Жаңалықтар

Исмаилдік

Исмаилдік Исмаилдік- шииттіктің асыра сілтеуші бөлімдерінің бірі. Имамияның алтыншы имамы Жағфар әс-Садықтың (148 - 765) өлімінен кейін пайда болды. Яғни, имамия шиасы жетінші имам ретінде Мұса әл-Қасымды алса, исмаилер Жағфар әс-Садықтың үлкен ұлы Исмаилды жетінші имам деп қабылдайды. Жеті имамды қабылдайтындықтан оларды «жетішілдер» (сабина) деп атайды. Исмаилдың ең жақын досы Әбул Хаттаб (138 - 755) Исмаилия атымен шыққан батыни фырқаның діни сенімдері мен жалған құрылымын қалыптастырған адам болып табылады. Исмаилдың өлімінен кейін (158 - 774) басына Әбул-Хаттабты әкелді, одан кейін Мәймун әл-Каддах пен баласы Абдуллахқа (761/784) баласы Мұхаммедтің айналасына жиналған Исмаилдіктер жұмыс басына Әбул-Хаттабты әкелді, одан кейін Маймунәл-Каддах пен баласы Абдуллахқа (761/784) бағынған. Бұл адамдар көне Орта Шығыс діндері мен жаңа Эфталон (Платон) философиясынан пайдаланып, батыни діни сенімі мен діни ұйымын құрған. Құрылғаннан бастап 150 жылдан аса уақыт имамдары жасырын (ғайып) болған исмаилияны үгіт жүргізушілер басқарған. Куфа, Йемен, Ирак және Солтүстік Африкада әрекет жасап, үгіт жүргізген бұл имамдар өз мазһабтарының көзқарастарын таратуды қадаған. Бахрейіндегі үгітшілер Бахрейіндегі басқару істерін өз қолдарын алып, сол жерде Кармати мемлекетін құрды. Зұлымдық пен қысым басым болған бұл дүниеге әділдік орнататын құтқарушы (Мәһди) келетінін, оның залымдардан өш алатынын ашуы маңайына көптеген адамның жиналуын себеп болды. Сол кездегі тәртіпке (басқаруға) қауіпті болған Исмаилдік үгітшілер Йемен мен Солтүстік Африкада да жетістікке жетті. 297/909 жылы Мысыр мен оның айналасында Фатими мемлекетін құрды. Мысырда атақты әл-Азқар университетін салдырып, Каирды астана, әрі білім және мәдениет орталық етіп алды. 567/1171 жылы Аббилер тарапынан жойылған фатимилер ұзақ уақыт Йемен, Мысыр, Сирия, Хижаз және Солтүстік Африканың маңызды бөлігін өз қолдарында ұстады. Исмаилия әл-Мустансырдың халифалығы кезінде (427 - 487/1036 - 94) Низари және Мустами тобы болып екіге бөлінді. Алдымен имамия шиасы болған Хасан Саббах үгітшілердің жұмысының нәтижесінде Исмаилдік болды. Низардың имамдығына қолдау көрсетті. Көтерілісші және батыни пікірлерімен Ислам әлемінде батыни сенімдерді таратушы болды. Уақыт өте келе Йеменнен басқа аймақтардағы Исмаилдіктер де Низардың қасына барып, низарилік көптеген аймақта үстемдік етті. Исмаилдіктің басқарушысы «нағыз үгітші» деп аталған. Низари Исмаилдіктері қазіргі кезде дүниенің көптеген аймағына тараған. Үндістандағы Бохра деп аталатын батыни сеніміндегі топ бұлардың бір бөлігі болып табылады. Хасан Саббах тарапынан Иранда құрылды. Ол 483/1090 жылы Казбин маңайындағы Аламут қаласын басып алып, Иран Низари Исмаили мемлекетін құрған. Гашиш берілген қорғаушылар осы мемлекет көмегімен Исмаилдікті Ирак және Сирия мен қоса Анадолыда да таратуға тырысқақ Уақыт өте келе Ираннан Үндістан және Ауғанстанға келген Низари исмаилилігі 1233/1840 жылы I Ага Хан Али Шахпен Үндістанда жаңа бір кезең бастады. ІІІ Ага Хан сұлтан Мұхаммед шах кезеңінде үлкен жеңіске жетіп, IV Ага хан болған Кәрим шах Алидің басқаруымен қазірге дейін жеткен. Қазіргі кезде Исмаилдіктер Үндістанда ғана емес, Азия, Еуропа және Африканың көптеген елдеріне тараған. Өмір сүріп жатқан елдерінде маңызды орын алған Исмаилдіктер түркі әлемінде де таралуда. Исмаилияның көзқарастары толығымен батыни негіздерге сүйенеді. Көне грек философиясы және Таяу Шығыс діндері кейбір Исламдық мәліметтерді батыни мағынада біріктіріп жорамалдаудан тұрады. Ислам әлеміне үлкен зиян келтіретін бұл Исмаилдік түсінігі көптеген қате көзқарастары, исраилият пен хурафаны мұсылман мәдениетіне енгізген. Олар өздерінің көзқарастарын кейде үгіт жүргізу, кейде террор мен анархия арқылы жүзеге асыруға тырысқақ Есірткі зат қолдану, мафия ұйымын құру және әйелдерді қолдану - Исмаилдік үгіт жүргізу құралдарын құрайды. Исмаилия Аллаһтың бір екенін және Хазірет Мұхаммедтің (с.а.у.) Пайғамбарлығын қабылдаумен қатар Хазіреті Әлиді Пайғамбардың өкілі және мұрагері деген пікірді қолдайды. Батыни көзқарастарын мұсылман халыққа қабылдату үшін Хазіреті Әли мен Әхли Бәйтті қолданады. Исмаилдықтар күніне үш рет намаз оқиды. Бірақ жұма намазын оқымайды. Зекет беру жақсы ғибадат деп саналып, басшыға беріледі. Жылжитын және жылжымайтын дүние-мүліктен жиналатын зекет Исмаилдіктің қоғам жұмыстары үшін жұмсалады. Исмаилдіктер Әхли Сунна сияқты Рамазан айында ораза тұтады. Қажылық ғибадаты да Исламдағы сияқты жүзеге асырылады. Сонымен катар, иман иманға бағыну арқылы ғана болады. Исламның элементтері уәлаяттың көмекші бөлігі болып саналады. Ал иманның анықтамасы «әрбір анық нәрсенің жасырын жағы болады» деген түсінікке сүйенеді. Бұл түсінік бойынша имамды қабылдамайтындарға барлық адал нәрсе арам, ал имамды қабылдағандар үшін барлық нәрсе адал болып табылады. Екінші жақтан діни үкімдерді батыни мағыналарында түсіну және философиялық тұрғыдан жорамалдамау керек. Исмаилдіктер Ислам ғибадаттарын теорияда қабылдағанмен оларды жүзеге асыруға көп мән бермейді. Қожа және Аға Хан Исмаилдікте намаз оқымайды.  
04.12.2012 10:23 3392

Исмаилдік

Исмаилдік- шииттіктің асыра сілтеуші бөлімдерінің бірі. Имамияның алтыншы имамы Жағфар әс-Садықтың (148 - 765) өлімінен кейін пайда болды. Яғни, имамия шиасы жетінші имам ретінде Мұса әл-Қасымды алса, исмаилер Жағфар әс-Садықтың үлкен ұлы Исмаилды жетінші имам деп қабылдайды. Жеті имамды қабылдайтындықтан оларды «жетішілдер» (сабина) деп атайды.

Исмаилдың ең жақын досы Әбул Хаттаб (138 - 755) Исмаилия атымен шыққан батыни фырқаның діни сенімдері мен жалған құрылымын қалыптастырған адам болып табылады.

Исмаилдың өлімінен кейін (158 - 774) басына Әбул-Хаттабты әкелді, одан кейін Мәймун әл-Каддах пен баласы Абдуллахқа (761/784) баласы Мұхаммедтің айналасына жиналған Исмаилдіктер жұмыс басына Әбул-Хаттабты әкелді, одан кейін Маймунәл-Каддах пен баласы Абдуллахқа (761/784) бағынған. Бұл адамдар көне Орта Шығыс діндері мен жаңа Эфталон (Платон) философиясынан пайдаланып, батыни діни сенімі мен діни ұйымын құрған.

Құрылғаннан бастап 150 жылдан аса уақыт имамдары жасырын (ғайып) болған исмаилияны үгіт жүргізушілер басқарған. Куфа, Йемен, Ирак және Солтүстік Африкада әрекет жасап, үгіт жүргізген бұл имамдар өз мазһабтарының көзқарастарын таратуды қадаған. Бахрейіндегі үгітшілер Бахрейіндегі басқару істерін өз қолдарын алып, сол жерде Кармати мемлекетін құрды. Зұлымдық пен қысым басым болған бұл дүниеге әділдік орнататын құтқарушы (Мәһди) келетінін, оның залымдардан өш алатынын ашуы маңайына көптеген адамның жиналуын себеп болды. Сол кездегі тәртіпке (басқаруға) қауіпті болған Исмаилдік үгітшілер Йемен мен Солтүстік Африкада да жетістікке жетті. 297/909 жылы Мысыр мен оның айналасында Фатими мемлекетін құрды. Мысырда атақты әл-Азқар университетін салдырып, Каирды астана, әрі білім және мәдениет орталық етіп алды. 567/1171 жылы Аббилер тарапынан жойылған фатимилер ұзақ уақыт Йемен, Мысыр, Сирия, Хижаз және Солтүстік Африканың маңызды бөлігін өз қолдарында ұстады. Исмаилия әл-Мустансырдың халифалығы кезінде (427 - 487/1036 - 94) Низари және Мустами тобы болып екіге бөлінді.

Алдымен имамия шиасы болған Хасан Саббах үгітшілердің жұмысының нәтижесінде Исмаилдік болды. Низардың имамдығына қолдау көрсетті. Көтерілісші және батыни пікірлерімен Ислам әлемінде батыни сенімдерді таратушы болды. Уақыт өте келе Йеменнен басқа аймақтардағы Исмаилдіктер де Низардың қасына барып, низарилік көптеген аймақта үстемдік етті.

Исмаилдіктің басқарушысы «нағыз үгітші» деп аталған. Низари Исмаилдіктері қазіргі кезде дүниенің көптеген аймағына тараған. Үндістандағы Бохра деп аталатын батыни сеніміндегі топ бұлардың бір бөлігі болып табылады. Хасан Саббах тарапынан Иранда құрылды. Ол 483/1090 жылы Казбин маңайындағы Аламут қаласын басып алып, Иран Низари Исмаили мемлекетін құрған. Гашиш берілген қорғаушылар осы мемлекет көмегімен Исмаилдікті Ирак және Сирия мен қоса Анадолыда да таратуға тырысқақ Уақыт өте келе Ираннан Үндістан және Ауғанстанға келген Низари исмаилилігі 1233/1840 жылы I Ага Хан Али Шахпен Үндістанда жаңа бір кезең бастады. ІІІ Ага Хан сұлтан Мұхаммед шах кезеңінде үлкен жеңіске жетіп, IV Ага хан болған Кәрим шах Алидің басқаруымен қазірге дейін жеткен.

Қазіргі кезде Исмаилдіктер Үндістанда ғана емес, Азия, Еуропа және Африканың көптеген елдеріне тараған. Өмір сүріп жатқан елдерінде маңызды орын алған Исмаилдіктер түркі әлемінде де таралуда.

Исмаилияның көзқарастары толығымен батыни негіздерге сүйенеді. Көне грек философиясы және Таяу Шығыс діндері кейбір Исламдық мәліметтерді батыни мағынада біріктіріп жорамалдаудан тұрады. Ислам әлеміне үлкен зиян келтіретін бұл Исмаилдік түсінігі көптеген қате көзқарастары, исраилият пен хурафаны мұсылман мәдениетіне енгізген. Олар өздерінің көзқарастарын кейде үгіт жүргізу, кейде террор мен анархия арқылы жүзеге асыруға тырысқақ Есірткі зат қолдану, мафия ұйымын құру және әйелдерді қолдану - Исмаилдік үгіт жүргізу құралдарын құрайды.

Исмаилия Аллаһтың бір екенін және Хазірет Мұхаммедтің (с.а.у.) Пайғамбарлығын қабылдаумен қатар Хазіреті Әлиді Пайғамбардың өкілі және мұрагері деген пікірді қолдайды. Батыни көзқарастарын мұсылман халыққа қабылдату үшін Хазіреті Әли мен Әхли Бәйтті қолданады.

Исмаилдықтар күніне үш рет намаз оқиды. Бірақ жұма намазын оқымайды.

Зекет беру жақсы ғибадат деп саналып, басшыға беріледі. Жылжитын және жылжымайтын дүние-мүліктен жиналатын зекет Исмаилдіктің қоғам жұмыстары үшін жұмсалады. Исмаилдіктер Әхли Сунна сияқты Рамазан айында ораза тұтады. Қажылық ғибадаты да Исламдағы сияқты жүзеге асырылады.

Сонымен катар, иман иманға бағыну арқылы ғана болады. Исламның элементтері уәлаяттың көмекші бөлігі болып саналады. Ал иманның анықтамасы «әрбір анық нәрсенің жасырын жағы болады» деген түсінікке сүйенеді.

Бұл түсінік бойынша имамды қабылдамайтындарға барлық адал нәрсе арам, ал имамды қабылдағандар үшін барлық нәрсе адал болып табылады. Екінші жақтан діни үкімдерді батыни мағыналарында түсіну және философиялық тұрғыдан жорамалдамау керек. Исмаилдіктер Ислам ғибадаттарын теорияда қабылдағанмен оларды жүзеге асыруға көп мән бермейді. Қожа және Аға Хан Исмаилдікте намаз оқымайды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға