Жаңалықтар

Бірегейлік өлшемдері

  Бірегейлік — басты өлшем. Республиканың мемлекеттік кұрылысы мен дамуына тура қатысы бар бұл әлеуметтік-философиялық қондырғыдағы пішінделуі бойынша "бірегейлік объектінің өз ұғымына барабарлығын, болмысының нақтылығын, тұтастығын білдіреді". Олай болса, мемлекеттік бірегейлік дегеніміз — Қазақстан Республикасының тәуелсіз, унитарлы, демократиялық мемлекет ұғымына сай келуін, ал ұлттың бірегейлік божа, қарастырылып отырған қауымдастықтың тәуелсіз ұлтқа тән белгілер мен қасиеттерге ие болуын көрсетеді. Қазақтың ұлттық бірегейлігі Қазақстан Республикасының ұлттық унитарлы мемлекеті шеңберінде жүзеге асырылады. Сайып келгенде, Қазақстанның гүлденуі қазақ ұлтының еркендеуіне немесе қазақ ұлтының әлеуметтік прогреске қол созуы Қазақстан коғамының дамуына ықпал етіп отыруы тиіс. Өйткені этностың даму қисынының өзі — ұлттың өмір сүруі мен дамуының материалдық және рухани жағдайын қамтамасыз ететін құрал ретінде мемлекеттің пайда болу қажеттігін негіздейді. Қоғам ұлттық мүддені ескерушілер мен ескермеушілерден, ұлттық өзіндік санасы жоғарылар мен төмендерден, ұлт тілін білетіндер мен білмейтіндерден, ұлттық дәстүр мен моральды сақтайтындар мен сақтамайтындардан, кейде ұлттық мүдделер үшін белсенді күресетіндер мен күреспейтіндерден, т.б. тұрады. Ұлттық психологияға, моральға, дәстүрлерге қатысты да осы формуланы колдануға болады: ұлт өкілдері арасында оларды бойына сіңіріп алып жүрушілер бар және оларды елемейтіндер бар. Тиісінше, олардың алдыңғылары "ұлт екілі" ұғымына бірегейлігі барлар, соңғылары бірегейлігі жоқтар болып шығады. Ұлттық психологияның нағыздығы оның белгілерінің ұлттың жекелеген өкілдерінің кез келгенінен табыла бермейтінін көрсетеді. Ұлт болған соң оның ұлтты келбеттейтін, оның тұрпатты өкілдері және ұлтты келбеттей алмайтын топтар болады. Осы тұстан: ұлтты келбеттей алатындарға және келбеттей алмайтындарға кімдер жатады деген сұрақ туындайды. Оны ұлт кадрларының сапалық деңгейлеріне талдау жасай отырып айқындауға болады.   Маргиналдық мәселелер.   Әлеуметтік өмірде алуан түрлі үдерістер жүріп жатады: жеке адамдар немесе топ адамдар елінен, ұлтынан, мәденитілдік ортасынан ажырап қалатын жағдайлар жиі ұшырасады. Осындай "бағынышты топтан" — өзінің әлеуметтік ортасынан ажырап қалғандарды маргинал тұлғалар деп атау қалыптасқан. Қазіргі қазақ ұлтына катысты алғанда маргиналдық маңыз аларлық мәселеге айналып отыр. Қазақ арасында тілі орысша шыққандар ұлттық тілге, мәдениетке, дәстүрге қатысты алып қарағанда маргиналдар тобын кұрайды. Мұны кысқаша ұлттық болмысқа қатысты маргиналдық деп атауға болады. Ұлттық дәстүрлер мен моральдан алыста калған, "белең алған топтың" қалыптық - құндылық жүйесіне толық еніп болмаған орыс тілді қазақтар ұлттық мәдениеттің мәніне терең үңіле алмайды, оны толыққанды қабылдай алмайды. Негізінен, мәдениеті жоғары ортада — калада өскендіктен, жүйелі білім алғандықтан бұл топтың арасында білгір және іскер қызметкерлер аз емес. Орыс тілінде сөйлейтін қазақтардың қазақ тілділерге қарағанда жеке бас мәдениеті, кәсіби-сапалық дайындығы, әлеуметтік бейімделу деңгейі жоғары. Олар жүздесу қалыптары мен қала әдебін де меңгерген. Бұл артықшылығы оларды өзге ұлт өкілдерімен тез сіңістіріп жіберуге жағдай жасайды. Олар коғамдық қызметті біршама тәуір аткарады. Қазір олардың отаншылдық сезімдері де күшейіп келеді.  
04.12.2012 12:28 9763

 

Бірегейлік — басты өлшем. Республиканың мемлекеттік кұрылысы мен дамуына тура қатысы бар бұл әлеуметтік-философиялық қондырғыдағы пішінделуі бойынша "бірегейлік объектінің өз ұғымына барабарлығын, болмысының нақтылығын, тұтастығын білдіреді". Олай болса, мемлекеттік бірегейлік дегеніміз — Қазақстан Республикасының тәуелсіз, унитарлы, демократиялық мемлекет ұғымына сай келуін, ал ұлттың бірегейлік божа, қарастырылып отырған қауымдастықтың тәуелсіз ұлтқа тән белгілер мен қасиеттерге ие болуын көрсетеді. Қазақтың ұлттық бірегейлігі Қазақстан Республикасының ұлттық унитарлы мемлекеті шеңберінде жүзеге асырылады. Сайып келгенде, Қазақстанның гүлденуі қазақ ұлтының еркендеуіне немесе қазақ ұлтының әлеуметтік прогреске қол созуы Қазақстан коғамының дамуына ықпал етіп отыруы тиіс. Өйткені этностың даму қисынының өзі — ұлттың өмір сүруі мен дамуының материалдық және рухани жағдайын қамтамасыз ететін құрал ретінде мемлекеттің пайда болу қажеттігін негіздейді. Қоғам ұлттық мүддені ескерушілер мен ескермеушілерден, ұлттық өзіндік санасы жоғарылар мен төмендерден, ұлт тілін білетіндер мен білмейтіндерден, ұлттық дәстүр мен моральды сақтайтындар мен сақтамайтындардан, кейде ұлттық мүдделер үшін белсенді күресетіндер мен күреспейтіндерден, т.б. тұрады. Ұлттық психологияға, моральға, дәстүрлерге қатысты да осы формуланы колдануға болады: ұлт өкілдері арасында оларды бойына сіңіріп алып жүрушілер бар және оларды елемейтіндер бар. Тиісінше, олардың алдыңғылары "ұлт екілі" ұғымына бірегейлігі барлар, соңғылары бірегейлігі жоқтар болып шығады. Ұлттық психологияның нағыздығы оның белгілерінің ұлттың жекелеген өкілдерінің кез келгенінен табыла бермейтінін көрсетеді. Ұлт болған соң оның ұлтты келбеттейтін, оның тұрпатты өкілдері және ұлтты келбеттей алмайтын топтар болады. Осы тұстан: ұлтты келбеттей алатындарға және келбеттей алмайтындарға кімдер жатады деген сұрақ туындайды. Оны ұлт кадрларының сапалық деңгейлеріне талдау жасай отырып айқындауға болады.
 
Маргиналдық мәселелер.
 
Әлеуметтік өмірде алуан түрлі үдерістер жүріп жатады: жеке адамдар немесе топ адамдар елінен, ұлтынан, мәденитілдік ортасынан ажырап қалатын жағдайлар жиі ұшырасады. Осындай "бағынышты топтан" — өзінің әлеуметтік ортасынан ажырап қалғандарды маргинал тұлғалар деп атау қалыптасқан. Қазіргі қазақ ұлтына катысты алғанда маргиналдық маңыз аларлық мәселеге айналып отыр. Қазақ арасында тілі орысша шыққандар ұлттық тілге, мәдениетке, дәстүрге қатысты алып қарағанда маргиналдар тобын кұрайды. Мұны кысқаша ұлттық болмысқа қатысты маргиналдық деп атауға болады. Ұлттық дәстүрлер мен моральдан алыста калған, "белең алған топтың" қалыптық - құндылық жүйесіне толық еніп болмаған орыс тілді қазақтар ұлттық мәдениеттің мәніне терең үңіле алмайды, оны толыққанды қабылдай алмайды. Негізінен, мәдениеті жоғары ортада — калада өскендіктен, жүйелі білім алғандықтан бұл топтың арасында білгір және іскер қызметкерлер аз емес. Орыс тілінде сөйлейтін қазақтардың қазақ тілділерге қарағанда жеке бас мәдениеті, кәсіби-сапалық дайындығы, әлеуметтік бейімделу деңгейі жоғары. Олар жүздесу қалыптары мен қала әдебін де меңгерген. Бұл артықшылығы оларды өзге ұлт өкілдерімен тез сіңістіріп жіберуге жағдай жасайды. Олар коғамдық қызметті біршама тәуір аткарады. Қазір олардың отаншылдық сезімдері де күшейіп келеді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға