Жаңалықтар

Әйелдердің киім-кешегі

  Әйелдердің киім-кешегі. Ғұрыптық салтқа негізделген, ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен әшекейленген, әлеуметтік дәрежені көрсететін әйелдердің киімдері. Қазақ әйелдер киім-кешегі көшпелі тұрмыс пен ауа райына бейімделіп, шаруашылық пен мәдени ғұрыптық негізде болған. Әйел киімдерінің қазақ елінің бәріне мәлім ортақ түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, көзекей, кебіс, мәсі, кәкірекше сияқты киімдер. Сондай-ақ, әшекей, ажар жағынан қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері деп жас ерекшеліктеріне қарай тігіледі. Қазақ қолөнер шеберлері киімге катысты әртүрлі әшекейді зерделей білген. Маусымдық, өлкелік, әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар күнделікті тұрмыстық және сән-салтанатты киім-кешек түрлерін тігуде мата, басқа да қажетті заттарға үлкен мән берілген. Қазақтың ұлттық киімін сипатына қарай іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат ғұрып киімі деп бөледі. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын топтарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атайды. Әйелдердің іштік киімдеріне көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей; сырттық киімдеріне читан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдеріне қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Мереке, той-думандарда, аста, дүбірлі жиындарда әжелер бастарына ақ кимешек, шылауыш, күндіктерін салып, үстілеріне ақ шағидан жалбырлы көйлек, жалаң бешпет, сыртынан оқалы шапан, түлкі ішіктерін киіп, белін жібек белбеумен буып, оюлы кебіс мәсі киіп төрден орын алған. Ал келіншектер, әйелдер бастарына кестелі кимешек шылауыш, түйреуіштерін тағып, сәукеле, қызыл желектерін салады, үстілеріне желбір көйлек, кестелі көйлек, кәзекей кестелі жекет, кестелі кәмзол, жанат ішіктерін киеді, жібек, кемер белбеу тағынады, құлақтарына алтын сырга, мойындарына алтын-күміс алқа тағып, білегіне білезік, саусақтарына жүзік салып, кестелі тізе қап, биік өкшелі көксауыр етік, қызыл етік, шеттік етік киеді. Сондай-ақ, қазақ қыздары мен бойжеткендері шаштарына шашбау тағып, құлаққа сырга, қолға білезік, сақина салып, мойындарына алтын- күміс алқалар тағып, қос етекті алты қиық, төрт қиық койлектерін киіп, кестелі тізе қап, аяқтарына оюлы қызыл, көк, қара былғары етік киеді. Қазақ әйелдерінің бас киімдері өзіндік ерекшелік- терімен өзгешеленеді және жасалуының өзіндік ғұрыптық, салттық негізі бар. Әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар) қасаба, бүркеніш, шылауыш және т.б. Қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен отбасыдағы жағдайына байланысты ерекшеленеді. Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тақыя (тебетей) кисе, қыс маусымында ауқаттылар камшат бөрік киген. Бойжеткендер мен қыздар зере, тақия, төбетай, қарқара бөріктерінің төбесіне үкі таққан, себебі қазақ наным-сенімінде үкі құсы киелі саналады. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, т.б. бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабатталып сырылып тігіледі.  
04.12.2012 10:28 14513

 

Әйелдердің киім-кешегі. Ғұрыптық салтқа негізделген, ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен әшекейленген, әлеуметтік дәрежені көрсететін әйелдердің киімдері. Қазақ әйелдер киім-кешегі көшпелі тұрмыс пен ауа райына бейімделіп, шаруашылық пен мәдени ғұрыптық негізде болған.

Әйел киімдерінің қазақ елінің бәріне мәлім ортақ түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, көзекей, кебіс, мәсі, кәкірекше сияқты киімдер. Сондай-ақ, әшекей, ажар жағынан қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері деп жас ерекшеліктеріне қарай тігіледі. Қазақ қолөнер шеберлері киімге катысты әртүрлі әшекейді зерделей білген. Маусымдық, өлкелік, әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар күнделікті тұрмыстық және сән-салтанатты киім-кешек түрлерін тігуде мата, басқа да қажетті заттарға үлкен мән берілген.

Қазақтың ұлттық киімін сипатына қарай іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат ғұрып киімі деп бөледі. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын топтарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атайды. Әйелдердің іштік киімдеріне көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей; сырттық киімдеріне читан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдеріне қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады.

Мереке, той-думандарда, аста, дүбірлі жиындарда әжелер бастарына ақ кимешек, шылауыш, күндіктерін салып, үстілеріне ақ шағидан жалбырлы көйлек, жалаң бешпет, сыртынан оқалы шапан, түлкі ішіктерін киіп, белін жібек белбеумен буып, оюлы кебіс мәсі киіп төрден орын алған. Ал келіншектер, әйелдер бастарына кестелі кимешек шылауыш, түйреуіштерін тағып, сәукеле, қызыл желектерін салады, үстілеріне желбір көйлек, кестелі көйлек, кәзекей кестелі жекет, кестелі кәмзол, жанат ішіктерін киеді, жібек, кемер белбеу тағынады, құлақтарына алтын сырга, мойындарына алтын-күміс алқа тағып, білегіне білезік, саусақтарына жүзік салып, кестелі тізе қап, биік өкшелі көксауыр етік, қызыл етік, шеттік етік киеді. Сондай-ақ, қазақ қыздары мен бойжеткендері шаштарына шашбау тағып, құлаққа сырга, қолға білезік, сақина салып, мойындарына алтын- күміс алқалар тағып, қос етекті алты қиық, төрт қиық койлектерін киіп, кестелі тізе қап, аяқтарына оюлы қызыл, көк, қара былғары етік киеді.

Қазақ әйелдерінің бас киімдері өзіндік ерекшелік- терімен өзгешеленеді және жасалуының өзіндік ғұрыптық, салттық негізі бар. Әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар) қасаба, бүркеніш, шылауыш және т.б. Қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен отбасыдағы жағдайына байланысты ерекшеленеді. Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тақыя (тебетей) кисе, қыс маусымында ауқаттылар камшат бөрік киген. Бойжеткендер мен қыздар зере, тақия, төбетай, қарқара бөріктерінің төбесіне үкі таққан, себебі қазақ наным-сенімінде үкі құсы киелі саналады. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, т.б. бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабатталып сырылып тігіледі.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға