Жаңалықтар

Молотов-Риббентроп пакты

  Молотов-Риббентроп пакты Молотов-Риббентроп пакты (ресми атауы:Алмания мен Кеңестік Социалистік Республикаларының Одағы арасында шабуыл жасаспау туралы келісімі, «Гитлер-Сталин келісімі» деген аттармен де белгілі) — Бұл келісім он жыл мерзімге жасалды. Келісімге 1939 жылдың 23 тамызында Алмания жағынан сыртқы істер министрі Йоахим фон Риббентроп пен кеңестік жағынан сыртқы істер халық комиссары Вячеслав Молотов қол қойды. Қол қою рәсіміне Иосиф Сталин мен Алманияның елшісі граф фон дер Шуленбург қатысты. Келісім 1926 жылғы Берлин келісімімен және Рапалло келісімімен байланысты еді. Келісім Алманияның Польшамен және Батыс державаларымен келіспеушіліктер пайда болғанда Кеңес Одағының бейтараптығына кепілдік берді. Келісім бойынша Кеңес Одағы патшалық Россияның Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде айырылып қалған территорияларын Алманияның қарсылығынсыз қайтарып алуға мүмкіндік алды. Келісімге жасалған қосымша құпия протокол бойынша екі ел Орталық Еуропаны өз мүдде аймақтарына бөлісіп алды. Финляндия, Эстония, Латвия елдері және Польшаның Нарев, Висла және Сан өзендерінен шығыс жатқан бөлігі советтік мүдделер аймағына жатқызылды. Оңтүстік-Шығыс Еуропа бойынша бұндай анық демаркация сызығы жасалмады. Кеңес Одағы Алмания үшін маңызы төмен Бессарабия аймағына өзінің мүдделі екенін жариялады. 1941 жылдың 22 маусымында Алманияның Кеңес Одағына шабуылымен келісім өз күшін жойды. Келісімнің мазмұны Келісім бойынша, келісуші жақтар бір-біріне шабуыл жасамауға ғана емес, үшінші бір жақпен соғыс басталғанда бейтараптық ұстануға тиіс болды. Құпия қосымша протоколда Шығыс Еуропаны «территориялық-саяси қайта құруға» алып келуге тиіс Солтүстік-шығыс және Оңтүстік-шығыс Еуропа елдерін мүдделер аймақтарына бөлінуі сипатталды. Қосымша протоколдың төрт пункты төмендегі өзгерістерді алға тартты: Балтық елдері (оларға Финляндия жатқызылды да, Литва жатқызылған жоқ болатын) бойынша мүдделер аймағы Литваның солтүстік шекарасы бойынша өтуге тиіс болды. Яғни Латвия, Эстония және Финляндия Кеңес Одағының мүдделер аймағы, ал Литва Германияның мүдделер аймағы болып белгіленді. Польша Нарев, Висла және Сан өзендерінің бойымен екі бөлікке бөлшектенуге тиіс болды. Екі келісуші жақ «тәуелсіз поляк мемлекетінің сақталуы екі жақтың мүдделеріне сай келе ме, әрі ондай мемлекеттің шекаралары қандай болуы» керектігі туралы мәселе «болашақ саяси өзгерістердің барысында анықталуы тиіс» деп өзара анықтап алды. Кеңес Одағы өзінің Бессарабия аймағына (Бүгін Молдавия мен Украинаның құрамында) мүдделі екенін білдірген соң, герман үкіметі өзінде «бұл аймақтарға деген қызығушылығының мүлдем жоқ» екенін мәлімдеді. Қосымша протоколды екі келісуші жақ толық құпиялықта сақтауға міндетті болды. 1939 жылғы қыркүйектің 1-де герман Вермахты Польшаға шабуыл жасап, оны тез арада талқандап, 1939 жылғы қыркүйектің 17-де совет әскерлері шығыс Польшаны басып алғаннан кейін екі жақ 1939 жылғы қыркүйектің 28-де Герман-Кеңес шекара және достық туралы келісіміне қол қойып, бұрынғы поляк мемлекетінің аумағын өзара бөлісіп алды.
04.12.2012 09:59 11463

 

Молотов-Риббентроп пакты

Молотов-Риббентроп пакты (ресми атауы:Алмания мен Кеңестік Социалистік Республикаларының Одағы арасында шабуыл жасаспау туралы келісімі, «Гитлер-Сталин келісімі» деген аттармен де белгілі) —

Бұл келісім он жыл мерзімге жасалды. Келісімге 1939 жылдың 23 тамызында Алмания жағынан сыртқы істер министрі Йоахим фон Риббентроп пен кеңестік жағынан сыртқы істер халық комиссары Вячеслав Молотов қол қойды. Қол қою рәсіміне Иосиф Сталин мен Алманияның елшісі граф фон дер Шуленбург қатысты. Келісім 1926 жылғы Берлин келісімімен және Рапалло келісімімен байланысты еді. Келісім Алманияның Польшамен және Батыс державаларымен келіспеушіліктер пайда болғанда Кеңес Одағының бейтараптығына кепілдік берді. Келісім бойынша Кеңес Одағы патшалық Россияның Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде айырылып қалған территорияларын Алманияның қарсылығынсыз қайтарып алуға мүмкіндік алды. Келісімге жасалған қосымша құпия протокол бойынша екі ел Орталық Еуропаны өз мүдде аймақтарына бөлісіп алды. Финляндия, Эстония, Латвия елдері және Польшаның Нарев, Висла және Сан өзендерінен шығыс жатқан бөлігі советтік мүдделер аймағына жатқызылды. Оңтүстік-Шығыс Еуропа бойынша бұндай анық демаркация сызығы жасалмады. Кеңес Одағы Алмания үшін маңызы төмен Бессарабия аймағына өзінің мүдделі екенін жариялады. 1941 жылдың 22 маусымында Алманияның Кеңес Одағына шабуылымен келісім өз күшін жойды.

Келісімнің мазмұны

Келісім бойынша, келісуші жақтар бір-біріне шабуыл жасамауға ғана емес, үшінші бір жақпен соғыс басталғанда бейтараптық ұстануға тиіс болды.

Құпия қосымша протоколда Шығыс Еуропаны «территориялық-саяси қайта құруға» алып келуге тиіс Солтүстік-шығыс және Оңтүстік-шығыс Еуропа елдерін мүдделер аймақтарына бөлінуі сипатталды. Қосымша протоколдың төрт пункты төмендегі өзгерістерді алға тартты:

  1. Балтық елдері (оларға Финляндия жатқызылды да, Литва жатқызылған жоқ болатын) бойынша мүдделер аймағы Литваның солтүстік шекарасы бойынша өтуге тиіс болды. Яғни Латвия, Эстония және Финляндия Кеңес Одағының мүдделер аймағы, ал Литва Германияның мүдделер аймағы болып белгіленді.
  2. Польша Нарев, Висла және Сан өзендерінің бойымен екі бөлікке бөлшектенуге тиіс болды. Екі келісуші жақ «тәуелсіз поляк мемлекетінің сақталуы екі жақтың мүдделеріне сай келе ме, әрі ондай мемлекеттің шекаралары қандай болуы» керектігі туралы мәселе «болашақ саяси өзгерістердің барысында анықталуы тиіс» деп өзара анықтап алды.
  3. Кеңес Одағы өзінің Бессарабия аймағына (Бүгін Молдавия мен Украинаның құрамында) мүдделі екенін білдірген соң, герман үкіметі өзінде «бұл аймақтарға деген қызығушылығының мүлдем жоқ» екенін мәлімдеді.
  4. Қосымша протоколды екі келісуші жақ толық құпиялықта сақтауға міндетті болды.

1939 жылғы қыркүйектің 1-де герман Вермахты Польшаға шабуыл жасап, оны тез арада талқандап, 1939 жылғы қыркүйектің 17-де совет әскерлері шығыс Польшаны басып алғаннан кейін екі жақ 1939 жылғы қыркүйектің 28-де Герман-Кеңес шекара және достық туралы келісіміне қол қойып, бұрынғы поляк мемлекетінің аумағын өзара бөлісіп алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға