Жаңалықтар

Катакомба мәдениеті

КАТАКОМБА МӘДЕНИЕТІ (лат. Catacomba – жер астындағы қабір) – Еуразия құрлығының орталығындағы қола дәуірінің ғұрыптық құрылыстарының археологиядағы атауы (б.з.б. 2-мыңжылдықтың 1-ші жартысы мен 3-ші ширегі). Қара т. бен Кавказдың солт-ндегі далалық өлкелерде тараған. Ескерткіштер батыста Днепр, шығыста Орта Еділ өз-нің, солт-те Курск мен Елец қ-лары мен оңт-те Қырым өлкесі аралығын қамтиды. Алғаш рет В.А. Городцов 20 ғ-дың басында Солт. Донец өз. алқабында ашты. Кейін Б.А. Латынин, А.П. Круглов, Т.Б. Попова, С.Н. Братченко және т.б. жаңа деректер негізінде біршама толықтырулар енгізіп, жалпы сипаттамаларын жасады. Деректердің басым көпшілігі әр аймаққа кеңінен тараған зираттардан алынды. Мәдениеттің атының өзі жерлеу ескерткіштерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Катакомба жер асты қабірі ұғымын береді. Мұндағы кішігірім шұңқыр қабірлердің бүйірінде ақым тәріздес бөлек жерлеу бөлмесі, яғни катакомба жасалып, мүрделер соның ішіне қойылған. Негізінен, онда мүрдені бүрістіріп жерлеу тәсілі тән. Ал қоныстар аз зерттелген. Камышин қ. мен Луганск төңірегінен, сондай-ақ, Дон өз. бойынан ашылған қоныстардан құнды деректер алынды. Оңт. өлкелердегі тайпалар қамыстан тоқып, сырты балшықпен сыланған үйлерді мекендесе, солт. пен шығыста ағаш шатырлы жеркепе түріндегі баспаналар тараған. Қоладан құйылған жапырақ пішіндес пышақтар, тесікті балталар, біз бен іздер түрлі әшекейлер заттық мәдениеттің ерекше белгілеріне жатады. Сонымен қатар, тұрғындар өмірінде шақпақтастан жасалған жебе мен найза ұштары, пышақтар мен қырғыштар, тесікті балталар сияқты тас құралдар әлі де болса көбірек орын алады. Тас балталар, т.б. құралдар ерекшеліктері бойынша Солт. Кавказ мәдениетіне жақын. Қыш ыдыстары әр түрлі. Сипаттамасы жағынан Көнешұңқыр мәдениетінің қышынан мүлдем оқшауланып тұрады. Бүйірі шығыңқы, мойны жіңішкелеу көзелер кеңірек қолданылған. Үшкір құралдармен басылған оюлар, негізінен, үшбұрыштар, шеңберлер, спиральдар. Отырықшы тайпалардың негізгі кәсіптері егін, мал ш. болған. Жерді шағын тас кетпендермен өңдеген. Оңт-те қойды, солт-те сиырды көбірек өсірген. Барлық өңірде де балық аулау мен аңшылық дамыған. Ескерткіштердің таралу аумағы өте үлкен болғандықтан, оларға түрлі дәрежедегі аймақтық өзгешеліктер тән. Осы орайда ғалымдар жекелеген аймақтық мәдениеттерден тұратын үлкен катакомба мәдени қауымдастығы деген атауды ұстанады. Мыс., Донецк алқабында тараған нұсқасын осы қауымдастыққа кіретін жеке Донецк мәдениеті ретінде қарастырады. К. м-нің шығу тегі күрделі мәселелер қатарында саналады. Зерттеушілердің пікірінше, оның іргетасын қалауға өзінің алдындағы Көнешұңқыр мәдениетінің тайпалары қатысқанымен, сырттан келген ықпалдардың әсері үлкен болған. Соның ішінде, Солт. Кавказ тарапынан келген тайпалардың қомақты мәдени әсері бар. Қыш ыдыстың қалыптасуында Орт. және Шығ. Еуропа көне мәдениеттерінің ықпалдары көрінеді. Тіпті катакомбалап жерлеу ғұрпының өзі жергілікті мәдени дәстүрге жатпайды, бұл Жерорта т. маңынан келген болуы мүмкін. Әдеб.: Попова Т.Б., Племена катакомбной культуры, М., 1955; Братченко С.Н., Нижнее Подонье в эпоху средней бронзы, Киев, 1976; Мартынов А.И., Археология, М., 1996. А. Бейсенов  
04.12.2012 12:47 7685

КАТАКОМБА МӘДЕНИЕТІ (лат. Catacomba – жер астындағы қабір) – Еуразия құрлығының орталығындағы қола дәуірінің ғұрыптық құрылыстарының археологиядағы атауы (б.з.б. 2-мыңжылдықтың 1-ші жартысы мен 3-ші ширегі). Қара т. бен Кавказдың солт-ндегі далалық өлкелерде тараған. Ескерткіштер батыста Днепр, шығыста Орта Еділ өз-нің, солт-те Курск мен Елец қ-лары мен оңт-те Қырым өлкесі аралығын қамтиды. Алғаш рет В.А. Городцов 20 ғ-дың басында Солт. Донец өз. алқабында ашты. Кейін Б.А. Латынин, А.П. Круглов, Т.Б. Попова, С.Н. Братченко және т.б. жаңа деректер негізінде біршама толықтырулар енгізіп, жалпы сипаттамаларын жасады. Деректердің басым көпшілігі әр аймаққа кеңінен тараған зираттардан алынды. Мәдениеттің атының өзі жерлеу ескерткіштерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Катакомба жер асты қабірі ұғымын береді. Мұндағы кішігірім шұңқыр қабірлердің бүйірінде ақым тәріздес бөлек жерлеу бөлмесі, яғни катакомба жасалып, мүрделер соның ішіне қойылған. Негізінен, онда мүрдені бүрістіріп жерлеу тәсілі тән. Ал қоныстар аз зерттелген. Камышин қ. мен Луганск төңірегінен, сондай-ақ, Дон өз. бойынан ашылған қоныстардан құнды деректер алынды. Оңт. өлкелердегі тайпалар қамыстан тоқып, сырты балшықпен сыланған үйлерді мекендесе, солт. пен шығыста ағаш шатырлы жеркепе түріндегі баспаналар тараған. Қоладан құйылған жапырақ пішіндес пышақтар, тесікті балталар, біз бен іздер түрлі әшекейлер заттық мәдениеттің ерекше белгілеріне жатады. Сонымен қатар, тұрғындар өмірінде шақпақтастан жасалған жебе мен найза ұштары, пышақтар мен қырғыштар, тесікті балталар сияқты тас құралдар әлі де болса көбірек орын алады. Тас балталар, т.б. құралдар ерекшеліктері бойынша Солт. Кавказ мәдениетіне жақын. Қыш ыдыстары әр түрлі. Сипаттамасы жағынан Көнешұңқыр мәдениетінің қышынан мүлдем оқшауланып тұрады. Бүйірі шығыңқы, мойны жіңішкелеу көзелер кеңірек қолданылған. Үшкір құралдармен басылған оюлар, негізінен, үшбұрыштар, шеңберлер, спиральдар. Отырықшы тайпалардың негізгі кәсіптері егін, мал ш. болған. Жерді шағын тас кетпендермен өңдеген. Оңт-те қойды, солт-те сиырды көбірек өсірген. Барлық өңірде де балық аулау мен аңшылық дамыған. Ескерткіштердің таралу аумағы өте үлкен болғандықтан, оларға түрлі дәрежедегі аймақтық өзгешеліктер тән. Осы орайда ғалымдар жекелеген аймақтық мәдениеттерден тұратын үлкен катакомба мәдени қауымдастығы деген атауды ұстанады. Мыс., Донецк алқабында тараған нұсқасын осы қауымдастыққа кіретін жеке Донецк мәдениеті ретінде қарастырады. К. м-нің шығу тегі күрделі мәселелер қатарында саналады. Зерттеушілердің пікірінше, оның іргетасын қалауға өзінің алдындағы Көнешұңқыр мәдениетінің тайпалары қатысқанымен, сырттан келген ықпалдардың әсері үлкен болған. Соның ішінде, Солт. Кавказ тарапынан келген тайпалардың қомақты мәдени әсері бар. Қыш ыдыстың қалыптасуында Орт. және Шығ. Еуропа көне мәдениеттерінің ықпалдары көрінеді. Тіпті катакомбалап жерлеу ғұрпының өзі жергілікті мәдени дәстүрге жатпайды, бұл Жерорта т. маңынан келген болуы мүмкін.

Әдеб.: Попова Т.Б., Племена катакомбной культуры, М., 1955; Братченко С.Н., Нижнее Подонье в эпоху средней бронзы, Киев, 1976; Мартынов А.И., Археология, М., 1996.
А. Бейсенов
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға