Жаңалықтар

Арыс өңірі ескерткіштері

  Арыс өңірі ескерткіштері - ежелгі дәуірлерден қалған археологиялық ескерткіштер. Бұл өңір үш ландшафты аймақты қамтиды: таулы, тау етегі, далалы кеңістік жерлер. Егіншілік пен мал шаруашылығы мәдениеті дамыған аймақ. Тас дәуірі - кейінгі орта ғасыр ескерткіштері Тас дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр ескерткіштері кездеседі. Өңірде 1960 жылдан Жетісу кешенді археологиялық экспедициясы, 1971 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев), 1980 ж. Шымкент педагогикалық институтынын археологиялық экспедициясы барлау және қазба жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде Бөріжар, Алтынтөбе, Қаратөбе зираттары мен ежелгі қалалар орны ашылды. Барлау барысында 1973 ж. археолог Х.Алпысбаев Шаян, Арыс - Түркістан каналдарының бойынан ерте ашель дәуіріне жататын тұрақтарды тапқан. 1974 - 75 ж. Арыс қаласынан 10 - 12 км жерде Тасқотан, Бесқотан, Байтоғай сияқты тас дәуірінің ескерткіштері табылып, бұл өңірде алғашқы адамдардың өмір сүргені дәлелдейді. 80 ж. әр түрлі құрылымдағы 3 мыңнан астам қорғандар тобы есепке алынды. Сақ-үйсін дәуірлеріне жататын ескерткіштер Сақ-үйсін дәуірлеріне жататын үлкен қорғандардың диаметрі 70 - 100 м, жоғары жағы 1 0 - 1 5 м, биіктігі 16 - 18 м болып келген. Сондай қорғандар тобына Бадамға жақын Ақбұлақ өзені жағасындағы Алтынтөбе жатады (б.з.б. 3 ғ. - б.з.4 ғ.). Ол 300-ден астам жеке обалардан тұрады. Мұнда мәйіттер арқасына жатқызылып жерленген, зират лақатты. Ішінен саз ыдыстар, құмыра, кесе, жануарлар сүйектері, пышақ, мыстан жасалған сырғалар, әр түрлі моншақтар көптеп табылды. Кейінгі түркі дәуірі ескерткіштері Кейінгі түркі дәуіріне жататын Бөріжар сияқты ескерткіштер зерттелген ( 1 - 8 ғ.). Арыс өзенінің сол жағалауында Бадам және Арыс жолының ортасында орналасқан бұл ескерткіштерді 1941 - 51 ж. А.Н. Бернштам, 1970 - 7 1 ж. Б.Нұрмұханбетов зерттеген. Олар 1 - 2,5 км жерді алып жатқан жүздеген топырақ үйінділер. Әр үйінді диаметрі 6 - 2 0 м, биіктігі 0,5 - 3 м. Ортағасырлық ескерткіштер Кейінгі ескерткіштер тобына бекіністер, ерте ортағасырлық қалалар орны жатады. Ескерткіштердің үлкендері - тау аңғарларында, Арыс, Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Боралдай өзендерінің бойларында, кішігірім бекіністер Бала Бөген, Бөген, Шаян, Арыстанды аңғарларында кездеседі. Үш бөліктен: шаһристан, рабад, цитадельден тұратын ортағасырлық қала орындары бар. Олар 5 - 8 ғ. арасын қамтиды. Шымкент маңындағы Қатын көпір ауылы маңында 10 - 18 ғасырлар ескерткіштері зерттелді. Бекініс, қала орындары, табылған археологиялық заттай деректер Сыр бойында мәдениеттің жоғары дамығандығын көрсетеді. Көне қала орындары мен атаулары араб-парсы (10 - 12 ғ.) саяхатшыларының жазбаларындағы аттарына сәйкес келеді.
04.12.2012 11:57 8633

 

Арыс өңірі ескерткіштері - ежелгі дәуірлерден қалған археологиялық ескерткіштер. Бұл өңір үш ландшафты аймақты қамтиды: таулы, тау етегі, далалы кеңістік жерлер. Егіншілік пен мал шаруашылығы мәдениеті дамыған аймақ.

Тас дәуірі - кейінгі орта ғасыр ескерткіштері

Тас дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр ескерткіштері кездеседі. Өңірде 1960 жылдан Жетісу кешенді археологиялық экспедициясы, 1971 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев), 1980 ж. Шымкент педагогикалық институтынын археологиялық экспедициясы барлау және қазба жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде Бөріжар, Алтынтөбе, Қаратөбе зираттары мен ежелгі қалалар орны ашылды. Барлау барысында 1973 ж. археолог Х.Алпысбаев Шаян, Арыс - Түркістан каналдарының бойынан ерте ашель дәуіріне жататын тұрақтарды тапқан. 1974 - 75 ж. Арыс қаласынан 10 - 12 км жерде Тасқотан, Бесқотан, Байтоғай сияқты тас дәуірінің ескерткіштері табылып, бұл өңірде алғашқы адамдардың өмір сүргені дәлелдейді. 80 ж. әр түрлі құрылымдағы 3 мыңнан астам қорғандар тобы есепке алынды.

Сақ-үйсін дәуірлеріне жататын ескерткіштер

Сақ-үйсін дәуірлеріне жататын үлкен қорғандардың диаметрі 70 - 100 м, жоғары жағы 1 0 - 1 5 м, биіктігі 16 - 18 м болып келген. Сондай қорғандар тобына Бадамға жақын Ақбұлақ өзені жағасындағы Алтынтөбе жатады (б.з.б. 3 ғ. - б.з.4 ғ.). Ол 300-ден астам жеке обалардан тұрады. Мұнда мәйіттер арқасына жатқызылып жерленген, зират лақатты. Ішінен саз ыдыстар, құмыра, кесе, жануарлар сүйектері, пышақ, мыстан жасалған сырғалар, әр түрлі моншақтар көптеп табылды.

Кейінгі түркі дәуірі ескерткіштері

Кейінгі түркі дәуіріне жататын Бөріжар сияқты ескерткіштер зерттелген ( 1 - 8 ғ.). Арыс өзенінің сол жағалауында Бадам және Арыс жолының ортасында орналасқан бұл ескерткіштерді 1941 - 51 ж. А.Н. Бернштам, 1970 - 7 1 ж. Б.Нұрмұханбетов зерттеген. Олар 1 - 2,5 км жерді алып жатқан жүздеген топырақ үйінділер. Әр үйінді диаметрі 6 - 2 0 м, биіктігі 0,5 - 3 м.

Ортағасырлық ескерткіштер

Кейінгі ескерткіштер тобына бекіністер, ерте ортағасырлық қалалар орны жатады. Ескерткіштердің үлкендері - тау аңғарларында, Арыс, Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Боралдай өзендерінің бойларында, кішігірім бекіністер Бала Бөген, Бөген, Шаян, Арыстанды аңғарларында кездеседі. Үш бөліктен: шаһристан, рабад, цитадельден тұратын ортағасырлық қала орындары бар. Олар 5 - 8 ғ. арасын қамтиды. Шымкент маңындағы Қатын көпір ауылы маңында 10 - 18 ғасырлар ескерткіштері зерттелді. Бекініс, қала орындары, табылған археологиялық заттай деректер Сыр бойында мәдениеттің жоғары дамығандығын көрсетеді. Көне қала орындары мен атаулары араб-парсы (10 - 12 ғ.) саяхатшыларының жазбаларындағы аттарына сәйкес келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға