Жаңалықтар

Куба

Куба, Куба Республикасы — Америкадағы, Вест-Индиядағы мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд (Пинос) және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, ұзын саны 1600-ге жуық. Құрлықтағы жер аумағы — 110,86 мың км2. Халқы — 11,3 млн. адам. Этникалық құрамы жағынан 65%-ы Испаниядан шыққандардың ұрпақтары, қалғандары — негрлер, метистер, мулаттар. Ресми тілі — испан тілі, діні — католик. Астанасы — Гавана қаласы (2,3 млн.). 1976 ж. қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің (Ұлттық ассамблея) қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Ұлттық мерекелері: 1-қаңтар — Азат етілген күн (1959), 26-шілде — Ұлттық көтеріліс күні (1953), 10-қазан — Кубаның Испаниядан тәуелсіздік алу жолындағы күресті бастаған күні (1868). Ақша бірлігі — Куба песосы. Куба жерінің үштен бір бөлігі таулы қырат, қалған бөлігі жазық. Елдің Орталық және батыс өңірлерінде Кордильера-де-Гуаниганико, Гавана — Матансас, Бехукаль — Мадруга, Санта-Клара, Гуамуая қыраттары, шығысында Сьерра-де-Кубитас, Сьерра-де-Нахаса қыраттары, оңтүстік-шығысын Сьерра-Маэстра тауы (ең биік жері 1974 м) алып жатыр. Пайдалы қазбалардан — мыс, марганец, хромит, никель, каолин кездеседі. Климаты — тропиктік. Қаңтардағы орташа температура 22,5°С, тамызда 27,8°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жазық жерлерде 1000 — 1200 мм, таулы өңірлерде 2200 мм-ге дейін. Өзендері қысқа, әрі суы аз. Аумағының 10%-ын орман алып жатыр. Кесіртке, қолтырауын, тасбақа, т.б. хайуанаттар кездеседі, құстардың 300-ге тарта түрі бар. Куба жерінің алғашқы тұрғындары үндіс тайпалары болған. Еуропалықтар келгенше (15-ғасырдың аяғы) мұнда екі жүз мыңнан аса үндістер тұрды. Аралдарды 1492 ж. қазанда Христофор Колумб ашты. Ол оны қателесіп, Үндістанның бір бөлігі деп ұққан, сондықтан, кейінірек жаңа жер шығыстағы Үндістаннан (Ост-Индия) ерекшелендіріліп, батыс Үндістан (Вест-Индия) деп аталып кеткен. 1510 жылдан бастап елді испандар жаулап алуға кірісті. Үндістер отаршыларға қатты қарсылық көрсеткенімен, испандар оларды қырғынға ұшыратты. Ауыр еңбектен, ашаршылықтан, аурудан үндістер жаппай қырылып, 1537 ж. 5000-дай ғана адам қалды. 1812 ж. аралда құл-негрлер көтерілісі болды. Осыдан үрейленген жергілікті құл иеленушілер испан үкіметімен жасырын келісіп, аралдарды Испанияның соғыс-теңіз базасына айналдырды. 1868 ж. 10-қазанда Куба патриоттарының көтерілісі басталып, 1869 ж. сәуірде тәуелсіз Куба республикасы жарияланды. Бірақ көтеріліс басшылары арасындағы жікті пайдаланып, испандар 1878 ж. 10-ақпанда өз биліктерін қайта орнатты. 1886 ж. құлдық жойылды. 1897 ж. 25-қарашада Испания Кубаға автономия берді. 1898 ж. АҚШ Испанияға соғыс ашып, Кубадан қуып шығарды. 1899 ж. АҚШ Кубаны басып алды. Елде халық толқулары қайта күшейді. 1902 ж. мамырда ресми түрде Куба Республикасы жарияланды. Бірақ, АҚШ ел экономикасына толық өз бақылауын орнатты. Диктатураға қарсы бір топ жастар 1953 ж. 26-шілдеде Монкада казармасына шабуыл жасады. Жауап ретінде үкімет жазалауды күшейтті. Мексикаға өтіп кеткен Фидель Кастро шағын жасақ жиып, 1956 ж. 2-желтоқсанда Кубаға оралды да, көтерілісті бастады. Көтерілісшілер жеңіске жетіп, 1959 ж. 1-қаңтарда Батиста тәртібі құлады. Үкімет басына Ф.Кастро келді. АҚШ үкіметінің Кубада мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру мақсатындағы бірнеше әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Қазіргі кезде Куба социалистік жүйеде қалған мемлекеттердің бірі. АҚШ тарапынан болып отырған эмбарго саясаты салдарынан Куба экономикасы қазіргі таңда дағдарысты жағдайды басынан кешіріп отыр. Жалпы ұлттық табыс мөлшері жеке адамға шаққанда 3520 доллар. Экспортқа қант, минералды шикізаттар, темекі, цитрусты жемістер мен балық өнімдері шығарылады. Жанар май, машина, құрал-саймандар, азық-түлік, сусындар сырттан әкелінеді. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ел аумағының 34,2%-ын құрайды. Негізгі сауда серіктестері: Испания, Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, Мексика, Болгария, т.б. Куба Қазақстанның егемендігін алғашқы болып таныған елдердің бірі.    
04.12.2012 10:33 7482

Куба, Куба Республикасы — Америкадағы, Вест-Индиядағы мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд (Пинос) және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, ұзын саны 1600-ге жуық. Құрлықтағы жер аумағы — 110,86 мың км2. Халқы — 11,3 млн. адам. Этникалық құрамы жағынан 65%-ы Испаниядан шыққандардың ұрпақтары, қалғандары — негрлер, метистер, мулаттар. Ресми тілі — испан тілі, діні — католик. Астанасы — Гавана қаласы (2,3 млн.). 1976 ж. қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің (Ұлттық ассамблея) қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Ұлттық мерекелері: 1-қаңтар — Азат етілген күн (1959), 26-шілде — Ұлттық көтеріліс күні (1953), 10-қазан — Кубаның Испаниядан тәуелсіздік алу жолындағы күресті бастаған күні (1868). Ақша бірлігі — Куба песосы.

Куба жерінің үштен бір бөлігі таулы қырат, қалған бөлігі жазық. Елдің Орталық және батыс өңірлерінде Кордильера-де-Гуаниганико, Гавана — Матансас, Бехукаль — Мадруга, Санта-Клара, Гуамуая қыраттары, шығысында Сьерра-де-Кубитас, Сьерра-де-Нахаса қыраттары, оңтүстік-шығысын Сьерра-Маэстра тауы (ең биік жері 1974 м) алып жатыр. Пайдалы қазбалардан — мыс, марганец, хромит, никель, каолин кездеседі. Климаты — тропиктік. Қаңтардағы орташа температура 22,5°С, тамызда 27,8°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жазық жерлерде 1000 — 1200 мм, таулы өңірлерде 2200 мм-ге дейін. Өзендері қысқа, әрі суы аз. Аумағының 10%-ын орман алып жатыр. Кесіртке, қолтырауын, тасбақа, т.б. хайуанаттар кездеседі, құстардың 300-ге тарта түрі бар.

Куба жерінің алғашқы тұрғындары үндіс тайпалары болған. Еуропалықтар келгенше (15-ғасырдың аяғы) мұнда екі жүз мыңнан аса үндістер тұрды. Аралдарды 1492 ж. қазанда Христофор Колумб ашты. Ол оны қателесіп, Үндістанның бір бөлігі деп ұққан, сондықтан, кейінірек жаңа жер шығыстағы Үндістаннан (Ост-Индия) ерекшелендіріліп, батыс Үндістан (Вест-Индия) деп аталып кеткен. 1510 жылдан бастап елді испандар жаулап алуға кірісті. Үндістер отаршыларға қатты қарсылық көрсеткенімен, испандар оларды қырғынға ұшыратты. Ауыр еңбектен, ашаршылықтан, аурудан үндістер жаппай қырылып, 1537 ж. 5000-дай ғана адам қалды. 1812 ж. аралда құл-негрлер көтерілісі болды. Осыдан үрейленген жергілікті құл иеленушілер испан үкіметімен жасырын келісіп, аралдарды Испанияның соғыс-теңіз базасына айналдырды. 1868 ж. 10-қазанда Куба патриоттарының көтерілісі басталып, 1869 ж. сәуірде тәуелсіз Куба республикасы жарияланды. Бірақ көтеріліс басшылары арасындағы жікті пайдаланып, испандар 1878 ж. 10-ақпанда өз биліктерін қайта орнатты. 1886 ж. құлдық жойылды. 1897 ж. 25-қарашада Испания Кубаға автономия берді. 1898 ж. АҚШ Испанияға соғыс ашып, Кубадан қуып шығарды. 1899 ж. АҚШ Кубаны басып алды. Елде халық толқулары қайта күшейді. 1902 ж. мамырда ресми түрде Куба Республикасы жарияланды. Бірақ, АҚШ ел экономикасына толық өз бақылауын орнатты. Диктатураға қарсы бір топ жастар 1953 ж. 26-шілдеде Монкада казармасына шабуыл жасады. Жауап ретінде үкімет жазалауды күшейтті. Мексикаға өтіп кеткен Фидель Кастро шағын жасақ жиып, 1956 ж. 2-желтоқсанда Кубаға оралды да, көтерілісті бастады. Көтерілісшілер жеңіске жетіп, 1959 ж. 1-қаңтарда Батиста тәртібі құлады. Үкімет басына Ф.Кастро келді. АҚШ үкіметінің Кубада мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру мақсатындағы бірнеше әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Қазіргі кезде Куба социалистік жүйеде қалған мемлекеттердің бірі.

АҚШ тарапынан болып отырған эмбарго саясаты салдарынан Куба экономикасы қазіргі таңда дағдарысты жағдайды басынан кешіріп отыр. Жалпы ұлттық табыс мөлшері жеке адамға шаққанда 3520 доллар. Экспортқа қант, минералды шикізаттар, темекі, цитрусты жемістер мен балық өнімдері шығарылады. Жанар май, машина, құрал-саймандар, азық-түлік, сусындар сырттан әкелінеді. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ел аумағының 34,2%-ын құрайды. Негізгі сауда серіктестері: Испания, Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, Мексика, Болгария, т.б. Куба Қазақстанның егемендігін алғашқы болып таныған елдердің бірі.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға