік құрылымдар құрамына кірді. 1586 ж. К. Моғол империясына енді (қ. Акбар), 1736 ж. оны ауғандар, 1818 ж. сикхтер басып алды. 1845 – 46 ж. 1-ағылшын-сикх соғысында ағылшын отаршылдары жаулап алды. К. Джамму раджаларының басқаруына берілді. Джамму ақсүйектерінің езгісіне қарсы кашмирліктер жиі-жиі көтеріліс жасап тұрды (ең ірілері 1931 – 33 және 1946 ж. болды). 1947 ж. тамызда тәуелсіз екі мемлекет – Үндістан мен Пәкстан құрылуына байланысты, К. даулы өлкеге айналды. Кейбір тайпалар Пәкстан құрамына қосылса, қалғандары Үндістанға қосылуды қалады. Екі арада қарулы қақтығыстар басталып, екі ел басшылары БҰҰ-на шағым түсірді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 5 елден ара ағайындық комиссия құрды. 1949 ж. 1 қаңтарда соғыс қимылдары тоқтатылып, 27 шілдеде шекара сызығы белгіленді. Батыс және Солт.-Батыс К. Пәкстанға, ал қалған көпшілік бөлік Үндістанға бағындырылды. 1952 ж. шілдеде К. билеушісі (махараджа) мен Үндістан үкіметі арасында Дели келісімі жасалды, өлке Джамму және Кашмир штаты деген атпен Үндістан құрамына енгізілді, бұл шешімді жаңа штаттың ұйысу жиналысы 1956 ж. 17 қарашада қабылданған конституциямен бекітті. Осыған байланысты Үндістан бұл мәселе біржола шешімін тапты деп есептеді. Пәкстан, керісінше, Джамму және К-де референдум жүргізуді талап етті. Осыдан кейін К. мәселесі БҰҰ-нда бірнеше рет көтерілді және 1955, 1960, 1962, 1963 ж. үнді-пәкстан кездесулерінде талқыланып, ешқандай нәтижеге қол жетпеді. Екі ел арасында 1965 ж. туған кезекті қарулы қақтығыс КСРО мен басқа да елдердің белсенді араласуымен тоқтатылды. Ташкент кездесуінде (4 – 10 қаңтар 1966 ж.) екі ел басшылары үнді-пәкстан қатынастарын реттеуге жол ашатын декларацияға қол қойды. Бірақ К. мәселесі әлі де толық шешімін таба алмай келеді. 2001 ж. Үндістан мен Пәкстан елдері ядр. державаға айналып, К. екі ел арасындағы ғана емес, Азия құрлығындағы ең бір қауіпті аймақтардың біріне айналды. 2002 ж. көктемде Үндістан мен Пәкстан арасында кезекті К. жанжалы басталып, арты қарулы қақтығысқа ұласты. Әлемдік деңгейдегі аса үлкен соғысқа жол бермеу үшін Қазақстан Президенті Н.Назарбаев екі ел басшыларын Азиядағы өзара ынтымақтастық пен сенім шаралары кеңесіне қатысуға, келіссөз үстеліне отыруға шақырды. Бұл шақыруды екі ел басшысы да қабыл алып, 2002 ж. 3 маусымда Алматыға келді. 4 маусымда өткен саммит кезінде олар өздерінің ядр. қаруын бірінші болып қолданбайтындықтары жөнінде мәлімдеме жасады.  Е. Жақыпов  
04.12.2012 13:12 6732

КАШМИР – Азиядағы Гималай мен Тибет таулары тоғысқан тұста орналасқан тарихи өлке. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда Үндістан жерінде болған түрлі мемлекеттік құрылымдар құрамына кірді. 1586 ж. К. Моғол империясына енді (қ. Акбар), 1736 ж. оны ауғандар, 1818 ж. сикхтер басып алды. 1845 – 46 ж. 1-ағылшын-сикх соғысында ағылшын отаршылдары жаулап алды. К. Джамму раджаларының басқаруына берілді. Джамму ақсүйектерінің езгісіне қарсы кашмирліктер жиі-жиі көтеріліс жасап тұрды (ең ірілері 1931 – 33 және 1946 ж. болды). 1947 ж. тамызда тәуелсіз екі мемлекет – Үндістан мен Пәкстан құрылуына байланысты, К. даулы өлкеге айналды. Кейбір тайпалар Пәкстан құрамына қосылса, қалғандары Үндістанға қосылуды қалады. Екі арада қарулы қақтығыстар басталып, екі ел басшылары БҰҰ-на шағым түсірді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 5 елден ара ағайындық комиссия құрды. 1949 ж. 1 қаңтарда соғыс қимылдары тоқтатылып, 27 шілдеде шекара сызығы белгіленді. Батыс және Солт.-Батыс К. Пәкстанға, ал қалған көпшілік бөлік Үндістанға бағындырылды. 1952 ж. шілдеде К. билеушісі (махараджа) мен Үндістан үкіметі арасында Дели келісімі жасалды, өлке Джамму және Кашмир штаты деген атпен Үндістан құрамына енгізілді, бұл шешімді жаңа штаттың ұйысу жиналысы 1956 ж. 17 қарашада қабылданған конституциямен бекітті. Осыған байланысты Үндістан бұл мәселе біржола шешімін тапты деп есептеді. Пәкстан, керісінше, Джамму және К-де референдум жүргізуді талап етті. Осыдан кейін К. мәселесі БҰҰ-нда бірнеше рет көтерілді және 1955, 1960, 1962, 1963 ж. үнді-пәкстан кездесулерінде талқыланып, ешқандай нәтижеге қол жетпеді. Екі ел арасында 1965 ж. туған кезекті қарулы қақтығыс КСРО мен басқа да елдердің белсенді араласуымен тоқтатылды. Ташкент кездесуінде (4 – 10 қаңтар 1966 ж.) екі ел басшылары үнді-пәкстан қатынастарын реттеуге жол ашатын декларацияға қол қойды. Бірақ К. мәселесі әлі де толық шешімін таба алмай келеді. 2001 ж. Үндістан мен Пәкстан елдері ядр. державаға айналып, К. екі ел арасындағы ғана емес, Азия құрлығындағы ең бір қауіпті аймақтардың біріне айналды. 2002 ж. көктемде Үндістан мен Пәкстан арасында кезекті К. жанжалы басталып, арты қарулы қақтығысқа ұласты. Әлемдік деңгейдегі аса үлкен соғысқа жол бермеу үшін Қазақстан Президенті Н.Назарбаев екі ел басшыларын Азиядағы өзара ынтымақтастық пен сенім шаралары кеңесіне қатысуға, келіссөз үстеліне отыруға шақырды. Бұл шақыруды екі ел басшысы да қабыл алып, 2002 ж. 3 маусымда Алматыға келді. 4 маусымда өткен саммит кезінде олар өздерінің ядр. қаруын бірінші болып қолданбайтындықтары жөнінде мәлімдеме жасады. 

Е. Жақыпов
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға