Жаңалықтар

Кристаллофизика

Кристаллофизика – кристалдардың және басқа анизотропты орталардың физ. қасиеттерін және оларға сыртқы жағдайлардың әсерін, кристалдардың нақты құрылымын зерттейтін физиканың саласы. Кристалдардың физ. қасиеттерін сандық түрде сипаттау үшін К-да матрицалық және тензорлық есептеулер мен топтар теориясының матем. аппараттары қолданылады. Кристалдардың кейбір қасиеттері мыс., тығыздығы бағытқа тәуелсіз скалярлық шамалармен сипатталады. Кристалдағы көптеген физ. өрістер, мыс., электр және магнит өрістері, мех. кернеулер өрісі – тензорлық (векторлық) өрістерге жатады. Кристалдардың физ. өрістері мен қасиеттері арасындағы байланыс жоғары рангілі тензорлармен сипатталады. Жоғары рангілі тензорлар, мыс., пьезоэлектрлік эффект сияқты қасиеттерді сипаттайды. Жоғары рангілі тензорлармен сипатталатын физ. қасиеттер көптеген параметрлер санымен анықталады. Үш клинді кристалдың серпімділік қасиеттерін сипаттау үшін тензордың 21 тәуелсіз құраушыларын анықтау керек. Симметрияның әр түрлі нүктелік топтары үшін жоғары рангілі (5-, 6-, т.б.) тензордың тәуелсіз құраушыларының саны топтар теориясының әдістерімен анықталады. Сондай-ақ кристалдардың физ. қасиеттері мен текстурасы радиотех., акустикалық, оптикалық әдістермен анықталады. К-да тек анизотропты ортаға ғана тән құбылыстармен (сәуленің қосарланып сынуы, жарық поляризация жазықтығының айналуы, т.б.) қатар изотропты ортада байқалатын құбылыстар (электр өткізгіштік, серпімділік, т.б.) да зерттеледі. К. кристаллографияның бір бөлігі; ол қатты дене физикасы мен кристаллохимия қарастыратын мәселелермен түйісіп жатады. К. кристалдардың құрылымы немесе кристалдық тордағы өзара әсерлесу күштері өзгергенде оның қасиеттерінің өзгерісін зерттейді. К-ның көптеген есептері әр түрлі термодинамик. жағдайларда кристалдар симметриясының өзгеруіне тәуелді. К-да кристалдық торлардың әр түрлі ақаулары (бояулық центрлері, вакансиялар, дислокациялар, домендер, т.б.) және олардың кристалдардың физ. қасиеттеріне (пластикалығы, беріктігі, электр өткізгіштігі, люминесценциясы, мех. төзімділігі, т.б.) әсері зерттеледі. К-ның негізгі мақсаттарының бірі – болашағы бар жаңа кристалдық материалдар алу жолдарын іздестіру.  
04.12.2012 09:43 4456

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға