Жаңалықтар

Білім

  Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge, араб.: علم‎)  – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген. Ежелгі мәдениетте білім адамның әлеммен және қауымдастық ішіндегі қатынастарын реттейтін аңыздар, салт-дәстүрлік жарлықтар мен нормалар, тыйым салулар пішімінде болды. Мұнда Білімді аруақтар, рухтар, ата-бабалар, кейініректе, құдайлар сыйға тартқан қасиетті нәрсе деп түсінген. Сондықтан Білім қауіп-қатермен байланысты деп, онымен тек адамдардың ерекше тобы – дінбасылар, діни қызметкерлер ғана шұғылданған. Ежелгі мәдениетте Білім мен сенімнің, ақиқат пен жалған түсініктің арасында айырмашылық жоқ. Мұнда қасиетті Білім үстемдігі абсолютті деп танылады. Білімнің әлеуметтік мәртебесі мен мәні отырықшы, техника-урбанистік қоғам типіне өтуге байланысты түбегейлі өзгерді. Қала адамы өзін көпшілікпен бірге тұру ережелері мен нормаларының иесі, Білімнің жаратушысы мен билеушісі деп санады. Білімнің айрықша пішімі ретінде рационалды Білім идеалын қалыптастырған философия туындады. Философия ақиқат пен ақиқат емес ілімдер айырмашылығын енгізіп, дәлелдеудің айрықша түрлерін, негіздеу мен дәлелдемелік ұғымдарды қалыптастырды. Философия шеңберінде айрықша пән – ақиқат ойлау ережелері мен заңдарын қалыптастыратын логика туындады. Білім логикалық ойлаудың объектісіне, мақсаты мен мұратына айналды. Өркениетті қоғамда Білім билікпен тұтасып, қоғамды басқарудың құралына айналуда. Білім алу тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік құрылымына енуінің міндетті шарты болып, оның қажеттілігінен Білім беру институттары туындады. Платонның «билеуші-философ» идеалы – (білімді әрі оған сай басқарушы ел басы) қазіргі «ақпараттық қоғамда» өзінің көрінісін тапты, яғни билік Білімнің қазіргі формасы – ақпаратты иелену ретінде айқындалуда. Білімділік Білімділік - тәжірибені меңгерген дамыған тұлғаның сапасы, бұл арқылы ол қоршаған ортада бейімделуге, оны қорғау мен байытуға, ол туралы жаңа білім алуға және бұл арқылы өзін жетілдіруге қабілетті болады. Білімділік өлшемі білімдер жүйелілігі мен ойлау жүйелілігі болып табылады, бұл адамның өздігінен логикалық пайымдау арқылы білімдер жүйесіндегі жетіспеген түйіндерді қайта қалпына келтіре алатынында байқалады. "Білім дегеніміз жатталған нәрсенің ұмытылған кездегі қалғаны" (ежелгі нақыл сөз).[3] Қарапайым білім Қарапайым білім - күнделікті өмірде кәдімгі мінезді шақырып жіберетін білім. Шюцтің айтуынша, ол телефон қолдану немесе амандасу сияқты жай әрекеттерді орындау рецептіне ұқсастығы бар әлеуметтену арқылы қабылданған бірнеше үлкен үғымдардан тұрады. Этнометодология бұл ілімнің әлеуметтік әрекеттерде қалай қолданылатындығына қатысты тәжірибелік ойлауды қарастырады. Глобальды білім Глобальды білім - оқушылардың түсінігін әлемді біртұтас етіп қалыптастары қабылдау. Білімнің тұжырымдамасы, оқушылардың уғына білуге бағытталған. яғни жер бүкіл жер шары тұрғындарға ортақ үй болып келеді, барлық адамдар - бір жанұя және әр адам өмірді кұруға белсене қатысуға қабілетті бар, коммуникация ұштасу, түсінісу, эмпатия, мейір, ынтымактастық, қызметтестік глобальды білімнің ең басты түсінігі болып келеді. Политехникалық білім Политехникалық білім - оқушыларды қазіргі заман өндірісін, қалдықсыз және экология жағынан таза технологияларын ұйымдастырудың негізгі ұстанымдарымен таныстыруға, компьютер техникасы мен механизацияланған және автоматтандырылған еңбектің қарапайым қазіргі заман жабдығында жұмыс істеуді үйретуге беттелген білім.[3] Білім моделі Білім моделі - жалпы мақсаттары мен білім мазмұны, оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жобалауы, оқытушылар қызметін басқарудың жеке мақсаттары, оқушыларды топтау моделдері, бақылау әдістері мен есеп беруі, оқыту үрдісін бағалау амалдары енетін білім жүйесі. Білім жүйесінің сыртқы ортасы Білім жүйесінің сыртқы ортасы - осы немесе өзге аймақтың білім жүйесінің ішкі сипаттамаларына әсерін тигізген әр түрлі табиғат-райлы, демографиялық, экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың жиынтығы. Білім беру бағдарламасы Білім беру бағдарламасы - белгілі деңгейдегі және бағыттағы білім берудің мазмұны. Білім үрдісі Білім үрдісі - мемлекеттік білім стандартына сәйкес тұлғаның білім, тәрбие және даму мәселелерін шешуге бағытталған, оқу-тәрбие және өздігінен білім алу үрдістерінің жиынтығы.  
04.12.2012 12:14 10646

 

Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge, араб.: علم‎)  – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.
Ежелгі мәдениетте білім адамның әлеммен және қауымдастық ішіндегі қатынастарын реттейтін аңыздар, салт-дәстүрлік жарлықтар мен нормалар, тыйым салулар пішімінде болды. Мұнда Білімді аруақтар, рухтар, ата-бабалар, кейініректе, құдайлар сыйға тартқан қасиетті нәрсе деп түсінген. Сондықтан Білім қауіп-қатермен байланысты деп, онымен тек адамдардың ерекше тобы – дінбасылар, діни қызметкерлер ғана шұғылданған. Ежелгі мәдениетте Білім мен сенімнің, ақиқат пен жалған түсініктің арасында айырмашылық жоқ. Мұнда қасиетті Білім үстемдігі абсолютті деп танылады. Білімнің әлеуметтік мәртебесі мен мәні отырықшы, техника-урбанистік қоғам типіне өтуге байланысты түбегейлі өзгерді. Қала адамы өзін көпшілікпен бірге тұру ережелері мен нормаларының иесі, Білімнің жаратушысы мен билеушісі деп санады. Білімнің айрықша пішімі ретінде рационалды Білім идеалын қалыптастырған философия туындады. Философия ақиқат пен ақиқат емес ілімдер айырмашылығын енгізіп, дәлелдеудің айрықша түрлерін, негіздеу мен дәлелдемелік ұғымдарды қалыптастырды. Философия шеңберінде айрықша пән – ақиқат ойлау ережелері мен заңдарын қалыптастыратын логика туындады. Білім логикалық ойлаудың объектісіне, мақсаты мен мұратына айналды. Өркениетті қоғамда Білім билікпен тұтасып, қоғамды басқарудың құралына айналуда. Білім алу тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік құрылымына енуінің міндетті шарты болып, оның қажеттілігінен Білім беру институттары туындады. Платонның «билеуші-философ» идеалы – (білімді әрі оған сай басқарушы ел басы) қазіргі «ақпараттық қоғамда» өзінің көрінісін тапты, яғни билік Білімнің қазіргі формасы – ақпаратты иелену ретінде айқындалуда.
Білімділік
Білімділік - тәжірибені меңгерген дамыған тұлғаның сапасы, бұл арқылы ол қоршаған ортада бейімделуге, оны қорғау мен байытуға, ол туралы жаңа білім алуға және бұл арқылы өзін жетілдіруге қабілетті болады. Білімділік өлшемі білімдер жүйелілігі мен ойлау жүйелілігі болып табылады, бұл адамның өздігінен логикалық пайымдау арқылы білімдер жүйесіндегі жетіспеген түйіндерді қайта қалпына келтіре алатынында байқалады. "Білім дегеніміз жатталған нәрсенің ұмытылған кездегі қалғаны" (ежелгі нақыл сөз).[3]
Қарапайым білім
Қарапайым білім - күнделікті өмірде кәдімгі мінезді шақырып жіберетін білім. Шюцтің айтуынша, ол телефон қолдану немесе амандасу сияқты жай әрекеттерді орындау рецептіне ұқсастығы бар әлеуметтену арқылы қабылданған бірнеше үлкен үғымдардан тұрады. Этнометодология бұл ілімнің әлеуметтік әрекеттерде қалай қолданылатындығына қатысты тәжірибелік ойлауды қарастырады.
Глобальды білім
Глобальды білім - оқушылардың түсінігін әлемді біртұтас етіп қалыптастары қабылдау. Білімнің тұжырымдамасы, оқушылардың уғына білуге бағытталған. яғни жер бүкіл жер шары тұрғындарға ортақ үй болып келеді, барлық адамдар - бір жанұя және әр адам өмірді кұруға белсене қатысуға қабілетті бар, коммуникация ұштасу, түсінісу, эмпатия, мейір, ынтымактастық, қызметтестік глобальды білімнің ең басты түсінігі болып келеді.
Политехникалық білім
Политехникалық білім - оқушыларды қазіргі заман өндірісін, қалдықсыз және экология жағынан таза технологияларын ұйымдастырудың негізгі ұстанымдарымен таныстыруға, компьютер техникасы мен механизацияланған және автоматтандырылған еңбектің қарапайым қазіргі заман жабдығында жұмыс істеуді үйретуге беттелген білім.[3]
Білім моделі
Білім моделі - жалпы мақсаттары мен білім мазмұны, оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жобалауы, оқытушылар қызметін басқарудың жеке мақсаттары, оқушыларды топтау моделдері, бақылау әдістері мен есеп беруі, оқыту үрдісін бағалау амалдары енетін білім жүйесі.
Білім жүйесінің сыртқы ортасы
Білім жүйесінің сыртқы ортасы - осы немесе өзге аймақтың білім жүйесінің ішкі сипаттамаларына әсерін тигізген әр түрлі табиғат-райлы, демографиялық, экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың жиынтығы.
Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасы - белгілі деңгейдегі және бағыттағы білім берудің мазмұны.
Білім үрдісі
Білім үрдісі - мемлекеттік білім стандартына сәйкес тұлғаның білім, тәрбие және даму мәселелерін шешуге бағытталған, оқу-тәрбие және өздігінен білім алу үрдістерінің жиынтығы.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға