Жаңалықтар

XX ғ. Батыс философиясындағы ағымдар

    Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның ез ішінде де материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Мұның негізгі себебі XX ғасырдағы капиталистік қоғам бастан кешіп жатқан жалпы рухани дағдарыстың негізгі белгілерінде жатыр. Бүгінгі буржуазия философиясы саясат пен идеологияның бұрын болып көрмеген тікелей ықпалын бейнелеңдіруде. Батыстың философиялық білімінің саясаттануына және идеологиялануына капитал елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен тәуелді елдер арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық революциядан туған дүниежүзілік проблемалар т.б. зор есерін тигізуде. Сондықтан да болар, қазіргі Батыс философиясыңда толып жатқан ағымдар мен бағыттар бар. Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардың тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері — неотомизм, персонализм т.б. Бүлардан басқа тағы да прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, субъективтік және объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды. Қазіргі заманғы батыстық буржуазия философиялары идеалистік түрғыдан осы күнгі өмірдің жаңалықтарына бейімделуге тырысады. Мәселен, діни философиялар өздерінің қоғамдағы орнын әлсіретпеу мақсатымен ғылымның ең соңғы жаңалықтарына бейімделуге тырысады. Қазіргі ғылыми білімге бейімделуді түрліше философиялық ағымдар түрлі әдістермен жүзеге асырады. Мысалы, неопозитивизм сырттан қарағанда ғылымды жақтайтын сияқты, бірақ оның дүниеге көзқарастық маңызын жоққа шығарады. Неопозитивистер әдетте дүниеге көзқарастық мәселелерді жалған проблемалар деп жариялап, ғылымды көзқарастық проблемалардан „тазартуға" тырысады, философияның міндеті негізінен ғылым тіліне түрліше логикалық талдаулар жасау болуы тиіс дейді. Дүнисгс-көзқарастық мәселелерді жоққа шығару — қазіргі батыстық философияларға тен бірінші ерекшелік. Қазіргі батыстық философияның ағымдарына тән екінші ерекшелік — өткендегі прогресшіл дәстүрлерден бас тарту. Егер XVIII—XIX ғасырлардағы буржуазиялық философиялар феодализмнен капитализмге өтуді теориялық жағынан негіздеуді көздей отырып, ғылыми білімді дамытуды жақтаған болса, XX ғасырда жағдай өзгерді. Саяси жағынан үстем тап болып алған буржуазия енді әлеуметтік тәртіптерді (капиталистік қатынастарды) түбірлі өзгертуге мүдделі болмай қалды. Осыған сәйкес қазіргі қалыптасқан капиталистік қатынастарды бейнелендіруші буржуазиялық философиялар да буржуазиялық тұрмыс жағдайларының өзгермейтінін, мәңгілігін дәлелдеуге тырысады. Өткендегі прогресшіл дәстүрлерден бас тарту буржуазиялық ой-пікірді диалектикадан бас тартуға алып келді. Бүл, атап айтқанда, буржуазиялық философтардың Гегельдің диалектикасына теріс қарауға, оның ілімін релятивистік және иррационалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысуларынан көрінеді. Ал диалектиканы мойындаудан қорқу буржуазиялық философияны тарихи прогресс идеяларынан бас тартуға алып келді: бірінші позитивистер "прогресс" ұғымын "эволюция" ұғымымен ауыстырды; жаңа кантшылар прогресс ғылымға жатпайтын категория деп санады; экзистенциализмнің өкілдері бірінен соң бірі келіп отыратын цивилизация деген ұғыммен ауыстырды. Неопозитивизм прогресті "метафизикалық функция" деп атады. Енді осы бағыттардың ең негізгілерінің мазмұнын қысқаша ғана қарастырайық. Неопозитивизм – тілдік ілім Бүл философиялық бағыт ағылшын тілінде сейлейтін елдерде кең тараған. Оның окілдері Р.Карнап (1891-1970), Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-1970), А.Айер (1910) жөне т.б. Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сәйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм (неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) және Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедергі болатын керексіз нәрсе деген көзқарасы алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мәнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Конттың пікірінше, адамның таным процесі құбылыстардың сырт көрінісін сипаттап, классификациялауға әрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп әуре болмауы тиіс. Конттың бүл идеяларын өрі қарай дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында эмпириокритицизм деп аталған оның жаңа түрі — екінші позитивизмнің пайда болуына әкелді. Бүның өкілдері Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896) жөне басқалар заттар мен құбылыстарды түйсіктер деп атап, дүние танудың мақсаты түйсіктердің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу деп түсіңдірді, сөйтіп олар материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қатынасы жайындағы мөселені жоққа шығарды, түйсік, сана алғашқы деп санап, субъективтік идеализмді жақтады. Үшінші позиттизм — XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириоқритицизмнің орнына келген неопозитивизм — математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың ңәтижесіңде туды. Ең кең тараған бүл философиялық ағымды жақтаушылар жаратылыстанушы ғалымдардың ішінде көптеп саналады. Бүл ағымның кең таралуының бір себебі сол, ол бүкіл „метафизикаға", яғни жалпы философиялық проблемаларға қарсы шығып, бүл проблемалар ойдан шығарылған жалған проблемалар деп санайды; философия ғылымға қызмет етуі тиіс, ғалымдардың ғылыми қағидаларды тұжырымдауына, оларды қолдануына көмектесуі қажет, соңдықтан философия тілге логикалық талдау жасаудың ережелерін жасаумен, тіл проблемаларын шешумен айналысуы тиіс деп есептейді. Неопозитивизм философияның барлық кемшіліктерін жойды, — дейді Фейгль деген неопозитивист. — Оның негізгі проблемасы — „логакалық анализ". Сондықтан, деп қорытындылайды ойын Фейгль, философияны логикалық анализ емдеуге тиісті кесел деп анықтауға болады. Неопозитивистердің ілімі бойынша, философия тек тілдік формаларды талдаумен жөне тілдік пайымдауларды қүру ережелерін жасаумен айналысуы тиіс. „Философ, — дейді А.Айер, — заттардың физикалық қасиеттерімен айналыспайды. Ол қасиеттер жайында сөз қылудың тәсілдерімен айналысады". Тіл біздің дүниені танып білуіміздің шекарасы, дейді ол, біз тілдің шеңберінен ешқашан шыға алмаймыз. Ал біз құратын тілдік құрылыстың, сөйлемдердің айналадағы объективтік шындықпен қатынасы жайындағы мәселеге келсек, неопозитивистердің пікірінше, оның ешқандай ғылыми құндылығы жоқ. Олай болса, материалистер мен идеалистердің арасындағы пікірталасының, олардың ойынша, ешқандай мәні жоқ. Сейтіп, олар философияның негізгі мәселесін тіл мэселесімен ауыстырып, яғни философияның негізгі мәселесін жоққа шығарып, материализм мен идеализмнен жоғары түруға әрекет жасайды. Карнаптың пікірінше, материалдық дүниенің шын өмір сүруі. толығымен адамға байланысты, адамның субъективтік кеңіл күйінен тәуелді. Егер адамзаттың тілдік құрылысын қаласа, онда дүние емір сүргені, оны қаламаса, онда дүниенің шын өмір сүруіне негіз жоқ. Сейтіп, адам ез қалауынша дүниені бар-жоқ қылатын ғаламат күшке айналады. Карнаптың белгілі бір сөз, сөйлемнің ақиқаттығын анықтауда тіл шешуші рөл атқаратыны, олай болса объективтік материалдық дүниенің бар екенін қостайтын не терістейтін де тіл екені жайындағы ойы американдық философ С.Чейздің жөне басқалардың ілімінде әрі қарай дамытылды. Олар адамдардың мінез-құлқын анықтайтын да тіл, тілдік құрылым деп дәлелдейді. Тілдік формаларды дұрыс қолданса, іс-әрекет те, мінез-құлық та дұрыс болады, қайсыбір сездерді дұрыс қолданбау адамның көңіл-күйін бұзьш, түрліше дау-жанжалдар мен қайшылықтардың тууына, тап күресіне т.б. себепші болады. Бұдан шығатын қорытынды — адамдарды шатастыратын, дау-жанжалдар тудыратын жалпы ұғымдарды жойып, тілді қайта қүру қажет-мыс. С.Чейз, мөселен, адамдар жиі-жиі жалпы үғымдарды, абстракцияларды шындықтағы заттармен шатастырып, соның салдарынан бір-бірімен айтысады, кейде елтіруге дейін барады. „Фашизм" деген сез нені білдіреді? — деген сүрақ қояды да, оған озі „Бүл термин ездігінше ешнөрсені білдірмейтіні анық" деп жауап қайырады. Чсйздің пікірінше, объективтік шындықта тек жеке-дара заттар ғана бар, ал жалпы үғымдар — қүры бос создср. Оларға сәйкес нәрсслерді (ағашты, үйді, т.б.) таба алсақ қана жалпы ұғымдардың мәні болады. Егер сәйкес келетін шын заттар мен құбылыстар болмаса, онда мүндай жалпы ұғымдар мен сөздерді қолдану міндетті түрде дау-жанжал тудырады. Ондай кикілжіндер болмау үшін Чейз жалпы үғымдарды білдіретін сөздердің бәрін тілден шығарып тастауды ұсынады. Олар „капитал", „құн", „жұмыссыздық", „революция", „демократия" деген сияқты толып жатқан жалпы ұғымдар. Белгілі бір мәні бар, яғни шындықта бар нәрселерге сәйкес келетін, жалпы үғымдар мен сөйлемдерді ондай сәйкес нәрселері жоқтардан айырудың критерийі ретіңде неопозитивистер верификация принципін, яғни сөйлемдерді іс жүзінде тексеруге мүмкіндік беретін принципті ұсынады. Алайда әрбір жалпы ұғымды сезім мүшелерінің тікелей көрсетуімен салыстыруға бола бермейтіні белгілі. Мысалы, „адамзат" деген сөздің мазмұнын тікелей тексеру мүмкін емес. Сондықтан, егер верификация принципін басшылыққа алатын болсақ, онда заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін, олардың қасиеттері мен заңдылықтарын бейнелейтіндердің барлық жалпы үғымдар мен пікірлерді лақтырып тастауға тура келер еді. Ғылым тілін таза формальды түрғыдан талдаудың нәтижесіз құр бос әуре екені неопозитивизмді, оның бір тармағы — логикалық позитивизмді тілдің семиотикалық проблемаларына бас назар аударуға мәжбүр етті: бүл проблемалар тілдік қатынастардың үш саласын бөліп алады. Олар: 1) тілдің сөйлеушіге деген қатынасы (прагматика); 2) тілдің не нәрсені білдіретіні (семантика) жене 3) тіларалық сөйлемдер қатынасы (синтаксис). Мұның бәрі семиотика деген атаумен аталады. Неопозитивизм ғылым тілін талдаудан күнделікті сөйлеу тілін талдауға қарай бетбұрыс жасады. Талдаудың тақырыбы енді тілдегі сөздер және тілдік белгілер, логикалық, лингвистикалық жөне психологиялық проблемалар болатын болды. Неопозитивизм өз дамуының барысында сөздер мен сөйлемдерді қолданудың алуан түрлі тесілдерін түсіндіретін әртүрлі "тілдік ойындар" жүргізуге көшті, ал бұл дүниетану процесінің мәнін қайта қарауға әкеліп соқты: философиялық және ғылыми системалар ойын сипатындағы тілдік құрылымдар ғана деп қаралатын болды. Жалпы үғымдарды білдіретін сөздердің семантикалық мазмұнын жоққа шығару социологияда қоғамдық құбылыстардың даму зандылықтарын жоққа шығаруға алып келді.   Прагматизм ілімі жеке адам факторын талдау Прагматизм қазіргі заманғы субъективтік идеализмнің американдық түрі. Оның басты өкілдері Ч.Пирс (1839-1914), У.Джемс (1842-1910), Дж.Дьюи (1859-1952) т.б. Прагматизмді жақтаушылар дәстүрлі философиялар адамдардың күнделікті іс-ерекеті үшін пайдасыз, өйткені "болмыс", "сана", "материя", "идея" деген сияқты дерексіз үғымдармен айналысқандықтан, адамдардың мақсат-мүдделеріне қызмет етпейді, сондықтан ондай дерексіз жалпы проблемаларды, меселен обьективтік шындықтың мені, философияның негізгі меселесі жайындағы мәселелерді, т.б. лақтырып тастап, тікелей практикалық істермен айналысса ғана дағдарыстан шыға алады деп делелдеуге тырысады. Демек, философияның міндеті, дейді олар, дерексіз бос сөзбен айналыспай, адамдардың бақытты тұрмысқа жетуіне кемектесуде. Прагматизмнің негізін қалаушылар біз бүкіл ескі философиядан үзілді-кесілді бас тартып, жаңа философия жасадық деді кезінде. Өздерінің жаңа философиясының бастапқы негізі ретіңце олар адамды, адамның практикалық іс-әрекетін ұсынды, бірақ олар "практика" үғымының мәнін мүлдем басқаша түсінді — прагматизм практика деп жеке адамдардың қара басының мүддесіне сәйкес пайда табуды, табысқа жетуді түсінді. Практиканың ғылыми-философиялық ұғымына қарама-қарсы прагматизм философияның негізгі мәселесін идеализм түрғысында шеше отырып, практика (пайда табу, табысқа жету) барлығының негізін құрайтын бірден-бір шындық деп есептейді. Практикадан тыс, тәжірибеден тыс ештеңе жоқ жене болуы да мүмкін емес. Олардың пікірінше, тожірибе материалдықты да, идеалдықты да, объективтікті де, субъективтікті де, бір сезбен айтқаңда дүниеде бардың бәрін қамтиды. Тежірибе, дейді Дьюи, түс керуді, есаландықты, ауруды, өлімді, еңбекті, соғысты, адасуды, жалғандықты және қателікті қамтиды; ол... сиқырлықты, жалған нанымды, сондай-ақ ғылымды да қамтиды. Бүкіл субъективтік және объективтік құбылыстардың берін тежірибе үғымымен қамти отырып, прагматистер оларды қарама-қарсы қою дұрыс емес екенін жариялайды, сөйтіп философияның негізгі мәселесін мойындамауға, материализм мен идеализмнен жоғары тұрып, философияда үшінші бір бағыт табуға ерекет жасайды. Прагматизм ілімі бойынша, тәжірибедегі шешуші фактор жеке адам, оның ақыл-ойы мен көңіл күйі, мақсаты мен іс-әрекеті, яғни субъективтік бастама болып табылады. Философияның негізгі меселесінің бүл субъективтік-идеалистік шешімінен практикалық қызметтің де идеалистік түсінігі келіп шығады. Бұл түсінік тұрғысынан алғаңда, адам өзінің практикалық іс-әрекетінде тек өзінің қалауын ғана басшылыққа алады, оның іс-әрекетіне ешқандай шек қоюға болмайды, ешқандай объективтік заңдылық тыйым сала алмайды, өйткені объективтік шыңдықтың заңдылығы деп саналатынның бәрі адам миының жасампаздық қызметінің нәтижесі, адамның қолымен жасалатын нәрсе болып табылады. Бұлардан шығатын қорытынды: адам өзінің іс-әрекетіңде ерікті, ол не істегісі келсе, не нәрсе оған пайда келтірсе, соны істеуге ерікті, оның еркі іс-әрекетін айқындаушы бастама болып табылады. Адамның міндеті — дүниеде ең қолайлы түрде орналасу, ал прагматизмнің міндеті — адамның осылайша орналасуына көмектесу. Қысқасы, прагматизм шынына келгенде бассыздықты ақтаушы философия болып табылады, сондықтан да кейбір буржуазиялық ойшылдардың өздерінің де оны қатаң сынға алуы тегін емес. Мысалы, Б.Рассел прагматизмді „ақылынан адасқандықтың бір түрі" деп сипаттады.  
04.12.2012 09:50 40005

 

 
Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның ез ішінде де материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Мұның негізгі себебі XX ғасырдағы капиталистік қоғам бастан кешіп жатқан жалпы рухани дағдарыстың негізгі белгілерінде жатыр. Бүгінгі буржуазия философиясы саясат пен идеологияның бұрын болып көрмеген тікелей ықпалын бейнелеңдіруде. Батыстың философиялық білімінің саясаттануына және идеологиялануына капитал елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен тәуелді елдер арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық революциядан туған дүниежүзілік проблемалар т.б. зор есерін тигізуде. Сондықтан да болар, қазіргі Батыс философиясыңда толып жатқан ағымдар мен бағыттар бар. Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардың тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері — неотомизм, персонализм т.б. Бүлардан басқа тағы да прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, субъективтік және объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды. Қазіргі заманғы батыстық буржуазия философиялары идеалистік түрғыдан осы күнгі өмірдің жаңалықтарына бейімделуге тырысады. Мәселен, діни философиялар өздерінің қоғамдағы орнын әлсіретпеу мақсатымен ғылымның ең соңғы жаңалықтарына бейімделуге тырысады. Қазіргі ғылыми білімге бейімделуді түрліше философиялық ағымдар түрлі әдістермен жүзеге асырады. Мысалы, неопозитивизм сырттан қарағанда ғылымды жақтайтын сияқты, бірақ оның дүниеге көзқарастық маңызын жоққа шығарады. Неопозитивистер әдетте дүниеге көзқарастық мәселелерді жалған проблемалар деп жариялап, ғылымды көзқарастық проблемалардан „тазартуға" тырысады, философияның міндеті негізінен ғылым тіліне түрліше логикалық талдаулар жасау болуы тиіс дейді. Дүнисгс-көзқарастық мәселелерді жоққа шығару — қазіргі батыстық философияларға тен бірінші ерекшелік. Қазіргі батыстық философияның ағымдарына тән екінші ерекшелік — өткендегі прогресшіл дәстүрлерден бас тарту. Егер XVIII—XIX ғасырлардағы буржуазиялық философиялар феодализмнен капитализмге өтуді теориялық жағынан негіздеуді көздей отырып, ғылыми білімді дамытуды жақтаған болса, XX ғасырда жағдай өзгерді. Саяси жағынан үстем тап болып алған буржуазия енді әлеуметтік тәртіптерді (капиталистік қатынастарды) түбірлі өзгертуге мүдделі болмай қалды. Осыған сәйкес қазіргі қалыптасқан капиталистік қатынастарды бейнелендіруші буржуазиялық философиялар да буржуазиялық тұрмыс жағдайларының өзгермейтінін, мәңгілігін дәлелдеуге тырысады. Өткендегі прогресшіл дәстүрлерден бас тарту буржуазиялық ой-пікірді диалектикадан бас тартуға алып келді. Бүл, атап айтқанда, буржуазиялық философтардың Гегельдің диалектикасына теріс қарауға, оның ілімін релятивистік және иррационалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысуларынан көрінеді. Ал диалектиканы мойындаудан қорқу буржуазиялық философияны тарихи прогресс идеяларынан бас тартуға алып келді: бірінші позитивистер "прогресс" ұғымын "эволюция" ұғымымен ауыстырды; жаңа кантшылар прогресс ғылымға жатпайтын категория деп санады; экзистенциализмнің өкілдері бірінен соң бірі келіп отыратын цивилизация деген ұғыммен ауыстырды. Неопозитивизм прогресті "метафизикалық функция" деп атады. Енді осы бағыттардың ең негізгілерінің мазмұнын қысқаша ғана қарастырайық.
Неопозитивизм – тілдік ілім
Бүл философиялық бағыт ағылшын тілінде сейлейтін елдерде кең тараған. Оның окілдері Р.Карнап (1891-1970), Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-1970), А.Айер (1910) жөне т.б. Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сәйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм (неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) және Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедергі болатын керексіз нәрсе деген көзқарасы алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мәнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Конттың пікірінше, адамның таным процесі құбылыстардың сырт көрінісін сипаттап, классификациялауға әрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп әуре болмауы тиіс. Конттың бүл идеяларын өрі қарай дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында эмпириокритицизм деп аталған оның жаңа түрі — екінші позитивизмнің пайда болуына әкелді. Бүның өкілдері Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896) жөне басқалар заттар мен құбылыстарды түйсіктер деп атап, дүние танудың мақсаты түйсіктердің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу деп түсіңдірді, сөйтіп олар материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қатынасы жайындағы мөселені жоққа шығарды, түйсік, сана алғашқы деп санап, субъективтік идеализмді жақтады. Үшінші позиттизм — XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириоқритицизмнің орнына келген неопозитивизм — математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың ңәтижесіңде туды. Ең кең тараған бүл философиялық ағымды жақтаушылар жаратылыстанушы ғалымдардың ішінде көптеп саналады. Бүл ағымның кең таралуының бір себебі сол, ол бүкіл „метафизикаға", яғни жалпы философиялық проблемаларға қарсы шығып, бүл проблемалар ойдан шығарылған жалған проблемалар деп санайды; философия ғылымға қызмет етуі тиіс, ғалымдардың ғылыми қағидаларды тұжырымдауына, оларды қолдануына көмектесуі қажет, соңдықтан философия тілге логикалық талдау жасаудың ережелерін жасаумен, тіл проблемаларын шешумен айналысуы тиіс деп есептейді. Неопозитивизм философияның барлық кемшіліктерін жойды, — дейді Фейгль деген неопозитивист. — Оның негізгі проблемасы — „логакалық анализ". Сондықтан, деп қорытындылайды ойын Фейгль, философияны логикалық анализ емдеуге тиісті кесел деп анықтауға болады. Неопозитивистердің ілімі бойынша, философия тек тілдік формаларды талдаумен жөне тілдік пайымдауларды қүру ережелерін жасаумен айналысуы тиіс. „Философ, — дейді А.Айер, — заттардың физикалық қасиеттерімен айналыспайды. Ол қасиеттер жайында сөз қылудың тәсілдерімен айналысады". Тіл біздің дүниені танып білуіміздің шекарасы, дейді ол, біз тілдің шеңберінен ешқашан шыға алмаймыз. Ал біз құратын тілдік құрылыстың, сөйлемдердің айналадағы объективтік шындықпен қатынасы жайындағы мәселеге келсек, неопозитивистердің пікірінше, оның ешқандай ғылыми құндылығы жоқ. Олай болса, материалистер мен идеалистердің арасындағы пікірталасының, олардың ойынша, ешқандай мәні жоқ. Сейтіп, олар философияның негізгі мәселесін тіл мэселесімен ауыстырып, яғни философияның негізгі мәселесін жоққа шығарып, материализм мен идеализмнен жоғары түруға әрекет жасайды. Карнаптың пікірінше, материалдық дүниенің шын өмір сүруі. толығымен адамға байланысты, адамның субъективтік кеңіл күйінен тәуелді. Егер адамзаттың тілдік құрылысын қаласа, онда дүние емір сүргені, оны қаламаса, онда дүниенің шын өмір сүруіне негіз жоқ. Сейтіп, адам ез қалауынша дүниені бар-жоқ қылатын ғаламат күшке айналады. Карнаптың белгілі бір сөз, сөйлемнің ақиқаттығын анықтауда тіл шешуші рөл атқаратыны, олай болса объективтік материалдық дүниенің бар екенін қостайтын не терістейтін де тіл екені жайындағы ойы американдық философ С.Чейздің жөне басқалардың ілімінде әрі қарай дамытылды. Олар адамдардың мінез-құлқын анықтайтын да тіл, тілдік құрылым деп дәлелдейді. Тілдік формаларды дұрыс қолданса, іс-әрекет те, мінез-құлық та дұрыс болады, қайсыбір сездерді дұрыс қолданбау адамның көңіл-күйін бұзьш, түрліше дау-жанжалдар мен қайшылықтардың тууына, тап күресіне т.б. себепші болады. Бұдан шығатын қорытынды — адамдарды шатастыратын, дау-жанжалдар тудыратын жалпы ұғымдарды жойып, тілді қайта қүру қажет-мыс. С.Чейз, мөселен, адамдар жиі-жиі жалпы үғымдарды, абстракцияларды шындықтағы заттармен шатастырып, соның салдарынан бір-бірімен айтысады, кейде елтіруге дейін барады. „Фашизм" деген сез нені білдіреді? — деген сүрақ қояды да, оған озі „Бүл термин ездігінше ешнөрсені білдірмейтіні анық" деп жауап қайырады. Чсйздің пікірінше, объективтік шындықта тек жеке-дара заттар ғана бар, ал жалпы үғымдар — қүры бос создср. Оларға сәйкес нәрсслерді (ағашты, үйді, т.б.) таба алсақ қана жалпы ұғымдардың мәні болады. Егер сәйкес келетін шын заттар мен құбылыстар болмаса, онда мүндай жалпы ұғымдар мен сөздерді қолдану міндетті түрде дау-жанжал тудырады. Ондай кикілжіндер болмау үшін Чейз жалпы үғымдарды білдіретін сөздердің бәрін тілден шығарып тастауды ұсынады. Олар „капитал", „құн", „жұмыссыздық", „революция", „демократия" деген сияқты толып жатқан жалпы ұғымдар. Белгілі бір мәні бар, яғни шындықта бар нәрселерге сәйкес келетін, жалпы үғымдар мен сөйлемдерді ондай сәйкес нәрселері жоқтардан айырудың критерийі ретіңде неопозитивистер верификация принципін, яғни сөйлемдерді іс жүзінде тексеруге мүмкіндік беретін принципті ұсынады. Алайда әрбір жалпы ұғымды сезім мүшелерінің тікелей көрсетуімен салыстыруға бола бермейтіні белгілі. Мысалы, „адамзат" деген сөздің мазмұнын тікелей тексеру мүмкін емес. Сондықтан, егер верификация принципін басшылыққа алатын болсақ, онда заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін, олардың қасиеттері мен заңдылықтарын бейнелейтіндердің барлық жалпы үғымдар мен пікірлерді лақтырып тастауға тура келер еді. Ғылым тілін таза формальды түрғыдан талдаудың нәтижесіз құр бос әуре екені неопозитивизмді, оның бір тармағы — логикалық позитивизмді тілдің семиотикалық проблемаларына бас назар аударуға мәжбүр етті: бүл проблемалар тілдік қатынастардың үш саласын бөліп алады. Олар: 1) тілдің сөйлеушіге деген қатынасы (прагматика); 2) тілдің не нәрсені білдіретіні (семантика) жене 3) тіларалық сөйлемдер қатынасы (синтаксис). Мұның бәрі семиотика деген атаумен аталады. Неопозитивизм ғылым тілін талдаудан күнделікті сөйлеу тілін талдауға қарай бетбұрыс жасады. Талдаудың тақырыбы енді тілдегі сөздер және тілдік белгілер, логикалық, лингвистикалық жөне психологиялық проблемалар болатын болды. Неопозитивизм өз дамуының барысында сөздер мен сөйлемдерді қолданудың алуан түрлі тесілдерін түсіндіретін әртүрлі "тілдік ойындар" жүргізуге көшті, ал бұл дүниетану процесінің мәнін қайта қарауға әкеліп соқты: философиялық және ғылыми системалар ойын сипатындағы тілдік құрылымдар ғана деп қаралатын болды. Жалпы үғымдарды білдіретін сөздердің семантикалық мазмұнын жоққа шығару социологияда қоғамдық құбылыстардың даму зандылықтарын жоққа шығаруға алып келді.
 
Прагматизм ілімі жеке адам факторын талдау
Прагматизм қазіргі заманғы субъективтік идеализмнің американдық түрі. Оның басты өкілдері Ч.Пирс (1839-1914), У.Джемс (1842-1910), Дж.Дьюи (1859-1952) т.б. Прагматизмді жақтаушылар дәстүрлі философиялар адамдардың күнделікті іс-ерекеті үшін пайдасыз, өйткені "болмыс", "сана", "материя", "идея" деген сияқты дерексіз үғымдармен айналысқандықтан, адамдардың мақсат-мүдделеріне қызмет етпейді, сондықтан ондай дерексіз жалпы проблемаларды, меселен обьективтік шындықтың мені, философияның негізгі меселесі жайындағы мәселелерді, т.б. лақтырып тастап, тікелей практикалық істермен айналысса ғана дағдарыстан шыға алады деп делелдеуге тырысады. Демек, философияның міндеті, дейді олар, дерексіз бос сөзбен айналыспай, адамдардың бақытты тұрмысқа жетуіне кемектесуде. Прагматизмнің негізін қалаушылар біз бүкіл ескі философиядан үзілді-кесілді бас тартып, жаңа философия жасадық деді кезінде. Өздерінің жаңа философиясының бастапқы негізі ретіңце олар адамды, адамның практикалық іс-әрекетін ұсынды, бірақ олар "практика" үғымының мәнін мүлдем басқаша түсінді — прагматизм практика деп жеке адамдардың қара басының мүддесіне сәйкес пайда табуды, табысқа жетуді түсінді. Практиканың ғылыми-философиялық ұғымына қарама-қарсы прагматизм философияның негізгі мәселесін идеализм түрғысында шеше отырып, практика (пайда табу, табысқа жету) барлығының негізін құрайтын бірден-бір шындық деп есептейді. Практикадан тыс, тәжірибеден тыс ештеңе жоқ жене болуы да мүмкін емес. Олардың пікірінше, тожірибе материалдықты да, идеалдықты да, объективтікті де, субъективтікті де, бір сезбен айтқаңда дүниеде бардың бәрін қамтиды. Тежірибе, дейді Дьюи, түс керуді, есаландықты, ауруды, өлімді, еңбекті, соғысты, адасуды, жалғандықты және қателікті қамтиды; ол... сиқырлықты, жалған нанымды, сондай-ақ ғылымды да қамтиды. Бүкіл субъективтік және объективтік құбылыстардың берін тежірибе үғымымен қамти отырып, прагматистер оларды қарама-қарсы қою дұрыс емес екенін жариялайды, сөйтіп философияның негізгі мәселесін мойындамауға, материализм мен идеализмнен жоғары тұрып, философияда үшінші бір бағыт табуға ерекет жасайды. Прагматизм ілімі бойынша, тәжірибедегі шешуші фактор жеке адам, оның ақыл-ойы мен көңіл күйі, мақсаты мен іс-әрекеті, яғни субъективтік бастама болып табылады. Философияның негізгі меселесінің бүл субъективтік-идеалистік шешімінен практикалық қызметтің де идеалистік түсінігі келіп шығады. Бұл түсінік тұрғысынан алғаңда, адам өзінің практикалық іс-әрекетінде тек өзінің қалауын ғана басшылыққа алады, оның іс-әрекетіне ешқандай шек қоюға болмайды, ешқандай объективтік заңдылық тыйым сала алмайды, өйткені объективтік шыңдықтың заңдылығы деп саналатынның бәрі адам миының жасампаздық қызметінің нәтижесі, адамның қолымен жасалатын нәрсе болып табылады. Бұлардан шығатын қорытынды: адам өзінің іс-әрекетіңде ерікті, ол не істегісі келсе, не нәрсе оған пайда келтірсе, соны істеуге ерікті, оның еркі іс-әрекетін айқындаушы бастама болып табылады. Адамның міндеті — дүниеде ең қолайлы түрде орналасу, ал прагматизмнің міндеті — адамның осылайша орналасуына көмектесу. Қысқасы, прагматизм шынына келгенде бассыздықты ақтаушы философия болып табылады, сондықтан да кейбір буржуазиялық ойшылдардың өздерінің де оны қатаң сынға алуы тегін емес. Мысалы, Б.Рассел прагматизмді „ақылынан адасқандықтың бір түрі" деп сипаттады.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға