Жаңалықтар

Кроран мумиялары

Кроран мумиялары Кроран мумиялары – Шыңжаңнан табылған көне мүрделер (сембе мүрделер). 1979 ж. Шыңжаң Қытай ҒА археологиялық Ван Бинхуа жетекшілік еткен Кроран Лобнор маңындағы Гумугоу атты қола дәуірінің (б.з.б. 3800 ж.) көне қорымын қазған кезде жасы жиырма-отыз аралығындағы әйел мен жас баланың мумияланған мүрдесін және 1980 ж. Тебан өзенінің Лобнорға құяр сағасындағы қола дәуірі моласынан 40 жастардағы әйелдің мумияланған мәйітін тапты. Зерттеу жұмыстарын жүргізген жапон ғалымдары оларды “Кроран арулары” деп атаған. Такламаканның жауын-шашын болмайтын, тірі жан өмір сүре алмайтын, ауа райы өте құрғақ аймақтарындағы он шақты қорымнан қола дәуірінен орта ғасырларға дейінгі замандардың 100-ден астам өте жақсы сақталған адам мумиялары табылды. Алайда олардың сыры әлі түбегейлі зерттеліп анықталған жоқ. Дегенмен, ғалымдардың көпшілігі оның себебін ең алдымен осы аймақтың шектен тыс құрғақ, жер беті қыртысының өте сортаң, тұзды болуымен мүрделер өте таяз жерленіп, үсті жеңіл-желпі ғана ағашпен, терімен жабылғандықтан құрғақ ауаның жақсы алмасып тұрғандығымен түсіндіреді. Мәйіттердің басына киіз бөрік, аяқтарына былғары етік кигізіліп, тұла бойы жүн шекпенмен оралған, көрдің беті тері-терсекпен, ағаш бұтақтарымен және қамыс тоқымалармен жабылған. Бұл ғылымның көптеген саласы бойынша, атап айтқанда антропология, анатомия, медицина, генетика және археология, палеоэтнография жақтардан жан-жақты зерттелді. Мәйіттер ат жақты, қыр мұрынды, көз шанағы шүңірек, қоңырқай жирен шашты келген, ішкі дене ағзалары, бұлшық еттері, терісі түгел семген күйінде жақсы сақталған, қастары мен дене түктері де бүтін. Антропологтар олардың протоеуропалық (кавказ) нәсілге жататындығын анықтады. Мумия – қола дәуірдегі Орт. Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін, шаруашылығын, олардың кейінгі замандардағы халықтармен антропол.-генетик. сабақтастығын және т.б. көптеген мәселелерді зерттеу үшін аса құнды, бүкіл әлемдік ғыл. мәні зор археол. олжа саналады. Бұл қазір ҚХР-дың Үрімші қ-ндағы Шыңжаң мұражайында және Шыңжаң археол. ин-тында сақтаулы  
04.12.2012 09:55 3255

Кроран мумиялары
Кроран мумиялары – Шыңжаңнан табылған көне мүрделер (сембе мүрделер). 1979 ж. Шыңжаң Қытай ҒА археологиялық Ван Бинхуа жетекшілік еткен Кроран Лобнор маңындағы Гумугоу атты қола дәуірінің (б.з.б. 3800 ж.) көне қорымын қазған кезде жасы жиырма-отыз аралығындағы әйел мен жас баланың мумияланған мүрдесін және 1980 ж. Тебан өзенінің Лобнорға құяр сағасындағы қола дәуірі моласынан 40 жастардағы әйелдің мумияланған мәйітін тапты. Зерттеу жұмыстарын жүргізген жапон ғалымдары оларды “Кроран арулары” деп атаған. Такламаканның жауын-шашын болмайтын, тірі жан өмір сүре алмайтын, ауа райы өте құрғақ аймақтарындағы он шақты қорымнан қола дәуірінен орта ғасырларға дейінгі замандардың 100-ден астам өте жақсы сақталған адам мумиялары табылды. Алайда олардың сыры әлі түбегейлі зерттеліп анықталған жоқ. Дегенмен, ғалымдардың көпшілігі оның себебін ең алдымен осы аймақтың шектен тыс құрғақ, жер беті қыртысының өте сортаң, тұзды болуымен мүрделер өте таяз жерленіп, үсті жеңіл-желпі ғана ағашпен, терімен жабылғандықтан құрғақ ауаның жақсы алмасып тұрғандығымен түсіндіреді. Мәйіттердің басына киіз бөрік, аяқтарына былғары етік кигізіліп, тұла бойы жүн шекпенмен оралған, көрдің беті тері-терсекпен, ағаш бұтақтарымен және қамыс тоқымалармен жабылған. Бұл ғылымның көптеген саласы бойынша, атап айтқанда антропология, анатомия, медицина, генетика және археология, палеоэтнография жақтардан жан-жақты зерттелді. Мәйіттер ат жақты, қыр мұрынды, көз шанағы шүңірек, қоңырқай жирен шашты келген, ішкі дене ағзалары, бұлшық еттері, терісі түгел семген күйінде жақсы сақталған, қастары мен дене түктері де бүтін. Антропологтар олардың протоеуропалық (кавказ) нәсілге жататындығын анықтады. Мумия – қола дәуірдегі Орт. Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін, шаруашылығын, олардың кейінгі замандардағы халықтармен антропол.-генетик. сабақтастығын және т.б. көптеген мәселелерді зерттеу үшін аса құнды, бүкіл әлемдік ғыл. мәні зор археол. олжа саналады. Бұл қазір ҚХР-дың Үрімші қ-ндағы Шыңжаң мұражайында және Шыңжаң археол. ин-тында сақтаулы
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға