Жаңалықтар

Кармир-Блур

Кармир-Блур, Тейшебаини – қазіргі Арменияның астанасы – Ереван қ-ндағы көне қала орны. Одан табылған ескерткіштер сақтардың Кавказ арқылы Алдыңғы Азияға барған тарихи жорығынан деректер береді. Қазір үлкен төбе түрінде сақталған. 1950 жылдан бастап Б.Б. Пиотровский зерттеу жүргізді. Ғалымдар тарихи-археол. зерттеулердің, жазба деректердің мәліметтеріне сүйене отырып, бұл Тейшебаини қ-ның орны екенін анықтады. Қазбалар барысында табылған заттар арасында сақ мәдениетінің үлгісіндегі бұйымдар аз емес. Мамандардың пікірінше, оларды сақтардың өздері тұтынған және бұл заттай айғақтар сақ салт атты жасақтарының осы өлкеде болып кеткенін анық дәлелдейді. Қаланы Тейшеба құдайының құрметіне арнап, Урарту билеушісі Руса Қ б.з.б. 7 ғ. ортасында салғызған. Сол кезден-ақ, Тейшебаини ежелгі Ван патшалығының солт-ндегі ірі әкімш. орталығына айналады да, ежелгі Урарту, Мидия, Ассирия мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынастарда маңызды рөл атқарады. Б.з.б. 7 ғ-дың 2-жартысы мен ғасыр соңында Мидия патшалығының нығайып алға түсуі мемлекетаралық үлкен соғыстарға әкелді. Ассирия түпкілікті талқандалып, Урарту күйреді. Б.Б. Пиотровскийдің пікірінше, Тейшебаини қамалы б.з.б. 590 – 585 ж. арасында құлады. Оны шабуылдаған әскерлер арасында сақ жасақтары болғанын табылған қару-жарақтар дәлелдейді. Сонымен қатар, археол. деректер сақтардың алғашқы кезеңде Тейшебаини тұрғындарымен бейбіт қарым-қатынаста болғанын көрсетеді. Қамал цитаделінің қоймаларында сақтарға тән көптеген қола жебе ұштары, бірнеше семсер табылған. Бұлардың арасындағы бір жақсы сақталған қола ақинақтың ұз. 88 см. Бүркіт, қошқар бастары түрінде жасалған әшекейлер, жануарлардың бейнесін беретін аң стиліндегі басқа да бұйымдар, көптеген ауыздықтар бар. Осы заттарды қамал тұрғындары сақтармен арадағы бейбіт қарым-қатынастар кезінде алып, пайдаланып отырған. Алдыңғы Азиядағы алғашқы тепе-теңдік бұзылған кезеңде сақтар, көбінесе, өз туыстары мидиялықтардың (матайлар) әскеріне қосылды. Сақ жебелерінің ұштары Тейшебаини қамалының сыртқы қорғаныс қабырғаларының қирандылары арасынан көп мөлшерде табылды. Бұлардың бәрі қаланы шапқан салт атты сақ жауынгерлерінің атқан оқтары. Сондай-ақ, шабуыл кезінде оққа ұшқан бір сақ атының қаңқасы үстінен күмістеп жасалған сәнді ер-тұрман әбзелдері табылған. Шабуылдан кейін Тейшебаини қайта көтерілмеді. Сақтардың Кавказ арқылы Алдыңғы Азияға барған жорығынан хабар беретін басқа да ескерткіштер Әзербайжан, Грузия, Шешенстан, Дағыстан өлкелерінде де бар. Әдеб.: Пиотровский Б.Б., Ванское царство, М., 1959; соныкі, Кармир-Блур, Л., 1970; Артамонов М.И., Киммерийцы и скифы, Л., 1974; Ильченская В.А., Тереножкин А.И., Скифия VҚҚ– ҚV вв. до н. э. Киев, 1983. А. Бейсенов  
04.12.2012 12:07 3143

Кармир-Блур, Тейшебаини – қазіргі Арменияның астанасы – Ереван қ-ндағы көне қала орны. Одан табылған ескерткіштер сақтардың Кавказ арқылы Алдыңғы Азияға барған тарихи жорығынан деректер береді. Қазір үлкен төбе түрінде сақталған. 1950 жылдан бастап Б.Б. Пиотровский зерттеу жүргізді. Ғалымдар тарихи-археол. зерттеулердің, жазба деректердің мәліметтеріне сүйене отырып, бұл Тейшебаини қ-ның орны екенін анықтады. Қазбалар барысында табылған заттар арасында сақ мәдениетінің үлгісіндегі бұйымдар аз емес. Мамандардың пікірінше, оларды сақтардың өздері тұтынған және бұл заттай айғақтар сақ салт атты жасақтарының осы өлкеде болып кеткенін анық дәлелдейді. Қаланы Тейшеба құдайының құрметіне арнап, Урарту билеушісі Руса Қ б.з.б. 7 ғ. ортасында салғызған. Сол кезден-ақ, Тейшебаини ежелгі Ван патшалығының солт-ндегі ірі әкімш. орталығына айналады да, ежелгі Урарту, Мидия, Ассирия мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынастарда маңызды рөл атқарады. Б.з.б. 7 ғ-дың 2-жартысы мен ғасыр соңында Мидия патшалығының нығайып алға түсуі мемлекетаралық үлкен соғыстарға әкелді. Ассирия түпкілікті талқандалып, Урарту күйреді. Б.Б. Пиотровскийдің пікірінше, Тейшебаини қамалы б.з.б. 590 – 585 ж. арасында құлады. Оны шабуылдаған әскерлер арасында сақ жасақтары болғанын табылған қару-жарақтар дәлелдейді. Сонымен қатар, археол. деректер сақтардың алғашқы кезеңде Тейшебаини тұрғындарымен бейбіт қарым-қатынаста болғанын көрсетеді. Қамал цитаделінің қоймаларында сақтарға тән көптеген қола жебе ұштары, бірнеше семсер табылған. Бұлардың арасындағы бір жақсы сақталған қола ақинақтың ұз. 88 см. Бүркіт, қошқар бастары түрінде жасалған әшекейлер, жануарлардың бейнесін беретін аң стиліндегі басқа да бұйымдар, көптеген ауыздықтар бар. Осы заттарды қамал тұрғындары сақтармен арадағы бейбіт қарым-қатынастар кезінде алып, пайдаланып отырған. Алдыңғы Азиядағы алғашқы тепе-теңдік бұзылған кезеңде сақтар, көбінесе, өз туыстары мидиялықтардың (матайлар) әскеріне қосылды. Сақ жебелерінің ұштары Тейшебаини қамалының сыртқы қорғаныс қабырғаларының қирандылары арасынан көп мөлшерде табылды. Бұлардың бәрі қаланы шапқан салт атты сақ жауынгерлерінің атқан оқтары. Сондай-ақ, шабуыл кезінде оққа ұшқан бір сақ атының қаңқасы үстінен күмістеп жасалған сәнді ер-тұрман әбзелдері табылған. Шабуылдан кейін Тейшебаини қайта көтерілмеді. Сақтардың Кавказ арқылы Алдыңғы Азияға барған жорығынан хабар беретін басқа да ескерткіштер Әзербайжан, Грузия, Шешенстан, Дағыстан өлкелерінде де бар.

Әдеб.: Пиотровский Б.Б., Ванское царство, М., 1959; соныкі, Кармир-Блур, Л., 1970; Артамонов М.И., Киммерийцы и скифы, Л., 1974; Ильченская В.А., Тереножкин А.И., Скифия VҚҚ– ҚV вв. до н. э. Киев, 1983.
А. Бейсенов
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға