Жаңалықтар

Әйел құқығы

  Әйел құқығы. Қазақтың байырғы әдет-ғұрыптық заңы бойынша әйел адамның әлеуметтік ортадағы орны мен міндетін білдіретін және мүліктік меншікті иеленудегі үлесін білдіретін құқықтық нормалар жиынтығы. Байырғы заңдар жүйесі бойынша, ер азаматтың бірнеше әйелі болса, ең бірінші әйелі бәйбіше деп аталған. Отағасы оны сыйлауға міндетті, алайда қанша әйелі болса да барлығы бірдей бәйбішеге бағынған. Әйелдердің жасауларының араласып кетуіне жол берілмейді, бұл анасының мүлкі тек балаларына тиесілі болсын деген түсініктен шыкқан. Дәстүрлі ортаның әйел қүны мен кұқығы жайлы ұстанымдарында отбасы мүшелерін материалдық игілікпен камтамасыз ету ер адамға жүктелгендіктен, әйел адамға құқықтық, материалдық артық міндеттеме жүктемейді. Этномәдени дәстүрдегі талап пен діни ұстанымдарға байланысты соқиумның санасындағы түсінік бойынша әйелдің міндеті - дүниеге ұрпақ әкелу, ұрпақ тәрбиелеу. Л.Фукстың деректері бойынша, байырғы ортада қазақ әйелдері үй шаруашылығын толық басқарған және төркінінен келген барлық мал-мүлік, тұрмыстық заттарды өз қарауына алып, шаруашылығын көбейтіп, оны күнделікті әлеуметтік қажеттілігіне жаратып отырған. Ертеде қазақ байлары бірнеше әйел алғандықтан, әр әйелдің өзіндік құқығы мен атқаратын міндеті болған. Сондай-ақ, бәйбіше күйеуінің әйелдеріне қалай көңіл бөлетіндігіне байланысты күйеуінің малынан тоқалдарға енші бөліп берген, ал бәйбішеде еншіленген шаруашылық болмайды, себебі оған күйеуінің малын басқаруға, күйеуімен бірдей дәрежеде құқық берілгендіктен, бәйбіше де мал-мүліктің толық иесі болып саналған. Қазақ арасында көп әйел алудың бірнеше жолдары болған. Байырғы ортада байлыққа мастанған байлар төсек жаңғырту мақсатымен әйел үстіне қалыңмалын төлеп қыз айттыру арқылы бірнеше әйел алған. Халықтың ғұрыптық салты бойынша әйел саны шектелмеген, ал шариғат заңы бойынша төрт әйел алуға ғана рұқсат етілген. Орыс зерттеушісі Н.Гродековтың деректері бойынша төрт әйелден артық әйелі бар ерлер соңғы төртеуімсн ғана ерлі-зайыптылық ғұрпымен тұруға құқылы болған, ал қалған әйелдері софылық жолға түсіп, шариғат бойынша ерлерімен ажырасқан. Қазақ отбасында әйел құқыгы болмаған деген біржақты пікір тумауы керек. Әйел ақылды болса, бағына орай ері де ақылды, сабырлы болар болса, ол тек еріне ғана емес, онымен бірге бүкіл ауылға да өзіпің ықпалын тигізген. Н.Изразқевтің деректері бойынша қазақтардың ғұрыптық дәстүрінде күйеуі қайтыс болып, артында кәмелет жасына толмаған балалары қалса, әйел қайтадан тұрмысқа шықпаған жағдайда күйеуінен қалған барлық мүлікке иелік еткен. Ертеде қазақтардың бірнеше әйелі болғандықтан, мүлікті бөлісу кезінде алдымен бәйбішеден туған балаларына, ал одан кейін ғана тоқалдан туған балаларына үлестері берілген. Сонымен қатар қазақтың әдет-ғұрыптық заңы бойынша бәйбішеден бала болмаған жағдайда мүлік бірден тоқалдан туған балаларына еншіленген. Байырғы ортада ерлі-зайыпты адамдардың ажырасуы некен-саяқ болған, алайда ер азамат белсіз болған жағдайда, оның сыркаты толық нақты дәлелдермен анықталғаннан кейін ғана ажырасуға рұқсат берілген.  
04.12.2012 09:59 11218

 

Әйел құқығы. Қазақтың байырғы әдет-ғұрыптық заңы бойынша әйел адамның әлеуметтік ортадағы орны мен міндетін білдіретін және мүліктік меншікті иеленудегі үлесін білдіретін құқықтық нормалар жиынтығы. Байырғы заңдар жүйесі бойынша, ер азаматтың бірнеше әйелі болса, ең бірінші әйелі бәйбіше деп аталған. Отағасы оны сыйлауға міндетті, алайда қанша әйелі болса да барлығы бірдей бәйбішеге бағынған. Әйелдердің жасауларының араласып кетуіне жол берілмейді, бұл анасының мүлкі тек балаларына тиесілі болсын деген түсініктен шыкқан. Дәстүрлі ортаның әйел қүны мен кұқығы жайлы ұстанымдарында отбасы мүшелерін материалдық игілікпен камтамасыз ету ер адамға жүктелгендіктен, әйел адамға құқықтық, материалдық артық міндеттеме жүктемейді. Этномәдени дәстүрдегі талап пен діни ұстанымдарға байланысты соқиумның санасындағы түсінік бойынша әйелдің міндеті - дүниеге ұрпақ әкелу, ұрпақ тәрбиелеу. Л.Фукстың деректері бойынша, байырғы ортада қазақ әйелдері үй шаруашылығын толық басқарған және төркінінен келген барлық мал-мүлік, тұрмыстық заттарды өз қарауына алып, шаруашылығын көбейтіп, оны күнделікті әлеуметтік қажеттілігіне жаратып отырған.

Ертеде қазақ байлары бірнеше әйел алғандықтан, әр әйелдің өзіндік құқығы мен атқаратын міндеті болған. Сондай-ақ, бәйбіше күйеуінің әйелдеріне қалай көңіл бөлетіндігіне байланысты күйеуінің малынан тоқалдарға енші бөліп берген, ал бәйбішеде еншіленген шаруашылық болмайды, себебі оған күйеуінің малын басқаруға, күйеуімен бірдей дәрежеде құқық берілгендіктен, бәйбіше де мал-мүліктің толық иесі болып саналған. Қазақ арасында көп әйел алудың бірнеше жолдары болған. Байырғы ортада байлыққа мастанған байлар төсек жаңғырту мақсатымен әйел үстіне қалыңмалын төлеп қыз айттыру арқылы бірнеше әйел алған. Халықтың ғұрыптық салты бойынша әйел саны шектелмеген, ал шариғат заңы бойынша төрт әйел алуға ғана рұқсат етілген. Орыс зерттеушісі Н.Гродековтың деректері бойынша төрт әйелден артық әйелі бар ерлер соңғы төртеуімсн ғана ерлі-зайыптылық ғұрпымен тұруға құқылы болған, ал қалған әйелдері софылық жолға түсіп, шариғат бойынша ерлерімен ажырасқан.

Қазақ отбасында әйел құқыгы болмаған деген біржақты пікір тумауы керек. Әйел ақылды болса, бағына орай ері де ақылды, сабырлы болар болса, ол тек еріне ғана емес, онымен бірге бүкіл ауылға да өзіпің ықпалын тигізген. Н.Изразқевтің деректері бойынша қазақтардың ғұрыптық дәстүрінде күйеуі қайтыс болып, артында кәмелет жасына толмаған балалары қалса, әйел қайтадан тұрмысқа шықпаған жағдайда күйеуінен қалған барлық мүлікке иелік еткен. Ертеде қазақтардың бірнеше әйелі болғандықтан, мүлікті бөлісу кезінде алдымен бәйбішеден туған балаларына, ал одан кейін ғана тоқалдан туған балаларына үлестері берілген. Сонымен қатар қазақтың әдет-ғұрыптық заңы бойынша бәйбішеден бала болмаған жағдайда мүлік бірден тоқалдан туған балаларына еншіленген. Байырғы ортада ерлі-зайыпты адамдардың ажырасуы некен-саяқ болған, алайда ер азамат белсіз болған жағдайда, оның сыркаты толық нақты дәлелдермен анықталғаннан кейін ғана ажырасуға рұқсат берілген.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға