Жаңалықтар

Абай жайын зерттеушілерге

Абай жайын зерттеушілерге   Абай кешкен өмірді, Абай қалдырған мұраны тану керек, зерттеу керек дегенді бәріміз де түсіндік. Күннен — күн, жылдан — жыл өткен сайын осы істерге көңіл бөліп, зер салушының саны молайып келеді.   95 жылдық бір бел болса, содан ары жүз жылдық деген үлкен бір жотаның жоны тағы көрініп түр. "Белге ғана жетейікші" демесек керек. Үздіксіз, үрдіс тарта беріп, жүз жылдыққа шейін бірталай іс өндірсек дейміз.   Осы ретте көбіміз ескере жүретін бірнеше соны жайлар тағы бар. Ол Абайдың өзі ғана емес, сол Абайдың заманын, ортасын, үй-тұрмысын, салт-дәстүрін, машық-мінезін білу деген сөз. Бұларды жалғыз Абайдың басына байланысты түрде ескеру емес, жалпы сол кездің бір кескіні, бір бұйым белгілері есепті ескеру керек.   Біз осы күні Абай жайын зерттеуді тараң түсініп жүрміз. Әр жинаушы, не қылса, ең әуелі Абай айтыпты-мыс, бірақ жазылмай, басылмай қалыпты-мыс деген өлең табуға құмар-ақ. Өзі соған бейімденіп, етпеттеп тұрған соң, орала кеткен өлең сөздің бәр-бәріне-ақ жабыса түседі. Сонымен, әзірше не көп, Абайдың ұмытылып қалған өлеңі-ақ көп. Жинаушыда кім көп, жоқ қарағыш-ақ көп.   Жиналмасын демейміз, Абайға тиісті деп аталған сөздің, өлеңнің, бәрі жинала берсін. Бірақ, жиналу бір басқа да, жариялау екі басқа. Зерттемей, жете танымай, құр ниетім жақсы еді деп жығыла бермейік.   Тегінде, Абай шығармасының аздығынан кенде боп жүргеніміз жоқ. Барын барша, бажайына барғыза алмауданˡ, зерттей алмаудан кендеміз. Және Абай өлеңдері халық ортасына жайылғалы көп заман болды. Содан бері Абайға еліктеп жазған аты белгілі де, белгісіз де, жас та, кәрі де, ақын да, жазушы да, еркек те, әйел де көп болған. Абай "жазды" өлең қыпты деп, жазды жырлайтын, екі жастың кездескенін жырлапты деп, соны айтатын, көңіл сырын айтатын, өмір арманын айтатын, ат пен құсты жыр ететін "өлең шығарғыштар" көп болған. Соның көбі, әсіресе Абай шәкірттерінен, шәкірттерінің айналасынан, молдалардан, талапкер жастардан көп шыққан-ды. Олар да Абайдың лұғатымен сөйлейді², Абайдың алған тақырыбын алады. Өздері және Абай заманына қанық, Абай өміріне өкшелес жүрген өмірдің адамдары. Бұлардың кейбір жолдары, кейбір ырғақтары Абай сөздеріне құсап қалып отыратыны болады. Әсіресе еліктеу деген нәрсе асыл нұсқаға түсі-түгі жағынан құсай бергіш болады. Міне, осындай жерлерде шын менен бұлдырдың арасын айыра алмай, өзіміз де алданып, жұртшылықты да жаңсақ хабарландырып, кейінгі зерттеушіні біржолата бөтен ізге салып, әуре-сарсаң етуіміз мүмкін.   Абай сөзі деген сөз бір-ақ жол болса да, Абайша шықса жарасар, Абайдың Абайлығы да сонда шығар. Осы Абай өлеңдерінің санын көбейтейік деп өзеурегенше, бар сөзінің кенеуін кетірмейік деп көбірек ойланайық. Абай сөзін көбейтеміз деп, көбік етіп алмайық. Жауаптырақ қарайық. Бұл — бір сөз.   Ал Абай жәйін зерттеушілерге өзгеше бағалы, өзі соны және үлкен ғылымдық, тарихтық қасиеті зор бір алуан істер бар. Енді бір кезек көңіл бөлгенде соған бөлсек екен. Ол Абайдың дәуірін танытатын мағлұматтар. Бұған үлкен де, ұсақта нәрселер кіреді. Бірақ бәрі-бәрі де Абай өлеңдерінің ішіндегі көп-көп өзгеше жолдардың сырын, нәрін, мәні-жөнін танытады.   Мысалы, қоғамдық жағынан ірірек жайларын алсақ, Абай заманындағы құн дауы, жер дауы, жесір дауы, партия, штат і аласы, барымта, жүгініс, билік деген сияқты әңгімелер қандай ретпен басталып, қалайша аяқтаушы еді. Осыны құрғақ сөз қылмай, мысал әңгімелермен баян етіп, жазып алу керек. Пәлен жылғы, пәлен қоныстағы, пәлендей іс жөніндегі әңгіме деп жазылу керек.   Осы ретте Абай тұсында болған ас, той, құдалық, ат шабыс, үлкен күрес, айтыс сияқты жайлардан, Абай араласқан кездерден тағы да өте конкретті мысалдар, фактілер жазылу керек.   Салбурын ұру³, құс салу, салдық құру, сауық жасау, жау түсіру, ит жүгірту сияқты жайлардың өзінде де заман машығын көрсететін көп жаңалықтар бар.   Абай уақытында өліктің артын күту, қаралы болу, бата оқу, аза салу, ас беру сияқты әдеттер қандай еді. Осылар туралы тағы да айрықша уақиғаларды жазып алу қажет. Сол кездегі құда түсу, киіт кию, ұрын бару, қыз ұзату, ілу жасау, жол-жора, ырым-жырым қандай, — оның да көп суретін Абайға жанасқан фактілермен мысал қып жазып алуға болады.   Абай уақытында үй-іші тұрмыс қандай? Көп қатынды, бәйбіше-тоқалды тұрмыстың кескіні қандай, — оны да жазып алу керек.   Онан соң қыстау, көктеу, жайлау, күзеу бар. Осындағы мал баққан көшпелі шаруаның не түрлі өзгешелік мерзім машығы, тәжірибе тәртібі бар, — оларын да мысалдармен жазу керек.   Осыған жалғас сол кездегі қазақтың ауа райын, жыл реңін білудегі, жат-жалаң турасындағы тәжірибелерін де жазу керек. Отамалы, сәуір, қыркүйек, құралай, тоғам, сүмбіле сияқты ай, күн мерзімдерін де ескеру қажет³. Күзем, отар, күйек, соғым, неше алуан науқан жәйі жазылса, — ол да керек. Ұсақ белгілерден де талай бағалы мағлұмат жиюға болады.   Фотографиялар қалған жоқ. Ендеше, Абай отыратын жазғы, қысқы үйлердің ішін түгел сипаттау, бар бұйымын түгендеп, қай орында қандай нәрселер тұратынына шейін жазса, — ол да мейлінше қажет. Қысы-жазы киетін тысқы киімдер қандай, әйел не киеді, бала киімі немене, — бұл да тегіс керек. Тіпті, ер-түрман, қару-сайман, жылқының таңбасы, қойдың ені, үй-ішінің ою кестесі, — бұлар да қажет.   Міне, осы айтылған, тағы осыған ұқсаған талай-талай жайларды құрастырсақ, біз Абай заманын көп сынық айнаны жамап барып танығандай, дұрысырақ таныр ек.   Бұндайларды білу арқылы Абайдың көп өлеңінің қазіргі буынға, келер буынға түсініксіз, көмескі көрінетін ерекшеліктерін де жақсы танытар едік.   Біз әлі күнге Абай дәуірі дегенді ғылымдық, конкрет түрде фактілерге толық етіп жазған ешкім жоқ. Жүз жылдық — осындай күрделі зерттеулерді талап ететін болады. Соған жаңағы жайлардың бәрі-бәрінің айғақтарын жию шарт.   Ол жұмыс және, әсіресе, Абай музейлері үшін аса қажет. Осыдан суреттер, әңгімелер, куәліктер де көп жиналады. Соның (иірі музейден орын алатын асыл бұйымдар болмақшы. Зерттеушінің көбі енді осыған зер салса екен! Мұхтар Әуезов
04.12.2012 11:23 5058

Абай жайын зерттеушілерге

 

Абай кешкен өмірді, Абай қалдырған мұраны тану керек, зерттеу керек дегенді бәріміз де түсіндік. Күннен — күн, жылдан — жыл өткен сайын осы істерге көңіл бөліп, зер салушының саны молайып келеді.

 

95 жылдық бір бел болса, содан ары жүз жылдық деген үлкен бір жотаның жоны тағы көрініп түр. "Белге ғана жетейікші" демесек керек. Үздіксіз, үрдіс тарта беріп, жүз жылдыққа шейін бірталай іс өндірсек дейміз.

 

Осы ретте көбіміз ескере жүретін бірнеше соны жайлар тағы бар. Ол Абайдың өзі ғана емес, сол Абайдың заманын, ортасын, үй-тұрмысын, салт-дәстүрін, машық-мінезін білу деген сөз. Бұларды жалғыз Абайдың басына байланысты түрде ескеру емес, жалпы сол кездің бір кескіні, бір бұйым белгілері есепті ескеру керек.

 

Біз осы күні Абай жайын зерттеуді тараң түсініп жүрміз. Әр жинаушы, не қылса, ең әуелі Абай айтыпты-мыс, бірақ жазылмай, басылмай қалыпты-мыс деген өлең табуға құмар-ақ. Өзі соған бейімденіп, етпеттеп тұрған соң, орала кеткен өлең сөздің бәр-бәріне-ақ жабыса түседі. Сонымен, әзірше не көп, Абайдың ұмытылып қалған өлеңі-ақ көп. Жинаушыда кім көп, жоқ қарағыш-ақ көп.

 

Жиналмасын демейміз, Абайға тиісті деп аталған сөздің, өлеңнің, бәрі жинала берсін. Бірақ, жиналу бір басқа да, жариялау екі басқа. Зерттемей, жете танымай, құр ниетім жақсы еді деп жығыла бермейік.

 

Тегінде, Абай шығармасының аздығынан кенде боп жүргеніміз жоқ. Барын барша, бажайына барғыза алмауданˡ, зерттей алмаудан кендеміз. Және Абай өлеңдері халық ортасына жайылғалы көп заман болды. Содан бері Абайға еліктеп жазған аты белгілі де, белгісіз де, жас та, кәрі де, ақын да, жазушы да, еркек те, әйел де көп болған. Абай "жазды" өлең қыпты деп, жазды жырлайтын, екі жастың кездескенін жырлапты деп, соны айтатын, көңіл сырын айтатын, өмір арманын айтатын, ат пен құсты жыр ететін "өлең шығарғыштар" көп болған. Соның көбі, әсіресе Абай шәкірттерінен, шәкірттерінің айналасынан, молдалардан, талапкер жастардан көп шыққан-ды. Олар да Абайдың лұғатымен сөйлейді², Абайдың алған тақырыбын алады. Өздері және Абай заманына қанық, Абай өміріне өкшелес жүрген өмірдің адамдары. Бұлардың кейбір жолдары, кейбір ырғақтары Абай сөздеріне құсап қалып отыратыны болады. Әсіресе еліктеу деген нәрсе асыл нұсқаға түсі-түгі жағынан құсай бергіш болады. Міне, осындай жерлерде шын менен бұлдырдың арасын айыра алмай, өзіміз де алданып, жұртшылықты да жаңсақ хабарландырып, кейінгі зерттеушіні біржолата бөтен ізге салып, әуре-сарсаң етуіміз мүмкін.

 

Абай сөзі деген сөз бір-ақ жол болса да, Абайша шықса жарасар, Абайдың Абайлығы да сонда шығар. Осы Абай өлеңдерінің санын көбейтейік деп өзеурегенше, бар сөзінің кенеуін кетірмейік деп көбірек ойланайық. Абай сөзін көбейтеміз деп, көбік етіп алмайық. Жауаптырақ қарайық. Бұл — бір сөз.

 

Ал Абай жәйін зерттеушілерге өзгеше бағалы, өзі соны және үлкен ғылымдық, тарихтық қасиеті зор бір алуан істер бар. Енді бір кезек көңіл бөлгенде соған бөлсек екен. Ол Абайдың дәуірін танытатын мағлұматтар. Бұған үлкен де, ұсақта нәрселер кіреді. Бірақ бәрі-бәрі де Абай өлеңдерінің ішіндегі көп-көп өзгеше жолдардың сырын, нәрін, мәні-жөнін танытады.

 

Мысалы, қоғамдық жағынан ірірек жайларын алсақ, Абай заманындағы құн дауы, жер дауы, жесір дауы, партия, штат і аласы, барымта, жүгініс, билік деген сияқты әңгімелер қандай ретпен басталып, қалайша аяқтаушы еді. Осыны құрғақ сөз қылмай, мысал әңгімелермен баян етіп, жазып алу керек. Пәлен жылғы, пәлен қоныстағы, пәлендей іс жөніндегі әңгіме деп жазылу керек.

 

Осы ретте Абай тұсында болған ас, той, құдалық, ат шабыс, үлкен күрес, айтыс сияқты жайлардан, Абай араласқан кездерден тағы да өте конкретті мысалдар, фактілер жазылу керек.

 

Салбурын ұру³, құс салу, салдық құру, сауық жасау, жау түсіру, ит жүгірту сияқты жайлардың өзінде де заман машығын көрсететін көп жаңалықтар бар.

 

Абай уақытында өліктің артын күту, қаралы болу, бата оқу, аза салу, ас беру сияқты әдеттер қандай еді. Осылар туралы тағы да айрықша уақиғаларды жазып алу қажет. Сол кездегі құда түсу, киіт кию, ұрын бару, қыз ұзату, ілу жасау, жол-жора, ырым-жырым қандай, — оның да көп суретін Абайға жанасқан фактілермен мысал қып жазып алуға болады.

 

Абай уақытында үй-іші тұрмыс қандай? Көп қатынды, бәйбіше-тоқалды тұрмыстың кескіні қандай, — оны да жазып алу керек.

 

Онан соң қыстау, көктеу, жайлау, күзеу бар. Осындағы мал баққан көшпелі шаруаның не түрлі өзгешелік мерзім машығы, тәжірибе тәртібі бар, — оларын да мысалдармен жазу керек.

 

Осыған жалғас сол кездегі қазақтың ауа райын, жыл реңін білудегі, жат-жалаң турасындағы тәжірибелерін де жазу керек. Отамалы, сәуір, қыркүйек, құралай, тоғам, сүмбіле сияқты ай, күн мерзімдерін де ескеру қажет³. Күзем, отар, күйек, соғым, неше алуан науқан жәйі жазылса, — ол да керек. Ұсақ белгілерден де талай бағалы мағлұмат жиюға болады.

 

Фотографиялар қалған жоқ. Ендеше, Абай отыратын жазғы, қысқы үйлердің ішін түгел сипаттау, бар бұйымын түгендеп, қай орында қандай нәрселер тұратынына шейін жазса, — ол да мейлінше қажет. Қысы-жазы киетін тысқы киімдер қандай, әйел не киеді, бала киімі немене, — бұл да тегіс керек. Тіпті, ер-түрман, қару-сайман, жылқының таңбасы, қойдың ені, үй-ішінің ою кестесі, — бұлар да қажет.

 

Міне, осы айтылған, тағы осыған ұқсаған талай-талай жайларды құрастырсақ, біз Абай заманын көп сынық айнаны жамап барып танығандай, дұрысырақ таныр ек.

 

Бұндайларды білу арқылы Абайдың көп өлеңінің қазіргі буынға, келер буынға түсініксіз, көмескі көрінетін ерекшеліктерін де жақсы танытар едік.

 

Біз әлі күнге Абай дәуірі дегенді ғылымдық, конкрет түрде фактілерге толық етіп жазған ешкім жоқ. Жүз жылдық — осындай күрделі зерттеулерді талап ететін болады. Соған жаңағы жайлардың бәрі-бәрінің айғақтарын жию шарт.

 

Ол жұмыс және, әсіресе, Абай музейлері үшін аса қажет. Осыдан суреттер, әңгімелер, куәліктер де көп жиналады. Соның (иірі музейден орын алатын асыл бұйымдар болмақшы. Зерттеушінің көбі енді осыған зер салса екен!

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға