Жаңалықтар

Тәуелсіздік және ислам діні

Еліміздің  тәуелсіздік  алғанына  он төрт жыл толуға жақындады. Осы он  төрт жыл көлемінде көптеген істер  атқарылып, өшкендеріміз  жаңғыртылып, өткеніміз жаңарып  жатыр.Тәуелсіздікпен бірге қайта  оралған құндылықтарымыздың  бірі  және бірегейлі  ата-бабаларымыз ұстанған Ислам діні  екендігіне  дау  жоқ. Ислам діні  қайта оралған  кезде  халқымыздың діни  сауатының  күй-жайы  айтпаса да  түсінікті  еді. Коммунизм идеалогиясының  қою қарңғы  түтіні  адамдардың  санасын улап, дінді «апиын» деп  түсіндіріп, ұлттық  құндылықтарымыз  әбден  жаншылып тасталған  болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің  «Тәуелсіздік белестері» атты  еңбегінде  «Имандылық дағдарысына» орын беріледі. Онда «... Тіпті, Отанға  сүйіспешілік, жақынға деген  қамқорлық, ата-баба дәстүрінде  адалдық сияқты таза сезімдердің  өзі «коммунизм құрысшыларының  моральдық кодексінің»  тар аясында  сыйғызылған  еді. Түптен келгенде, бұл  идеология  емес, адамның имандылық ұстанымдарымен жалдаптық жасау  болатын» делінеді.Бұл  сөзден түсінетініміз адамның қолымен  жасалған  тар  идиологиялар  адамзаттың рухани  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ете  алмайды.Сонда да біздің  аталарымыз бен әжелеріміз аз  да болса  өздерінің  білгендерін ұрпақтарына айтып, діни сенімдерін сақтап қалды. Қазақтың  кемеңгер ұлдары Ыбырай, Абай, Шәкәрім  сынды тұлғалар керісінше  дінді  қазақты тілмен  адамдардың  санасына жақындатты. Олар өздерінің  өлең  жолдарында  діннің  адамның  жаратылысына еш  жат  емес  екендігін, білім  мен  ғылымға  қарсы  келмейтіндігін  уағыздады. Ақиқат  журналында жарық  көрген  Жәрдем  Кейкінің  «Бір тұтас адами өмір» атты  мақаласында, « Қазақ мемлекеті  тәуелсіздік алып, ой  мен  сөз  еркіндігі  қолға  тигенде  дінге көзқарас өзгерді. Бұған  дейін шешілмеген жұмбақтардың  жауабын  барша мұсылмандардың  басын  біріктерген  Исламнан  таптық. Көп мәселенің  шындығында қанықтық, діни  танымымыз кеңейді. Ақиқаттың  жаңа ғаламын  ашқандай  сезіндік және дүниетанымды Исламға жүгіндік» - делінеді. Құдайға шүкір, қазіргі тәуелсіз мемлекетімізде адамдар  өз еркінше дінді ұстанып, рухани аштықтарын  қанағаттандырып, өшуге  шақ қалған мұраны  қайта  жаңғыртып жатыр. Бұл  әрине, көңілге қуаныш ұялатады. Алайда  жақсылық  пен  жамандық пен жамандық қашан  да  бірге  жүреді емес пе.Соңғы кездері Исламдініне  тағылып  жатқан айыптар да көбейіп кетті. Бұл айыпты  тағушылар, Исламды бүкіл  адамзаттың  алдында  қаралап, барлық  мұсылмандарға  жала жауып жатқандай. Айтайын дегеніміз, діни терроризм және экстримизм  десе Ислам дініне тиесілі  болып көрінетін  болды. Бұл  сөздердің Исламға таңылғанына жарты  ғасырдай  уақыт  болды. Ал Ислам дінін  ұстаған адамдар  бұған дейін  неге жанкешті  болмаған деген сұраққа  кім жауап  бере  алалды? Демек, Ислам діні тек  қана бейбітшілікті, кешіпейілдікті, адамгершілікті, имандылықты  уағыздайды. Бұл тағылған айыптар белгілі  бір идеологиялық  бағыттардың пайдасы үшін  ойлап табылған  пікірлер деп түсінуіміз  керек. Сондай-ақ тағы  бірайта  кететін мәселе, Мұхаммед  пайғамбардың  хадисінде  айтылғанындай Мұсылмандар  жетпіс  үш тармаққа  бөлінеді. Олардың барлығы  Аллаһтан ақ  жолымен жүр  деп айта алмаймыз. Дінде  ифрат  пен  тафриттен, яғни  шектен шығушылықтан  сақтанған жөн. Бізде  бұрыннан  таралған Исламның  сүнниттік  бағытының  Ханафи тармағы. Бұдан  басқасы біздің  қазақы салт – дәстүрімізбен санаспайды. Ешкім  айраным  ащы  демейді. Сондықтан діни  бағытты  таңдауға  өте  мұқият  болып, тәуелдігімізге сызат  түсіретін  жат пиғылды адамдардың тобына ұрынып  қалмауымыз керек. Мұны  қазақтың  әрбір саналы азаматының  міндеті  деп санаймын. Қазақ, «Құдайдан қорықпағаннан  қорық, ұяламаған  ұял» - деп  бекер  айтпаған  ғой. Құдайдан  қорықпаған адам әке – шешесінен де, қоғамнан да, өзінің орнына да қорықпайды. Яғни, кез-келген арсыздыққа  бара алады  деген сөз. Ал, Құдайдан қорыққан  адам  қоғам алдындағы, өзінің  арының  алдындағы, құдай  алдындағы азаматтық  борышын  бұлжытпай  орындайды. Қоғамда, бейбітшілік  пен татулықтың кепілі болады. Әрбір  иманды адам сол  қоғамның сақшысы деп айтуға  болады.  «Ислам  діні терең  ұғымды  ілім емес, имандылық, әлеуметтік  әлем, саналылық  пен салауаттық  кепілі. Адам жанының  қараюы – бұл кезеңде  етек жайған  кісі өлтірушілік, тонау, зәбір-жапа, ашкөздік, қылмыстың  небір сұрқия түрлері, адам тінінің  кіреукелігі – жезөкшелік, мерез, СПИД, басқа да жұқпалы  аурулар, рухани  салауатсыздықтың  яғни  дінсіздіктің салдары. Адами киелі  қасиеттерді сақтау, баптау  үшін молда, имам болу  міндет емес, дін қағидаларын білу, дәстүрлеу шарт» Мен бұл, Жәрдем Кейкін мырзаның  айтқандарына  толық  қосыламын. Тәуелсіз  Қазақстанның  азаматтары, қоғамға  жүк болып, жеке басының  күйін  күйттеп, адами қасиеттерден  ажырамас үшін Ислам дінінің имандылық  қағидаларын берік ұстануы ләзім. Ұлағатты  сөзде: «Отанға деген сүйіспеншілік иманнан» - делінген. Олай  болса, Құдайдың берген тәуелсіздік  нығметіне шүкіршілік жасап, осыны  қолымыздан  шығарып  алмау  үшін  білімді, иманды  инабатты болу бізге  парыз. Лайым (иләһи) тәуелсіздігіміз ұзағынан, иманымыз берік болсын!  
04.12.2012 12:13 5257

Еліміздің  тәуелсіздік  алғанына  он төрт жыл толуға жақындады. Осы он  төрт жыл көлемінде көптеген істер  атқарылып, өшкендеріміз  жаңғыртылып, өткеніміз жаңарып  жатыр.Тәуелсіздікпен бірге қайта  оралған құндылықтарымыздың  бірі  және бірегейлі  ата-бабаларымыз ұстанған Ислам діні  екендігіне  дау  жоқ. Ислам діні  қайта оралған  кезде  халқымыздың діни  сауатының  күй-жайы  айтпаса да  түсінікті  еді. Коммунизм идеалогиясының  қою қарңғы  түтіні  адамдардың  санасын улап, дінді «апиын» деп  түсіндіріп, ұлттық  құндылықтарымыз  әбден  жаншылып тасталған  болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің  «Тәуелсіздік белестері» атты  еңбегінде  «Имандылық дағдарысына» орын беріледі. Онда «... Тіпті, Отанға  сүйіспешілік, жақынға деген  қамқорлық, ата-баба дәстүрінде  адалдық сияқты таза сезімдердің  өзі «коммунизм құрысшыларының  моральдық кодексінің»  тар аясында  сыйғызылған  еді. Түптен келгенде, бұл  идеология  емес, адамның имандылық ұстанымдарымен жалдаптық жасау  болатын» делінеді.Бұл  сөзден түсінетініміз адамның қолымен  жасалған  тар  идиологиялар  адамзаттың рухани  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ете  алмайды.Сонда да біздің  аталарымыз бен әжелеріміз аз  да болса  өздерінің  білгендерін ұрпақтарына айтып, діни сенімдерін сақтап қалды. Қазақтың  кемеңгер ұлдары Ыбырай, Абай, Шәкәрім  сынды тұлғалар керісінше  дінді  қазақты тілмен  адамдардың  санасына жақындатты. Олар өздерінің  өлең  жолдарында  діннің  адамның  жаратылысына еш  жат  емес  екендігін, білім  мен  ғылымға  қарсы  келмейтіндігін  уағыздады. Ақиқат  журналында жарық  көрген  Жәрдем  Кейкінің  «Бір тұтас адами өмір» атты  мақаласында, « Қазақ мемлекеті  тәуелсіздік алып, ой  мен  сөз  еркіндігі  қолға  тигенде  дінге көзқарас өзгерді. Бұған  дейін шешілмеген жұмбақтардың  жауабын  барша мұсылмандардың  басын  біріктерген  Исламнан  таптық. Көп мәселенің  шындығында қанықтық, діни  танымымыз кеңейді. Ақиқаттың  жаңа ғаламын  ашқандай  сезіндік және дүниетанымды Исламға жүгіндік» - делінеді. Құдайға шүкір, қазіргі тәуелсіз мемлекетімізде адамдар  өз еркінше дінді ұстанып, рухани аштықтарын  қанағаттандырып, өшуге  шақ қалған мұраны  қайта  жаңғыртып жатыр. Бұл  әрине, көңілге қуаныш ұялатады.

Алайда  жақсылық  пен  жамандық пен жамандық қашан  да  бірге  жүреді емес пе.Соңғы кездері Исламдініне  тағылып  жатқан айыптар да көбейіп кетті. Бұл айыпты  тағушылар, Исламды бүкіл  адамзаттың  алдында  қаралап, барлық  мұсылмандарға  жала жауып жатқандай. Айтайын дегеніміз, діни терроризм және экстримизм  десе Ислам дініне тиесілі  болып көрінетін  болды. Бұл  сөздердің Исламға таңылғанына жарты  ғасырдай  уақыт  болды. Ал Ислам дінін  ұстаған адамдар  бұған дейін  неге жанкешті  болмаған деген сұраққа  кім жауап  бере  алалды? Демек, Ислам діні тек  қана бейбітшілікті, кешіпейілдікті, адамгершілікті, имандылықты  уағыздайды. Бұл тағылған айыптар белгілі  бір идеологиялық  бағыттардың пайдасы үшін  ойлап табылған  пікірлер деп түсінуіміз  керек. Сондай-ақ тағы  бірайта  кететін мәселе, Мұхаммед  пайғамбардың  хадисінде  айтылғанындай Мұсылмандар  жетпіс  үш тармаққа  бөлінеді. Олардың барлығы  Аллаһтан ақ  жолымен жүр  деп айта алмаймыз. Дінде  ифрат  пен  тафриттен, яғни  шектен шығушылықтан  сақтанған жөн. Бізде  бұрыннан  таралған Исламның  сүнниттік  бағытының  Ханафи тармағы. Бұдан  басқасы біздің  қазақы салт – дәстүрімізбен санаспайды. Ешкім  айраным  ащы  демейді. Сондықтан діни  бағытты  таңдауға  өте  мұқият  болып, тәуелдігімізге сызат  түсіретін  жат пиғылды адамдардың тобына ұрынып  қалмауымыз керек. Мұны  қазақтың  әрбір саналы азаматының  міндеті  деп санаймын.

Қазақ, «Құдайдан қорықпағаннан  қорық, ұяламаған  ұял» - деп  бекер  айтпаған  ғой. Құдайдан  қорықпаған адам әке – шешесінен де, қоғамнан да, өзінің орнына да қорықпайды. Яғни, кез-келген арсыздыққа  бара алады  деген сөз. Ал, Құдайдан қорыққан  адам  қоғам алдындағы, өзінің  арының  алдындағы, құдай  алдындағы азаматтық  борышын  бұлжытпай  орындайды. Қоғамда, бейбітшілік  пен татулықтың кепілі болады. Әрбір  иманды адам сол  қоғамның сақшысы деп айтуға  болады.

 «Ислам  діні терең  ұғымды  ілім емес, имандылық, әлеуметтік  әлем, саналылық  пен салауаттық  кепілі. Адам жанының  қараюы – бұл кезеңде  етек жайған  кісі өлтірушілік, тонау, зәбір-жапа, ашкөздік, қылмыстың  небір сұрқия түрлері, адам тінінің  кіреукелігі – жезөкшелік, мерез, СПИД, басқа да жұқпалы  аурулар, рухани  салауатсыздықтың  яғни  дінсіздіктің салдары. Адами киелі  қасиеттерді сақтау, баптау  үшін молда, имам болу  міндет емес, дін қағидаларын білу, дәстүрлеу шарт» Мен бұл, Жәрдем Кейкін мырзаның  айтқандарына  толық  қосыламын. Тәуелсіз  Қазақстанның  азаматтары, қоғамға  жүк болып, жеке басының  күйін  күйттеп, адами қасиеттерден  ажырамас үшін Ислам дінінің имандылық  қағидаларын берік ұстануы ләзім. Ұлағатты  сөзде: «Отанға деген сүйіспеншілік иманнан» - делінген. Олай  болса, Құдайдың берген тәуелсіздік  нығметіне шүкіршілік жасап, осыны  қолымыздан  шығарып  алмау  үшін  білімді, иманды  инабатты болу бізге  парыз.

Лайым (иләһи) тәуелсіздігіміз ұзағынан, иманымыз берік болсын!
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға