Жаңалықтар

Анхель

  А́нхель (ис. Salto Ángel, пемон тілінде — Kerepakupai vena, «өте терең жер сарқырамасы») — биіктігі 979 метр болатын әлемдегі ең биік сарқырама, судың үздіксіз түсу биіктігі 807 метр. 1935 жылы сарқырамадан ұшып өткен Эйнджел Джеймс (ағылш. Angel) ұшқыш атымен аталған. Сарқырама Венесуэланың тропикалық ормандарында, Канаима ұлттық саябағында орналасқан. Ауянтепуи, венесуелдық ең биік тепуйынан — қазақ тілінде «шайтан тауы». Судың құлау биіктігі сонша, жерге жеткенше, су ұсақ бөлшектерге айналып тұман болады. Тұманды бірнеше шақырымнан сезуге болады. Түскен су Кереп өзеніне құйылады. Тарихы Эрнесто Санчесом Ла Крус XX ғасырда сарқыраманы ашқанымен Джеймса Эйнджелдың ұшқанына дейін кеңінен танымал болмады. 1933 жылы АҚШ ұшқышы Джеймс Эйнджел рудалар іздеу ниетімен сол маңайда ұша бастады. Жергілікті гидтер айтуынша ол алмаз іздеген. Жергілікті тұрғындар сол кезде жиі сипаттамасы алмазға келетін тастар жайлы айтатындықтан Эйнджелдың бұнысы ақылға қонарлық болды. Шындығында бұл жонда кварц көп болатын. 1933 жылдың қарашаның 16 Эйнджел Ауянтепуй деп талатын тепуй байқап қалады. 1937 жылдың қазанның 9 қайта оралып ұшағын Ауянтепуйға қондырмақшы болғанда ұшақтың бір шассиі жарылады. Нәтижесінде Эйнджел мен жұбайы, барлығы үш адам тепуйдан төмен жаяу түсуіне тура келеді. Олардың өркениетке оралуына 11 күн кетті. Олардың бұл шытырман оқиғасы лезде елге кең тарап сарқырама соның құрметіне — «Анхель сарқырамасы» атанып кетеді (ис. Salto Ángel). Испан тілінде Э́йнджел (ағылш. Angel) фамилиясы А́нхель деп айтылатындықтан сарқырама дәл солай аталады. Сарқырама аты ағылшындардың angel — „періште“ сөзімен еш байланысы жоқ. Эйнджелдың «Фламинго» ұшағы сол төбеде тікұшақпен алып кеткенше 33 жыл тұрады. Ұшақ Маракай қаласының авиациалық мұражайында қайта қалпына келтіріліп қаланың Сьюдад-Боливар әуежайының алдында тұр. 1949 жылы Ұлттық географиялық қоғамы ұйымдастыруымен (АҚШ) әлемдегі ең биік сарқымаға экспедиция жасалып оның биіктігі анықталып, кітап басып шығарылады. 1994 жылы ЮНЕСКО Канаима ұлттық саябағын, ал онымен бірге сарқыраманы да Әлемдік мұра тізіміне енгізеді. 2005 жылдың көкек-мамыр айларында 4 ағылшын, 2 венесуелдық пен бір ресейлік альпинистер пен тасқа шығушылар халықаралық экспедициясы алғашқы рет сарқырама керегесіне еркін тәсілмен шықты. 2009 жылы желтоқсанның 20 жыл сайынғы Венесуэла президенті Уго Чавес шоуында, антиимпериализм толқынында, Анхель сарқырамасын Керепакупаи-меру (Kerepakupai-merú), жергілікті есімдердің бірімен атайды. Бастапқыда Чурун-меру (Churún-merú) деген ат ұсынылғанымен Президенттың қызы бүл есім жергілікт басқа кішкене сарқырама солай аталатынын байқап қалыпты, содан дереу Чавес басқа атты ұсынады. Бұл шешімін Президент сарқыраманың Джеймс Эйнджел келмей тұрып Венесуэла меншігі және ұлттық байлығына жатуымен түсіндірген. Туризм Анхель сарқырамасы Венесуэланың жабайы аймағында орналасқандықтан оған тек әуемен немесе өзенмен жетуге болады. Сарқырамаға турлар комплекттермен сатылады, тур Каракастан ұшу немесе Сьюдад-Боливардан Канаймаға (ұлттық саябаққа кіру қонысы), ары қарай сумен жүру, ас пен сарқырамаға баруға өажет басқа да заттарды қамтиды. Сонымен қатар сарқырамаға шолып қарауға ұшаққа билет алуға да болады, тұмандардан сарқыраманың өзі көрінбей қалуы мүмкін. Құрғақшылық кезде (желтоқсаннан наурызға дейін) сарқырамада су азырақ, бірақ тұманға түсу ықтималдығы аз. Бүкіл саяхат бір тәулікті алады .
04.12.2012 09:53 14363

 

А́нхель (ис. Salto Ángel, пемон тілінде — Kerepakupai vena, «өте терең жер сарқырамасы») — биіктігі 979 метр болатын әлемдегі ең биік сарқырама, судың үздіксіз түсу биіктігі 807 метр. 1935 жылы сарқырамадан ұшып өткен Эйнджел Джеймс (ағылш. Angel) ұшқыш атымен аталған.

Сарқырама Венесуэланың тропикалық ормандарында, Канаима ұлттық саябағында орналасқан. Ауянтепуи, венесуелдық ең биік тепуйынан — қазақ тілінде «шайтан тауы». Судың құлау биіктігі сонша, жерге жеткенше, су ұсақ бөлшектерге айналып тұман болады. Тұманды бірнеше шақырымнан сезуге болады. Түскен су Кереп өзеніне құйылады.

Тарихы

Эрнесто Санчесом Ла Крус XX ғасырда сарқыраманы ашқанымен Джеймса Эйнджелдың ұшқанына дейін кеңінен танымал болмады. 1933 жылы АҚШ ұшқышы Джеймс Эйнджел рудалар іздеу ниетімен сол маңайда ұша бастады. Жергілікті гидтер айтуынша ол алмаз іздеген. Жергілікті тұрғындар сол кезде жиі сипаттамасы алмазға келетін тастар жайлы айтатындықтан Эйнджелдың бұнысы ақылға қонарлық болды. Шындығында бұл жонда кварц көп болатын. 1933 жылдың қарашаның 16 Эйнджел Ауянтепуй деп талатын тепуй байқап қалады. 1937 жылдың қазанның 9 қайта оралып ұшағын Ауянтепуйға қондырмақшы болғанда ұшақтың бір шассиі жарылады.

Нәтижесінде Эйнджел мен жұбайы, барлығы үш адам тепуйдан төмен жаяу түсуіне тура келеді. Олардың өркениетке оралуына 11 күн кетті. Олардың бұл шытырман оқиғасы лезде елге кең тарап сарқырама соның құрметіне — «Анхель сарқырамасы» атанып кетеді (ис. Salto Ángel). Испан тілінде Э́йнджел (ағылш. Angel) фамилиясы А́нхель деп айтылатындықтан сарқырама дәл солай аталады. Сарқырама аты ағылшындардың angel — „періште“ сөзімен еш байланысы жоқ.

Эйнджелдың «Фламинго» ұшағы сол төбеде тікұшақпен алып кеткенше 33 жыл тұрады. Ұшақ Маракай қаласының авиациалық мұражайында қайта қалпына келтіріліп қаланың Сьюдад-Боливар әуежайының алдында тұр.

1949 жылы Ұлттық географиялық қоғамы ұйымдастыруымен (АҚШ) әлемдегі ең биік сарқымаға экспедиция жасалып оның биіктігі анықталып, кітап басып шығарылады.

1994 жылы ЮНЕСКО Канаима ұлттық саябағын, ал онымен бірге сарқыраманы да Әлемдік мұра тізіміне енгізеді.

2005 жылдың көкек-мамыр айларында 4 ағылшын, 2 венесуелдық пен бір ресейлік альпинистер пен тасқа шығушылар халықаралық экспедициясы алғашқы рет сарқырама керегесіне еркін тәсілмен шықты.

2009 жылы желтоқсанның 20 жыл сайынғы Венесуэла президенті Уго Чавес шоуында, антиимпериализм толқынында, Анхель сарқырамасын Керепакупаи-меру (Kerepakupai-merú), жергілікті есімдердің бірімен атайды. Бастапқыда Чурун-меру (Churún-merú) деген ат ұсынылғанымен Президенттың қызы бүл есім жергілікт басқа кішкене сарқырама солай аталатынын байқап қалыпты, содан дереу Чавес басқа атты ұсынады. Бұл шешімін Президент сарқыраманың Джеймс Эйнджел келмей тұрып Венесуэла меншігі және ұлттық байлығына жатуымен түсіндірген.

Туризм

Анхель сарқырамасы Венесуэланың жабайы аймағында орналасқандықтан оған тек әуемен немесе өзенмен жетуге болады. Сарқырамаға турлар комплекттермен сатылады, тур Каракастан ұшу немесе Сьюдад-Боливардан Канаймаға (ұлттық саябаққа кіру қонысы), ары қарай сумен жүру, ас пен сарқырамаға баруға өажет басқа да заттарды қамтиды.

Сонымен қатар сарқырамаға шолып қарауға ұшаққа билет алуға да болады, тұмандардан сарқыраманың өзі көрінбей қалуы мүмкін. Құрғақшылық кезде (желтоқсаннан наурызға дейін) сарқырамада су азырақ, бірақ тұманға түсу ықтималдығы аз. Бүкіл саяхат бір тәулікті алады .

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға