Қарапайым сөз (Қарапайым тіл)
Қарапайым сөз, Қарапайым тіл – күнделікті тұрмыста қолданылатын жалпы халықтық қара дүрсін сөздер. Тіл тұтынудың бәсең стиліне жататын мұндай қарым-қатынас дәстүрлі немесе классикалық жазба әдеби нормаларымен сыйыспайтын сөз тұлғаларына, дөрекі сөз орамдарына, грамматикалық байланысы тосын әр қилы сөйлемдерге шек қоймайды, кең-молынан өз қажетіне жарата береді. Халықтық тілдің тілдік стилі тұрғысынан қолдау тапқан бұндай үлгілері әр түрлі мақсат үшін әдеби тіл аясында, әсіресе, көркем әдебиет шығармаларында кәдеге асады. Ақындық тезіне түсіп қырналған қарапайым сөз саптау тәсілдерінің көріністерін Абай шығармаларынанда кездестіруге болады. Мысалы, ол жалпы халықтық тіл ішіндегі шектеулі аяда қолданылатын жергілікті (диалект) ыра, мұқым сөздерін жыра, бүкіл деген көпшілікке мәлім сөздердің орнына қолданады. Сондай-ақ кірме сөздерді қолдануда ақынның өзіндік ерекшеліктері бар. Егер: «Ғаділетті жүректің, Әділетін бұзыппын»,- деген жолдарда бір сөздің өзін әуелі арабша нұсқада, одан кейін оның қазақ тіліндегі дыбысталуы бойынша екі ұдай мағына теліп қолданған болса, «Әлің білмес шіркінді Құдай әбден қарғады» мен «Қанденге бір ит кездей боп, Деді: «Әліңді білсеңші» сияқты жолдарда қазақтың «Әліңді біл!» деген дағдылы тіркесін арабтың сол мағынадағы «әдді» сөзін енгізу арқылы өзгерткен. Абай әдеби нормаға енбеген, бірақ қарапайым халық арасында айтыла беретін орыс сөздерін де реті келгенде өз поэзиясына қатыстырып отырған. Мысалы:

