Жаңалықтар

Абай ауданы

    Абай ауданы Абай ауданы - Қарағанды облысы 1997 жылы Мичурин ауданына (1973 жылы құрылған) Абай қаласын қосып Абай ауданы құрылды. Аудан аумағы 6,5 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Абай қаласында орналысты. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 54,7мың адамды құрады. Ауданда 10 ауылдық әкімшілік, 39 ауылдық елді мекен, 4 кент бар. Абай ауданы – Қарағанды облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. 1973 ж. құрылған. Алғашында Мичурин ауданы болып аталды. 1997 жылдан Абай ауданы аталады. Жер аумағы 6,5 мың км2. Тұрғыны 54,9 мың, орташа тығыздығы 1 км2-ге 0,8 адамнан келеді (2006). Ауданда 10 ауылдық округ, 1 қала, 4 кент бар. Аудан орталығы – Абай қаласы. Аудан Сарыарқаның орта тұсында, қуаң дала белдемінде орналасқан. Батыс бөлігі аласа белесті, жазық. Тек Ақшоқы (588 м), Қоянды (725 м) сияқты аласа шоқылар кездеседі. Шығысы ұсақ төбелі (орташа биікт. 600 – 800 м). Кен байлықтарынан тас көмір, барит, әктас, т.б. құрылыс материалдары кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы суық қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –15 – 16°С, шілдеде 20 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 350 мм. Нұра, Шерубайнұра өзендері мен олардың салалары – Есен, Соқыр осы аудан аумағынан өтеді. Сасықкөл, Сопақсор, Сарыбұлақ, Шұбаркөл, Шұбар, Шерубайнұра, Ынтымақ, т.б. көлдер мен бөгендер бар. Ауданның шығысы қара қоңыр, батысы ашық қоңыр, сортаң топырақты болып келеді. Өсімдіктерден селеу, бетеге, жусан, өзен және тау аңғарларында қызғылт боз, қыраттарда қараған, тобылғы, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, атжалман, ондатр мекендейді. Суларында табан, мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Аудандағы ірі елді мекендер: Топар, Южный, Изумрудный, Қарабас кенттері. Ауданда өнеркәсіп ерте дамыған. 1863 – 1917 ж. аудан жерінде Орталық Қазақстандағы алғашқы өнеркәсіп орындарының бірі – Спасск мыс балқыту зауыты жұмыс істеді. Абай ауданында көмір өндіретін 5 шахта, «Шығыс» кен байыту фабрикасы, темір-бетон бұйымдар зауыттары, құрылыс материалдары мен құралымдар комбинаты, тігін фабрикасы, нан зауыттары, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаттары, құрылыс және көлік мекемелері; «Испат Кармет» АҚ-ның шикізат базасы, әктас кеніші бар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ет, сүт, жұмыртқа, картоп, көкөніс өндіруге бейімделген. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер аумағы 611,7 мың га (2006). Оның 48%-ына дәнді дақылдар, 3%-ына картоп пен көкөніс, 49%-ына жемшөп дақылдары егіледі. Мал шаруашылығы саласы бойынша ірі қара, жылқы, құс өсіру мен 8 кәсіпорын, 1 құс фабрикасы, 1 арнайы шаруашылық бірлестігі, агрофирма-техникум шұғылданады. Аудан аумағы арқылы Қарағанды – Шу темір жолы, Астана – Қарағанды – Алматы, Қарағанды – Атасу – Жезқазған автомобиль жолдары өтеді. 
04.12.2012 10:26 5432

 

 

Абай ауданы

Абай ауданы - Қарағанды облысы 1997 жылы Мичурин ауданына (1973 жылы құрылған) Абай қаласын қосып Абай ауданы құрылды.

Аудан аумағы 6,5 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Абай қаласында орналысты. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 54,7мың адамды құрады. Ауданда 10 ауылдық әкімшілік, 39 ауылдық елді мекен, 4 кент бар.

Абай ауданы – Қарағанды облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. 1973 ж. құрылған. Алғашында Мичурин ауданы болып аталды. 1997 жылдан Абай ауданы аталады. Жер аумағы 6,5 мың км2. Тұрғыны 54,9 мың, орташа тығыздығы 1 км2-ге 0,8 адамнан келеді (2006). Ауданда 10 ауылдық округ, 1 қала, 4 кент бар. Аудан орталығы – Абай қаласы. Аудан Сарыарқаның орта тұсында, қуаң дала белдемінде орналасқан. Батыс бөлігі аласа белесті, жазық. Тек Ақшоқы (588 м), Қоянды (725 м) сияқты аласа шоқылар кездеседі. Шығысы ұсақ төбелі (орташа биікт. 600 – 800 м). Кен байлықтарынан тас көмір, барит, әктас, т.б. құрылыс материалдары кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы суық қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –15 – 16°С, шілдеде 20 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 350 мм. Нұра, Шерубайнұра өзендері мен олардың салалары – Есен, Соқыр осы аудан аумағынан өтеді. Сасықкөл, Сопақсор, Сарыбұлақ, Шұбаркөл, Шұбар, Шерубайнұра, Ынтымақ, т.б. көлдер мен бөгендер бар. Ауданның шығысы қара қоңыр, батысы ашық қоңыр, сортаң топырақты болып келеді. Өсімдіктерден селеу, бетеге, жусан, өзен және тау аңғарларында қызғылт боз, қыраттарда қараған, тобылғы, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, атжалман, ондатр мекендейді. Суларында табан, мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Аудандағы ірі елді мекендер: Топар, Южный, Изумрудный, Қарабас кенттері. Ауданда өнеркәсіп ерте дамыған. 1863 – 1917 ж. аудан жерінде Орталық Қазақстандағы алғашқы өнеркәсіп орындарының бірі – Спасск мыс балқыту зауыты жұмыс істеді. Абай ауданында көмір өндіретін 5 шахта, «Шығыс» кен байыту фабрикасы, темір-бетон бұйымдар зауыттары, құрылыс материалдары мен құралымдар комбинаты, тігін фабрикасы, нан зауыттары, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаттары, құрылыс және көлік мекемелері; «Испат Кармет» АҚ-ның шикізат базасы, әктас кеніші бар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ет, сүт, жұмыртқа, картоп, көкөніс өндіруге бейімделген. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер аумағы 611,7 мың га (2006). Оның 48%-ына дәнді дақылдар, 3%-ына картоп пен көкөніс, 49%-ына жемшөп дақылдары егіледі. Мал шаруашылығы саласы бойынша ірі қара, жылқы, құс өсіру мен 8 кәсіпорын, 1 құс фабрикасы, 1 арнайы шаруашылық бірлестігі, агрофирма-техникум шұғылданады. Аудан аумағы арқылы Қарағанды – Шу темір жолы, Астана – Қарағанды – Алматы, Қарағанды – Атасу – Жезқазған автомобиль жолдары өтеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға