Жаңалықтар

Ислам дініндегі салықтар

Ислам дініндегі салықтар - Құран Кәрімнің аяттары және Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарлық хадистері негізіндебелгіленген салық түрлері. Алғашқы халифалар дәуірінен бастап, мұсылман мемлнің мәдени, әлеуметтік, құқықтық және экономиялық ұстанымдарына сәйкес азды-көпті өзгерістерге ұшырағанымен Ислам дініндегі салықтарды екі топқа бөлуге болады: 1) мұсылмандардая алынатын салықтар (зекет және құшыр); 2) мұсылман емес халықтан алынатын салықтар (хараж және жизие). Зекет негізгі қажеттіліктен тыс һәм нисаб мөлшеріненартық мал-мүлікке бір жылдан кейін салынатын салық. Зекет тазалану ұғымын білдіреді. Мұсылмандар зекет беру арқылы, бір жағынан, Құран Кәрімнің аятымен бекітілген парыз ғибадатты орындаса, екінші жағынан, әлеуметтік ынтымақтастыққа үлес қосады. Құшыр - қырман кезінде жер өнімдеріне салынатын салықтың түрі. Жауын және өзен суларымен табиғи түрде суарылатын егістіктерден толық құшыр алынады. Ал тасымал сумен суарылған егістіктер мен бау-бақшалардан жартылай мөлшерде құшыр алынады. Құшырды жылжымайтын мүліктің зекеті деп атаушылар да бар. Мұсылмандар жер өнімдерінің 1/10 мөлшерінде құшыр береді. Хараж салығының жүйелі түрде жүзеге асырылуы екінші халифа Омар әл-Хаттаб билігі тұсында болған. Мұсылмандар Сасани әулеті мемлекеттік. (224 - 651) құлатқан соң өте үлкен аумаққа ие болғанды. Бұған дейін жауланып алынған жерлер мұсылман әскерлерге үлестірілуші еді. Халифа Омар Ирак және Иран жерлері мұсылман билігіне қосылған оң, «Хашыр» сүресінің 8 - 10-аяттарына сүйене отырып, қолға түскен жерлерді бұрынғы иелерінде қалдырды, тек иесіз жерлерді иқта ету жолымен мұсылмандарға пайдалануға берді. Мұсылман еместер мен-шіктеріндегі жердің көлемі мен түріне сәйкес хараж салығын төлейтін болды. Мысалы,Ирак жеріндеғі зымилердің (зыми - Ислам мемлекетінің билігіне қосылған мұсылман емес азаматтар) бір жәрибке, яғни 0,24 гектарға (немесе 40 кг өнімге) төлейтін хараж мөлшері: бидайға 2 - 4 , өзге дәнді дақылдарға 3 - 4 , мақтаға 5 - 6 , майлы дәндіөсімдіктерге 8 дирһәм (1 дирһәм 3,75 гр салмағындағы күміс теңге). Мысырлықтар болса, бір жәрибке бір динар (4,25 гр салмағындағы алтын ділда) мөлшерінде хараж төледі. Жизие - адам басына салынатын салық. Жизие салығы ақыл-есі сау және денсаулығы жарамды адамдарға ғана салынады, әйелдер мен балалар, қарттар мен дін қызметкерлері бұл салықтан босатылған. Ислам дінің қабылдаған адамдар жизие салығынан азат етіледі. Жизие салығы Құран Кэрімдегі «Тәубе» сүресінің 29-аятымен парыз етілген. Халифа Омар кезінде жизие мөлшері адам басына 40 дирһәм, яки 4 динар еді. Мұсылман еместер осы салықтарды төлегенде олардың мал-мүліктері, бас амандықтары, діни наным-сенімдері, намыстары мұсылман мемлекетінің тікелей қорғауында болатын. Мұсылмандардың төлейтін салықгарының мөлшері мұсылман еместер төлеуге міндетті салықтардан анағұрлым көбірек. Өйткені мұсылмандар жылжымалы меншіктерінің салығыменқатар (зекет), жылжымайтын үлік салығын (құшыр) төлесе, мұсылман еместер тек қырмандағы өнімдеріне салық төлейді және олар мұсылмандар сияқты әскери қызметпен міндеттелмеген.
04.12.2012 09:59 7302

Ислам дініндегі салықтар - Құран Кәрімнің аяттары және Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарлық хадистері негізіндебелгіленген салық түрлері. Алғашқы халифалар дәуірінен бастап, мұсылман мемлнің мәдени, әлеуметтік, құқықтық және экономиялық ұстанымдарына сәйкес азды-көпті өзгерістерге ұшырағанымен Ислам дініндегі салықтарды екі топқа бөлуге болады:

1) мұсылмандардая алынатын салықтар (зекет және құшыр); 2) мұсылман емес халықтан алынатын салықтар (хараж және жизие).

Зекет негізгі қажеттіліктен тыс һәм нисаб мөлшеріненартық мал-мүлікке бір жылдан кейін салынатын салық. Зекет тазалану ұғымын білдіреді. Мұсылмандар зекет беру арқылы, бір жағынан, Құран Кәрімнің аятымен бекітілген парыз ғибадатты орындаса, екінші жағынан, әлеуметтік ынтымақтастыққа үлес қосады. Құшыр - қырман кезінде жер өнімдеріне салынатын салықтың түрі. Жауын және өзен суларымен табиғи түрде суарылатын егістіктерден толық құшыр алынады. Ал тасымал сумен суарылған егістіктер мен бау-бақшалардан жартылай мөлшерде құшыр алынады. Құшырды жылжымайтын мүліктің зекеті деп атаушылар да бар. Мұсылмандар жер өнімдерінің 1/10 мөлшерінде құшыр береді.

Хараж салығының жүйелі түрде жүзеге асырылуы екінші халифа Омар әл-Хаттаб билігі тұсында болған. Мұсылмандар Сасани әулеті мемлекеттік. (224 - 651) құлатқан соң өте үлкен аумаққа ие болғанды. Бұған дейін жауланып алынған жерлер мұсылман әскерлерге үлестірілуші еді. Халифа Омар Ирак және Иран жерлері мұсылман билігіне қосылған оң, «Хашыр» сүресінің 8 - 10-аяттарына сүйене отырып, қолға түскен жерлерді бұрынғы иелерінде қалдырды, тек иесіз жерлерді иқта ету жолымен мұсылмандарға пайдалануға берді. Мұсылман еместер мен-шіктеріндегі жердің көлемі мен түріне сәйкес хараж салығын төлейтін болды. Мысалы,Ирак жеріндеғі зымилердің (зыми - Ислам мемлекетінің билігіне қосылған мұсылман емес азаматтар) бір жәрибке, яғни 0,24 гектарға (немесе 40 кг өнімге) төлейтін хараж мөлшері: бидайға 2 - 4 , өзге дәнді дақылдарға 3 - 4 , мақтаға 5 - 6 , майлы дәндіөсімдіктерге 8 дирһәм (1 дирһәм 3,75 гр салмағындағы күміс теңге).

Мысырлықтар болса, бір жәрибке бір динар (4,25 гр салмағындағы алтын ділда) мөлшерінде хараж төледі.

Жизие - адам басына салынатын салық. Жизие салығы ақыл-есі сау және денсаулығы жарамды адамдарға ғана салынады, әйелдер мен балалар, қарттар мен дін қызметкерлері бұл салықтан босатылған. Ислам дінің қабылдаған адамдар жизие салығынан азат етіледі. Жизие салығы Құран Кэрімдегі «Тәубе» сүресінің 29-аятымен парыз етілген. Халифа Омар кезінде жизие мөлшері адам басына 40 дирһәм, яки 4 динар еді. Мұсылман еместер осы салықтарды төлегенде олардың мал-мүліктері, бас амандықтары, діни наным-сенімдері, намыстары мұсылман мемлекетінің тікелей қорғауында болатын. Мұсылмандардың төлейтін салықгарының мөлшері мұсылман еместер төлеуге міндетті салықтардан анағұрлым көбірек. Өйткені мұсылмандар жылжымалы меншіктерінің салығыменқатар (зекет), жылжымайтын үлік салығын (құшыр) төлесе, мұсылман еместер тек қырмандағы өнімдеріне салық төлейді және олар мұсылмандар сияқты әскери қызметпен міндеттелмеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға