Жаңалықтар

Бірата

  Бірата - екі-үш ұрпақтан (ата - әке - бала) тұратын патронимиялық құрылым. Төрт ұрпақтан тұратын мұндай агнаттық құрылым сирек те болса кездесетін. Дегенмен, біратаның басым көпшілігі жоғарыда айтылғандай екі-үш ұрпақтан құралды. Біратаны ата балалары деп те атай береді. Қазан төңкерісіне дейінгі орыс тарихнамасында шаруашылық ауыл (орыс. хозяйственный ауыл) деген атпен белгілі. Дәстүрлі қазақы ортадағы материалдық және рухани игіліктің басты өндірушілері, яғни экономикалық және рухани (мәдени, ғұрыптық және т.б.) қарекеттің бірден бір корпоративтік субъектілері болды. Ауылдың негізгі әлеуметтік ұйытқысы екі-үш ұрпақтан тұратын әулет болғанымен шаруашылық және институционалдық қажетттілікке байланысты оның құрамына екі немесе үш, кейде төрт-бес атадан қосылатын туыстары да, тіпті, кірмелер де кірді. Үлкен күшті қажет етпейтін күнделікті шаруашылық, ғұрыптық және тұрмыстық қарекетті атқаруға біратаның әлеуметтік қауқары жеткенмен, ауқымды өндірістік операциялар мен рухани,тіпті,саяси жағынан да аса маңызды, әрі көлемді ғұрыптық немесе мерекелік шараларды бірнеше біраталар бірлесе атқарып отырды (қырқым, қыстау үйлер, қора-қопсы салу, көш-кон ұйымдастыру т.с.с.). Яғни экономикалық жағынан да, институционалдық тұрғыдан да негізделген өзара әлеуметтік қатынастарға түсті. Демографиялық шегі мен әлеуметтік шекарасы экономикалық, экологиялық, саяси-институционалдық тұрғыдан негізделген, шежірелік жосынның жеті аталық принципімен дәйектендірілген бұл қатынастардың жүйесі, түптеп келгенде, жеті аталық ру-қауымның әлеуметтік- экономикалық және институционалдық құрылымы болып табылады. Демек, жетіата - осы қатынастардың бірден бір ұйымдық формасы. Біратаның әлеуметтік құрамы мен демографиялық мөлшері оның экономикалық ресурсына байланысты болды. Деректер бай әулеттердің ауылы орта есеппен 9-15, орташалардың - 5-8, кедейлердің - 2-3 шаңырақтардан тұрғандығын көрсетеді. Алайда жылдың жылы мезгілі - жаз айларында жайылымдағы шөптің құнарлылығы мен өсімталдығы ерекше артқан кезеңде бірнеше біраталар уақытша бірігіп, үлкен ауылға айналып отырды. Қазан төңкерісіне дейінгі орыс зерттеушілері мұндай ауылдағы отбасылардың саны кейде 100, тіпті, 150-ге дейін жететіндігін жазды. Бірақ бұл көрсеткіштер XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында жүргізілген саяси- әкімшілік реформалардың нәтижесінде, осының тікелей салдары болып табылатын қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі болып жариялануына байланысты күрт өзгерді. Жер тапшылығына байланысты байлардың жаз мерзіміндегі ауылдарының құрамындағы отбасылардың саны енді 50- 60-тан асқан жоқ. Бұл тенденция орыс отаршылдығының уақыт өткен сайын күшеюіне байланысты өрши берді. Жылдың суық мезгілдерінде - қара күз деп аталатын күздің соңғы айында, қыста және ерте көктемде үлкен ауылдар әулеттік (бірата) принцип бойынша әлеуметтік негізі біратадан тұратын шағын ауылдарға бөлініп кетіп отырды. Соңғы кезде кейбір қазақстандық зерттеулерде біратадан тұратын шағын ауылды шағын қауым (орыс. минимальная община), ал жоғарыда аталған үлкен ауылды кеңейтілген қауым (орыс. расширенная община) ретінде қарастырылып жүр. Шынтуайтында, қазақы ортадағы бірден бір қауым — жетіаталық экзогамиялық құрылым. Жетіаталық ру-қауымның жылдың жылы мезгілдерінде үлкен, ал суық мерзімдерде шағын ауылдарға сегменттелуін оның экологиялық бейімделу стратегиясы деп бағамдаған жөн.[   
04.12.2012 12:24 3067

 

Бірата - екі-үш ұрпақтан (ата - әке - бала) тұратын патронимиялық құрылым. Төрт ұрпақтан тұратын мұндай агнаттық құрылым сирек те болса кездесетін. Дегенмен, біратаның басым көпшілігі жоғарыда айтылғандай екі-үш ұрпақтан құралды. Біратаны ата балалары деп те атай береді. Қазан төңкерісіне дейінгі орыс тарихнамасында шаруашылық ауыл (орыс. хозяйственный ауыл) деген атпен белгілі. Дәстүрлі қазақы ортадағы материалдық және рухани игіліктің басты өндірушілері, яғни экономикалық және рухани (мәдени, ғұрыптық және т.б.) қарекеттің бірден бір корпоративтік субъектілері болды.
Ауылдың негізгі әлеуметтік ұйытқысы екі-үш ұрпақтан тұратын әулет болғанымен шаруашылық және институционалдық қажетттілікке байланысты оның құрамына екі немесе үш, кейде төрт-бес атадан қосылатын туыстары да, тіпті, кірмелер де кірді. Үлкен күшті қажет етпейтін күнделікті шаруашылық, ғұрыптық және тұрмыстық қарекетті атқаруға біратаның әлеуметтік қауқары жеткенмен, ауқымды өндірістік операциялар мен рухани,тіпті,саяси жағынан да аса маңызды, әрі көлемді ғұрыптық немесе мерекелік шараларды бірнеше біраталар бірлесе атқарып отырды (қырқым, қыстау үйлер, қора-қопсы салу, көш-кон ұйымдастыру т.с.с.). Яғни экономикалық жағынан да, институционалдық тұрғыдан да негізделген өзара әлеуметтік қатынастарға түсті. Демографиялық шегі мен әлеуметтік шекарасы экономикалық, экологиялық, саяси-институционалдық тұрғыдан негізделген, шежірелік жосынның жеті аталық принципімен дәйектендірілген бұл қатынастардың жүйесі, түптеп келгенде, жеті аталық ру-қауымның әлеуметтік- экономикалық және институционалдық құрылымы болып табылады. Демек, жетіата - осы қатынастардың бірден бір ұйымдық формасы.
Біратаның әлеуметтік құрамы мен демографиялық мөлшері оның экономикалық ресурсына байланысты болды. Деректер бай әулеттердің ауылы орта есеппен 9-15, орташалардың - 5-8, кедейлердің - 2-3 шаңырақтардан тұрғандығын көрсетеді. Алайда жылдың жылы мезгілі - жаз айларында жайылымдағы шөптің құнарлылығы мен өсімталдығы ерекше артқан кезеңде бірнеше біраталар уақытша бірігіп, үлкен ауылға айналып отырды. Қазан төңкерісіне дейінгі орыс зерттеушілері мұндай ауылдағы отбасылардың саны кейде 100, тіпті, 150-ге дейін жететіндігін жазды. Бірақ бұл көрсеткіштер XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында жүргізілген саяси- әкімшілік реформалардың нәтижесінде, осының тікелей салдары болып табылатын қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі болып жариялануына байланысты күрт өзгерді. Жер тапшылығына байланысты байлардың жаз мерзіміндегі ауылдарының құрамындағы отбасылардың саны енді 50- 60-тан асқан жоқ. Бұл тенденция орыс отаршылдығының уақыт өткен сайын күшеюіне байланысты өрши берді.
Жылдың суық мезгілдерінде - қара күз деп аталатын күздің соңғы айында, қыста және ерте көктемде үлкен ауылдар әулеттік (бірата) принцип бойынша әлеуметтік негізі біратадан тұратын шағын ауылдарға бөлініп кетіп отырды. Соңғы кезде кейбір қазақстандық зерттеулерде біратадан тұратын шағын ауылды шағын қауым (орыс. минимальная община), ал жоғарыда аталған үлкен ауылды кеңейтілген қауым (орыс. расширенная община) ретінде қарастырылып жүр. Шынтуайтында, қазақы ортадағы бірден бір қауым — жетіаталық экзогамиялық құрылым. Жетіаталық ру-қауымның жылдың жылы мезгілдерінде үлкен, ал суық мерзімдерде шағын ауылдарға сегменттелуін оның экологиялық бейімделу стратегиясы деп бағамдаған жөн.[ 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға