Жаңалықтар

Антропология

  Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді. Антропология ұғымы көне грек дәуірінен бастап белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнография ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. 19 ғасырдың ортасынан, антропологияның жалпы ғылымдағы орны, мазмұны, анықтамасы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Оның бірі – 18 ғасырдағы франция ойшылдарының пікірлеріне сәйкес адамның тән құрылысын, тіршілік-әрекетін, тілін, мінез-құлқын, материалдық және рухани қазыналарын, т.б. зерттеу. Қазіргі кезде мұндай көзқарасты АҚШ, көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологтары қолдайды. Ал 2-көзқарас – адамның дене құрылысы ерекшеліктерінің уақыт, кеңістік бойынша өзгерісіне ерекше мән беру. Қазіргі кезде антропология 3 түрлі өзекті мәселеге – адамның дене құрылысы ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына, этникалық құрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты эволюциялық антропология, физикалық антропология, этникалық антропология болып бөлінеді. Антропология ғылымында кеңінен қолданылатын әдістің бірі – антропометрия, яғни тірі адам денесінің түрлі мүшелерінің өзгерісін өлшеу. Сонымен қатар антропологиялық мәліметтерді қолдану (биометрия), биохимиялық, генетикалық, иммунологиялық, т.б. әдістер де пайдаланылады. Антропология ғылымына Поль Брока, Рудольф Мартин, Луис Лики, Анатолий Богданов, Дмитрий Анучин, Виктор Бунак, Яков Рогинский, Валерий  Алексеев, т.б. ғалымдар ерекше үлес қосты. Орыс ғалымы Николай Харузиннің «Бөкей ордасының қырғыздары» (1889) деген антропологиялық очеркінде 400-ден астам қазақтың (ерлер ғана) морфологиялық  бейнесіне (фенокейпіне) алғаш рет ғылыми сипаттамалар берді. Қазақ халқының жалпы антропология типі еуропеоид және монғолоид тектес расалардың қосындысынан пайда болған деп тұжырымдалған. 20 ғасырдағы Қазақстан жерінен табылған палеоантропологиялық материалдар қазақтардың ежелден автохтон халық екендігін толық дәлелдеді. Ғылымда қазақтың антропология типі метистік топқа жатқызылып, оған тұрандық түр (тұраноид) деген нәсілдік атау берілді. Қазақтар арасында арнайы антропологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген Ресей ғалымы Аркадий Ярхо. Оның қолжазба түрінде сақталған «Алтай – саян түріктері» деген очеркін антрополог Георг Дебец өңдеп, 1947 ж. Абаканнан бастырып шығарды. Бұл зерттеуде Алтай – Саян өңіріндегі түркі халықтары антропологиялық тұрғыдан үш топқа (кіндіказиялық, алтайлық және оралдық) бөлініп жүйеленген. Бірінші топтың антропологиялық өкілдері ретінде моңғолдар мен буряттар, екінші топқа қазақтар мен қырғыздар, үшінші топқа – шорлар алынған да, барлығы монғолоид расасына жатқызылған. Тек, 1950 ж. ғана соңғы 2 топтың антропологиялық типі аралас екені, яғни өздерінше бөлек метистік топтарға жататындығы анықталды. 1947 – 48 ж. КСРО ғалымдары Дебец, Михаил Левин, т. б. арнаулы антропологиялық экспедициялар ұйымдастырып, қазақтар арасында кең зерттеулер жүргізді. Осының нәтижесінде «Қазақстанның антропологиялық очеркі» жарыққа шықты. Онда қазақтың антропологиялық типінің қалыптасуы қола дәуірде осы жерді мекендеген тайпалардан басталатындығы көрсетілді. Гинзбург қазақ жеріндегі ертедегі тайпалардың антропологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, осы күнгі қазақтарға тән морфологиялық ерекшеліктер біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 8 ғасырларда Қазақстанның солтүстік аймақтарында қалыптасқанын анықтады.  Қазақтың тұңғыш антропологі Оразақ Смағұлұлы 1960-жылдары республиканың әр өңірінен қазақтардың бас сүйегі мен қаңқа сүйектерін жинап, Санкт-Петербургтегі антропологиялық және этнографиялық  мұражайына тапсырды. Ол ұзақ жылдар (1977 – 96) зерттеулер жүргізіп, қазақ халқы жайлы (қола дәуірінен қазіргі кезең аралығын қамтитын) көлемді антропологиялық деректер жинап, құнды еңбектер жариялап келеді. Ғалым антропометрия, одонтология, краниология, т.б. әдістерді пайдаланып, қазіргі қазақ халқының арғы тегі қола дәуірінде Андрон мәдениеті қалыптасқан әрі еуропеидтік әрі монголоидтық сипаты бар тайпалар болғандығын дәлелдеді.
04.12.2012 09:52 20202

 

Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді. Антропология ұғымы көне грек дәуірінен бастап белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнография ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. 19 ғасырдың ортасынан, антропологияның жалпы ғылымдағы орны, мазмұны, анықтамасы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Оның бірі – 18 ғасырдағы франция ойшылдарының пікірлеріне сәйкес адамның тән құрылысын, тіршілік-әрекетін, тілін, мінез-құлқын, материалдық және рухани қазыналарын, т.б. зерттеу. Қазіргі кезде мұндай көзқарасты АҚШ, көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологтары қолдайды. Ал 2-көзқарас – адамның дене құрылысы ерекшеліктерінің уақыт, кеңістік бойынша өзгерісіне ерекше мән беру. Қазіргі кезде антропология 3 түрлі өзекті мәселеге – адамның дене құрылысы ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына, этникалық құрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты эволюциялық антропология, физикалық антропология, этникалық антропология болып бөлінеді. Антропология ғылымында кеңінен қолданылатын әдістің бірі – антропометрия, яғни тірі адам денесінің түрлі мүшелерінің өзгерісін өлшеу. Сонымен қатар антропологиялық мәліметтерді қолдану (биометрия), биохимиялық, генетикалық, иммунологиялық, т.б. әдістер де пайдаланылады. Антропология ғылымына Поль Брока, Рудольф Мартин, Луис Лики, Анатолий Богданов, Дмитрий Анучин, Виктор Бунак, Яков Рогинский, Валерий  Алексеев, т.б. ғалымдар ерекше үлес қосты.

Орыс ғалымы Николай Харузиннің «Бөкей ордасының қырғыздары» (1889) деген антропологиялық очеркінде 400-ден астам қазақтың (ерлер ғана) морфологиялық  бейнесіне (фенокейпіне) алғаш рет ғылыми сипаттамалар берді. Қазақ халқының жалпы антропология типі еуропеоид және монғолоид тектес расалардың қосындысынан пайда болған деп тұжырымдалған. 20 ғасырдағы Қазақстан жерінен табылған палеоантропологиялық материалдар қазақтардың ежелден автохтон халық екендігін толық дәлелдеді. Ғылымда қазақтың антропология типі метистік топқа жатқызылып, оған тұрандық түр (тұраноид) деген нәсілдік атау берілді.

Қазақтар арасында арнайы антропологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген Ресей ғалымы Аркадий Ярхо. Оның қолжазба түрінде сақталған «Алтай – саян түріктері» деген очеркін антрополог Георг Дебец өңдеп, 1947 ж. Абаканнан бастырып шығарды. Бұл зерттеуде Алтай – Саян өңіріндегі түркі халықтары антропологиялық тұрғыдан үш топқа (кіндіказиялық, алтайлық және оралдық) бөлініп жүйеленген. Бірінші топтың антропологиялық өкілдері ретінде моңғолдар мен буряттар, екінші топқа қазақтар мен қырғыздар, үшінші топқа – шорлар алынған да, барлығы монғолоид расасына жатқызылған. Тек, 1950 ж. ғана соңғы 2 топтың антропологиялық типі аралас екені, яғни өздерінше бөлек метистік топтарға жататындығы анықталды. 1947 – 48 ж. КСРО ғалымдары Дебец, Михаил Левин, т. б. арнаулы антропологиялық экспедициялар ұйымдастырып, қазақтар арасында кең зерттеулер жүргізді. Осының нәтижесінде «Қазақстанның антропологиялық очеркі» жарыққа шықты. Онда қазақтың антропологиялық типінің қалыптасуы қола дәуірде осы жерді мекендеген тайпалардан басталатындығы көрсетілді. Гинзбург қазақ жеріндегі ертедегі тайпалардың антропологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, осы күнгі қазақтарға тән морфологиялық ерекшеліктер біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 8 ғасырларда Қазақстанның солтүстік аймақтарында қалыптасқанын анықтады.  Қазақтың тұңғыш антропологі Оразақ Смағұлұлы 1960-жылдары республиканың әр өңірінен қазақтардың бас сүйегі мен қаңқа сүйектерін жинап, Санкт-Петербургтегі антропологиялық және этнографиялық  мұражайына тапсырды. Ол ұзақ жылдар (1977 – 96) зерттеулер жүргізіп, қазақ халқы жайлы (қола дәуірінен қазіргі кезең аралығын қамтитын) көлемді антропологиялық деректер жинап, құнды еңбектер жариялап келеді. Ғалым антропометрия, одонтология, краниология, т.б. әдістерді пайдаланып, қазіргі қазақ халқының арғы тегі қола дәуірінде Андрон мәдениеті қалыптасқан әрі еуропеидтік әрі монголоидтық сипаты бар тайпалар болғандығын дәлелдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға