Жаңалықтар

XVI ғасырдың алғашқы жартысындағы Нидерландияның экономикалық дамуы

    XVI ғасыр Нидерландияда гүлдену кезеңі болды және Европадағы халық ең тығыз орналасқан мемлекет болды. Нақтырақ айтсақ, мәліметтерге қарағанда шағын аумақта 300-ден аса қала және 6500 дей елді мекен орналасқан. Нидерландияның экономикалық даму ерекшеліктеріне байланысты әр аймақтарға әр түрлі дамығанмен, қарқыны шамалас болды. Экономикалық даму ерекшеліктеріне байланысты былай топтасты: Фландрия және Брабант – орталық өнеркәсіптік аудан; орталығы Голландия мен Зеландия болып есептелетін солтүстік өнеркәсіптік провинциялар тобы; ауыл шаруашылғы басым дамыған – Артуа, Люксембург, Намюр, Гельдерн. Ескі Фландрия және Брабант провинцияларындағы – Гент, Ипр, Брюссель, Лувенде қалаларында ХІІІ ғасырдың өзінде дамыған цехтық қолөнер және кең салалы сауда орталығы ретінде танымал болатын. Бірақ, XVI ғасырдың ортасына қарай цехтық жүйе құлдырауға кетті. Сауда айналымында жоғары орын алатын шұға шығаратын цехтар елді мекендер мен жаңадан көркейіп келе жатқан Хондсхоте, Валансьене, Антверпене сияқты қалалардағы жүн иіретін мануфактуралық өнеркәсіппен бәсекеге қабілеті жетпей өзінің экономикалық маңызын жоғалтты. Басқа цехтарда сыртқа бейнесін сақтағанымен біртіндеп ыдырап, қатардан шыға берді. Билікте отырған цех иелері дамып келе жатқан өдірістік өнеркәсіпке қарсы қатал күрес жүргізді. Сонымен бірге, қолында билігі бар монополистердің осы әрекетінің салдарынан шеберлер жеке қолөнер шеберханасының иегері болу мүмкіндігінен түбегейлі айырылған жалдамалы жұмысшы дәрежесіне дейін төмендеді. Көптеген цехтардың шеберлері өсімқорлар мен алыпсатарлардың жемі болып кедейленіп, өз мүмкіндіктері мен саудадағы еркіндіктерінен айырылды. Есесіне мануфактура формасындағы жүннен, жібектен мата, кілем, түсті кілем, шишадан, теріден және металдан заттар өндіретін өнеркәсіп орындары жылдам дами бастады. Фландрия мен Брабант провинцияларында орталықтандырылған және сонымен қатар, үйінде жұмыс істейтін қалалық және ауылдық қолөнер шеберлері мен аралас түрдегі мануфактуралар ағынатын шашыраңқы мануфактуралар пайда болды. Брабанттың ең үлкен портты қаласы Антверпен өте маңызды сауда және қаржы орталығына айналды. Сыртқы саудадағы тауар шығаратын Брабант пен Фландрия қалаларындағы монуфактуралардың барлығы дерлік осы порт арқылы шет жерліктермен байланысты. Өте қолайлы және кең орналасқан портқа испан, партугал колонияларынан және әлемнің әр түпкірінен келген мыңдаған кемелер тоқтайтын. Антверпенге Европаның сол кездегі ірі қаржыгерлерінің барлығының конторы жиналды. Голландия, Зеландия және Утрехт провинцияларында да ескі цехтар жаңа мануфактуралық өнеркәсіптермен бәсекеге шыдамай жабыла бастыды. Бұл аймақтарда әсіресе кеме құрастыратын өнеркәсіптер қарыштап дамыды. Бұл процесстің нәтижесінде цехтардың шеберлері мен шағын жеке кәсіпкерлікпен айналысатын қолөнершілер кедейленіп мануфактураларға тәуелді жалдамалы жұмысшылар дәрежесіне төмендесе, есесіне жаңа өсіп шыққан буржуазия өкілдері, нақтырақ айтқанда мануфактура иелері одан әрі байып ірі қаржы иелеріне айналдырды. Амстердам, Антверпен секілді ірі өндірістік қалаларға ауылдық шаруашылықпен айналысушы халық тәуелді болды. Яғни, жаңа заманғы өндіріс орта ғасырлық шаруашылықты басып озды. Бұл қалаларда сауданың дамығаны соншалық шет мемлекеттерден келген саудагерлердің барлығы тек көтерме саудамен айналысты. Өйткені аталмыш қалалардың базарынан өзге жерлерде тапшы болып есептелетін кез-келген тауар алатын мұмкіндік болған. Сондықтан, тауарын жекелеп сатып уақыт өткізгеннен, келесі аялдамасында өтімді болатын затты көтерме бағада алып сапарын жалғастырған пайдалы болды. Солтүстік провинциялардың экономикалық жүйесінде негізінен балық шаруашылығы мен сауда басым болды. Амстердам, Зеландияның – Мидельбург, Флиссинген порттары Англия, Шотландия, Прибалтика, Газа және Орыс мемлекеттерімен қызу сауда жүргізді. Ауылшаруашылығы кейіндеп қалған Гельдерн, Дрент, Оверейсель провинциялары голланд және зеланд порттары арқылы мал шаруашылығы өнімдерін саудаға шығарып, сол порттар арқылы өздеріне қажетті нан және басқа да тауарлар алып отырды. Осы XVI ғасырда Фландрия мен Брабент ауыл шаруашылығында жалға беру жүйесі қалыптасты. Дворяндық жер телімдерін сатып алған фермерлер мен бай қалалықтар шаруашылқпен айналысушы дворяндарды ығыстыра бастады. Голландия мен Зеландияда батпақты жерлерді құрғатуға көп күш жұмсалды. Пельдер деп аталатын құрғатылған батпақты жерлер, көп ақша жұмсап осы жерлерде өнеркәсіп түріндегі ірі сүтті-мал шаруашылығын дамытатын фермерлерге көптеген талаптармен жалға берілді. Нидерланд экономикасында қалыптасқан жалға беру жүйесі арқылы баюды көздегендер мұнымен тоқтамады. Енді олар жер иеліктері бар шаруалар мен әлсіз дворяндары тонап мүлкін талан-таражға ұшырату арқылы қыспаққа алып жерлерін тартып алу арқылы жалға берілетін жерлердің көлемін ұлғайтып отырды. Осындай әрекеттердің салдарынан шаруалар мануфактураның тұрғылықты жері жоқ жалдамалы жұмысшыларының қатарын толықтырды. Осы процестердің нәтижесінде XVI ғасырда Нидерландияда өте бай буржуазия мен оларға жалдамалы жұмысшы тобы қалыптасты. Негізі саудасы мен өнеркәсібі жаңа дамып келе жатқан ел үшін ақшаның ел ішінде айналымда болуы үлкен маңызға ие. Ақша біріншіден, саудада керек. Сауда айналымын тоқтатпай жүргізіп отыру және жаңа сауда орындарын ашу ақшаға бағынышты әрекеттер. Ал ол кезде мұндай қолайсыз кезеңдерге арнап сақталған ақша жоқ болатын. Бұл әрекеттер өз кезегінде экономикаға серпін береді. Әр түрлі көлемдегі өндріс орындарын ашып, дамыту үшінде нақты ақшаның қолда болғаны керек. Экономика саласындағы сауда мен өнеркәсіптің дамуы кедей халықты өз жағдайларын жасауға мүмкіндік жасайтын жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Айналымдағы еркін ақшаның сыртқа қайтарымсыз кетуі нидерланд экономикасын апатты жағдайға алып келді. Шаруалардың кедейленгені соншалық тамақ тауып жеу үшін үйі мен дүниесін сатып, қаңғып кетті. Ол ақша экономикалық жүйеде содан кейін екінші орын алатын мануфактураның кең қанат жаюуына да мүмкіндік жасайтын. Солтүстік және орталық провинциялардың экономикалық дамуы бір негізде қалыптасқанмен белгілі бір дәрежеде өзгешеліктер болды. Уақыт өте келе бұл өзгешеліктер ұлғая түсті. Фландрия мен Брабанттағы мануфактуралар жүн өндіретін Испаниядан әкелінетін жүнге және Испанияға бағынышты сауда заңдылықтарына икемделді. Сонымен қатар бұл провинциялардағы ақсүйектер саяси ыпалды қатты пайдаланды. Жерді сатып алған қалалық байлар өз иеліктеріне өткен аумақта орналасқан шаруаларды өз қалағандарынша қанады. Шаруашылықтың жаңа үлгіге тез икемделуі мен жалға беру жүйесінің дамуына қарамастан, орталық провинциялар жерге қатысты көптеген ескі феодалдық борыштармен шатасып кетті. Сондықтан бұл провинцияларда ішкі сауда жәй дамыды. Антверпеннің саудасында алыпсатарлық басым болды. Бұл қаланың жеке кемелері болмады, жағалауда тоқтаған мыңдаған кемелердің барлығы өзге елдер мен қалалардың сауда кемелері болды. Мұның барлығы Фландрия мен Брабант экономикасын айтарлықтай әлсіретті және Испанияға бағынышты етті. Бұл провинцияларда XIV ғасырдың өзінде-ақ алғашқы мануфактуралар пайда бола бастаған еді. XVI ғасырда мұндағы жалдамалы еңбек жүйелі түрге енеді де, кең тараған тауар өндірісті-капиталистік қатынастардың дамуында алғышарттар қалыптастыра бастайды. Ірі өзгерістер Фландрия мен Брабанта провинцияларда, сондай-ақ ірі жер қатынастары түзілген салаларда жүзеге асады. Көптеген шаруалар осы кездің өзінде феодалдық құқықтағы жердің жалдаушылары мен ерікті иелері бола бастайды. Дворяндар біржолата жерді пайдаланудан алшақтай, одан жалға алынатын қаржылай рентамен де қанағаттануға төселеді. Дворяндардың шаруашылық өмірден ығыса бастауымен қатар, деревнялардың бірігу процесі де орын алып жатады. Дворяндық жерлердің бір бөлігі біріккен иеліктерге саудаланып, фермерлер мен бай бюргерлердің қолына көшеді. Ал солтүстік провинцияларда бәрі керісінше, салыстырмалы түрде артта қалған ауылшаруашылығымен айналысушы провинциялардың өзі тауар-ақша қатынасына тартылды. Голландия, Зеландия және Фрисландия жерінде ақсүйектер көп жер иеленбеді. Сонымен қатар аталмыш провинцияларда ежелден келе жатқан жекеменшік жер телімдеріне иелік ететін еркін шаруалар болды. Ішкі сауда, сонымен бірге өндірістік қатнастардың дамуы кең қанат жайды. Заманына сай жарақталған теңіз флоттары және Англиямен, Балтық жағалауы елдерімен және Ганзамен сауда қатнастарының болуы солтүстік провинциялардың экономикасын толықтай Испаниядан тәуелсіз етті. Испанияның өзі Голланд көпестері алып келетін нанды тұтынды. Солтүстік сауда орталығы ретінде Амстердам қаласы жылдам дамыды. Нидерландияның екі ірі экономикалық орталығы – оңтүстіктегі Антверпен мен солтүстіктегі Амстердам арасында үлкен бәсекелестік жүрді. Бірақ уақыт өте келе оңтүстік орталық бәсекеге қабілетсіздік танытып әлсірей бастады, есесіне солтүстік аймақтың бас қаласы күшейгеннің үстіне күшейе берді. Геннегау, Артуа, Люксембург, Намюр, Гельдерн провинцияларында ақсүйектердің ықпалы басым болды. Сондықтан бұл аймақтарда өндіріс жай дамыды. XVI ғасырдың ортасында Нидерландия жаңадан қалыптасып келе жатқан әлемдік капиталисік жүйеде жетекші орын алды. Мәліметтерге қарағанда XVI ғасырдың ортасында Нидерланд экономикасындағы импорт 20 – 22 млн., ал экспорт 16 млн. гульденді құраған. Аталған қаржыға порттарда көрсетілетін түрлі қызметтерден, баж салығы мен басқада жиналатын қаржыларды қосатын болсақ Нидерландия экономикасының қуатын байқауға болады.  
04.12.2012 09:47 5445

 

 
XVI ғасыр Нидерландияда гүлдену кезеңі болды және Европадағы халық ең тығыз орналасқан мемлекет болды. Нақтырақ айтсақ, мәліметтерге қарағанда шағын аумақта 300-ден аса қала және 6500 дей елді мекен орналасқан.
Нидерландияның экономикалық даму ерекшеліктеріне байланысты әр аймақтарға әр түрлі дамығанмен, қарқыны шамалас болды. Экономикалық даму ерекшеліктеріне байланысты былай топтасты: Фландрия және Брабант – орталық өнеркәсіптік аудан; орталығы Голландия мен Зеландия болып есептелетін солтүстік өнеркәсіптік провинциялар тобы; ауыл шаруашылғы басым дамыған – Артуа, Люксембург, Намюр, Гельдерн.
Ескі Фландрия және Брабант провинцияларындағы – Гент, Ипр, Брюссель, Лувенде қалаларында ХІІІ ғасырдың өзінде дамыған цехтық қолөнер және кең салалы сауда орталығы ретінде танымал болатын. Бірақ, XVI ғасырдың ортасына қарай цехтық жүйе құлдырауға кетті. Сауда айналымында жоғары орын алатын шұға шығаратын цехтар елді мекендер мен жаңадан көркейіп келе жатқан Хондсхоте, Валансьене, Антверпене сияқты қалалардағы жүн иіретін мануфактуралық өнеркәсіппен бәсекеге қабілеті жетпей өзінің экономикалық маңызын жоғалтты. Басқа цехтарда сыртқа бейнесін сақтағанымен біртіндеп ыдырап, қатардан шыға берді.
Билікте отырған цех иелері дамып келе жатқан өдірістік өнеркәсіпке қарсы қатал күрес жүргізді. Сонымен бірге, қолында билігі бар монополистердің осы әрекетінің салдарынан шеберлер жеке қолөнер шеберханасының иегері болу мүмкіндігінен түбегейлі айырылған жалдамалы жұмысшы дәрежесіне дейін төмендеді. Көптеген цехтардың шеберлері өсімқорлар мен алыпсатарлардың жемі болып кедейленіп, өз мүмкіндіктері мен саудадағы еркіндіктерінен айырылды. Есесіне мануфактура формасындағы жүннен, жібектен мата, кілем, түсті кілем, шишадан, теріден және металдан заттар өндіретін өнеркәсіп орындары жылдам дами бастады. Фландрия мен Брабант провинцияларында орталықтандырылған және сонымен қатар, үйінде жұмыс істейтін қалалық және ауылдық қолөнер шеберлері мен аралас түрдегі мануфактуралар ағынатын шашыраңқы мануфактуралар пайда болды.
Брабанттың ең үлкен портты қаласы Антверпен өте маңызды сауда және қаржы орталығына айналды. Сыртқы саудадағы тауар шығаратын Брабант пен Фландрия қалаларындағы монуфактуралардың барлығы дерлік осы порт арқылы шет жерліктермен байланысты. Өте қолайлы және кең орналасқан портқа испан, партугал колонияларынан және әлемнің әр түпкірінен келген мыңдаған кемелер тоқтайтын. Антверпенге Европаның сол кездегі ірі қаржыгерлерінің барлығының конторы жиналды. Голландия, Зеландия және Утрехт провинцияларында да ескі цехтар жаңа мануфактуралық өнеркәсіптермен бәсекеге шыдамай жабыла бастыды. Бұл аймақтарда әсіресе кеме құрастыратын өнеркәсіптер қарыштап дамыды. Бұл процесстің нәтижесінде цехтардың шеберлері мен шағын жеке кәсіпкерлікпен айналысатын қолөнершілер кедейленіп мануфактураларға тәуелді жалдамалы жұмысшылар дәрежесіне төмендесе, есесіне жаңа өсіп шыққан буржуазия өкілдері, нақтырақ айтқанда мануфактура иелері одан әрі байып ірі қаржы иелеріне айналдырды.
Амстердам, Антверпен секілді ірі өндірістік қалаларға ауылдық шаруашылықпен айналысушы халық тәуелді болды. Яғни, жаңа заманғы өндіріс орта ғасырлық шаруашылықты басып озды. Бұл қалаларда сауданың дамығаны соншалық шет мемлекеттерден келген саудагерлердің барлығы тек көтерме саудамен айналысты. Өйткені аталмыш қалалардың базарынан өзге жерлерде тапшы болып есептелетін кез-келген тауар алатын мұмкіндік болған. Сондықтан, тауарын жекелеп сатып уақыт өткізгеннен, келесі аялдамасында өтімді болатын затты көтерме бағада алып сапарын жалғастырған пайдалы болды. Солтүстік провинциялардың экономикалық жүйесінде негізінен балық шаруашылығы мен сауда басым болды. Амстердам, Зеландияның – Мидельбург, Флиссинген порттары Англия, Шотландия, Прибалтика, Газа және Орыс мемлекеттерімен қызу сауда жүргізді. Ауылшаруашылығы кейіндеп қалған Гельдерн, Дрент, Оверейсель провинциялары голланд және зеланд порттары арқылы мал шаруашылығы өнімдерін саудаға шығарып, сол порттар арқылы өздеріне қажетті нан және басқа да тауарлар алып отырды.
Осы XVI ғасырда Фландрия мен Брабент ауыл шаруашылығында жалға беру жүйесі қалыптасты. Дворяндық жер телімдерін сатып алған фермерлер мен бай қалалықтар шаруашылқпен айналысушы дворяндарды ығыстыра бастады. Голландия мен Зеландияда батпақты жерлерді құрғатуға көп күш жұмсалды. Пельдер деп аталатын құрғатылған батпақты жерлер, көп ақша жұмсап осы жерлерде өнеркәсіп түріндегі ірі сүтті-мал шаруашылығын дамытатын фермерлерге көптеген талаптармен жалға берілді. Нидерланд экономикасында қалыптасқан жалға беру жүйесі арқылы баюды көздегендер мұнымен тоқтамады. Енді олар жер иеліктері бар шаруалар мен әлсіз дворяндары тонап мүлкін талан-таражға ұшырату арқылы қыспаққа алып жерлерін тартып алу арқылы жалға берілетін жерлердің көлемін ұлғайтып отырды. Осындай әрекеттердің салдарынан шаруалар мануфактураның тұрғылықты жері жоқ жалдамалы жұмысшыларының қатарын толықтырды.
Осы процестердің нәтижесінде XVI ғасырда Нидерландияда өте бай буржуазия мен оларға жалдамалы жұмысшы тобы қалыптасты.
Негізі саудасы мен өнеркәсібі жаңа дамып келе жатқан ел үшін ақшаның ел ішінде айналымда болуы үлкен маңызға ие. Ақша біріншіден, саудада керек. Сауда айналымын тоқтатпай жүргізіп отыру және жаңа сауда орындарын ашу ақшаға бағынышты әрекеттер. Ал ол кезде мұндай қолайсыз кезеңдерге арнап сақталған ақша жоқ болатын. Бұл әрекеттер өз кезегінде экономикаға серпін береді. Әр түрлі көлемдегі өндріс орындарын ашып, дамыту үшінде нақты ақшаның қолда болғаны керек. Экономика саласындағы сауда мен өнеркәсіптің дамуы кедей халықты өз жағдайларын жасауға мүмкіндік жасайтын жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Айналымдағы еркін ақшаның сыртқа қайтарымсыз кетуі нидерланд экономикасын апатты жағдайға алып келді. Шаруалардың кедейленгені соншалық тамақ тауып жеу үшін үйі мен дүниесін сатып, қаңғып кетті. Ол ақша экономикалық жүйеде содан кейін екінші орын алатын мануфактураның кең қанат жаюуына да мүмкіндік жасайтын.
Солтүстік және орталық провинциялардың экономикалық дамуы бір негізде қалыптасқанмен белгілі бір дәрежеде өзгешеліктер болды. Уақыт өте келе бұл өзгешеліктер ұлғая түсті. Фландрия мен Брабанттағы мануфактуралар жүн өндіретін Испаниядан әкелінетін жүнге және Испанияға бағынышты сауда заңдылықтарына икемделді. Сонымен қатар бұл провинциялардағы ақсүйектер саяси ыпалды қатты пайдаланды. Жерді сатып алған қалалық байлар өз иеліктеріне өткен аумақта орналасқан шаруаларды өз қалағандарынша қанады.
Шаруашылықтың жаңа үлгіге тез икемделуі мен жалға беру жүйесінің дамуына қарамастан, орталық провинциялар жерге қатысты көптеген ескі феодалдық борыштармен шатасып кетті. Сондықтан бұл провинцияларда ішкі сауда жәй дамыды. Антверпеннің саудасында алыпсатарлық басым болды. Бұл қаланың жеке кемелері болмады, жағалауда тоқтаған мыңдаған кемелердің барлығы өзге елдер мен қалалардың сауда кемелері болды. Мұның барлығы Фландрия мен Брабант экономикасын айтарлықтай әлсіретті және Испанияға бағынышты етті. Бұл провинцияларда XIV ғасырдың өзінде-ақ алғашқы мануфактуралар пайда бола бастаған еді. XVI ғасырда мұндағы жалдамалы еңбек жүйелі түрге енеді де, кең тараған тауар өндірісті-капиталистік қатынастардың дамуында алғышарттар қалыптастыра бастайды. Ірі өзгерістер Фландрия мен Брабанта провинцияларда, сондай-ақ ірі жер қатынастары түзілген салаларда жүзеге асады. Көптеген шаруалар осы кездің өзінде феодалдық құқықтағы жердің жалдаушылары мен ерікті иелері бола бастайды. Дворяндар біржолата жерді пайдаланудан алшақтай, одан жалға алынатын қаржылай рентамен де қанағаттануға төселеді. Дворяндардың шаруашылық өмірден ығыса бастауымен қатар, деревнялардың бірігу процесі де орын алып жатады. Дворяндық жерлердің бір бөлігі біріккен иеліктерге саудаланып, фермерлер мен бай бюргерлердің қолына көшеді.
Ал солтүстік провинцияларда бәрі керісінше, салыстырмалы түрде артта қалған ауылшаруашылығымен айналысушы провинциялардың өзі тауар-ақша қатынасына тартылды. Голландия, Зеландия және Фрисландия жерінде ақсүйектер көп жер иеленбеді. Сонымен қатар аталмыш провинцияларда ежелден келе жатқан жекеменшік жер телімдеріне иелік ететін еркін шаруалар болды. Ішкі сауда, сонымен бірге өндірістік қатнастардың дамуы кең қанат жайды. Заманына сай жарақталған теңіз флоттары және Англиямен, Балтық жағалауы елдерімен және Ганзамен сауда қатнастарының болуы солтүстік провинциялардың экономикасын толықтай Испаниядан тәуелсіз етті. Испанияның өзі Голланд көпестері алып келетін нанды тұтынды. Солтүстік сауда орталығы ретінде Амстердам қаласы жылдам дамыды.
Нидерландияның екі ірі экономикалық орталығы – оңтүстіктегі Антверпен мен солтүстіктегі Амстердам арасында үлкен бәсекелестік жүрді. Бірақ уақыт өте келе оңтүстік орталық бәсекеге қабілетсіздік танытып әлсірей бастады, есесіне солтүстік аймақтың бас қаласы күшейгеннің үстіне күшейе берді.
Геннегау, Артуа, Люксембург, Намюр, Гельдерн провинцияларында ақсүйектердің ықпалы басым болды. Сондықтан бұл аймақтарда өндіріс жай дамыды. XVI ғасырдың ортасында Нидерландия жаңадан қалыптасып келе жатқан әлемдік капиталисік жүйеде жетекші орын алды. Мәліметтерге қарағанда XVI ғасырдың ортасында Нидерланд экономикасындағы импорт 20 – 22 млн., ал экспорт 16 млн. гульденді құраған. Аталған қаржыға порттарда көрсетілетін түрлі қызметтерден, баж салығы мен басқада жиналатын қаржыларды қосатын болсақ Нидерландия экономикасының қуатын байқауға болады.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға