Жаңалықтар

КСРО ғылым академиясының Орал мен Батыс Сібірдің, Қазақстанның қорларын елді қорғау мұқтажына жұмылд

КСРО ғылым академиясының орал мен батыс сібірдің, қазақстанның қорларын елді қорғау мұқтажына жұмылдыру жөніндегі комиссиясы (1942–45), 2-дүниежүз. соғыс жылдары КСРО-ның табиғи қорларын елдің қорғаныс мұқтажына тиімді пайдалануда ғалымдардың күштерін біріктіру үшін құрылды (1941–42 ж. КСРО ҒА-ның Орал қорларын жұмылдыру комиссиясы). Комиссия тамыз айында Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қ-нда құрылды, қыркүйекте Кеңес үкіметі мақұлдады. Негізгі мақсаты – Оралды Кеңес Одағының негізгі қорғаныс өндірісінің базасына айналдыруға көмектесу. Инициаторы және төрағасы КСРО ҒА-ның президенті, акад. В.Л.Комаров (ресми емес аты Комаров комиссиясы) болды. Комиссия қара металлургия (жетекшілері – акад. И.П.Бардин мен Э.В.Брицке), көлік (акад. В.Н.Образцов), түсті металлургия (КСРО ҒА-ның корр. мүшесі Д.М.Чижиков), энергетика (КСРО ҒА-ның корр. мүшесі В.И.Вейц) топтарына бөлінді. 1942 жылдың сәуірінен бастап комиссия Оралдан басқа Батыс Сібір мен Қазақстанның қорларын зерттеумен айналысты. Оның қызметінің нәтижесінде стратегиялық шикізаттардың – мұнай, көмір, марганец, темір, түсті және қара металл қорлары анықталып, т. ж. көлігін пайдалану жетілдірілді. Қазақстанның а. ш. жұмыстарын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізілді. Комиссия өнеркәсіп өндірісін кеңейтуде үлкен рөл атқарды. КСРО ҒА ғалымдарымен бірге Қазақ бөлімшесінің Қ.И.Сәтбаев басқарған ғалымдары тығыз ынтымақта жұмыс істеді. 260 экспедиция пайдалы қазбаларды іздестірді. Қазақстан геологтары марганец, темір, түсті және сирек кездесетін металдар, отын және құрылыс материалдары шикізаттары кен орындарын барлады. Қарағанды обл-нда Кентөбе – Тоғай, Атасу, Қарсақбай темір кендерінің экспертизасы жүргізілді. Осының негізінде И.П.Бардин басқарған ғалымдар тобы Самарқан (қазіргі Теміртау қ.) кентінде толық өндірістік циклді Қазақ металлургия з-тының құрылысын бастауға ұсыныс жасады. Комиссия мыс комб-тының өндірістік қуаттарын арттыру жөніндегі ұсыныстар берді. Балқаш пен Жезқазғанға құрамында акад. А.А.Байков, Брицке, КСРО ҒА-ның корр. мүшесі Чижиков және П.Ф.Антипин бар ғалымдар тобы жіберілді. Комиссияның металлургия кәсіпорындарының қуаттарын ұлғайту жөніндегі шаралары респ. үкіметіне ұсынылып, Мемл. Қорғаныс к-ті мен КСРО Мемл. жоспарлау к-тіне жолданды. Қарағанды көмір бассейнін жедел қарқынмен жан-жақты зерттеу жүргізілді. Бұл жұмысты комиссияның құрамында акад. А.А.Скочинский. Л.Д.Шевяков, М.А.Павлов, проф. В.И.Геронтьев және А.Е.Пробст бар арнаулы ғалымдар тобы орындады. Сондай-ақ Мәскеу тау-кен ин-тының ғыл. қызметкерлері проф. И.М.Верховский. А.А.Гапеев, Д.М.Киржнер, доцент Р.А.Селецкий және Шығыс көмір химиясы ин-тының инж. Н.В.Тележников пен К.В.Упоров, «Қарағандыкөмір» комб-ты мен оның трестерінің өндірістік-тех. қызметкерлері қатысты. Комиссия Орт. Қазақстанда көмір өндіруді ұлғайтудың кешенді шараларын жасады. Күлі аз, сондай-ақ «Жоғарғы Марианна» қабатының орт. бөлігінің сапалы көмірін бөлектеп алу, байыту фабрикалары мен шағын қуатты көлбеу шахталарды салу, Саран және Шерубай-Нұра көмірлі аймақтарын игеруді әзірлеу үшін геол. барлау жұмыстарын өрістету жөнінде ұсыныстар берді. 1944 жылдың аяғында комиссия қызметін тоқтатты. Казақ КСР-інің табиғи байлығын анықтаудағы ерекше сіңірген еңбегі үшін акад. Комаровка Казақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері атағы берілді. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің Төралқасы акад. Комаров, Байков, Образцов, Бардин, Скочинскийлерді Құрмет грамотасымен марапаттады.  
04.12.2012 10:07 3258

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға